Жамбыл обылысындағы әскери қоймадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша бұрын ақталған екі офицер сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото әлеуметтік желіден

Сот шешімімен офицерлер Аслан Бақытжанов пен Руслан Несіпқалиев бес жылға бас бостандығынан айырылды. Олар бірінші сатыдағы сот актісі бойынша ақталғандардың қатарында болған. Айыпталушылар сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ апелляциялық сот 2021 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылысқа қатысты сотталғандарға қатысты жазаны қатайтты. Бұрын сотталған екі сарбаз Әсет Әшірбай мен Ерпулат Тұрановтың жазасын 9 жылдан 13 жылға ұзартты.

Еске салсақ, Жамбыл облысында болған әскери қоймадағы жарылысқа қатысты іс бойынша 2023 жылдың қазан айында Шымкент гарнизонының әскери соты екі сарбазды "бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бабы бойынша кінәлі деп тауып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырғаны туралы жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.