Жұмыс бағдарламасы жұмыстың оқу жоспары мен мамандықтың элективті пәндер каталогы негізде 2011 ж



Дата10.03.2018
өлшемі198.33 Kb.
#20494
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламаның Нысан

титул парағы ПМУ ҰС Н 7.18.3/30

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы

Жабдықтар мен әбзелдер өндірудің технологиясы пәнінен

050709 – Металлургия, 050724 – Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандықтардың студенттеріне арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар



Мамандық бойынша Нысан

элективтік пәндер каталогы ПМУ ҰС Н 7.18.3/34

негізінде әзірленген пәннің

жұмыс бағларламасын

бекіту парағы








БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

________ Пфейфер Н.Э.

2011 ж. «___»________


Құрастырушылар: _________ т.ғ.к., профессор Олжабаев Р.Ө.

(қолы)

Машина жасау және стандарттау кафедрасы


Жабдықтар мен әбзелдер өндірудің технологиясы пәні бойынша

050709 – Металлургия, 050724 – Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандықтардың студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы жұмыстың оқу жоспары мен мамандықтың элективті пәндер каталогы негізде 2011 ж. «______»______________ әзірленген


Кафедра отырысында ұсынылған 2011ж. «___»_________, № _____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ____________ Шумейко И.А. «____» ________2011ж.

(қолы) (Ф.И.О.)


Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған, 2011 ж. «____»____________. №____ хаттама.

ОӘК төрағасы ________________ Ахметов Ж.Е. «____» _________2011 ж.

(подпись)

КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы ___________ Тоқтағанов Т.Т. «___»________2011 ж.

(қолы) (күні)
ҚҰПТАЛҒАН:

ЖжӘҚБ бастығы _________ Варакута А.А. «___»__________ 2011ж.

(қолы) (күні)
Университет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«___» ______________ 2011ж. № _____ хаттама.



1.1 Пәннің мақсаттары

Пәнді оқытудың мақсаты металлургиялық цехтардың илемді, ұсталы-қалыптау және басқа технологиялық жабдықтауды өндірудің технологиясымен, сонымен бірге илемді біліктер мен қазіргі уақыттағы илемді және ұсталы-қалыптау өндірістің, құрастыру мен машиналарды сынау және технологиялық жабдықтаумен танысу.



1.2 Пәннің міндеттері

Негізгі міндет болып жабдықтау мен әбзелдердің сапасы, дәлдігіне рационалды талаптарды тағайындау бойынша білімдерді алу табылады; өңдеудің технологиялық әдістерін, технологиялық өңдеу мен қүрастыруды қамтамасыз ету үшін жабдықтау мен әбзелдерді таңдау; технологиялық үрдістерді жасау, тетіктерді шығару мен негізгі машиналарды, айлабұйымдардың илемді білікшелерін және қалыптарды жинақтау; бұйымдарды құрастыру мен пайдалану бойынша түрлі шешімдерді талдау, шешімдерді бағалу критерийлерін таңдау.

Пәнін оқығаннан кейін студент білу қажет:


  • Еліміздің экономикасында металлург мамандардың орны

  • Кәсіпорындардың металлургия құрылымы және құрамы

  • Машина жасау өңдірістің дамыту жолдары

  • Металлургия бөлшектерін өңдеу әдістері

Істей білу қажет

  • Машина жасау өңдірістерінің құрылымын

  • Қазақстандағы өнеркәсіптік салаларын

  • Металлургия өнімнің сапасының бағалауын

  • Өнім сапасының барлық элементтерінің тұрақты бақылауды орындау



2 Перереквизиттер

Стандарттау, сертификаттау, инженерлі графика, құю өндірісі, металлтану мен металдарды термиялық өңдеу, металлдарды қысыммен өңдеу, илемді өндірістің технологиясы, машина жасау технологиясы, технологиялық әбзелдер.


3 Постреквизиттер

050709 – Металлургия мамандық бойынша дипломдық жұмыс дайындау


Пәннің тақырыптық Нысан



жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
4. Пәннің тақырыптық жоспары

050709 –металлургия, 050724 – Технологиялық машиналар және жабдықтар күндізгі және (сырттай) жалпы орта білімінің негізінде мамандығының пәнінің тақырыптық жоспары.


