БҚО-да әкімдік 120 млн теңгенің жер телімін 765 мың теңгеге сатып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

БҚО Бәйтерек аудандық прокуратурасы жер телімін беру заңдылығын тексеру кезінде бір азаматқа облыс орталығына жақын жерден жалпы аумағы 40 гектар жер телімі "бағбандық және саяжай құрылысына" берілгені анықталған. Жер телімінің құны заңсыз төмендетіліп, 40 гектар жер 765 мың теңгеге сатылған. Негізінде бұл жер телімдерінің нақты кадастырлық құны — 119,8 млн теңгені құрайды.

Прокурорлық тексеру материалы тіркеліп, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық істі тергеу Батыс Қазақстан облысының арнайы прокурорларына тапсырылды.

Сот үкімімен Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекетке келген залалды қайтару туралы талап арыз қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.