"Жапония аруы-2024" байқауында жеңіске жеткен 26 жастағы украин қыз Каролина Сииино титулынан бас тартты. Ол мұндай қадамға журналистер оның үйленген жігітпен қарым-қатынаста болғанын білген соң амалсыздан барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shukan Bunshun арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: karolina0824 Instagram-парақшасы

Жапониялық басылымдар елдерінің ең сұлуы атанған қыздың балалары бар отбасылы ер адаммен кездесіп жүргені туралы материал жариялады.

Журналистердің айтуынша, бойжеткен 45 жастағы танымал пластикалық хирург Такума Маэдамен қарым-қатынаста болған. Модель мен дәрігер бірге түскі ас ішкен, содан кейін жақындасып, тіпті бір-бірінің үйіне барған. Жасырын ғашықтардың қол ұстасып жүрген фотолары да жарияланған. 

Даулы ақпараттан кейін Каролина шынымен де Маэдамен қарым-қатынаста болғанын айтты. Алайда оның әйелі бар екенін білген соң арақатынасты бірден тоқтатқан. Алайда, оның айтуынша, олардың қарым-қатынасы тек платоникалық болды. Такума Маэда да өзінің отбасылы екенін жасырып, расымен қызға көңіл білдіргенін айтты. Бірақ ол әйелімен ажырасқысы келмегесін, Каролина оған қарамады.

Модель агенттіктері мен “Жапония аруы” байқауы қыздың ар-намысын қорғап, Каролинаның қатыс отбасылық жағдайын жасырған үйленген ер азаматтың бастама көтергені, яғни қыздың ешнәрсеге кінәсі жоқ екенін, хирургтың өзі оған қырындағанын айтты. 

5 ақпанда украин қыз “Жапония аруы” титулынан бас тартып, шындықты мойындады. "Жапония аруы" қауымдастығының төрағасы мен төрешілерден, демеушілер мен байқаудың басқа қатысушыларынан кешірім сұрады. 

Ол алғашында Маэданың расымен отбасылы екенін білмеген екен. Бірақ шындықты білген соң да кездесуін жалғастырған. Олардың қарым-қатынасы үш жылға созылған. 

Айта кетейік, бұған дейін "Жапония аруы-2024" байқауының жеңімпазы Украинаның Тернополь қаласының тумасы Каролина Сиино болған еді. Бұған халық наразылық білдірген еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.