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптардың атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжірибе

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе. Машина жасау технологиясының негіздері

2

2

5

2

Технологиялық әбзелдер мен жабдықтардың негізгі тетіктерін дайындау үшін материалдар мен олардың тозуы

2

1

10

3

Илемді білікшелердің шығарудың технологиясы

6

2

10

4

Ыстық көлемді қалыптау үшін қалыптарды дайындау технологиясы

4

2

15

5

Суық табақты қалыптау үшін қалыптарды шығару технологиясы

4

2

10

6

Жабдықтаудың негізгі тетіктерін дайындаудың технологиясы

4

2

15

7

Жабдықтау мен әбзелдерді жинақтаудың технологиясы, баптау мен сынау

4

2

15

8

Жабдықтау мен әбзелдерді өндіру, қалпына келтіру мен жөндеудің ұйымдастырылуы

4

2

10

БАРЛЫҒЫ 135

30

15

90


4,1 Теориялық курстын мазмұны

1 тақырып. Кіріспе. Машина жасау технологиясының негіздері

Жабдықтау мен әбзелдердің өндіру технологиясын жетілдірудің негізгі бағыттары. Курстың мазмұны мен оның басқа пәндермен байланысы. Машинажасау технологиясының негіздері.

Бұйым мен оның элементтері туралы түсінік. Машинажасау өндірістерінің түрлері. Машиналар, түзілімдер, тетіктер құрылымының технологиялылығы.

Өңдеудің дәлдігі мен оны өндірсте қамтамасыз етудің тәсілдері. Базалау негіздері. Жинақтаудың дәлдігі. Жинақтаудың технологиялық әдісстері. Дәлдікті бақылаудың әдістері мен құралдары.

Беттің сапасы. Беттердің сапасына әсер ететін технологиялық факорлар.

Технологиялық әдістердің сипаттамалары: дайындамаларды алу, дайындамаларды өңдеу, қаптау, жинақтау.

Технологиялық үрдістерді жобалау. Жобалаудың жалпы әдістемесі мен реті. Технологиялық үрдістің техникалық-экономикалық талдауы. Технологиялық үрдіс нұсқаларын салыстыру. ЭЕМ-де технологиялық үрдістердіңАЖЖ.

2 тақырып. Технологиялық әбзелдер мен жабдықтардың негізгі тетіктерін дайындау үшін материалдар мен олардың тозуы

Моральды және материалды тозу. Тағайындалған қор. Жинақіс. Ақаулық. шекті-жіберілетін тозу. Әбзелдер тоқырауының пайда болуының негізгі түрлері мен себептері. Материалдар тозуының негізгі түрлерінің физикалық мәні. Тозу мен бүктеумен тозу. Қажақты тозу. Механикалық шаршау салдарынан қирау. Жану жарықтар. Сырғақтау жарықтары.

Тоқырау диагностикалау мен қалыптау әбзелдерде ақауларды табудың әдістері. Жөндеу аралық техникалық қызмет көрсету. Тетіктер, түзілімдер мен жалпы жабдықты бақылаулық сынау. Шаршауға тез сынау әдітері. Айналымдық жүктелудің нәтижесінен металлдардың механикалық қасиеттерінің өзгеруі. Әбзелдер жұмысына бақылауды ұйымдастыру. Түзілімдерді ревизия. Ең жауапкершілікті тетіктердің техникалық күйін анықтау. Технологиялық әбзелдің техникалық диагностикасы.

3 тақырып. Илемді білікшелердің шығарудың технологиясы

Бастапқы дайындамалады алу тәсілдері: құйма, шыңдау. Бүтіндей және құрсауланған білікшелер. Слитоктың негізгі ақаулары. Олардың металлды қысыммен өңдеу кезінде түр өзгеруі. Болат балқу және илемді өндірістердің ақауларының өзара байланысы мен негізгі айырмашылықтары. Шөгуі. Шөгулік құбылыстар. Сызықтық және көлемдік шөгу. Шөгулік ақаулардың көріну түрлері. Кристаллизация мен салқындату кезінде пайда болатын жарықтар. Жарықтармен күрес жүргізудің шаралары. Ликвациялық ақаулар. Ликвациялық ақаулармен күрес жүргізудің шаралары.

Плендер, қабықтың бұрулары, газды тесіктер, илемді білікшелер үшін шойыннан жасалған слитоктардың арнайы ақаулары.

Илемді білікшелер үшін бастапқы дайындамалардың шыңдауы. Илемді білікшелерді механикалық, иілту-жонғыш, беріктендіретін термиялық және тазалап өңдеу. Жазықтарды кесу тәсілдері. Илемді білікшелердің механикалық өңдеу кезінде мөлшерлеуді бақылау.



4 тақырып. Ыстық көлемді қалыптау үшін қалыптарды дайындау технологиясы

Ыстық көлемді қалыптау үшін қалыптарды дайындау технологиясы.

Тоқпақты қалыптарды шығару. Қалыптарды олардың технологиялық таағйындалуына байланысты механикалық және термиялық өңдеудің ерекшеліктері: жеңіл, ұсақ, орташа, ірі қалыптар.

Қос иінді ыстық қалыптанған баспақтар үшін қалыптар. Көлденең-шыңдау машиналар мен гидравликалық баспақтардың қалаптарын шығару технологиясының ерекшеліктері.

Қалыптарды құрастыру, бабына жеткізу, сынау мен қабылдау. Бақылау.

Суық көлемді қалыптау үшін қалыптарды жөндеу мен қалпына келтіру.

Технологиялық тағайындалуына байланысты қалыптардың құрылымдық орындалуының ерекшеліктері. Қатты қорытпадан жасалған аспаты өңдеудің ерекшеліктері. Бақылау.

5 тақырып. Суық табақты қалыптау үшін қалыптарды шығару технологиясы

Қалыпты әбзелді шығарудың технологиясы.

Қалыптардың жалпы сипаттамасы, олардың жіктелуі. Қалыптардың жұмыс элементтерінің құрылымдық ерекшеліктері. Қалыптардың түр қалыптастырушы тетіктердің ерекшеліктеріне байланысты өңдеу әдісін таңдау. Қалыптарды шығару кезіндегі қолданылатын технологиялық әдістер.

Беттік қалыптау үшін қалыптар. Қалыптардың жиынтықтары. Қалыптандырылған тетіктер.

Шабу және тесетін матрицалар мен пуансондарды шығару. Жабдықтау. Термоөңдеу. Бақылау.

Қалыптарды жөндеу мен қалпына келтіру.



6 тақырып. Жабдықтаудың негізгі тетіктерін дайындаудың технологиясы

Тоқпақтарды өңдіру. Төсті өндіру. Тоқпақ тұғырын дайындаудың технологиясы. Тоқпақ цилиндрлерін шығару технологиясы. Поршеньді балдақтарды шығарудың технологиясы. Өзек пен поршеньді шығарудың технологиясы. Тұрақтарды шығарудың технологиясы. Жабдықтау, әбзелдеу.

Илемді клетей және қос иінді машиналарды өндіру. Тұғырларды шығару.

Термоөңдеу. Сырғақтарды дайындау. Бас біліктерді дайындау. Беріктендіретін өңдеудің әдістері. Тісті доңғалақтар, шкивтер, тегершіктерді дайындау. Айналу денесі түріндегі тетіктерді шығару (бөлу және аралық біліктер және т.б.). Жабдықтау.

Гидравликалық баспақтарды өндіру. Арқалықтарды шығару. Цилиндрлерді шығару. Колонналарды шығару. Баспақтарды құрастыру. Дәлдік пен гидравликалық баспақтар нормалары. Гидравликалық баспақтарды сынау, қосу мен баптау.

7 тақырып. Жабдықтау мен әбзелдерді жинақтаудың технологиясы, баптау мен сынау

Түзілімдер, механизмдер құрыстыруына және жалпы машинаға қойылатын талаптар. Құрастырудың технологиялық сұлбалары. Илемді станов, қос иінді баспақтар, көлденең-шыңдау машиналар, автоматтардың дәлдік нормалары. Құұрастырылған түзілімдер мен жалпы машинаны сынау. Машиналарды қосу мен баптау.

Баспақтарды құрастыру. Гидравликалық баспақтардың дәлдік нормалары. Гидравликалық баспақтарды сынау, қосу мен баптау.

Тетіктер, түзілімдер мен жалпы жабдықтың бақылау сынаулары. Шаршауға сынаудың жылдам әдістері.



8 тақырып. Жабдықтау мен әбзелдерді өндіру, қалпына келтіру мен жөндеудің ұйымдастырылуы

Жөндеуді ұйымдастыру. Жөндеулердің түрлері. Ағымдағы және капиталды жөндеу. Жөндеулік айналым. Жөндеулер мен техникалық көрулерді өткізудің кезеңдігі. Күрделілік категориялары мен жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығы. Жөндеулерді жоспарлау. Графиктер: жыл сайын, ай сайын, оперативті. Жөндеу жұмыстарын басқару. Жөндеудің бастығы. Апаттардың есебі мен зерттеу. Қалыптау-аспапты шаруашылықтың (ҚАШ) қызметін ұйымдастыру. Металлургиялық және машинажасау өнеркәсіптеріндегі жөндеу-механикалық бөлімдерде (цехтарда) қосалқы бөлшектер мен дайындамаларды өндіру мен шығаруды жоспарлаудың реті. Жөндеулерге есеп жүргізу.

Жөндеу құжаттамасы. Сменаларды қабылдау мен тапсыру журналы. Ақаулы (жөндеулі) ведомость. Жөндеу жұмыстарын желілік жоспарлау мен басқару (ЖБЖ) жүйесі. Қалыптарды модернизациялау. Модернизация тиімділігі. Жөндеу жұмыстарын қаржыландыру. ҚАШ қызметінің статистикалық есебі. Жөндеулерді материалды-техникалық қамтамасыз ету.

Тозған тетіктерді қалпына келтіру тәсілдері. Тетіктерді тозу жерлерінде металлдарды балқытып қаптастыру, напыление, пластикалық деформациялаумен толтыру. Тозған тетіктерді удаление мен оларды жаңа немесе ауыстырылатын қалпына келтіретіндермен ауыстыру. Тетіктерді механикалық өңдеу, пісіру, балқытып қаптастыру, түзету, термоөдеумен қалпына келтіру. Ұсталы-қалыптау цехтың жөндеу-механикалық бөлімі: жабдықтың құрылымы мен құрамы, қалыптар тетіктерін өндірудің ұйымдастырылуы.


4.2 Тәжірибелік сабақтарды мазмұны

ПМУ ҰС Н 7.03.1/05



Тәжірибелік сабақтардың мазмұны мен орындау кестесі



тақырып-тардың атауы

мазмұны

бақылау түрі

орындау уақыттары (апталар бойынша)

аббре-виатура

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Машина жасау технологиясының негіздері

Өлшемді тізбелерді есептеу мен базалық беттерді анықтау

Есеп, доклад

1 апта

ПР1

2

Технологиялық әбзелдер мен жабдықтардың негізгі тетіктерін дайындау үшйін материалдар мен олардың тозуы

Қалыпты аспапты болаттардың маркаларын таңдау мен тағайындау реті

Есеп, доклад

3 апта

ПР2

3

Илемді білікшелердің шығарудың технологиясы

Илемді білікшені шығарудың технологиялық үрдісін жасау

Есеп, доклад

5 апта

ПР3

4

Ыстық көлемді қалыптау үшін қалыптарды дайындау технологиясы

Баспақты қалыпты шығарудың технологиялық үрдісін жасау

Есеп, доклад

7 апта

ПР4

5

Суық табақты қалыптау үшін қалыптарды шығару технологиясы

Беттік өңдеу үшін қалыпты шығарудың технологиясын жасау

Есеп, доклад

9 апта

ПР5

6

Жабдықтаудың негізгі тетіктерін дайындаудың технологиясы

Бас білік, тұғыр мен сырғақты шығарудың технологиясын жасау

Есеп, доклад

11 апта

ПР6

7

Жабдықтау мен әбзелдерді жинақтаудың технологиясы, баптау мен сынау

Эксцентрикті баспақты құрастырудың технологиялық үрдісін жасау

Есеп, доклад

13 апта

ПР7

8

Жабдықтау мен әбзелдерді өндіру, қлпына келтіру мен жөндеудің ұйымдастырылуы

Аспапты бөлімді қосалқы бөлшектер мен материалдармен ауданды есептеу

Есеп, доклад

15 апта

ПР8


4.3 СӨЖ-ң орындау мазмұны

СӨЖ-ң орындау мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысуы

10

2

Тәжірибе сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Есептер

Сабаққа қатысуы

5

3

Тәжірибелік сабақтары бойынша есеп беруі және оларды қорғау

Есептер

Тәжірибелік жұмыстарды қоргау

5

4

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды игеру

Жазба реферат

Коллоквиум

5

5

Өзіндік жұмыстарды дайындалуы

Реферат

Өзіндің жұмыстарды қорғауы

15

6

Бақылау шараларына дайындық




АБ1, АБ2 тестілеу

5




Барлығы

45


4.4 Студенттерге өзіндік оқуға ұсынылатын тақырыптар
1 Металлдарды электрофизикалық және электрохимиялық өңдеу

Ұсынылатын әдебиет: [7, 497 б, 554 б]

2 Қатты қорытпалар. Ерекшеліктер мен қолдануы.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 176 б], [5, 188 б], [2], [4]

3 Қалыптар мен жабдықтау тетіктерінің жұмыс беттерін беріктендіру тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 6б]

4 Көлденең-шыңдау машиналар үшін жиынтықтар, пакеттер мен қалыптарды шығарудың ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [3, 128 с]

5 Суық табақты қалыптаудың арнайы түрлері үшін қалыптарды шығарудың ерекшеліктері.

Ұсынылатын әжебиет: [7], [9, 260 б]

6 Илемді тұғырлар білікшелерінің беттік беріктендіру тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиет: [17, 245 б]

7 Ірі габаритті тетіктер (тұғырлар) және полый цилиндрлер мен гильзаларды шығарудың ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [7, 539б], [1], [9]

8 Жабдықты құру кезінде қолданылатын қол механикаландырылған аспап

Ұсынылатын әдебиет: [8, 178б], [18, 452б]

9 Басқару құрылымы мен аспапты (механикаландырылған) бөлім шеберінің міндеттері

Ұсынылатын әдебиет: [3, 283 б]

10 Бақылау түрлері бойынша ағымдағы балдарды реттеу

Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

1 Машиностроение. Энциклопедия в 40 томах. Том IV-5 Машина и агрегаты металлургического производства7 – М.: Машиностроение, 2004 – 912 с.

2 Авдеев В.А. и др. Основы проектирования металлургических заводов: Справочное издание / В.А. Авдеев, В.М. Друян, Б.И. Кудрин. – М.: Интермет Инжиринг, 2002. – 464 с.

3 Справочник технолога-машиностроителя. Т. 1,2. Под ред. А.Г.Косиловой и Р.К. Мещерякова, 4-е изд. М.: Машиностроение, 1985.

4 Сборка и монтаж изделий машиностроения. Справочник под ред. В.С. Корсакова, В.К. Замятина. М.: Машиностроение, 1983.

5 Ковка и объемная штамповка стали. Справочник под ред. М.В. Сторожева. 2-е изд., перераб. – М.: Машиностроение, 1967 – 436 с.

6 Штампы для горячего деформирования металлов. Под ред. М.А. Тылкина. М.: Высшая школа, 1977.

7 Зубцов М.Е., Корсаков В.С. Стойкость штампов. М.: Машиностроение, 1977.

8 Олжабаев Р.О. Технологическая оснастка. Учебник. Астана: Арман-ПВ, 2007 – 352 с.
Қосымша әдебиеттер

9 Справочник конструктора штампов: листовая штамповка. Под общей редакцией Л.И. Рудмана. М.: Машиностроение, 1988

10 Васильев Д.И. и др. Основы проектирования деформирующего инструмента. М.: Высшая школа, 1984 – 223 с.

11 Ежов А.А., Герасимов Л.П. Дефекты в металлах. Справочник-атлас. М.: Русский университет, 2002 – 360 с.

12 Охрименко Я.М. Технология кузнечно-штамповочного производства. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1976 = 560 с.

13 Бабенко В.А., Бойцов В.В., Волюк Ю.П. Объемная штамповка: Атлас схем и типовых конструкций штампов. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1982 – 104 с.

14 Семенов Е.М. Технология ковки и оборудование объемной штамповки. – М.: Машиностроение, 1978 – 311 с.

15 Романовский В.П. Справочник по холодной штамповке. 6-е изд., перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1979 – 520 с.

16 Ковка и штамповка: Справочник. В 4-х т.Ред. Совет: Е.И.Семенов (предс.) и др. – М.: Машиностроение, т.3-1987-348с., т.4-1987-544с.

17 Повышение надежности металлургического оборудования. Справочник / Гребенник В.М. и др. М.: Металлургия, 1988 – 688 с.

18 Олжабаев р.О. Технология машиностроения. Учебник. Астана: Изд-во «Арман-ПВ», 2007 – 504 с.

Мамандықтың (тардың) Нысан

жұмыс оқу жоспарынан ПМУ ҰС Н 7.18.3/32

көшірме
050709 - Металлургия, 050724 – Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пәннің атауы Жабдықтар мен әбзелдер өндірудің технологиясы


Оқу формасы

Пәннің көлемі

Семестр бойынша бақылау формасы

семестр

Курс және семестр (сағаттарды) бойынша сағаттарды бөлу

кредит

академиялық сағат

кредит

аудиторлық сабақ (ак.сағат)

СӨЖ (ак. сағат)

барлығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ

Кж

барлығы

дәр

тәж

зерт

барлығы

ОСӨЖ

Күндізгі ЖОБ негізінде

3

135

45

90

7










7

3

45

30

15




90

45

Кафедра меңгерушісі _________ Шумейко И.А. «___»_____________ 2011 ж.

Лист согласования рабочей Форма

программы дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.1/11


Лист согласования рабочей программы дисциплины

Жабдықтар мен әбзелдер өндірудің технологиясы

(полное наименование дисциплины)



2011 – 2012 оқу жылы



Шығарушы кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Қолы

Келісінің күні

1

2

3

4

Металлургия

Суюндиков М.М.




2011 г.













Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Пәннің жұмыс Нысан
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет