¦жымдыќ шарт



жүктеу 1.44 Mb.
бет5/8
Дата21.04.2019
өлшемі1.44 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің оқушылар, тәрбиеленушілер үшін оқу сабақтарын (білім беру процесін) санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және өзге де негіздер бойынша тоқтатқан жағдайдағы жұмыс уақытының режимі

5.1. Оқушылар, тәрбиеленушілер үшін оқу сабақтары (білім беру процесі) санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және өзге де негіздер бойынша тоқтатылған кезеңдер білім беру ұйымдарының педагогикалық және өзге қызметкерлері үшін жұмыс уақыты болып табылады.

5.2. Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және өзге негіздер бойынша жекеленген сыныптарда (топтарда) немесе жалпы білім беру ұйымы бойынша оқу сабақтары тоқтатылғанда мұғалімдер және өзге де педагогикалық қызметкерлер осы Ереженің ІV тарауында көзделген жағдайларда және тәртіп бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, ұйымдастыру жұмыстарына қамтылады.




  1. Қызметкерлердің білім берудің сауықтыру ұйымдарында, жазғы саяжайларға шығатын және (немесе) жергілікті жерде немесе өзге өңірде жазғы демалыс ұйымдастырушы білім беру ұйымдарындағы, сондай-ақ туристік сапарлар, экскурсиялар, экспедициялар, саяхаттар өткізудегі жұмыс уақытының режимі

6.1. Педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы демалысымен бір айдан астам мерзімге сәйкес келмейтін кезеңге балалардың күндізгі уақытта қамтылатын жергілікті жерде жалпы білім беретін мектептер негізінде каникул кезінде құрылатын сауықтыру лагерлеріне және білім берудің өзге де сауықтыру ұйымдарына жұмысқа тартылғандағы жұмыс уақытының режимі осы Ереженің ІV тарауымен көзделген тәртіп бойынша анықталады.

    1. 6.2. Педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы демалысымен сәйкес келмейтін кезеңге сауықтыру лагерлеріне және білім берудің өзге жерде орналасқан сауықтыру ұйымдарындағы жұмысқа тарту, сондай-ақ өзге аймақтарға ұзақ мерзімді саяхаттарға (бір күнде кері оралмайтын), экспедицияларға, экскурсияларға жетекші етіп жіберу тек қызметкердің келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Аталған қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі орындалатын жұмыс ауқымы мен көлеміне қарай белгіленеді және білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, жұмыс кесетелерімен анықталады.
VІІ. Білім беру ұйымдарының жекелеген педагогикалық

қызметкерлерінің жұмыс уақытын реттеу

7.1. Педагог-психологтардың 36 сағаттық жұмыс аптасы шегіндегі жұмыс уақытының режимі білім мекемесінің ішкі еңбек тәртіп ережелерімен төмендегі шарттар ескеріле отырып реттеледі:

- білім беру процесінің қатысушыларымен жалпы жұмыс уақытының апталық ұзақтылығының жартысынан кем болмайтындай шекте жеке және топтық кеңес беру жұмыстарын орындау;

- жеке және топтық кеңес беру жұмыстарына даяарлық, алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және сараптау, есепті құжаттаманы толтыру, сондай-ақ өз біліктілігін арттыру;

Педагог-психолог аталған жұмыстарды қызметкердің қалауына қарай білім мекемесінде, сондай-ақ одан тысқары жерде жүзеге асыруы мүмкін.

7.2. Жұмыс уақытының режимі жұмыс уақытының жалпы ұзақтылығын ескере отырып, төмендегі мөлшерде белгіленеді:


Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің

педагогикалық қызметкерлерінің лауазымдары бойынша:

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемесінің, кәсіптік лицей, училище, колледж директоры – аптасына 40 сағат;

Оқу-өндірістік комбинатының директоры – аптасына 40 сағат;

Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – аптасына 40 сағат;

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – аптасына 40 сағат;

Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары – аптасына 40 сағат;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мекемесінің әдіскері - аптасына 36 сағат;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бөлімше меңгерушісі – аптасына 40 сағат;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу бөлімінің меңгерушісі – аптасына 40 сағат;

Техникалық және кәсіптік білім мекемесінің жалпы білім пәндер оқытушысы – оқу жүктемесі бойынша (аптасына 18 сағат);

Педагог-психолог – аптасына 36 сағат;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының аға шебері – аптасына 36 сағат;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі – аптасына 36 сағат;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының арнайы пәндер оқытушысы – оқу жүктемесі бойынша (аптасына 18 сағат);

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының өндірістік оқу шебері – аптасына 36 сағат;
Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру, жалпы орта және қосымша білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлердің лауазымдары бойынша:

Жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, барлық типтегі интернаттық мекеме директоры - аптасына 40 сағат;

Қосымша білім беретін мектептен тыс мекеме директоры – аптасына 40 сағат;

Оқу-сауықтыру орталығының директоры, оқу-сауықтыру лагері, еңбек пен демалыс лагері, маусымдық профильдік және өзге де типтердегі лагерлер бастығы – аптасына 40 сағат;

Жалпы білім беретін мектеп, мектеп-интернаты және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары директорының (бастығының) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары – аптасына 40 сағат;

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының меңгерушісі – аптасына 40 сағат;

Барлық мамандықтардағы мұғалімдер – мөлшерлі оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат);

Логопед-мұғалім (білім мекемесіндегі логопед) - мөлшерлі оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат);

Мектепке дейінігі мекеме логопеді –аптасына 24 сағат;

Дефектолог-мұғалім - мөлшерлі оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат);

Қосымша білім беру педагогы - мөлшерлі оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат);

Педагог-ұйымдастырушы – аптасына 36 сағат;

Педагог-психолог – аптасына 36 сағат;

Әлеуметтік педагог – аптасына 36 сағат;

Қосымша білім беру мекемесінің сүйемелдеушісі (аккомпаниатор) – аптасына 18 сағат;

Білім беру ұйымының аға тәлімгері, тәлімгері – аптасына 36 сағат;

Білім беру ұйымының аға тәрбиешісі, тәрбиешісі – мөлшерлі жүктемеге сәйкес (мектепке дейінгі мекемелерде – аптасына 24 сағат; интернаттық мекемелерде – аптасына 30 сағат.); арнайы (түзету) мекемелерде – аптасына 25 сағат;

Музыкалық жетекші (концертмейстер) – мөлшерлі жүктемеге сәйкес 18 сағат;

Білім беру ұйымының әдіскері – аптасына 36 сағат;

Мектепке дейінгі мекеменің әдіскері (аға тәрбиешісі) – аптасына 36 сағат;

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің музыкалық жетекшісі - мөлшерлі жүктемеге сәйкес (аптасына 24 сағат);

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің хореографы - мөлшерлі жүктемеге сәйкес (аптасына 24 сағат);

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің және өзге де қосымша пәндердің мұғалімдері - мөлшерлі жүктемеге сәйкес (аптасына 24 сағат);

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің дене шынықтыру инструкторы - мөлшерлі жүктемеге сәйкес (аптасына 24 сағат.)

Режим жөніндегі кезекші – аптасына 36 сағат;

Жатақхана бойынша кезекші – аптасына 36 сағат.


Келісімге

3 қосымша

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы


Р. №

Лауазымның атауы

Демалыс күндердің саны

1.

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғарыдан кейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері, оның ішінде:

  • Барлы типтегі жалпы орта білім беретін мектеп, лицей, гимназия, интернаттық ұйымдардың директоры;

  • жалпы орта білім беретін мектеп, мектеп-интернат және негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар директорының (басшысының) ғылыми, оқу жұмысы, оқу-тәрбие жұмысы, бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары;

  • Барлық мамандықтардағы мұғалімдер;

  • Мұғалім-логопед;

  • Мұғалім-дефектолог;

  • Педагог-ұйымдастырушы;

  • Педагог-психолог;

  • Әлеуметтік педагог;

  • Аға вожатый, білім беру ұйымының вожатыйы;

  • Білім беру ұйымының әдіскері;

56

2.

Мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелікті қамтамасыз етуші ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері, оның ішінде:

  • қосымша білім берудің мектептен тыс ұйымының директоры;

  • оқыту-сауықтыру орталығының, оқыту-сауықтыру лагерінің, еңбек және демалыс лагерінің, маусымдық бейіндік және өзге типтегі лагерьлердің директоры;

  • қосымша білім беру ұйымы директорының (басшысының) ғылыми, оқу жұмысы, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы, бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымының меңгерушісі;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымының логопеді;

  • қосымша білім беру педагогы;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагог-психологы;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымының аккомпаниаторы;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымының аға тәрбиешісі, тәрбиешісі;

  • музыкалық жетекші (концертмейстер);

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдіскері;

  • мектепке дейінгі балалар мекемесінің музыкалық жеткешісі;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымының хореографы;

  • мектепке дейінгі балалар мекемесінің орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің және өзге қосымша пәндердің мұғалімі;

  • мектепке дейінгі балалар мекемесінің дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы.

42

3.

Педагогикалық қызметкерлерге жатпайтын азаматтық қызметшілер, оның ішінде:

  • Білім беру ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;

  • Бас есепші;

  • Бас үнемдеуші;

  • Кітапхана меңгерушісі;

  • Асхана меңгерушісі;

  • Қойма меңгерушісі;

  • Есепші;

  • Үнемдеуші;

  • Кітапханашы;

  • Барлық мамандықтардағы дәрігерлер;

  • Орта медициналық құрам (медбике және т.б.);

  • Емдәмбике;

  • Зертханашы;

  • Іс жүргізуші;

  • Кассир;

  • Комендант;

  • Инженер;

  • Инспектор;

  • Механик;

  • Хатшы;

  • Эскпедитор;

  • Ғимараттар мен құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы;

  • қазандық қондырғысының машинисті (оператор);

  • бас аспазшы;

  • аспазшы;

  • автокөлік жүргізушісі;

  • тәрбиешінің көмекшісі;

  • электрик;

  • ағаш шебері (балташы);

  • слесарь-сантехник;

  • кір жуу машиналарының операторы;

  • тігінші;

  • аяқ киім жөндеу шебері

  • шаштараз

30

4.

Азаматтық қызметшілерге жатпайтын жалдамалы жұмысшылар, оның ішінде:

  • қызметтік бөлмелерді тазалаушы;

  • вахта жұмысшысы;

  • гардероб жұмысшысы;

  • кастелянша;

  • бағбан;

  • қоймашы;

  • аула сыпырушы;

  • санитар;

  • қарауыл;

  • от жағушы;

  • асхана жұмысшысы;

  • қосалқы жұмысшы

24


Келісімге

4 қосымша
Зиянды, қауіпті, ауыр еңбек жағдайларда еңбек еткені үшін жыл жайынғы қосымша ақылы еңбек демалысының ұзақтығы, бір аптадағы қысқартылған жұмыс уақытының мерзімі

Р. №

Лауазымның атауы

Демалыс күндерінің саны

Бір аптадағы сағаттық жұмыс уақыты

1.

Білім беру ұйымының дәрігері

12

40

2.

Білім беру ұйымының орта медициналық құрамы

12

40

3.

Білім беру ұйымының кіші медициналық құрамы

12

40

4.

Сұйық отын және газбен жұмыс істейтін бу және су қыздыратын қазандықтардың жұмысына қамтылған машинист (от жағушысы)

6

40

5.

Қатты отынмен жұмыс істейтін бу және су қыздыратын қазандықтардың жұмысына қамтылған машинист (от жағушысы):

  1. қолмен жаққанда;

  2. механикалық жолмен жаққанда

12

6


40


6.

Кір жуушы орын жұмысшылары

6

40

7.

Бас аспазшы

6

40

8.

Аспазшы

6

40

9.

Қызметтік бөлмелерді тазалаушы

6

40

10.

Электрдәнекерлеуші

6

40

11.

Санаторлық мектеп-интернатының қызметкерлері


  • кітапханашы

  • дәрігерлер

  • кастелянша

  • кіші медициналық және қызмет көрсетуші персонал:

  • санитар, буфетші, даяшы, ыдыс жуушы, моншашы, шаруа бике, күтуші, өндірістік бөлмелерді тазалаушы, шаштараз

  • орта медициналық персонал

12

12


12

12

36

36
36



36



Келісімге

5 қосымша
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар белгілеу ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсан 2007 жылғы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемелердің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» №1400 Қаулысының 5 т. сәйкес қызметкерлердің өз лауазымдық (қызметтік) міндеттерін сәйкесінше орындағаны үшін, сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің білім сапасын арттыруға, еңбек міндеттерін орындауға деген ынтасын арттыру бойынша көтермелеу жүйесін реттеу мақсатында әзірленген.

  2. Осы Ереже ____________ облысы әкімдігінің Білім басқармасының бағынысындағы білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне таратылады.




  1. Сыйақы беру шарттары

  2. Қызметкерге сыйақы тағайындау құқығын беретін нәтижелерді сипаттаушы негізгі көрсеткіштер болып:

  1. Еңбек тәртібін сақтау;

  2. Белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижесі;

  3. Лауазымдық міндеттерді мүлтіксіз орындау, жұмысқа шығармашылықпен қарау және еңбектегі өзге де жетістіктер;

  4. Мерейтойлық, мерекелік даталар;

  5. Қызметкерге жүктелген міндеттер мен функцияларды сәйкесінше орындау есептеледі.

  1. Қызметкерге сыйақы келесі жағдайларда берілмейді:

  1. Оның жойылмаған (мерзімі өтпеген) тәртіптік жазасы болғанда;

  2. Аталған мекемеде алты айдан кем жұмыс істегенде;

  3. Сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

  4. Жұмыстарды қоса атқару жағдайымен жұмыс істейтіндерге.



  1. Лауазымдық жалақыға үстеме төлем тағайындау шарттары

5.Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстеме төлем тағайындау жұмысшының еңбектегі кәсіби білімі және біліктілігімен үйлескен жеткілікті тәжірибесін (өтілін), оны күнделікті жұмыста нәтижелі қолдана білуі мен өзге де көрсеткіштерін ескере отырып, міндеттеме аясы артқанда жүргізіледі.

6. Сондай-ақ, үстеме төлем қызметкерді, оның еңбек жарақатын алуына, кәсіби науқасқа шалдығуына немесе жұмысшының осы мекемеде еңбек міндеттерін орындаумен байланысты денсаулығына өзге де нұқсан келумен байланысты, оның еңбек қабілеті толық қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенше, төмен ақылы лауазымға (жеңіл жұмысқа) ауыстырған жағдайда тағайындалуы мүмкін.



7. Үстеме ақының ең жоғарғы мөлшері лауазымдық жалақының елу пайызынан артық болмауы тиіс.


  1. Материалдық көмек көрсету шарттары

  1. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның күрделі материалдық жағдайына байланысты төмендегі кездерде жүргізілуі мүмкін:

  1. Оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының (ата-анасы, жұбайы, зайыбы, бауырлары, балалары) қазасына орай;

  2. Отбасын құрғанда;

  3. Бала туылғанда, ұл немесе қыз асырап алғанда;

  4. Қосымша қаржы шығындарын (10 күнтізбелік күннен асатын стационарлық немесе амбулаторлық ем алу, шипажайда демалудан басқа) қажет ететін емделу жағдайында;

  5. Қызметкерге қатысты құқықбұзушылық әрекет жасау (тонау, қарақшылық және т.б.), табиғи апаттар (өрт, зілзала, су тасқыны және т.б.) нәтижесінде мүліктік залал келтірілгенде.




  1. Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыға үстеме ақы тағайындау төлемдерін

бекіту мен төлеу тәртібі

  1. Қызметкерлерге сыйақы беру мен лауазымдық жалақыға үстеме белгілеу білім беру ұйымының ұсынысы бойынша Білім бөлімінің бұйрығымен жүргізіледі.

  2. Бұйрықта қызметкердің аты-жөні және лауазымы, сыйақы (үстеме ақы) белгілеу негіздері мен мөлшері көрсетіледі.

  3. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты жұмысшының жазбаша өтініші мен білім беру ұйымы басшысының сұранысына сәйкес Білім бөлімі қабылдайды.

  4. Қаржыны үнемдеу есебінен сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және үстеме ақы белгілеу:

  1. Жыл бойында, смета бойынша үнемделген қаржының жалпы көлемінің 30 пайызынан аспайтын мөлшерде, ал желтоқсан айында – жыл бойында үнемделген қаржының барлық көлемінде төмендегі шығын түрлері бойынша жүргізіледі:

  • Іс сапар шығынлдары;

  • Коммуналдық қызмет;

  • Электроэнергия;

  • Жылу;

  • Байланыс қызметі;

  • Көлік шығындары;

  • Негізгі қордың (құрал-жабдық, ғимарат) ағымдағы жөндеу жұмыстары;

  • Негізгі қорлар бойынша жалға алу төлемдері;

  1. Смета бойынша үнемделген қаржының барлық көлемін келесі шығын түрлері бойынша:

  • Еңбек ақы;

  • Салықтар мен бюджетке өзге де міндетті төлемдер.

Өзге шығын түрлері бойынша смета бойынша үнемделген қаржыны сыйақы беруге, материалдық көмек көрсетуге және лауазымдық жалақы тағайындауға бағыттауға (жұмсауға) болмайды.

Ұжымдық шартқа

6 қосымша
ТОЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ

КЕЛІСІМ ШАРТ
______________ а. « ____» __________20___ж.
________________________________________________________________

(мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорынның толық атауы)

ары қарай «Жұмыс беруші» деп аталатын Жарғы негізінде әрекет етуші директор ________________________________ (аты, жөні, тегі) бір тараптан және ары қарай «Жұмысшы» деп аталатын өз атынан жеке тұлға ретінде әрекет етуші ___________________________________ (аты, жөні, тегі), ары қарай бірлесе «Тараптар» деп аталып Жұмыс беруші иелігіндегі материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Еңбек кодексіне сәйкес төмендегі жағдайлар туралы Толық материалдық жауапкершілік туралы осы Келісім шартты (ары қарай – Келісім шарт) жасайды:



  1. Жұмыс берушіде «___» _________ 201___ж. №____ еңбек шарты негізінде (ары қарай Еңбек шарты) _____________________ лауазымда жұмыс атқаратын және Жұмыс беруші иелігіндегі тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау, өткізу, сақтау, өңдеу, сату (жіберу), тасымалдау немесе өз еңбек міндеттерін орындау барысында пайдаланумен байланысты Қызметкердің өткізу-қабылдап алу актісі, кассалық шығыс ордері немесе сенімхат негізінде есепке алу (ары қарай – «Материалдық құндылықтар) бойынша қабылдап алған, сондай ақ, белгілі бір лауазымдағы қызметкердің материалдық жауапкершілігі ҚР заңнамасымен көзделген болса, жұмысшы өзіне Жұмыс беруші тарапынан берілген Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін толық материалдық жауапкершілік алады. Қызметкердің оған берілген материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етумен байланысты міндеттері Материалдық құндылықтарды Жұмыс берушінің уәкілетті өкіліне өткізу-қабылдау актісі бойынша тапсырған уақытта тоқтатылады.

2. Осы Келісім шарттың 1 т. мазмұндалған шарттармен байланысты Жұмысшы келесі міндеттемелер алады:

2.1. Материалдық құндылықтарға ұқыппен қарап, Жұмыс берушіге материалдық құндылықтардың бүлінуі немесе жоғалуымен байланысты келтірілуі мүмкін шығындардың алдын алу шараларын қабылдайды;

2.2. өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін кез-келген жағдайлар туралы Жұмыс берушіге дер кезінде хабарлап отырады;

2.3. жұмыс берушіге материалдық құндылықтарды пайдалану аяқталғаннан кейін немесе Еңбек шарты кез-келген себеппен тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда ең соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей өткізу-қабылдап алу актісі бойынша дер кезінде қайтарады.

3. Жұмыс беруші Жұмысшыға, оның тарапынан өз еңбек міндеттерін сәйкесінше орындаған жағдайда, оған сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті барлық жағдайларды жасауға міндеттенеді.

4. Жұмысшының кінәсынан оған сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуы қандай да себеппен, оның ішінде жоғалту, ұқыпсыз пайдалану нәтижесінде сындыру, қамтамасыз етілмегенде, Жұмысшының қаса-қана әрекеті нәтижесінде материалдық құндылықтарды бүлдіру немесе жою орын алғанда;

- Жұмысшы жұмыс берушіге материалдық құныдылықтарды қайтарып бермегенде:

4.1. Жұмысшы жұмыс берушіге, осы Келісім шарттың 5 т. белгіленгендей, келтірілген залалды өтейді. Өтем төлемі ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

4.2. Жұмыс берушінің жұмысшы тарапынан келтірілген залалды қалпына келтірту туралы бұйрығы келтірілген залал туралы белгілі болған уақыттан екі апта кешіктірмей шығарылып Жұмысшыға жедел түрде жазбаша таныстырылуы тиіс.

4.3. Жұмысшы Жұмыс берушіге келтірілген залалды өтеуге құқылы, олай болмаған жағдайда, Жұмыс беруші жұмысшы тарапынан келтірілген залалды сот арқылы қайтарып алуға құқылы.

4.4. Егер Жұмысшы осы Келісім шартпен көзделген залалды қалпына келтіру мөлшерімен немесе тәртібімен келіспесе және Тараптар осы сұрақ аясында өзара келісімге келе алмаса, туындаған дау Жұмыс берушінің арызы бойынша ҚР қолданыстағы заңдылығымен көзделген тәртіп бойынша қаралады.

5. Келтірілген залал мөлшері жоғалған материалдық құндылықтың бағасынан немесе Жұмыс берушінің пікірі бойынша материалдық құндылықты қалпына келтіруге кететін құннан есептеледі. Жоғалған (бүлінген) материалдық құндылықтың бағасы бухгалтерлік есептіліктің негізінде, материалдық құндылықтың баланстық бағасын (өзіндік құны) ала отырып, қолданыстағы заңдылықпен белгіленген нормалар бойынша тозу дәрежесін шегеру арқылы шығарылады.

Тараптар, егер Жұмысшы өзімен Еңбек шарты тоқтатылған жағдайда соңғы жұмыс күнінде Жұмыс берушіге материалдық құндылықтарды қайтармаса, ондай материалдық құндылықтар Жұмысшының кінәсынан жоғалған деп есептеліп, келтірілген залал осы Келісім шарт бойынша өтелуі тиіс.


  1. Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген, яғни оған кінәлі жұмысшы өзін еңбек міндеттерін орындаудан босату туралы негіз ретінде олардың бүлінуі немесе болмауына сілтеме жасай алмайды.

  2. Жұмысшы, егер материалдық құндылықтың жоғалуы немесе бүлінуі оның кінәсынан болмаса, материалдық жауапкершілік артпайды.

  3. Жұмысшы ҚР Еңбек кодексінің 160-169 б.б., сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 175-177 б.б.; 182; 185; 187; 188 б.б. таныс.

  4. Осы Келісім шарттың күші Еңбек шартының күші жүретін мерзімге таратылады. Осы Келісім шарттың күші, Еңбек шарты тоқтаған кезде Жұмысшы тарапынан Жұмыс берушіге ешқандай залал келтірілмеген және Жұмысшы Жұмыс берушіге тиесілі барлық Материалдық құндылықтарды толық әрі сәйкес қалпында қайтарған болса, Еңбек шартының күші тоқтатылған мерзіммен бір мерзімде тоқтатылады. Олай болмаған жағдайда, Жұмысшының Материалдық құндылықтарды бүлдіру немесе жоғалтумен байланысты Жұмыс берушіге келтірілген залалын өтеу жөніндегі міндеттемелері оларды толық орындауға дейін сақталады.

  5. Осы Келісім шарт екі тарапқа бір-бірден берілетін бірдей құқықтық мәртебеге ие екі данада жасалған.

Жұмыс беруші Жұмысшы



(реквизиттері, қолы, мөр, күні) (лауазымы, Аты,жөні, тегі, қолы, күні)

Келісімге

7 қосымша
Арнайы киіммен, аяқ киіммен және өзге де жеке қорғану құрадарымен тегін қамтамасыз етілуге тиісті лауазымдар мен кәсіптер тізбесі



Р. №

Кәсіп және лауазым

Арнайы киім, арнайы аяқ киім және ЖҚҚ

Бір жылға берілетін норма (бірлік, комплект)

1.

Кітапханашы

Мақтамата халат

1

2.

Гардероб жұмысшысы

Мақтамата халат

1

3.

Аула сыпырушы

Мақтамата костюм

1

Мақтамата фартук

1

Құрап жасалған қолғап

6 жұп

Қыста қосымша:

Жылы астарлы күртеше

1 – 2.5 жылға

Пима

1 жұп – 3 жылға

Пима кебісі

1 жұп - 2 жылға

Жылдың басқа мезгілінде қосымша:

Ылғал өткізбейтін плащ

1 – 3 жылға

4.

Лаборант

Химиялық зертханада қамтылғанда:

Мақтамата халат

1 – 1.5 жылға

Резеңкелі фартук

Кезекші

Резеңке қолғап

Кезекші

Қорғану көзілдірігі

Тозығы жеткенше

Физикалық зертханада қамтылғанда:

Диэлектрлық қолғап

Кезекші

Қысымды көрсету (сілтеме) орны

Кезекші

Изоляцияланған сабы бар инструмент

Кезекші

Диэлектрлі төсеніш

Кезекші

5.

Өндірістік оқыту шебері (еңбек жөніндегі нұсқаушы), құрал-жабдық жөніндегі инженер

Мақтамата халат

1

Берет

1

Құрап жасалған қолғап

2 жұп

6.

Қазандық операторы

Мақтамата комбинезон

1

Қайыс аяқ киім (ботинка)

1

7.

Аспазшы

Мақтамата костюм

1

Мақтамата бас киім

1

Мақтамата алжапқыш

1

Қайыс аяқ киім (ботинка)

1 жұп

8.

Ыдыс жуушы

(асхана жұмысшысы)




Клеенкалы фартук

1

Резеңке етік

1 жұп

Резеңке қолғап

1 жұп

9.

Слесарь-жөндеуші

Мақтамата күртеше

1 – 9 айға

Құрап жасалған қолғап

12 жұп

Мақтамата сым

12

10.

Ғимараттар мен құрылғыларға қызмет көрсетуші жұмысшы

Канализация жүйесі мен ассенизаторлық құрылғыларды жөндеу жөніндегі жұмыстарды атқарғанда

Брезент костюм

1 – 1.5 жылға

Резеңке етік

1 жұп

Құрап жасалған қолғап

6 жұп

Резеңке қолғап

Кезекші

Шлангты противогаз

Кезекші

Сыртқы жұмыстарда қыста қосымша:

Астары жылы күртеше

1 – 2.5 жылға

Астары жылы сым

1 – 2.5 жылғы

11.

Қарауыл

Сыртқы жұмыстарда қамтылғанда:

Вискоз-лавсан костюм

1

Ылғалға бекем мақтамата плащ

Кезекші

Қысқа тон

Кезекші

Пима

Кезекші

12.

Қызметтік және өндірістік бөлмелерді тазалаушы

Мақтамата халат

вискозды-лавсан костюмі



1

1


Құрап жасалған қолғап

6 жұп

Еден және жалпы пайдаланылатын орындарды жуғанда:

Резеңке етік

1 жұп

Резеңке перчатка

2 жұп

13.

Электроқұрылғылар мен жабдықтарды жөндеуші электромонтер

Мақтамата жартылай комбинизон

1

Диэлектр перчатка

Кезекші

Диэлектр кебіс

Кезекші

14.

Дәрігер

Мақтамата ақ халат

1 – 12 айға

15.

Медбике

Мақтамата ақ халат

1 – 12 айға

16.

Санитар

Мақтамата ақ халат

1 – 12 айға

17.

Тәрбиешінің көмекшісі

Мақтамата ақ халат

1 – 12 айға


Келісімге

8 қосымша

Қызметкерлерге тазалағыш және залалсыздандыру заттарын тегін беру НОРМАЛАРЫ мен оларды тарату шарттары


Р. №

Тазалағыш және залалсыздандыру заттарының түрлері

Жұмыс пен өнідірстік фактор түрлері

1 айға берілетін норма

1.

Сабын


Ластанумен байланысты жұмысты

400г

2.

Гидрофильдік әсер беруші қолға арналған қорғаныш крем

Органикалық еріткіштермен жұмыс жасағанда

800 г

3.

Қол арналған тазалаушы паста

Техникалық майлар, майлы күйе, лак және сыр, смола, мұнай өнімдерімен жұмыс жасағанда

100 мл

4.

Қолдың бүлінуін қалпына келтіретін крем

Қатты, қиын жуылатын ластану; майлар, мұнай өнімдері, лактар, сырлар, смола, желімдегіш, битум, силикон заттарымен; қалпына келетін химиялық заттармен жұмыс жасағанда

100 мл

Келісімге

9 қосымша
Сабын, тазалағыш және залалсыздандыру заттарын тегін алу құқығына ие жұмыстар мен кәсіптер

Т І З Б Е С І


Р. №

Лауазымның атауы

1.

Аспазшы

2.

Қызметтік бөлмелерді тазалаушы

3.

Мұғалім, оқытушы

4.

Аула тазалаушы

5.

Слесарь-сантехник

6.

Слесарь-электрик

7.

Лаборант

8.

Қазандық операторы

9.

Тәрбиешінің көмекшісі

10.

Өндірістік оқыту шебері

Каталог: uploads -> Социальное%20партнерство
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
Социальное%20партнерство -> Жылдарға арналған Ұжымдық шарты шартқа қол қойғандар
Социальное%20партнерство -> Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет