¦жымдыќ шарт



жүктеу 1.44 Mb.
бет6/8
Дата21.04.2019
өлшемі1.44 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8



Келісімге

10 қосымша
Еңбек қорғау жөніндегі Келісім
Еңбек қорғау жөніндегі осы Келісім – білім беру ұйымдарындағы еңбек қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен өткізудің құқықтық нысаны.

Еңбек қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіби науқастануды ескертуге, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен оны қорғауды, санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл құжат Келісім (ұжымдық шартқа) қол қойылғаннан бастап күшіне енеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

Жұмыс беруші Келісімде көрсетілген мерзімде келесі шараларды жүргізуге міндеттенеді:




Шаралардың аталымы

Өткізу мерзімі

  1. Ұйымдастыру шаралары




    1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 25 желтоқсан 2015 ж. «Қызметкерлерді еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі сұрақтары бойынша оқыту, нұсқаулық жүргізу және білімін тексеру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» №1019 Бұйрығына сәйкес еңбек қорғау бойынша оқыту мен білім тексеру

Норматив бойынша тұрақты

    1. Қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдері мен әдістеріне оқыту

Тұрақты

    1. Жұмыс түрлері бойынша және кәсіптер бойынша жеке дара еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеп, бекітіп және тарату.

Нұсқаулықтарды кәсіподақ органдарымен келісу.

Жыл сайын, 1-ші тоқсан

    1. Кіріспе нұсқаулықтарды және жұмыс орнындағы нұсқаулық жүргізудің жеке дара бағдарламаларын әзірлеу мен бекіту.

Жыл сайын, 10 қаңтарға дейін

    1. Бекітілген үлгі бойынша кіріспе және жұмыс орнындағы нұсқаулық жүргізуді тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету

Жыл сайын, 10 қаңтарға дейін

    1. Ұйымдарды еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету.

Тұрақты

    1. Ұйымдағы кәсіптер мен жұмыс түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту:

  • Алдын-ала және мерзімді дәрігерлік тексеру жүргізу қажет қызметкерлер;

  • Жоғары қауіпсіздік талаптары қойылатын қызметкерлер;

  • Арнайы киім, арнайы аяқ ким және өзге де жеке қорғаун құралдарымен қамтамасыз етілетін қызметкерлер;

  • қауіпті және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін өтемақы берілуі қызмкеткерлер;

  • сабын және өзге де залалсыздандыру заттары берілуі тиіс қызметкерлер

Үш жылда бір рет

    1. Ғимараттар мен өзге де құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жағдайына жалпы техникалық бақылау жүргізу

Жылына 2 рет: наурыздың алғашқы10 күндігі, тамыздың 3 онкүндігі

    1. Еңбек қорғау жөніндегі комиссия ұйымдастыру

Жыл сайын, 1-ші тоқсан

    1. Еңбек қорғау жөніндегі әкімшілік-қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу

Жыл бойында тұрақты

    1. Қызметкерлердің еңбек қорғау жөніндегі білімін тексеру комиссиясын ұйымдастыру.

Әр жылдың қаңтар айы

  1. Техникалық шаралар




    1. Су және газды өндірістік коммуникациялар мен құрылғыларды қауіпсіз пайдалану мен апаттылығынан қорғауды қамтасыз ету мақсатында сақтандыру, қорғау және сигнал беру жабдықтарын орнату

2016 жылға дейін

    1. Қызметкерлердің қауіпті және зиянды өндірістік фкторлардың әсерінен ұжымдық қорғану жабдықтарын жетілдіру

Тұрақты

    1. Жұмыс орындарын, тұрмыстық бөлмелерді, жаппай өту орындарын, өндіріс аумағын жарықтандыру жөніндегі нормативтерді жақсарту мақстында жарық беруші арматура, қолдан жарықтандыру құрылғыларын орнату

2016 жылға дейін

    1. Өндірістік жабдықтарға, коммуникациялар мен өзге нысандарға сигналды түстер мен қауіпсіздік белгілерін түсіру

2015 жылдың 1-ші жартыжылдығы

    1. Өндірістік бөлмелер жұмысын механизациялау, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар көзі болып табылатын өндіріс қалдықтарын мезгілінде тазалау мен залалсыздандыру, ауа өтетін және желдеткіш құрылғыларын тазарту.

Тұрақты

    1. Нормативтік санитарлық талаптарды, құрылыс нормалары мен ережелерін орындау мақсатында ғимараттарды (өндірістік,әкімшілік, қойма және т.б) жарақтандыру (модернизация)

Тұрақты

    1. Ғимараттардың электр жүйелерін қауіпсіз падалануға сәйкестігін тексеру мақсатында желілерді изоляциялау және нөлдеуге (заземление) сынақ жүргізу

Нормативге

сай


  1. Емдеу-сауықтыру және санитарлық-тұрмыстық шаралар




    1. Қызметкерлердің алдын–ала және мерзімді дәрігерлік тексеруден өтуі

Жылына 1 рет, жұмысшылардың жекелеген санаттары үшін жылына 2 рет

    1. Қызметкерлерге демалыс бөлмелерін жабдықтау

2015-2016 ж.ж.

    1. Санитарлық бекеттерді жабдықтау мен оларды бастапқы дәрігерлік көмек аптечкаларымен қамтамасыз ету

2015 жылдың 1-ші жарты жылдығы

    1. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелерді жабдықтау мен қайта жарақтандыру (киім ілу орындары, санитарлық жабдықтар, арнайы кіимдерді сақтау және тарату бөлмелері)

Шарттың күші таратылатын мерзімде

  1. Жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету шаралары



    1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 28 желтоқсан 2015 ж. «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» №1054 Бұйрығына сәйкес арнайы киім, арнайы аяқ киім мен өзге де жеке қорғану құралдарын беру


Нормативке сәйкес

    1. Қызметкерлерді бекітілген нормаларға сәйкес сабын, тазалаушы және залалсыздандыру заттармен қамтамасыз ету

Нормативке сай

    1. Электр тогынан сақтаушы жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету (диэлектр қолғаптары, диэлектр төсеніштер, изоляциялық сапталған инструменттер)

Нормативке сай

    1. Көру органдарын қорғауды қамтамасыз ету (қорғану көзілдіріктері, бетті қорғау құралы)

Нормативге сай

    1. Тыныс органдарын қорғауды қамтамасыз ету (респираторлар, газға қарсы қорғану құралы)

Нормативке сай

    1. Есту органдарын қорғауды қамтамасыз ету (құлақ тығындары, құлаққа ұстағыш)

Нормативке сай

    1. Басты қорғауды қамтамасыз ету (каска, шлем, бас киім, берет, шляпа)

Нормативке сай

  1. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі шаралар




    1. Өрт қауіпсіздігінің ережелері негізінде кәсіподақ комитетімен келісе отырып өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу, бекіту

2018 жылғы 1-ші тоқсан

    1. Өртке қарсы нұсқаулық жүргізуді тіркеу, жұмыс орнындағы өртке қарсы нұсқаулық жүргізуді, сондай ақ өрт сөндірудің алғашқы құралдарын тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету

Әр жылдың 10 қаңтарына дейін

    1. Ұйымдардағы өрт жағдайында адамдарды сыртқа шығару нұсқаулықтары мен жоспар-схемасын әзірлеу және қамтамасыз ету.

Жыл сайын, 1-ші тоқсан

    1. Өрт сөндіру шкафтары мен оларды өрт сөндіру жабдықтармен қамту

2018 жыл

    1. Ұйымдарды өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз ету (құм, су сорғыш, өрт сөндіргіш және т.б.)

Тұрақты

    1. Жұмысшылар, оқитындар мен тәрбиеленушілерді өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және персоналды сыртқа тасымалдау шаралары бойынша жаттығу жүргізу

Оқыту жоспарына сәйкес

    1. Ағаш құрылғыларды өрттен қорғауды қамтамасыз ету

2018 жыл

    1. Қосалқы шығу жолдарын жарамсыз жабдықты сақтаудан босату.

Тұрақты

    1. Терезелерде «ашылатын» түрдегі, құлыптанатын метал торларын орнату.

2018 жыл

Каталог: uploads -> Социальное%20партнерство
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
Социальное%20партнерство -> Жылдарға арналған Ұжымдық шарты шартқа қол қойғандар
Социальное%20партнерство -> Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет