¦жымдыќ шарт


«_______ облысы әкімдігінің білім «Қазақстандық салалық білім және



жүктеу 1.44 Mb.
бет4/8
Дата21.04.2019
өлшемі1.44 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

«_______ облысы әкімдігінің білім «Қазақстандық салалық білім және

басқармасы» МКМ басшысы ғылым қызметкерлерінің кәсіптік

одағының _______ облыстық

ұйымы» ҚБ-нің төрайымы

______________ _________________

қолы, аты-жөні қолы, аты-жөні


Келісімге

1 қосымша


Жұмыс беруші актілерін қабылдауда және жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты бұзылғанда сайланбалы кәсіподақ органдарының дәлелді пікірі мен келісімін ескеру Т Ә Р Т І Б І


  1. Жұмыс беруші осы Келісіммен, сондай-ақ осы келісім тараптарына күші таратылатын келісімдермен көзделген жағдайларда кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескеретін немесе оның келісімі қажет шешімді қабылдау алдында шешім жобасын және оның негіздемесін сәйкес кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына жолдайды.

  2. Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органы аталған шешім жобасын алғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жоба бойынша жұмыс берушіге жазбаша түрде өзінің дәлелді пікірін жолдайды.

  3. Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының дәлелді пікірі жұмыс беруші шешімінің жобасымен келіспеген мазмұнда немесе оны жетілдіру туралы ұсыныстармен берілген жағдайда, жұмыс беруші онымен келісуі мүмкін немесе үш күн ішінде дәлелді пікір және негіздеме алып, өзара тиімді шешім қабылдау мақсатында жобаны ҚР ЕК 156 б. 4 т. сәйкес тең құқылы негізде құрылған комиссияға жолдауға міндетті.

  4. Келісімге келе алмаған жағдайда туындаған келіспеушілік хаттама түрінде рәсімделіп, соңынан жұмыс беруші өз шешімін қабылдауға құқылы. Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органы бұл шешім бойынша ҚР ЕК 159 б. 4 т. сәйкес тең құқылы негізде құрылған комиссияға, тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына немесе сотқа шағым келтіруі мүмкін. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының сайланбалы органы, ҚР ЕК 163 б. белгіленген тәртіп бойынша, ұжымдық еңбек дауы процедурасын бастауға құқылы.

  5. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының ____________ облыстық ұйымы» ҚБ-нің (ары қарай – Кәсіподақ) мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек шартын бұзу туралы шешім қабылдау жағдайында жұмыс беруші өкілі (ары қарай - Жұмыс беруші) сәйкес сайланбалы кәсіподақ органына (ары қарай – Кәсіподақ комитеті) бұйрық жобасын, сондай-ақ аталған шешімді қабылдауға қажетті құжаттар көшірмелерін жолдайды.

  6. Кәсіподақ комитеті бұйрық жобасы мен құжат көшірмелерін алғаннан кейінгі бес жұмыс күні ішінде аталған сұрақты қарап, Жұмыс берушіге жазбаша түрде өзінің дәлелді пікірін жолдайды. Бес күндік мерзімде берілмеген немесе дәлелді емес пікірді жұмыс беруші есепке алмайды.

  7. Дәлелді пікір туралы шешімді Кәсіподақ комитеті алқалы түрде, өзінің кемінде жартысынан аз болмайтын мүшелері қатысқан отырысында, көпшілік дауыспен қабылдайды.

  8. Кәсіподақ комитетінің отырысы хаттама түрінде рәсімделіп, онда комитет құрамына сайланғандар саны, отырысқа қатысқандар саны, мәжілістегілер келген ортақ шешім мен оның негіздемесі көрініс табуы тиіс.

  9. Кәсіподақ комитеті өз пікірін негіздегенде қолданыстағы заңдылыққа, ұжымдық шартқа, келісімдерге, кейбір жағдайларда нақты қызметкерлердің еңбек шарттарына, сондай-ақ Жұмыс беруші мен Кәсіподақ шешім қабылдаған кезеңде білім беру ұйымында қалыптасқан нақты жағдайларға сілтеме жасай алады.

  10. Жұмыс берушінің алдағы қабылдайтын шешімі бойынша кей тұстар мен жағдайларды анықтау, нақтылау үшін Кәсіподақ комитеті өз отырысына Жұмыс беруші өкілдерін, өзге мамандар мен сарапшыларды шақыра алады.

  11. Кәсіподақ комитеті жұмыс берушінің алдағы шешімімен келіспеушілік білдірген жағдайда, ол үш жұмыс күні ішінде Жұмыс берушімен немесе оның өкілдерімен қосымша кеңесулер жүргізеді. Ол кеңесулер нәтижесі хаттама түрінде рәсімделіп, оған Жұмыс беруші мен Кәсіподақ комитетінің төрағасы қол қояды.

  12. Кеңесулер нәтижесі бойынша жалпы ортақ келісімге келе алмаған жағдайда Жұмыс беруші, Кәсіподақ комитетіне бұйрық жобасы мен құжаттар көшірмелерін жолдаған күннен кейінгі он жұмыс күнінен соң қорытынды шешім қабылдауға құқылы.

  13. Жоғарыда көрсетілген процедураларды сақтау қызметкерді немесе оның мүддесін танытушы Кәсіподақты жұмыстан босату жағдайы бойынша келісу комиссиясына және сотқа шағым келтіру құқығынан айырмайды.



Жұмыс берушінің кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына дәлелді пікір сұрау немесе келісім және негіздеме алу туралы сұраныс жолдау үлгісі
Құжаттың шығыс нөмірі және күні

_______________________________________________________________



(бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)
Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының Келісімнің 1.16 т. сәйкес дәлелді пікір немесе келісім беру туралы

СҰРАНЫС

____________________________________________________________________



(ұйымның атауы)

(жұмыс беруші актісінің атауы)
жобасын және ол бойынша барлық құжаттары тіркелген негіздемені жолдайды.

Бес жұмыс күнінің ішінде жұмыс берушінің осы актісінің жобасы бойынша жазбаша түрде дәлелді пікір жолдауды сұраймын.

Қосымша _____парақта.
Мекеме басшысы _______________________

(қолы, аты-жөні)
Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының дәлелді пікірінің үлгісі
Құжаттың шығыс нөмірі және күні

_________________________________________________________________



(ұйымының атауы)

_________________________________________________________________



(басшының А.Т.Ж., лауазымы)

_________________________________________________________________



(кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)

ОТЫРЫС ХАТТАМАСЫНАН КӨШІРМЕ

________________________________________________________________



(сұрақтың мазмұны, аталымы)

бойынша дәлелді пікір туралы
_________________________________________ өзінің өкілетті құрамдағы

(кәсіподақ органының атауы)
отырысында Жұмыс берушінің «___» ________20___ж. №_____

________________________________________________________________



(жұмыс беруші актісінің атауы)

________________________________________________________________

жобасы, оның негіздемесі және жұмыс берушінің нормативтік актісін қабылдау қажеттігі мен заңдылығын растайтын құжаттар бойынша.

_________________________________________________________________



(сайланбалы органның атауы)

«___» ________20___ж. отырысында жұмыс берушінің ____________________________________________________________________



(жобаның атауы)

жобасын әзірлегенде ҚР Еңбек кодексімен және нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шарттармен және келісімдермен көзделген нормаларды сақтау жағдайы тексерілді.

Келесі мазмұндағы дәлелді пікір бекітілді:

_________________________________________________________________



(сайланбалы кәсіподақ органының атауы)

_________________________________________________________________



(жобаның атауы)

жобасы бойынша



ДӘЛЕЛДІ ПІКІРІ
Жоба ҚР еңбек заңдылығымен, еңбек құқықтарын қамтитын, осы актіні қабылдауды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шарттар және келісімдердің ______________ тармақтарында (баптарында) көзделген нормаларға сәйкес (сәйкес емес) және қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайды (нашарлатады).

Жобаның мазмұны, енгізу мерзімі, болатын өзгертулер бойынша өзге де ескертпелер мен толықтырулар көрсету қажет.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып __________________________ (кәсіподақ органның атауы)

жұмыс берушінің _______________________________________________



(жобаның атауы)

қабылдауы мүмкін (мүмкін емес) деп есептейміз.


Кәсіподақ ұйымының төрағасы ____________ __________________

(қолы) (А.Ж.Т.)
Кәсіподақ органының дәлелді пікірін «___» ________20___ж. _____________________________________________________________________

(жұмыс берушінің А.Ж.Т.)

_______________________________________________________________алды.

«___» ________20___ж. _____________________



(қолы)
Жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына Келісімнің 1.16 т. сәйкес қызметкерді жұмыстан босату бойынша дәлелді пікір сұрау үшін сұраныс жолдау үлгісі
Құжаттың шығыс нөмірі және күні
_________________________________________________________

(кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)
Бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органынан дәлелді пікір беру туралы СҰРАНЫС

________________________________________________________________



(ұйымның атауы)

ҚР Еңбек кодексінің 52 б. 1 т. _____ т.т. негізінде ___________________________



(қызметкердің А.Т.Ж.)

_____________________________________________________________________



(жұмыстан босайтын тұлғаның лауазымы, мамандығы, жұмыс орны)

___________________ еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың жобасын және оның негіздемесі бойынша төмендегі құжаттарды жолдайды:

_____________________________________________________________________



(бұйрықты (өкімді) шығаруға құқықтық негіз болатын қосымша құжаттар тізбектеледі)
Бес жұмыс күнінің ішінде жұмыс берушінің осы актісінің (бұйрық, өкім) жобасы бойынша жазбаша түрде дәлелді пікір жолдауды сұраймын.

Қосымша _____парақта.


Мекеме басшысы _______________________

(қолы, аты-жөні)


Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының жұмыс берушінің бұйрық жобасы бойынша дәлелді пікірінің жобалық үлгісі
Құжаттың шығыс нөмірі және күні

__________________________________________________________________



(ұйымының атауы)

_________________________________________________________________



(мекеме басшысының А.Т.Ж., лауазымы)

_________________________________________________________________



(бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)
ОТЫРЫС ХАТТАМАСЫНАН КӨШІРМЕ
(жұмыс беруші актісінің жобасының атауы)

______________________________ өзінің өкілетті құрамдағы отырысында



(бастауыш кәсіподақ органының атауы)

жұмыс берушінің «___» ________20___ж. №_____ _____________________________________________________________________



(жұмыс беруші актісінің атауы)

___________________________________________________________________________________ жобасы, оның негіздемесі және жұмыс берушінің ол актіні қабылдау заңдылығын растайтын құжаттар.

_____________________________________________________________________

(сайланбалы органның атауы)

«___» ________20___ж. отырысында ұжымдық шарт негізінде жұмыс берушінің _____________________________________________________________________



(қызметкердің А.Т.Ж.)

_____________________________________________________________________



(жұмыстан босайтын тұлғаның лауазымы, мамандығы, жұмыс орны)

еңбек шартын бұзу туралы бұйрық жобасын әзірлегенде қолданыстағы еңбек заңдылығының, барлық деңгейдегі келісімдердің нормаларын сақтау жағдайы тексерілді.

Келесі мазмұндағы дәлелді пікір бекітілді:

_________________________________________________________________



(сайланбалы кәсіподақ органының атауы)

_________________________________________________________________



(жұмыс берушінің бұйрық жобасының атауы)
жобасы бойынша

ДӘЛЕЛДІ ПІКІРІ
Жұмыс берушінің ________________________________________________

(қызметкердің А.Т.Ж., лауазымы)

еңбек шартын бұзу туралы ұсынған бұйрық жобасы мен оған тіркелген құжаттар қабылданған актінің заңдылығын (заңсыздығын) растайды.

Бұйрық жобасы ҚР ЕК _____ баптарымен белгіленген талаптарға сәйкес (сәйкес емес), қызметкердің еңбек шартында көзделген нормаларды бұзбайды (бұзады).

Бұйрық жобасы жұмысшының ұйымдағы еңбек қызметімен байланысты, жұмыс берушінің _______________________________________ еңбек шартын



(қызметкердің А.Т.Ж., лауазымы)

бұзу туралы бұйрық жобасын әзірлеуде ескермеген жағдайларды ескереді (ескермейді).


Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып жұмыс берушінің _________ ________________________________________________ҚР ЕК 52 б. 1 т. ___т.т.

(қызметкердің А.Т.Ж., лауазымы)

сәйкес еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығару туралы шешім қабылдауы мүмкін (мүмкін емес) деп есептейміз.




Кәсіподақ органының төрағасы _____________ _________________

(қолы) (А.Ж.Т.)
Кәсіподақ органының дәлелді пікірін «___» ________20___ж. _____________________________________________________________________

(жұмыс берушінің немесе оны өкілінің А.Ж.Т.)

_______________________________________________________________ алды.


«___» ________20___ж. _____________________

(қолы)

Келісімге

2 қосымша


Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің

жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі туралы

Е Р Е Ж Е


  1. Жалпы ережелер




    1. 1.1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі туралы Ереже (ары қарай – Ереже) әр түрдегі және нысандағы білім беру ұйымдары қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақыты режимдерін реттеу тәртібін белгілейді.

    2. 1.2 Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі ұйым қызметінің режимін (оқушылардың, тәрбиеленушілердің білім беру ұйымында тәулік бойы болуы, белгілі бір уақытта, маусымда, оқу сабақтарының ауысымына сәйкес болуы және білім беру ұйымы жұмысының өзге де ерекшеліктері) ескере отырып анықталады, сондай-ақ мекеме немесе кәсіпорынның Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, ҚР «Білім туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалған ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, ұжымдық шартпен, осы Ережемен белгіленеді.

    3. 1.3. Мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындары басшыларының, олардың орынбасарларының, өзге де басшы қызметкерлердің жұмыс режимі білім беру ұйымының қызметіне жетекшілікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жұмыс уақытының аптасына 40 сағатты құрайтын мөлшерлі ұзақтылығына қарай белгіленеді.

    4. 1.4. Өз міндеттерін жұмыс күнінің барысында үздіксіз орындайтын педагогикалық қызметкерлер үшін тамақтануға үзіліс белгіленбейді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне тамақтану мүмкіндігі оқушылармен, тәрбиеленушілермен арнайы тамақтану үшін белгіленген орындарда бірге немесе бөлек беру қамтамасыз етіледі.


ІІ. Білім беру ұйымдарының мұғалімдері, оқытушылары, қосымша білім беру педагогтарының оқу жылы кезеңіндегі жұмыс уақытының режимі

2.1. Мұғалімдер, оқытушылар, қосымша білім беру педагогтарының педагогикалық жұмысты орындауы (ары қарай – оқытушылық жұмысты атқаратын педагогикалық қызметкерлер) тек оқытушылық жұмыспен байланысты педагогикалық жұмысты орындау үшін белгіленген уақыт мөлшерінің болуымен сипатталады.

Оқытушылық жұмысты жүргізуші педагогикалық қызметкерлердің педагогикалық жұмыстың өзге бөлігін орындауы сағаттар саны бойынша нақтыланбаған жұмыс уақыты бойында жүзеге асырылады.

2.2. Оқытушылық жұмысты жүргізуші қызметкерлердің жұмыс уақытының мөлшерлі бөлігі астрономиялық сағаттармен анықталады және өткізілетін сабақтар (ары қарай - оқу сабақтары) олардың оқушылар үшін белгіленген ұзақтылығы мен әр сабақ арасындағы қысқа үзілістер, оның ішінде 1 сынып оқушылары үшін көзделген «икемді үзілістерге» де қарамастан қоса есептеледі. Сонымен қатар белгіленген оқу жүктемесінің сағаттар саны осы қызметкерлер жүргізген, ұзақтылығы 45 минуттан аспайтын оқу сағаттарының санына сәйкес болады.

Оқу сабақтарының, сондай-ақ олардың арасындағы үзілістердің нақты ұзақтылығы жарғыға немесе білім беру ұйымының белгіленген тәртіппен бекітілген сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер ескерілген локальды (жергілікті) актілерімен көзделеді. Оқытушылық жұмысты орындау оқу сабақтарының кестесімен реттеледі.

Қосарланған оқу сабақтары өткізілгенде белгіленбеген үзілістер жинақталып және білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртіп ережелерімен көзделген рет бойынша өзге педагогикалық жұмысты орындау үшін пайдаланылуы мүмкін.

2.3. Оқытушылық жұмысты жүргізуші педагогикалық қызметкерлердің сағаттар санымен нақтыланбаған жұмыс уақатын қажет ететін өзге бөлігі білім беру ұйымының жарғысымен және ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, тарифтік-біліктілік сипаттамаларымен көзделген лауазымдық міндеттерден туындайды және жұмыс кестелері әрі жоспарларымен реттеледі. Оның ішінде педагогикалық қызметкердің жеке жоспарымен реттеледі және ол төмендегі жұмыстармен сонымен қатар келесі әрекеттермен (шаралармен, жағдайлармен) байланысты болуы мүмкін :

- педагогикалық, әдістемелік кеңестер жұмысына қатысумен, ата-аналар жиналыстарын, кеңестер беру, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламасымен көзделген өзге де шараларды өткізу жұмыстарымен;

- дәрігерлік қорытындыға сәйкес балалары үйде оқитын отбасыларына, ата-аналарына немесе оларды алмастырушы тұлғаларға әдістемелік, зерттеу және кеңес беру көмектерін ұйымдастыру және жүргізу;

- оқушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарға даярлық, олардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін , сондай-ақ отбасы және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерделеуге жұмсалатын уақытпен;

- білім беру ұйымындағы білім беру процесінің барысында сабақтарды даярлау мен өткізу мақсатында ұйымдастырылуы мүмкін кезекшіліктер, белсенділік дәрежесі әртүрлі оқушылардың, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің режимін орындауын бақылау, олар үшін белгіленген сабақтар барысында, оның ішінде үзілістерде тәртіп пен реттілікті сақтауын, тамақтануларын қамтамасыз ету;

- педагогикалық қызметкерлерге білім беру процесімен тікелей байланысты қосымша жүктелген әрі сәйкес қосымша төлем жүргізілетін міндеттерді орындау жағдайлары (сынып жетекшілігі, оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру, оқу кабинеттеріне жетекшілік ету және т.б.) .

Білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің оқу сабақтары кезеңіндегі кезекшілік кестесін жасағанда, сабақ басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін мекеменің ауысымдылығы, әрбір педагогикалық қызметкердің сабақ кестесіне сәйкес жұмыс уақыты, жалпы іс шаралар жоспары, жұмыстың өзге де ерекшеліктері ескеріледі. Ондағы басты мақсат педагогикалық қызметкерлердің шектен тыс ұзақ кезекшілігін, кезекшіліктің оқу жүктемесі аз немесе мүлдем жоқ күндерге қойылуын болдырмау.

Педагогикалық қызметкерлер білім беру ұйымы бойынша кезекшілікке тартылған күндері оқу сабақтары басталғанға дейінгі 20 минуттан ерте емес және сабақ аяқталғаннан кейінгі 20 минуттан кеш емес мерзімге жұмысқа қамтылады;

2.4. Оқытушылық жұмысты жүргізетін педагогикалық қызметкерлер аптаның сабақ кестесі бойынша оқу сағаттарынан, жұмыс кестелері және жоспарларымен реттелетін өзге де міндеттемелерді орындаудан бос күндерін (білім беру ұйымы өз қызметін жүзеге асыратын уақыт кезеңін) біліктілігін арттыруға, өзінің оқуға, сабақтарға даярлануға және т.б. жұмыстарға пайдалана алады.

2.5. Білім беру ұйымдарындағы оқу жүктемесі оқу жылы барысында оларға қатысты емес себептерден (оқу жоспары мен оқу бағдарламасы бойынша сағаттар санының, сыныптар, топтар мен т.б. қысқаруы) оқу жылының басындағы оқу жүктемесінен кеміп кеткен мұғалімдер, оқытушылардың жұмыс уақытының режимі оқу жылының соңына дейін бастапқы белгіленген оқу жүктемесіне және еңбек ақы мөлшеріне сәйкес сағат санымен, осы Ереженің 2.3 т. көзделген педагогикалық жұмысты орындауға қажетті уақытты ескере отырып анықталады.


ІІІ. Жұмыс күнін бөлшектеу

3.1. Педагогикалық және өзге де қызметкерлердің жұмыс кестесін жасағанда жұмыс уақытындағы демалумен және тамақтанумен байланысты емес үзілістер беруге осы Ережемен көзделгеннен өзге жағдайларда жол берілмейді.

3.2. Сабақ кестесін жасағанда жұмыс беруші оқытушылық жұмысты жүргізетін педагогикалық қызметкерлерге, үздіксіз сабақтастық пен сатылық бұзылмауы және ұзақ үзілістер болмауы үшін, ұтымсыз әрі тиімсіз уақыттарды алып тастауы керек. Себебі, ондай «терезе» деп аталатын ұзақ үзілістер педагогикалық қызметкерлер үшін, оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін белгіленген сабақтар арасындағы қысқа үзілістермен салыстырғанда, жұмыс уақыты болып есептелмейді.

3.3. Бір күн барысында тәрбие және оқыту қызметі алмасып отыратын оқушылар, тәрбиеленушілердің білім беру ұйымында тәулік бойы болатын жағдайларда, жұмыс беруші бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, мектеп жасындағы тәрбиеленушілер топтарында жұмыс атқаратын тәрбиешілер үшін, ұзақтылығы қатарынан екі және одан артық сағатты құрайтын үзіліс бере отырып әрі мұндай қолайсыз жұмыс режимін келісіммен көзделген мөлшерде және ретпен сәйкес өтей отырып, жұмыс күнінің бөлшектелген режимін енгізе алады. Екі ауысым арасындағы үзіліс уақыты жұмыс уақытына есептелмейді.

Тәрбиешілердің педагогикалық жұмысты еңбек ақы ставкасы үшін белгіленген мөлшерден артық орындауымен байланысты үзілістері жұмыс күнін бөлшектенген режиміне жатпайды.

3.4. Тәрбиешілердің уақытын үнемдеу мақсатында жұмыс уақыты барысында 2 сағаттан астам үзіліс көзделген бөлшектенген режимнің орнына оқушылардың ертеңгі уақыттағы сабақтары басталғанға дейінгі және сабақтар аяқталғаннан кейінгі жұмыс уақытын қамтитын күн сайынғы әртүрлі ұзақтылықты жұмыс режимін, яғни жұмыс уақытының аптадағы (ай, тоқсан) жалпы ұзақтылығы есепті кезеңдегі сағаттардың орташа айлық мөлшерінен аспайтын жұмыс уақытының жиынтық есебін пайдаланған оңтайлы болады.


ІV. Білім беру ұйымы қызметкерінің демалыс кезеңіндегі жұмыс

уақытының режимі

4.1. Білім беру ұйымдарының оқушылары, тәрбиеленушілері үшін белгіленген, қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы негізгі және қосымша демалыстарымен сәйкес келмейтін, күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыс кезеңдері (ары қарай - каникулдық кезең) қызметкерлер үшін жұмыс уақыты болып табылады.

4.2. Педагогикалық қызметкерлер каникулдық кезеңде педагогикалық, әдістемелік, сондай-ақ білім бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты ұйымдық жұмыстарды олар үшін каникул басталғанға дейін белгіленген жұмыс уақытының мөлшерленген бөлігі шегінде (белгіленген оқу жүктемесі (педагогикалық жұмыс) аясында) және белгіленген ретпен еңбек ақысы сақтала отырып, осы Ереженің 2.3. тармағымен көзделген жұмыстарды орындауға қажетті уақыт шеңберінде жүргізеді.

Дәрігерлік қорытындыға сәйкес балаларды үйде жеке оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдер каникулдық кезеңде педагогикалық (әдістемелік, ұйымдық) жұмысқа осы балаларды жеке оқыту үшін каникул басталғанға дейін белгіленген сағаттар санын ескере отырып тартылады.

4.3. Жұмысқа оқушылардың, тәрбиеленушілердің жазғы каникулы кезеңінде қабылданған педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі еңбек ақының бір ставкасы үшін белгіленген оқытушылық (педагогикалық) жұмыстың бір аптадағы сағаттар мөлшерінің шеңберінде және өзге де лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті уақытпен белгіленеді.

4.4. Оқыту-жәрдем ету мен қызмет көрсету персоналының жұмыс уақытының режимі каникулдық кезеңде лауазымы бойынша бекітілген уақыт шеңберінде белгіленеді. Аталған жұмысшылар заңдылықпен белгіленген тәртіп бойынша арнайы білімді қажет етпейтін шаруашылық жұмыстарына қамтыла алады.

4.5. Каникул кезеңінде барлық қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі білім беру ұйымының жұмыс сипаты көрсетілген локальды актілерімен және жұмыс кестесімен реттеледі.


  1. Каталог: uploads -> Социальное%20партнерство
    uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
    uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
    uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
    Социальное%20партнерство -> Жылдарға арналған Ұжымдық шарты шартқа қол қойғандар
    Социальное%20партнерство -> Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет