Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген



жүктеу 0.57 Mb.
бет2/3
Дата16.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны




1-тақырып. Грек әдебиеті (Архаикалық кезең) 8ғ.-б.д.д. 7ғ. ортасы

Әдебиетке дейінгі кезең. Шығыс Жерорта теңізінің маңындағы грек тайпалары, олардың көші-қон (миграция) жағдайларының негізгі кезеңдері. Ауызша сөз өнері, орындаушылары, әдеби-мәдени ескерткіштердегі поэзия улгілері.

Мифтік шығармашылық және мифология. Крит- микендік мәдениет және оның грек мифологиясындағы орны. Құдайлар мен жеңімпаздардың ерліктері жайлы өлеңдер, аңыздар. Аэдтар мен рапсодтар, мәтінге қарым-қатынас, орындаушылық шеберлігі және тыңдаушылар ортасы.

Гомер эпостары. Қаһармандары, жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Троя соғысындағы тарихи, мифологиялық элементтер. Лирика түрлері. Драманың дамуы. «Илиаданың» мазмұны; әскери-батырлық эпопея. Поэма композициясының ерекшеліктері, сюжетті құрайтын екі желі- Ахиллдің қайраты және Зевстің қаһары.

Батырлар мен құдайлар образдары (Ахилл мен Гектор). «Одиссеяның» мазмұны. Ертегілік, шым-шытырық оқиғалы эпопея. Одиссей және оның достары мен жаулары. Поэманың тілі, стилі. Эпопеядағы авторлық позиция. Гомерлік дәстүрді игеру тарихы және оның қазіргі жағдайы. Ауызша шығару дәстүрі және жеке шығармашылық ерекшелік.Құрлықтық Грецияның шығу текке байланысты шежірелік және дидактикалық эпосы.

Гесиод. Тұңғыш өмірбаян. Халық шығармашылығы мұраларындағы өсиетнамалар және ақылнамалар жанрлары. «Теогония» және мифологиялық дәстүрлерді жүйелеу, қоршаған ортаның қалыптасуы мен тыныс-тіршілігінің бейнеленуі. «Жұмыстар мен күндер», «еңбек»және «әділеттілік» идеялары.


2-тақырып. Өте ежелгі замандық поэзияның басқа да түрлері

Алғашқы қауымдық құрылыстың грек әлеміндегі ішкі өзгерістері. Тектік-тұқымдық артықшылығы бар атақтылар арасындағы тартыс және олардың саяси, экономикалық, мәдени артықшылықтар үшін күрес.

Элегиялық, ямбылық, меликалық(хорлық не жекелік) және эпиграмматикалық поэзия, оның сақталуы мен жергілікті колорит туралы мәселелер; халық әндерімен, әуезбен, ал кейбір түрлерінің бимен байланысының сипаттары; негізгі өлшемдері. Поэзияның бұл түрлерінің бәрі үшін «лирика» терминінің тарихи шектеулілігі және шарттылығы.

Архилок (б.д.д. 7ғ. ортасы). Ақынның өз уақыты шындығымен байланысы. Элегия мен ямбының негізгі әуендері. Каллин Эфенский және Тиртей (б.д.д. 7ғ. ортасы) шығармашылығындағы Отанды қорғауға шақыру сарыны бар элегиялар, өсиетнамалар мен нақылнамалар, арнаулар; Мимнерм (б.д.д.7ғ.) элегияларының тақырыптары (махаббатты, жастықты мадақтау). Солон- афиналық тұңғыш ақын(б.э.д. 6ғ. басы), оның шығармашылығындағы дүниетаным, бейнелілік пен поэтикалық тіл мәселелері.

Меликалық поэзия; Алкейдің өлеңдері – еркектің достық жырлары (аристократиялық гетерия); қарсыластармен күресу тақырыбы(жеңістер, жеңілістер, қуылу,үндеу-шақырулар).

Сапороның өлеңдері (б.д.д. 600ж.) - әйелдің достастық поэзиясы,оның халық мерекелерімен,үйлену,салт-жоралғыларымен байланысы.

Хор меликасы: оның негізгі түрлері(әнұрандар,паэндар,дифирамбылар)

Алкман: композиция ерекшеліктері,миф және моральдық пайымдаулар,жеке желілі әуендер,сарындар.

Стесихор және батырлық-эпикалық тақырыптар;жекелік-хорлық орындаушылық; триада(шумақ,антишумақ,эпод).

Ивик пен Анакреонт (б.д.д. 6ғ.) махаббаттық-сүйіспеншілік және үстелбасылық әуендер.Анакреонт өлеңдеріндегі архаикалық өлеңдік-поэтикалық стильдің шарықтау шегі, жеке бейнені ашу өнері, сезім мен нақты жағдайдың қарама-қарсы сипаты; махаббатты суреттеу,оның жеткізушілері мен бағытталған жері. Элинистикалық және кенже ежелгілік анакреонтика, оның 18-19 ғғ. әлемдік поэзияға әсері.

Симонид Кеоский – грек-парсы соғысының тұңғыш ақыны. Эпиграммалары мен эпитафиялары.Ержүректілік, ерлік және даңқ туралы тақырыптар. Пиндар: сайыстардың, эпиникилер жеңімпаздарының құрметіне арналған мадақтаулар.

Гректер тұрмысындағы сайыстардың орны мен маңызы. Эпиникилер стилі мен композициясының ерекшеліктері, ойлардың поэтикалық айшықтауларға қарым-қатынастарының сипаты, «пиндаризм».Вакхилид: эпиникилер мен дифирамбылар, мифтерді драмаландыру.Меликалық поэзияның құлдырауы.

Әдеби прозаның пайда болуы(б.д.д. 6ғ екінші жартысы). Ауызша прозалық шығармашылықтың түрлері(мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,мысалдар, ертегілер, новеллалар).

Пәлсапалық және тарихи –жағрафиялық прозаның (логографтар)ең алғашқы үлгілері.


3-тақырып. Классикалық кезең (б.д.д.5-6ғғ) Аттикалық кезең

Драма,оның пайда болу тегі,негізгі түрлері(трагедия,сатиралық драма,комедия). Аристотельдің драманың шығу тегі, дамуы туралы ойлары. Дифирамб жәнеоның орындаушылары. Дионис культінің маңызы. Драмалық сайыстар. Афины театры.Хор және актерлер. Театрлық реквизит,декорациялар.Драманың құрылымы.

Эсхил – «трагедия атасы». «Парсылар», «Бұғауланған Прометей», «Орестея» трилогиясы.

Софокл шығармашылығы: «Аянт», «Антигона», «Трахинянкалар», «Эдип патша», «Колондағы Эдип», «Электра», «Филоктат» трагедияларындағы трагедиялық қақтығыс пен перипетия, трагедиялық ирония сынды көркемдік шеберлік мәселелері.

Еврипид трагедиялары. «Медея», «Ипполит», «Геракл». Аристофан. «Құрбақалар», «Байлық».

Ежелгі аттикалық комедия және оның фольклорлық негізі.

Комедиялық өнердің негізі - әлеуметтік және дербес нысаналы сатира, әжуа, пародия, карикатура,фантастика.

Аристофан (б.д.д. 445- 385) және оның шығармашылығының үш кезеңі. Соғыс және бейбітшілік тақырыбы («Ахарнян», «Салтатты», «Лисистрата»); қоғам өміріндегі тәлім-тәрбие,білім беру тақырыбы ( «Бұлт», «Той-томалақтағы әйел», «Құрбақалар»). Әлеуметтік қайта құру және тұңғыш утопия («Құстар», «Халық жиналысындағы әйелдер», «Байлық»). Аристофан комедиясының дүниежүзілік маңызы.

Б.д.д 5-6 ғғ. проза. Прозаның ежелгі замандық классификациясы: историография, шешендік сөздер,пәлсапа.

Геродот (б.д.д. 490-480жж): грек тарихшысы, прозашысы, «тарихтың атасы». Грек-рапсы соғыстарын, Ахименидтерді, Египет және басқа мемлекеттер тарихын ұштастыра жазуы.

«Тарих» атты әйгілі еңбегі: новеллалық әңгімелеу өнері,фольклорлық материалға жүгіну,түпнұсқа дерекке қатынас. Прозалық әңгімелеу мен ғылыми стильдің қарым-қатынасы. Геродот – скифтердің өмірінің, тұрмыс-салтының толық сипаттамасын тұңғыш жазушы.

Шешендік өнердің негізгі түрлері.Шешендік өнер туралы ғылым-риториканың қалыптасуы.

Демосфен (б.д.д. 384-322ж.) – көрнекті мемлекет қайраткері және ұлы шешен. Оның шешендік өнеріндегі негізгі көркемдік стиль ерекшеліктері. Демосфен мұрасының дәстүрлі жалғастығы.

Пәлсапалық проза. Демокрит (б.д.д 5ғ) шығармашылығындағы табиғатты танудан (макросм) адамды тануға (крокосм) көшу.

Сократ (б.д.д. 5ғ соңы) шығармаларындағы этикалық мәселелер, моральдық ар-ұждан бағасын түсіндіру. Платон шығармаларындағы шынайы идеализм («Мемлекет», «Заңдар»).Диалогтар және драма өнерімен байланыстыруы («Фэдон», «Пир», «Фэдр»). Платон баяндауларындағы тұрмыс, портреттік мінездеу, мифология, ирония мен юмор. Платонның өнер туралы ілімі. Аристотель еңбектеріндегі әдебиет пен өнер мәселелері.(«Поэтика», «Риторика»). Платонмен полемика.
4-тақырып. Эллинистикалық кезең (б.д.д. ІІІ- І ғ.ғ.)

Эллинизм заманы – Жерорта теңізінің шығысындағы елдер тарихының біздің заманымыздан бұрын 334 жылдан 30 жылға дейінгі Александр Македонский жорықтарынан бастап, римдіктер Египетті жаулап алғанға дейінгі кезеңінің шартты түрде атауы.

Эллинизм заманының идеологиясы,мәдениеті. Эмпирикалық ғылымдар дамуы, ғылым мен көркем әдебиеттің араласуы; беллетристика; Александрия. Мұражай мен кітапхана, филологияның тууы (мәтін туралы ғылым). Грек тілінің таралуы (койнэ). Әдеби өнімдер, жаңа папирустық жазбалар.

Афины – пәлсапа мен комедиографияның орталығы.

Эллинистикалық поэзияның дамуы. Ғалым-ақындар. Прозаның дамуы. Шешендік мектептер. Тарихи, пәлсапалық проза.

Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі
Рим әдебиетінің тарихи маңызы және оның антикалық қоғамдағы орны.Римдегі қоғамдық өмір мазмұнының әдебиетте суреттелуі. Әдебиетке дейінгі кезең (б.д.д ІІІ ғ. ортасына дейін). Рим фольклоры: әдет-ғұрыптық істер, фольклорлық драма, халықтық ойындар. Поэзия, проза (жазбалар, заңдар), шешендік сөздер.


  1. Ерте дәуірлік кезең (б.э.д. ІІІғ. Ортасынан – ІІ ғ. ортасына дейін).Римдік тұңғыш ақындар (Ливий Андроник, Гней Невий); римдік эпос, трагедия, комедия,римдік театр.

  2. Республиканың соңғы ғасырының әдебиеті (б.э.д. ІІ ғ. ортасы- Іғ. ортасы).

Гректік риторика мен пәлсапа – римдік қоғамдағы құрал.

Шешендік сөз – саяси күрестегі әрекетшіл құрал және көсемсөзсөздік пішін.

Цицерон Марк Тулий (б.э.д. 106-43ж.) және оның әдебиеттің дамуындағы орны. Сотта сөйлеуге арналған сөздері, шешендік және пәлсапалық трактаттары, хаттары. Оның шығармашылығындағы қиялдағыдай үлгілі мемлекет қайраткері мен саяси соттың тұлғалы шешеннің бейнесі. Цицерон – шешендік сөз өнерінің теоретигі, әлемдік мәдениет үшін маңызы.


  1. Империя кезінің әдебиеті – рим әдебиетінің алтын ғасыры. (август принципатының дәуірі).Бэ.д. І ғ. екінші жартысы – б.э.д. І ғ. басы). Принципат –республикалықтан империяға өтудің түрі. Жаңа кезеңдегі әдебиет пен римдік классикалық стильдің қалыптасуы.

Вергилий Марон Публий (б.э.д. Іғ. Екінші жартысы * Іғ. басы) өмірі, шығармашылығының негізгі кезеңдері. «Буколики»(«Бақташылық жырлары») жинағы; «Георгики»(«Жер өңдеу туралы жырлар») дидактикалық поэмасы.»Энеида» батырлық эпосының мазмұны, композициясы,көркемдігі.

Гораций Квинт Флокк (Бэ.д.Іғ екінші жартысы- Іғ,басы) - өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдері.Пәлсапалық көзқарастар. «Эподтар»: жанр дәстүрі және оның римдік шындыққа қатынасы. «Сатиралары»: мазмұны, көркемдік әдіс, стиль ерекшеліктері.

«Одалары»:кітаптар, хронологиясы, грек лирикасымен байланысы, құрылым мен өлшемдік ерекшелік; тақырып (саясат, нақыл-өсиет,пәлсапа, достық, махаббат).Ақын бейнесі.

Гораций - әдебиеттің теоретигі, сыншысы. Горацийдің «Арнаунамасы», «Поэзия ғылымы» және Аристотельдің «Поэтикасы».

Латын тіліндегі жазба әдебиет және оның ерте замандық орта ғасыр мәдениетіндегі орны.

5-тақырып. Ежелгі дүниенің классикалық әдебиеті

Ежелгі Қытай әдебиеті.Б.э.д.ІІ мың жылдықтан б.з. ІІІ ғ. дейінгі үш кезеңі: Шань-индік тайпалық одақ (б.д.д. 18-12 ғ.);қала—мемлекеттік Үжбулық дәуір.(б.з.д. 12-8ғ.); Импуниялық дәуір (б.з.д. 7-3ғ.

«Шан-шу»(«Ежелгілік туралы жазу») – декларациялар, указдар және мемлекеттік істер туралы тарихи аңыздық мазмұнды мәдени ескерткіш. Ескерткіштегі риторикалық сөздер.Сыма Цянының «Тарихи жазбалары».

Б.з.д. Қытай патшалығының тарихи өркениеттің тез дамуының тарихы. Конфуций (551-479жж.), Мо Ди (479-400жж.) – адамды сүю гуманизмінің өкілдері.

«Луньюй»(тұжырымдар мен сұхбаттар) – қытай ойшылдығындағы адамды ардақтау туралы.

«Дао-цзы»(Дао және табиғаттың болмысы туралы) – метрикалық ырғақтық өлшемдегі сөйлеу мазмұны.

Хань империясы тұсындағы Қытай әдебиеті.Дун- Чжун-шу (120-122) – Хань филологиясының негізін салушы. Хань филологиясындағы «Бескітаптық» ірі шығармалар: «Шицаин»(«Өлеңдер кітабы»), «Шуцзин», («Тарих кітабы»), «Ицзин» («Өзгерістер кітабы»), «Лицзи» («әдет-ғұрыптар кітабы»), «Чунь-цю» («Көктемдер мен күздер»). Лу патшалығының шежіресі. Конфуций жоғары бағалаған «Юэцзин»(«Әуез кітабы»).

Лю Сян – ескі жазбаларды жинаушы, зерттеуші, жариялаушы, әдебиетші-тарихшы жазушы. Шығармалары : («Үш заң туралы кітап және табиғаттың бес құбылысы туралы», «Басқарудың ұлы заңы»)

Сыма-Сян-жу (б.з.д. 179-117жж.) – Империя дәуірінің «алтын ғасырының» өкілі. Шығармалары: «Цзы – сю туралы дастан» -«Императорлық аңшылық»- прозалық әрі поэзиялық дастандар, шығармалардан қытайдың табиғатының, аңшылық салттың, халықтық көңіл-күйдің шынайы суреттері. «Алтын ғасырдың» өзге өкілдері: Дун- Чжун-шу- оқымысты филолог,Ли-янь-нянь- әуезші, Цоя И- көсемсөзші.

Сыма Цянь (145-87ж) – тайшы(немесе тайшилин). «Тай» «аға», «бас» ұғымында ежелгі Египетте перғауындар сарайларындағы шенеуніктерге қолданылған сөз.

Сыма Цянь - әкесі Сыма Тяньның ісін жалғастырушы. Тайшылық қызмет – мемлекеттік архивтегі бүкіл құжатты сақтаушы, күнтізбені құрушы, уақытты – бақытсыз күндерді белгілеуші, елдегі оқиғалар мен істерді жинаушы,жазушы.

Сыма Цяньның «Тайшицзи» («Тайшы жазбалары») атты еңбегі. Сыма Цяньның осы «Тарихи жазбаларындағы» бес бөлім: біріншісі- қытайдың ежелгі заманынан ханьдық дәуірге дейінгі уақыт; екіншісі –(бяо) – Чжоу заманынан империяға дейінгі жекелеген билеушілер туралы таблица; үшіншісі (шу) - әр түрлі әдет-ғұрыптар, жағрапиялық, шаруашылық мәселелер; төртіншісі (ишцзя) - Конфуциймен деңгейлес иеленуші ерекшелікті өмірбаянды баяндау; бесіншісі (лечжуань) – жеке тұлғалардың өмірін сипаттау; бұл бөлімге Қытаймен шекаралас халықтар туралы да очерктер енген.


6-тақырып. Ежелгі үнді әдебиеті

Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драмалық, лирикалық поэзияның, прозаның дамуы.Жаңа үнді тіліндегіәдебиетке көне әдеби үлгілердің әсері.Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтағы Инд жазығындағы арий, дравидий, мунд атты тайпалар мен халықтар араласуының әдебиеттері. Ежелгі үнді әдебиеті – қазіргі Пәкістан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. Ежелгі үнді әдебиетіндегі тайпалық тілдер веда тілі – ритуальдық әнұрандар тілі; Санскрит, палибуддистер, тілі; джайндар – пракриттер.

Ежелгі үнді әдебиетіндегі поэзия мен проза арасындағы айырманың болмауы. Кез-келген тақырыптың – діни,ғылыми,ертегілік, эпикалық, тарихи –бәрінің де өлеңмен,прозалық пішінде де жазыла бергені.Пәлсапа,дәрігерлік,грамматика,астрономия,сәулет туралы бәрі де өлеңмен жазылған. Ежелгі үнділік романның нақыш,өрнек, қолөнері араласқан поэзия түрінде де жазылғаны.

Веда әдебиеті («веда»- білім) ұғымын береді. «Ригведа» веда әдебиеті (әнұрандары ведасы) негізін құрайды. «Риг» сөзі «әнұран» ұғымын береді.

«Самведа» - салтанатты өлең айту ведасы («Саман» - әуен).

«Махабхарата» немесе «Ұлы Бахараттар»- зор көлемді шығарма. Жүз мың екі тармақтық блоктан тұрады.(«Илиада», «Одиссеяны» қосқандағыдан сегіз есе үлкен.)

Үндінің классикалық эпосы – «Рамаяна» («Деяния Рамы, екі тармақтық 24 мың жолдық шығарма.7 кітапқа бөлінген сюжет сипаты.Кейіпкерлері: Айодьхи елінің патшасы Дашардатхидің 4 ұлы: Каушалья ханымнан Рама, Кайкениден Бхарата, Сумитра атты үшінші әйелден Лакшмана мен Шадрухна. Патшалық тақтан туыстықты жоғары қою. «Рамаян» дастанындағы мифологиялық кейіпкерлер: көп басты демон Раван,сиқыршылар, көпір салушылар, көпір салушы маймыл Нала және т.б. Вальмики –дастанның кейіпкері болып көрінген автор. Вальмики – дастанның ауызша жырланып келе жатқан көп ғасырлық үлгілерін өзіндік даралық,авторлық стиьмен жаңарта жырлаушы.
7-тақырып. Ежелгі Иран әдебиеті

Б.з.д. екінші мыңжылдықтағы Евразия кеңістігіндегі/Гиндукуштан Еділге және Оралдан Парсы шығанағына дейін/ иран тайпаларының мәдениеті. Орта Азиядағы Шығыс ирандары /қазіргі Ауғаныстанның Гиндукуш үстіртінің біраз бөлігі/. Шығыс ирандарының басым орналасқан жерлері: Ферғана, Хорезм, Соғда, Бактрия, дрингиан/кейіннен Сеистан/, Памир, Хорасан.

Батыс ирандары: Месопотамия. Жерорта теңізі, Мидия, Фарс.

«Гаттар» /»Жыр жырлау»/ - он жеті мүнажат дұғаларының жинағынан тұратын «Авестаның» көне бір бөлігі.

Қасиетті кітап. «Авеста» - ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі, оның бірнеше бөлімдерден тұратыны.

Геродот, Ктесия және т.б. антикалық авторлардың жазбаларындағы ежелгі ирандардың, оның әсіресе көшпелерінің салт-санасы туралы /атап айтқанда ежелгі ирандардың, оның әсіресе көшпелілерінің салт-санасы туралы /атап айтқанда, скифтердің/ мәліметтер. «Гаттар» /жыр жырлау/ мінәжат дұғаларының жинағы/. Авторы – ежелгі иран дінінің негізін салушы Заратуштра /немесе грекше берілуінде Зороастру/.

Б.з.д. мыңжылдықтың бірінші ғасырларындағы отырықшы, бақташылық, жер өңдеу жұмыстарының қалыптасуы. Көшпелі және отырықшы ирандар.

Заратуштра есіміне қатысты бақсылық, арбау, жрецтік әнұрандар, шшендік өнер дәстүрлерінің қалыптасуы. Жрецтер орындайтын кейбір жазбаға түсірілген Гат жанрының ерекшеліктері, тұрмыс-салт, мінез-құлық, дағдылары. Гат шығармаларындағы образдардың табиғаттағы, қоғадағы қарама-қарсы күштерді бейнелеуі. Жердегі «Заттық әлем» және руханилық әлем туралыЗаратуштраның шақырулары. Гат мазмұнындағы отырықшы бақташылық, байлыққа кенелу, басқарудағыәділдік туралы. Гат түйіні – төрт түлік малды қырып-жоюға қарсылық. Гаттардағы үш топ /отырықшы, бақташы – жер иеленушілер, көшпелі – тнаушылар, өздері дұрыс санаған ауытқушылар. Өгіз рухының мінәжаты. Заратуштраның үш қиысыны: ой, сөз іс. Заратуштарның Гаттардағы екі қызметі. Гаттардың жанрлық бөліністері. «Авестаның» басқа кітаптары: «Вендидат» (дию-перілерге қарсы қағидалар) зұлым дию, перілерді жек көру мен әділдік орнату туралы заңдар мен ұйғарымдардың жинағы. Заратуштар мен Ахура Мазданың әдет-ғұрыптық, тазалық, қайғы-қасіретке ұрынбау, мифологиялық ұғымдар және басқа диалогтарынан құралатыны, 22 тараудан тұратыны.

2. «Висперед» (барлық жоғары тірі жәндіктер туралы кітап) салт-жоралары туралы 24 тараулық еңбек.

3. «Ясна» (салттық жора) – қырғыншылықты санамалау, мадақтау, литургиялық тәңірге табыну дұғасы.

4. «Яшты» (әнұрандар кітабы) – зорастралық әртүрлі тәңірлікті мадақтаудан көптеген мифологиялық элементтерден құралатын 22 діни өлеңнен тұратын мадақтау әнұрандары.

5. «КішіАвеста» - қысқаша дұғалық тектерінің жинағы. Авестаның поэтикасының иран фольклорына тән жақындықты танытуы.


8-тақырып. Классикалық Үнді әдебиеті.

1. Б.з.д. 1 ғасырдағы санскрит әдебиеті. Әдеби эпостың, драманың, лириканың өкілдері. «Ашвакхоши» 2 ғасыр Бхасы (3-4 ғасыр және Халы (3-4 ғасыр). Ведалар мен эпостағы лирикалық тармақтар, оқиға баяндаушы эпизодттар мен диалогтар, гномикалық өлеңдер мен сезімдік көңіл-күйлік сипаттаулар.

Ежелгі Үнді драмасы. Жоғары Тәңрі Брахмаға драманы жасау туралы жазылған «Натияшастра» (драма ғылымы) атты тұңыш санскриттік трактат. Трактаттағы Брахманы театр өнерін жерге жібергені. Натияшастраның 36 тараудан тұратын қойылымының бөлшегінен барлық мәселелерін, костюмнің түсінен бастап театр ғимаратының пішініне, сюжеттің вариацияларынан актерлердің бет қимылдарына дейінгі қамтитын еңбек екендігі.

2. Б.з.д. 4-8ғғ. Санскрит әдебиеті. Үнділік Орта ғасырдағы Гуттар әулеті билеген империя. Әдебиет пен өнердің дамуы. Буддизм мен джайнизмді брахмандық діни бағыттың түпкілікті жеңуі.

400 мыңдық өлеңдерден құралған 18 үлкен, 18 шағын көлемдерден тұратын пурандар.Ең бастылары: «Маркендея-пурана» (3-5ғ). «Ваю-пурана»(3-5ғ), «Вишну -пурана» (3-5ғ.), «Маться-пурана» (6-7ғ.), «Бхагавата пурана» (6-10ғ.). Бұл шығармалардағы индуизмнің вишнуиттік, шивиаттық атты басты екі құдайларына сыйыну.

Ежелгі үнді әдебиеті үшін пурандық этикалық ілімнің маңыздылығы. Пурандардың адамды азат етудегі мынадай үш жолды білетіндігі: әрекет жолы,жеке міндет – борышты мүлтіксіз орындаушылық; білім жолы, махаббат- Бхакти тәңірін қадірлеу жолы.

Калидастың «Шакунтала» драмасы – ежелгі үнді әдебиетінің, бүкіл үнді мәдениетінің үздік табысы. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар, шындық маөмұны. Калидас (санскритше «Калидің ұлы»), аңыз бойынша Кали атты тәңірінің храмында түнеп, бүкіл ғылымдарды меңгерген ақындық дарынына қойылса керек. Калидасқа нақты телінетін шығармалар: 6 лирикалық поэма «Мегхадута»(Бұлт хабаршысы), эпикалық поэмалар «Кумарасамбхава» (Кумардың соғыс құдайының тууы) және «Рагхуванша» (Шежіре Рагху) және үш драма :Маявика және Агнимитра», «Абхиджняна - Шакунтала» (Танылған сақина бойынша Шакунтала) және «Викраморваши»(Ержүректілікпен танылған урваши).

Менту және Бхарави атты ақындар. Бхаравидің «Киратар -джуния»(Арджуна мен Кирата) поэмасының сақталғаны.

Бхарави поэмасының «Махабхаратаның» үшінші кітабындағы Арджунаның Шино тәңірімен жекпе-жегін қайталап жырлауы.

Бхати (7ғ. екінші жартысы) - әдебиет тарихындағы ғылыми поэманың негізін салушы. Оның «Ранававадхасы» (Раваның өлтірілуі) поэмасында Раманың ерліктері, оның Раваны жеңгені жырлана отырып, шығарма грамматика мен риториканың ережелерін түсіндірушілік қызмет атқарады. Бұл дәстүрді ақындар Бхаумакидің «Рамаян» сюжетін жырлау кезінде Панини грамматикасын, ақын Магханың «Махабхаратаның екінші кітабындағыжанама эпизодтарды жырлайтын «Шишупалавадхада» (Шишупаланың өлуі) эпосында саясат, әскери өнер, әсіресе, махаббат ғылымы (камашастра) туралы терең білімдік трактаттық мазмұнда жырлауы.

Шудрак пен оның атақты драмасы «Мричхакатика» («Саз балшықтан істелген арба»). Шудрак – аты аңызға айналған патшаның есімі, драма авторының псевдонимі.

Санскриттік романдар. Әдеби эпостық прозалық нұсқаулар. Дандиннің «Дашакумарачарита»(«Он патшазаданың басынан кешкендері»). Субандухудың «Васавадатта»романы. Бананың «Харшарита» («Харшудың өмірі») және «Кадамбери» атты романдары.


9-тақырып Орта ғасырлар, қайта өрлеу дәуірі әдебиеті

Орта ғасырлық үнді әдебиеті.

ҮІІІ-Х ғғ. үнді халықтарының негізгі әдеби бағыттары. Санскрит әдебиетінің дәстүрлі жанрларындағы көрнекті шығармалар.Санскрит драматургы Бхавабхутидің дәстүрімен «Рамаян» сюжетіне жазылған драматург Шактибхадрының (9ғ) «Ашчарья» («Керемет огрет»), Мураридің «Анаргхарагхана» («Рагхудың тең келмес ұрпағы»), Раджашекхараның «Беларамаяна» («Жасөспірімдер үшін Рамаян») пьесалары.

Драмалық шағын жанрлар – бхана (пьеса-монолог).

Эпикалық поэзияның дамуы.

8 ғасырдағы фольклорлық және белгілі сюжеттер бойынша жырланатын немесе прозалық-өлеңдік пішіндегі шағын эпикалық жанрлар.

7-12 ғасырдағы санскрит әдебиетіндегі лирикалық шағын пішінді муктака түріндегі лирикалық поэзия.



Таяу Шығыс пен Орта Азия әдебиеттері
8ғ. соңына дейін Пиреней және Орта Азияны, Солтүстік Африка мен Солтүстік Батыс Европаны иеленген араб шапқыншылығы.

Ежелгі ауызша араб поэзиясы.(Өсиет, мақал-мәтел, шешендік өнер).

7 ғ. араб жазба әдебиетінің пайда болуы, 3 кезеңнен өтуі. Біріншісі – ерте орта ғасырлық (7ғ,ортасынан – 8ғ. ортасына дейін), екіншісі – классикалық (8-12ғғ), үшіншісі – кейінгі орта ғасырлық(13-17). Араб прозасындағы дәстүрлік, шешендік- риторикалық мазмұнды иелену.

Ежелгі арабтардың сөз өнері (6-7ғ.). Б.з.д 1 мыңжылдықтың бірінші ғасырындағы Сабей мемлекетінің жоғары мәдениеті. «Муаллақ» атанған үздік өлеңдерін жазған ақындар: Имрулькайс, Тарафы,Зухайра, Аль-Хариса, Амра ибн Кульсума, антары, Лабида шығармаларын 8ғ. Хаммадтың «аль- Муаллакат» атты ерекше жинақта жинауы. Муаллақ өлеңінің өзге де авторлары:аль-Муфалдалем ад- Даббидың (8ғ. екінші жартысы), аль-Асманидың (740-825) және ақындар Әбу Таммам мен аль-Бухтурилар жинағы.

Әл Мухалхил 531 ж. шамасындағы бәдәуилердің таглиб тайпасының ақыны. Бәйіттерінің мпзмұны.

Имру -л-Кайс. Исламға дейінгі поэзия патшасы атанған бәдәуи ақыны, бәйіттеріндегі элегия. Сарай шайырларының поэзиясы.

«Құран» - араб әдебиетінің классикалық ұлы ескерткіші. Ислам дінінің пайда болуы. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) . Құранның 114 сүреден тұратындығы, Құранның ең ұзақ (екінші сүре 286 аят), ең қысқа сүрелері (103,109,110).

«Құран» кітабының ішіндегі тарихи естелік тәрізді оқиғалы көркем әңгімелер. Осы көркем әңгімелердегі Адам Ата мен Хауа анадан бастап, ең соңғы Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) дейінгі адамзат тарихының елеулі оқиғаларының суреттелуі.



10-тақырып. Орта ғасырдағы араб әдебиеті (7ғ. соңы мен 12ғ.)
Мұхаммед (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейінгі Халифа деген лауазымдық басқару.

Умайтиадтық сарай ақындары, Хиджалдың махаббат лирикасы. Бәдәуи ақындарының лирикасы. Классикалық араб әдебиетінің гүлденуі.



Андалусиядағы араб әдебиеті

13-15ғғ. араб әдебиеті.Моңғол ханы Хулагу тұсындағы араб мәдениеті.

Аль- Закир ад-дин Бейбарыс сұлтан басқарған мамлюктер мемлекеті тұсындағы араб мәдениеті. Халықтық әдебиеттің шарықтауы.

Осман түріктері жаулап алған кездегі араб әдебиеті.

Софылық поэзияның концепциясы. Софылық поэзиясындағы өзіндік символикалық стиль. Көрнекті өкілдері. Ибн-әл-Фарид (Абу Хафс Умар ибн Али ас-Сағади), оның әнге арналған жырлары.

«Мың бір түн» - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің үздік үлгісі. «Мың бір түн» - араб, үнді, түркі, парсы халықтарының әр ғасырда туған ертегілер жиынтығы.

Халық романдары(«Сираттар»). Қыпшақ ұланы, Отырар жерінің перзенті сұлтан Бейбарыс туралы аңыздар,қиссалар, әңгімелер.
11-тақырып. Орта ғасырлық Еуропа әдебиеті

Орта ғасырлардағы антикалық мәдени мұраның ролі.Христиандық және антикалық мұра.

Орта ғасырлық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы халықтық шығармашылықтың маңызы.Орта ғасырлық әдебиеттің дамуындағы әртүрлі кезеңдердегі фольклор мен әдебиеттің өзара қатынасы.

Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы:

1.Латын тіліндегі жазба әдебиет.Оның діншілдік және жоғары зиялы қауымдық сипаты. Дидактикалық мазмұн. Ваганттар мен голиардтар шығармашылығы.

2.Халықтың ауызша шығармашылығы. Ежелгі Еуропа халықтарының лирикалық поэзиясының сілемдері. Мифологиялық эпос, қиял-ғажайыптық және батырлық ертегілер, батырлық эпос- халықтардың эпикалық шығармашылығы дамуының негізгі кезеңдері.

Кельттік (ирландтық) эрос, оның көркемдік қырлары. Ирландық сагтардың қиял-ғажайыптық және батырлық ертегілермен байланысы.

Скандинавтық эпос және лирикалық поэзия. Скальдтар поэзиясы. «Үлкен Эдда» және «кіші Эдда» - скандинавиялық халықтық мифология мен поэзияның білімдік түпнұсқасы. Скандинавиялық саг-өмірдің, тұрмыстың,тарихтың, халықтық көркем ойлау негізі.

Дамыған орта ғасырдағы батырлық эпос. Эпикалық поэмалардың ауызша дәстүрде пайда болып, жазба үлгіге айнала бастауы. Жонглерлер және батырлық эпостағы тұтастануды (циклизация) өңдеп, таратушы, көшіріп жазушылар.

Франциядағы батырлық эпос. «Роланд туралы жыр» - француздық батырлық эпостың ұлы ескерткіші, дастандағы кейіпкер арқылы берілген ұлы идеал.

Испандық батырлық эпостың пайда болуы. «Сид туралы жыр» - испандық батырлық эпостың үлкен үлгісі. Поэмадағы тарихи шындық, шынайы прототиптің типтендірілуі.

Немістің батырлық эпосыжәне оның үлгісі. «Нибелунга туралы жыр».

Орта ғасырдағы рыцарлық (куртуаздық) әдебиет

Шығысқа аттанған крест жорықтары және рыцарлық мәдениеттің жаңа идеалдары.

Прованстағы рыцарлық поэзияның пайда болуы. Трубадурлардың сүйіспеншілік және саяси поэзиясының негізгі сарындары мен жанрлары. Вальтер фон дер Фегельфейденің саяси жәнесүйіспеншілік лирикасы.

Рыцарлық романның пайда болуы, оның жанрлық сипаты. Романдардың «антикалық топтамасы». Артур корль мен Дөңгелек стол рыцары туралы романдар. «Тристан мен Изольда» туралы роман және оның көркемдік сипаты. Кретьен де Труаның шығармашылығы.


Орта ғасырдағы қалалық әдебиет

Қалалық әдебиеттің халық шығармашылығымен генетикалық байланысы.

Қалалық әдебиеттің негізгі жанрлары. Фаблио, Шванк және олардың халықтық шығармашылықпен байланысы. Штриккердің «Поп Амис» атты повесі. Қалалық дидактикалық әдебиет. «Роза туралы романдағы» рыцарлық идеология. Қалалық лирика. Вийон поэзиясы – жаңа гуманистік дүниетанымның көрінісі.

Джеффи Чосер – Англиядағы Ренессанстық әдебиет өкілі. Оның «Кентеберийлік әңгімелеріндегі» реалистік әдіс.

14-15ғғ. шаруалар поэзиясы. Лонглендтің «Петр Диханның көрінуі» поэмасындағы шаруалар бейнесінің сомдалуы. Робин Гуд және Вильгелм Телл туралыхалықтық балладалардағы халық күресі, композиция мен стиль.
Орта ғасырлық драма
Орта ғасырлық драма мен театрдың дамуындағы екі бағыт. Діни театрдың дамуындағы негізгі кезеңдер. Моралитенің діни-жоғары қауымдық жанры. Халық театрының дамуы. Адам де ля Али шығармашылығы. Халық шығармашылығы – соти мен фарстар: «Адвокат Патлен» фарсы. Немістік фастнах-шпилдер.
12-тақырып. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті

Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары.Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы. Орта ғасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениеттің ролі. Табиғат, антикалық пәссапа, риторика, поэтика және поэзия туралы гуманистік антикалық ілімдердің қайта жандануы.



Итальян әдебиеті
Қайта өрлеудің алғашқы кезеңіндегі әдебиет (Треяенто).

Қайта өрлеу қозғалысының Италияда пайда болуының жағдайлары мен себептері. Қайта өрлеу ренессанстық мәдениеттің әдебиетке ықпалы.

Ф.Петрарканың өмірі мен шығармашылығы. Петрарка – тұңғыш еуропалық гуманист. Римдік поэзияны, риториканы насихаттауы. Латын тілін мәдениет тілі ретінде бағалауы. Петрарканың өзіндік бағасы және оның әдеби танымы («Ұрпаққа хат», «Христ пен Цицерон арасындағы күрес», «Әлемдік көзқарас»). Петрарка лирикасының орта ғасырлық жаңалықтары. Лаура бейнесі және сомдалуындағы көркемдік тәсілдер. Сонеттеріндегі лирикалық кейіпкер бейнесі. Шендестіру тәсілі. «Петраркалық стиль» және оның еуропалық ренессанстық поэзияның дамуына ықпалы.

Дж. Боккачоның өмірі, шығармашылығы. «Неопалитандық кезеңдегі» шығармаларындағы махаббат сарыны. «Амето». Боккачо шығармаларындағы пастораль. «Фьяметта мадоннаның элегиясындағы» автобиографизм, риторикалық психологизм. «Декамеронның» италян көркем прозасының дамуына ықпалы. Боккачоның италиян және еуропалық новеллистикаға әсері.

Толысқан қайта өрлеудің әдебиеті. Антикалық әдеби жанрлардың қайта түлеуі және жаңа латын поэзиясының гүлденуі.

Флоренция Кватрочентаның көрнекті мәдени орталығы. Феррара куртуаздық және гуманистік дәстүрлер орталығы. Ренессанстық рыцарлық поэмалардың пайда болуы. «Ғашық болған Роланд».

Ренессанс дәуірінің кейінгі кезіндегі әдебиет. (Чинквекенто) Бембо – ұлттық әдеби тілдің теоретигі. Ренессанстық әдебиеттегі аристократтық бағыт. Тастрало – жалпы еуропалық ренессанстық жанр.Маньеризмнің пайда болуы және оның негізгі белгілері. Тассо шығармашылығы. «Азат етілген Иерусалим» - діни-батырлық эпостың пайда болу үлгісі.

Италияның ренессанстық драматургия мен театрдың қалыптасуындағы ролі.Аристоның, Макиабеллидің, Аретиноның, Бруноның және т.б. драматургиялық шығармашылығы. Макиабеллидің «Мандрагорасы»- ғылыми комедияның үлгісі.

Драманың антикалық теориясының қайта түлеуі. Аристотель мен Гораций поэтикасы және антикалық-мифологиялық тарихи сюжеттердегі ренессанс трагедияларының тууы. Трагикомедия жанрының қалыптасуы.
Неміс әдебиеті
Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу. 17-5ғ. соңында неміс гуманистерінің риторикалық мәдениеті және жаңа латындық әдебиеті (Цельтис және т.б.)

16ғ. бірінші жартысындағы халықтық көпшілік әдебиет, олардың түп көздері(орта ғасырлық аңыз, христиандық әфсана,қалалық фольклор,рыцарлық роман). «Тиль Эйленшпигель» - авантюралық халықтық роман. Доктор Фауст туралы «Халық кітаптарындағы» мифтік-поэтикалық және натурпәлсапалық көріністер.

Бюргерлік әдебиет, оның орта ғасырлық, сатиралық, дидактикалық түрлермен байланысы.
Француз әдебиеті
Қайта өрлеу дәуіріндегі Франциядағы тарихи-әдеби процесті дәуірлеу.

16ғ. бірінші жартысындағы поэзияның дамуы. Маро шығармаларындағы орта ғасырлық дәстүр, лирикасының жанрлық құрамы. Лиондық мектеп өкілдеріндегі пераркизм мен жаңа платондық көзқарас.

Рабленің өмірі мен шығармашылығы. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының әдеби генезисі мен жанрлық негізі. Бес кітаптық роман желісіндегі тақырып, идея, композиция,тіл, стиль мәселелерінің шешілуі.

Испан әдебиеті
Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу. Ауызша лиро-эпикалық поэзияның дамуы. Романстар, олардың тақырыптық, пішіндік ерекшеліктері, жазба әдебиетке әсері.

Испан әдебиетіндегі роман жанрының түрлері. Рыцарлық романның генезисі, орта ғасырлық куртуаздық романдармен, италияндық, рыцарлық дастандармен байланыстары.

Сервантестің өмірі мен шығармашылығы. Пасторальдық романы «Галатея». Драматургиясы, сүйіспеншілік- батырлық сюжеттегі новеллалары (Өсиет- өнегелік новеллалары).

«Дон Кихот» романындағы пародиялық астар, стилистикасы.

Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы. «біздің заманымыздағы комедия жазудың жаңа өнері» трататындағы ұлттық драманың мәселелері.

Траихи драмаларындағы халық пен билеушілер бейнелері, сюжеттік коллизияның сипаты.

«Севильдің жұлдызы» халықтық-батырлық драмасы. «Шалғындағы ит» комедиясы.

Ағылшын әдебиеті
Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу. Поэзияның, прозаның, драматургияның дамуы. В. Шекспир (1564-1616) шығармашылығы. Оның шығармашылық кезеңдері. Бірінші кезең. «Сонеттеріндегі» әлемнің мифопоэтикалық суреттері: уақыт пен мәңгілік; петраркизм мен неоплатонизм; Дос пен Қараторы бикеш образдпры; лирикалық кейіпкер бейнесі. Бірінші кезеңдегі драматургия. «Қанды трагедия», «Ричард ІІІ» және Шекспир шығармашылығындағы зұлымдықты суреттеу мәселесі. «Генрих ІV» пьесасындағы шынайы дана билеушіні тәрбиелеу мәселесі. «Венециандық көпес», «Он екінші түн» пьесаларының өзекті мәселелері.«Ромео мен Джульеттағы» трагедиялық қақтығыстардың шешімі.

Шекспир шығармашылығының екінші кезеңіндегі драматургия. «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Макбет» трагедияларындағы өзекті мәселелер.

Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңіндегі драматургия. Трагикомедияларындағы мейірімділік пен зұлымдылық күштерінің қақтығысы және оның шешілуі. Трагикомедияларындағы аңыздық-әпсаналық орта.

Шекспирдің әлемдік драматургиядағы орны және оның мұраларының жаңа дәуір мәдениетіндегі маңызы.


13-тақырып ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардағы әлем әдебиеті

ХVІІ ғасырдағы батыс еуропалық әдебиет
ХV ғ. ренессанстық гуманизмнің дағдарыстары. Монтень, Шекспир, Сервантес және қайта өрлеу дәстүрлері. ХVІІғ. әдебиетіндегі үш бағыт және оның көрнекті өкілдері.

ХVІІғ. Ренессанстық реализм (Лопе де Вега, Бен Джон Сон). Олардың шығармашылықтарындағы демократиялық бағыттар, негізгі тақырыптар, гуманистік көзқарастар, классицизм мен Барокко өкілдерімен полемика. Авантюралық романдар. Қайта өрлеу дәуіріндегі сатиралық әдеби дәстүр.

Барокко. Ренессанстық және орта ғасырлық барокко мәдениетінің күрделілігі және ішкі қайшылықтары.негізгі тақырыптары. Аристократиялық бағыт. Мәселелердің космостық кеңістігі (Адам және аспан әлемі) және бейнелеу жүйесі.Бейнелеу мен сәулет өнеріндегі барокко.

Класссицизм. Классицизмнің эстетикалық теориясының бастау көздері: кереметтік идеалы туралы түсінік. Біртұтастық теориясы (орын, уақыт, әрекет).

Көркемдік әсер алу бірлігінің ұғымы. «Жоғары» трагедия мен «Жоғары» комедия туралы түсінік.

Классицизм әдебиетінің тақырыбы мен кейіпкері. «Мәңгілік типтер» секілді кейіпкерлер.

Шекспир дәстүріндегі театрдан классицизм театрының айырмашылықтары. ХVІІғ.француз классицизмінің екі кезеңі. (Корнель классицизмі және Расин классицизмі.)
ХVІІғ итальян әдебиеті

Италиядағы экономикалық және саяси жағдайды нығайтудағы Папа үкіметінің маңызы. Әдебиеттегі бостандық, азаттық сүйгіш ойлар (кампанелла, Күн қаласы).Әдебиеттегі аристократиялық гадонизм. Марино шығармашылығындағы Барокко.




ХVІІғ. неміс әдебиеті
Он үш жылдық соғыстың экономикалық, саяси зардаптары. Неміс жазушыларының соғысқа қарсылық тақырыбындағы шығармалары. Грифиустың «Отанның көз жасы» туындысы.

Гиммелсхаузеннің «Симплиции симплициссумус» романы.Оның соғысқа, феодализмге қарсылық бағыты. Романдағы демократиялық, бостандық сүю ойлары. Романның көркемдік ерекшеліктері, пәлсапалық ирония, авторлық шешіміндегі фантастикалық нышандар.



ХVІІғ. испан әдебиеті
Әдебиеттегі ренессанстық реализм. Ұлттық драма теориясы.Лопе де Веганың шығармашылығы, демократиялық көзқарастары. «Қой қайнары» батырлық драмасы. «Севиль жұлдызы» драмасындағы дворяндыққа қарсылық сыны. Лопе де Вега поэзиясындағы оптимизм. Испан прозасындағы саяси сатира, консептизм. Гонгор және гонгоризм.

Кальдерон шығармашылығы – испан драматургиясындағы барокконың саяси және көркемдік принциптерінң басты билеушісі. Кальдеронның «Өмір деген түс» атты пәлсапалық драмасы. Кальдерон драматургиясының кейіакерлер жүйесі, аллегориялық пернелеу. Пәссапалық пайымдау. Оқиға және кейіпкер. Кейіпкерлер тілі.


ХVІІғ. ғасырдағы француз әдебиеті.

Классицизм - ХVІІғ. француз әдебиетінің ең басты көркемдік-стильдік бағыты, оның тарихи себептері. Француз классицизмі теориясы мен практикасының жалпы еуропалық маңызы. Француз классицизмі тарихының екі кезеңі.

Корнель трагедиялары. «Бақ», «Гораций». «Цинна», «Помсевкт».

Расин трагедиялары. «Андромаха», «Британик», «Федра», «Авлидадағы ифигения». Расин трагедияларындағы адамгершілік мәселелері. Расин театрындағы драмалық қақтығыстар (конфликт). «Аталия» трагедиясы.

Мольердің «Тартюф», «Дон Жуан», «Сараң» комедиялары.

Буалоның «Поэтикалық өнер» атты теориялық трактаты. ХVІІғ. француз поэзиясындағы мысал жанры (Лафонтен), француз прозасындағы афоризм жанры (Ларошфуко). Сатиралық проза (Шарль Сорель).



ХVІІғ. ғасырдағы ағылшын әдебиеті.

Бен Джонсон шығармашылығындағы ренессанстық реализм.

Мильтон шығармашылығы. «Жоғалған жұмақ», «Оралған жұмақ» поэмалары.Ақын шығармаларындағы пуритандық дүниетаным менгуманистік ойлары арасындағы қайшылықтар.

Жаңғырту (реставрация) дәуірінің әдебиеті (Уичерли және Конгрива комедиялары)

Англиядағы классицизм, Драйден шығармашылығы.

14-тақырып ХVІІІғ. Батысеуропалық әдебиет
Әдебиеттегі ағартушылық бағыт, оның эстетикалық мазмұнының негізгі сипаттары.Ағартушылық классицизм (Корнельдің «Эдипі» мен Вольтердің «Эдипі»), оның ХVІІғ.классицизмінен айырмашылығы. Ағартушылық реализмнің мәселелері.

Ағартушылық эстетикасының басты принципі - әдебиеттің саяси бағыттылығы. Ағартушылық әдебиеттегі батырлық және әсерлілік, ұнамды кейіпкер, сентиментальдық, сатиралық бағыттар. Ағартушылық әдебиеттің басты жанры – пәлсапалық роман мен повесть. Пәлсапалық повестердегі аллегориялық нышандар. Трагедиялардағы ағартушылық классицизм. Драма жанры және драматургиялық реформа. (Дидро, Лессинг, Бомарше).


ХVІІІ ғасырдағы ағылшын әдебиеті
Даниель Дефоның «Робинзон Крузо» романы.

Джонатан Свифттің «Гулливердің саяхаттары» памфлеттік-аллегориялық романы.

Самюэль Ричардсон – жанұялық- тұрмыстық романның негізін қалаушы. Қарапайым адамдардың адамгершілік жан-дүниесін ашу. Ричардсонның оқиғалы, баяншы көркем қара сөзді дамытуы.Баяндаудағы оқиғалықтан бас тарту, кейіпкердің рухани өмірін тәптіштей, тереңдей ашу.

Генри Филдинг (1707- 1754)- ағылшынның реалистік роман жанрын жасаушы. «Джозеф Эндрюс» романы. «Қолбала Том Джонстың тарихы» романы ХVІІІ ғасырдағы Англиядағы әлеуметтік шындықтың реалистік бейнесі.

Тобайас Смоллет және оның романдары. «Перигрин Пиклдың басынан кешкендері», «Родрик Рэндмның басынан кешкендері».

Сентиментализм бағыты. Сезім мен табиғатқа табыну. Ауыл мен ескі замандық дәстүрлерді дәріптеу. «Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері» психологиялық романының 19ғ. психологиялық романға дайындық болғаны. Бернс – шотландтық ірі ақын. Оның лирикасындағы шаруалар өмірінің суреттелуі. Сатиралық өлеңдері («Екі ит», «Көңілді қайыршылар», «Освальд бикештің өліміне мадақтау»), ода, «Тэм О Шантер» атты күлдіргі поэмасындағы сентименталистердің қабірлік поэзиясын келекелеу.Бернс лирикасының негізгі әуені – Отанға деген махаббат. Азаттық, әлеуметтік теңдік – Бернстің саяси мұраты.



ХVІІІ ғасырдағы француз әдебиеті
ХVІІІ ғасырдағы француз ағартушылық әдебиетінің тарихи маңызы. Вольтер – Руссо, Андро, Даламбер, Гельвецкий, Гольбах және т.б. ағартушылар жас буынының дем берушісі, тәрбиешісі. «Энциклопедияның » жариялана бастауы – француз ағартушылық әдебиеті тарихындағы жаңа кезең.

Монтескье – француз ағартушылық әдебиетінің бастаушысы. «Парсылық хаттар» пәлсапалық романы. Романның эпистолярлық пішіні.

Вольтер «Кандида», «Ақкөңіл» повестері. «Брут», «Заира», «Магомет» трагедиялары. Дени Дидро және энциклопедистер(Гельвецкий, Гольбах, Даламбер).Дидро - өнер теоретигі. «Салондар», «Драмалық әдебиет туралы», «Актер туралы парадокс».

Жан Жак Руссо – сентиментализм әдебиетінің көрнекті өкілі. Дворяндық өркениетке сын және «табиғи жағдай» теориясы («Ғылым мен өнер туралы ой», «Теңсіздіктің тегі мен негізі туралы ой») – қоғамның экономикалық негізін сынауға арналған тұңғыш еңбектердің бірі. «Эмиль» педагогикалық романындағы жаңа адам бейнесі. Руссоның «Сыр» романының әлемдік мемуарлық әдебиеттегі орны, француз әдебиетіндегі роман-өмірбаян жанрының дамуына әсері. «Жаңа Элоиза» және сентименталдық роман жанры. «Табиғи адам» теориясы және оны романның көркемдік сипатымен ашу. Сезімді айшықтау. Табиғатқа табыну. Руссоның ХІХ ғ. романтикалық әдебиет тарихындағы орны.

Бомаршенің Фигаро туралы трилогиясы.Фигаро образы – саяси үстемдік үшін күрес кезіндегі буржуазияның ұнамды қаһарманы. Альманива бейнесі – француз дворяндық ортасының 1789ж. революция қарсаңындағы ыдырауының кейпі. «Фигароның үйленуі» туралы Пушкиннің, Белинскийдің, Герценнің пікірлері. Бомарше комедияларына Моцарттың, Россинидің жақындығы.
ХVІІІ ғасырдағы итальян әдебиеті
Карло Гольдони – итальян театрының реформаторы. «Екі қожаға бір қызметші», «Есерсоқтар», «Деревнялық трактирщица» комедияларындағы қызметші бейнесі.

Карло Гоццидің «Үш апельсинге сүйіспеншілік»,«Турандот ханшайым», «Король бұғы» комедиялары.


ХVІІІ ғасырдағы АҚШ әдебиеті
Тәуелсіздік және АҚШ-тың құрылуы үшін соғыстар, оның әдебиетте бейнеленуі (көсемсөз, поэзия).

Аборигендер мәдениеті. Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы. АҚШ әдебиеті үшін еуропалық дәстүрлер мен ағартушылық пәлсапасының мәні. В.Франклин, Т.Пейн,Т.Джефферсон атты солтүстік америкалық ағартушылардың қызметі, көсемсөздік шығармашылығы. Ф.Френо (1752- 1832) шығармашылығы.- АҚШ-тың тұңғыш ұлттық ақыны екені. Ф.Френо поэзиясы американ революциясына ағартушылық ойларды қосудың сипаты, оның шығармаларына классицистік және романтикалық бағыттардың қатынасы.



ХVІІІ ғасырдағы неміс әдебиеті
Лессинг Готхольд Эфраим (1729-1781) – немістің көрнекті ағартушысы. Лессинг - өнердің теоретигі («Лаокоон», «Гамбургтік драматургия»). Лессинг эстетикасының материалистік мазмұны.Лессинг драматургиясы. «Минно фон Барихелм» пьесасындағы жеті жылдық соғыс дәуіріндегі неміс өмірінің шынайы суреті, халық бейнесі. «Эмилия Галотти»- немістік абсолютизмнің озбырлығына қарсылық. «Дана Натан» драмасының ағартушылық бағыты.

Лессингтің өлең танудағы реформалары. Неміс тілін дамытудағы Лессинг шығармаларының мәні.

«Дауыл мен тегеурін» әдебиеті, штюмерлер бүлігінің кертартпалыққа, тоқыраушылыққа қарсылық мазмұны.

Гете Иоганн Вольфганг (1749-1832) – неміс халқының ірі ақыны. «Жас Вертердің азап шегуі» және неміс сентиментализмі. Гетенің алғашқы эстетикалық ойлары. («Шекспир күніне»). «Гец фон Берлихинген» тарихи драмасындағы бүлікшіл қайшылықтар. Гете Италияда. «Вильгелм Мейстер» - философиялық роман,ондағы әлеуметтік қиялшылдық. «Фауст» трагедиясы. Трагедияның тууы және көркемдігі. Композиция. Фаусттың іздену жолы.. Мефистофель және таным диалектикасы. Фауст және Маргарита трагедиясы.

«Фаусттың екінші бөлімі». Фауст және шығармашылық белсенділік. Фауст - ғылымдағы артта қалушылық пен кертартпалыққа қарсы бүлікші-күрескер. Фауст және әдемілік туралы ежелгі дәстүрлі табыну. Фауст- ойдағыдай қоғамды құрушы. Фауст пен Мефистофель – трагедияның пәлсапалық келбетіндегі қарама-қайшылықтардың тұтастығының бейнесі. Фаусттың, Мефистофельдің, Маргаританың көркем портреттері. Фауст туралы аңызды Пушкиннің өзіндік шешіммен жазуы. Т.Манн және И.Бехер Гете туралы.

Шиллер Иоганн Фридрих (1759-1805). Шиллердің алғашқы драмалары және «Дауыл мен тегеурін» қозғалысы. «Қарақшылар», «Зұлымдық және махаббат» драмалары. Республикашыл Верина бейнесі.Өлеңмен жазылған «Дон Карлос» драмасы. Эстетикалық тәрбие туралы теориялық еңбектері.

Шиллер трагедиялары: «Валленштейн»,«Мария Стюарт», «Вильгелм Тиль» трагедиясындағы бостандық туралы ойлар. Шиллердің көркемдік әдісі.. Жуковскийдің аудармалары.

15-тақырып ХІХ –ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті

ХІХ ғ. Батыс Еуропалық шетел әдебиеті

Кіріспе. ХІХ ғ. әдебиетін шартты түрде кезеңдерге бөлу:

1) 1789-1830 жж. романтизм әдісінің қалыптасуы мен әсер-ықпалы;

2) 1830-1871жж. реализм әдісінің қалыптасуы мен үстем бола бастауы;

3) 1848-1871жж. романтизм мен сыншыл реализм әдістерінің белсенді қолданыла бастауы.

Романтизм.Романтизмнің Батысеуропалық және АҚШ әдебиетінде ХІХ ғасырдың басында пайда болуы. Романтизм – шығармашылық әдіс.Суреттеулер шындықтың қиялға негізделіп,қияли шындық арқылы бұрынғы және болашақ уақытты бейнелеу. Романтизм әдісіндегі шығармалардың көркемдік желісіндегі арманшылдық, азаматтық әуен, автор тілінің әсерлі сезімге толы бояуы қанық ойлары.

Романтизм әдісінің көркемдік тұрғыдағы жеңісінің көріністері. Лирикалық жанрлардың дамуы, тарихи роман жанрының тууы, адамдық дербес, өзіне ғана тән қарама-қайшылықты ашу.

Германиядағы романтизм. Гофман романтизмінің мазмұныдворяндық орта мен тоғышарлар әлемін сатира тілімен сынау. Кейіпкерлерінің ерекшелігі – екіжүзділік әлемінен қашып, монастырға кету, фантастикалық күштермен одақтасу. «Скюдери бикеш», «Мартин шебер және оның көмекші шебері» шығармалары. «Мурра мысықтың тұрмыстық орныққан пікіолері» романы – немістік княздік дворяндық қоғамның жексұрындық келбетін сатиралық сынау туындысы. «Құртақандай Цахес» - бөтен еңбекті иелену идеясының фантастикалық бейнеленуі. Гофманның романтикалық әдісіндегі ирония, сарказм, юмор. Автор сөздерінің әуезділігі.

Англиядағы романтизм. Дж.Г.Байрон (1788-1824) шығармашылығы - әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі. Байронның поэтикалық жаңашылдығы. (романтикалық кейіпкер бейнесі, лиро-эпикалық поэма жанры, өлеңдік өлшемдер).Чайль Гарольд бейнесі арқылы еуропалық елдердегі озбыр билеушілерді әшкерелеуі. Байронның лиро-эпикалық романтикалық-бүлікшілік, шығыстық поэмалары. «Корсар», «Гяур». Пәлсапалық драмалық дастандары «Манфред», «Шильон тұтқыны», «Чайль Гарольдтың сапары» шығармаларындағы озбырлыққа қарсылық, бостандық сүйгіш әуендер. Байрон шығармашылығының итальяндық кезеңі. Шығармаларының көп жанрлылығы. Поэма, сатира, драма, өлеңмен жазылған роман. Кайн және Байрондық романтикалық кейіпкердің өсу эволюциясы. «Қола ғасыр» - Байрон шеберлігінің саяси сатирадағы шыңы.

«Дон Жуан» - өлеңмен жазылған роман. Романдағы кейіпкер сомдауда реалистік бағыттың күшеюі, тарихи -әлеуметтік шындықтың кеңдігі, уақыт шындығын бейнелеудегі энциклопедиялық сипат.

Байронның Грециядағы кезі. Оның грек халқының азаттық күресіне қатысуының әсерінен туған лирикалық өлеңдері. («Кефалониидегі күнделіктерден», «Менің отыз алтыдағы күніме»).

Байрон және чартистік поэзия. Байрон және дүние жүзі әдебиеті. Байрон шығармашылығының идеялық-эстетикалық және тарихи маңызы.

П.Б.Шелли (1792-1832). Өмірі, шығармашылығы. Лиро-эпикалық, дидактикалық поэмалары. «Королева Маб», «Исламның көтерілісі». Шелли лирикасының түрлері: саяси-әлеуметтік («Англияның еркектеріне», «Англия», «Мемлекеттік айбындылық»); пәлсапалық («Батыстық желге ода», «Бұлт», «Ой әдемілігінің әнұраны»); махаббат (Мери Уолстон – крафт Годвин, «Джейнге»); табиғат тақырыбын жырлауы және оның Шеллидің пәлсапалық көзқарастарына байланысы. «Азат етілген Прометей» поэмасындағы бас кейіпкерлер, жинақтаушылық, сиволикалық, аллегориялық тақырып ерекшелігі. Беатриче бейнесі. Шеллидің эстетикалық көзқарастары. «Поэзияны қорғау» атты трактаты.

В.Скотт (1771-1832). Скотт – тарихи роман жанрын жасаушы. Баяндаудағы екі бағытты композициялық сипат: ұнамды кейіпкердің махаббаттық-романтикалық тарихын сипаттау, әлеуметтік қайшылықтарды, тарихи бейнелерді шыншылдықпен бейнелеу. Жергілікті және тарихи ерекшеліктерді, фольклорлық элементтерді пайдалануы, стильдік ерекшеліктері. Англия мен франция тарихына байланысты «Айвенго» романы.

А.Дюма (1803-1870). Тарихи-шытырман оқиғалы романдары. Оқыс оқиғаларды баяндау, суреттеу шеберлігі.

Жорж Санд (1804-1876). Романтикалық бүлікшілердің бейнесі(«Лелия», «Орас» романы). Кейіпкердің халықтық күресте романтикалық сипатта қайта жаңғыру қалпын суреттеуі.

В.Гюго (1802-1885)- францияның ұлттық ақыны, француз романтизмінің ірі тұлғасы. Ол – ақын, драматург, прозашы. Гюго – француз поэзиясының жаңашылы. Мысалы, «Бур-графтың аңшылығы». «Париждік әулие ананың соборы», «Жергілікті ерекшелік» романындағы әлеуметтік тақырып кейіпкерлері: Клод Фролло, Эсмеральдо. «Шеттетілгендер» романындағы тарихи кеңдік, халық өмірінің панорамасы: еркектің,әйелдің, бүлдіршін тағдырларының жан Бальжан, Фантин, Козетта, Гаврош бейнелері арқылы суреттеуі. «Тоқсан үшінші жыл» романындағы Говэн, Лантенак, Симурден бейнелері.

Ж.Верн (1828-1905) – ғылыми-фантастикалық роман жанрын қалыптастырушы. «Он бес жасар капитан» романы.

Польшадағы романтизм. ХVІІІғ. Соңы мен ХІХғ.бірінші жартысындағы Польшадағы ұлт-азаттық күрес. Поляк әдебиетіндегі романтизмнің қалыптасуындағы ағартушылық әдебиеттің орны.



А.Мицкевич (1798-1855) – поляк романтизмінің негізін қалаушы. Оның шығармашылығындағы алғашқы кезең.(«Филареттер жыры», «Жастыққа ода» ) . «Балладалар мен романстар» - романтизмнің поэтикалық манифесі. Мицкевичтің классицизм эпигондары мен қайшылықты көзқарастары. «Гражина» поэмасындағы азаматтық әуен. «Дзядтар» поэмасындағы бүлікші мен қайғы. Мицкевич Ресейде. «Қырым сонеттеріндегі» лиризм. «Конрад Валленрод» поэмасының поляк көтерілісін дайындаудағы маңызы. Мицкевич Батыс Еуропада. Эмиграциядағы өмір. «Пан Тадеуш» поэмасы – поляк халқының ұлттық эпопеясы. Мицкевичтің көсемсөздік және педагогикалық қызметі.

Ю.Словацкий – А.Мицкевич дәстүріндегі романтизмнің көрнекті өкілі. Романтикалық драмадағы еңбектері: тарихи драма, драма-ертегі, ұлт-азаттық күресіне арналған драмалары («Кордиан»).



АҚШ әдебиетіндегі романтизм. АҚШ әдебиетіндегі демократиялық а демократиялық ағымның күшеюі және оның құл иеленушілікке қарсы күреске байланысты дамуы.

В.Ирвинг (1783-1859) – американ әдебиетіндегі новелла жанрының негізін салушы. «Эскиздер кітабы». Шығармашылығының түп негізі.

Дж.Купер (1789-1851) – американдық роман жанрын жасаушы. Тарихи, шытырман оқиғалы, теңіз туралы, тұрмыстық және әр түрлі романдар жазуы.. Купен шығармашылығындағы үндістер тақырыбы.

Г.У. Лонгфелло (1807-1882). «Еріксіздік жырлары» атты өлеңдер топтамасындағы құл иеленушілікке қарсы әуендер. Лонгфелло шығармашылығының «Гайавата туралы жыр» поэмасындағы үндістің халықтық шығармашылығына негізделген фольклорлық бейнелілік.

Э.По (1809-1849) – американ әдебиетіндегі көрнекті тұлға шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және поэтикалық жаңашылдығы («Құзғын», «Қоңыраулар», «Анабель Ли» және т.б.) . Эстетикалық- теориялық еңбегі – «Композиция пәлсапасы». Новеллалық еңбектері – «Эшерлер үйінің құлауы», «Мальстремдеп төмен түсу» .Детектив жанрын қалыптастыруы: «Морг көшесіндегі кісі өлтірушілік». Ғылыми фантастиканы қалыптастыруы: «Ганс Пфал деген біреудің әдеттен тыс бастан кешкендері».

Г.Бичер Стоу (1811-1896) – аблициондық әдебиеттегі ең әйгілі жазушы әйел. «Том ағайдың лашығы» романының құлдыққа қарсы күрестегі маңызы.

Уйтмен –көрнекті американ ақыны. «Шөптердің жапырақтары» жинағы. Композициясы, стиль ерекшеліктері.

ХІХ ғасырдағы сыншыл реализм.

Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық, пәлсапалық және эстетикалық алғы шарттар. Жартылыстану ғылымдарының дамуы және олардың материалистік түсініктің қалыптасуы үшін маңызы. Реалистік теориялық құжаттары. О.Бальзак (1799-1850) «Адамдық комедияға кіріспе» және «Бейл туралы этюд».

ХІХғ. Реализм және ағартушылық реализмнің дәстүрлерінің айырмашылықтары. Әлеуметтік қалып пен ортаны бейнелеудегі жаңа көзқарас, типтендіру мен даралаудың дамуы, психологиялық талдаудың тереңдетілуі. Прозалық жанрлардың , романның дамуы. Очерк және оның реализмінің қалыптасуындағы орны.



16-тақырып ХХ ғасырдағы әлем әдебиеті
Франция әдебиеті

Сыншыл реализм әдебиетінің ерекшеліктері. Француз өнеріндегі импрессионизм және әдебиетке ықпалы. Француз әдебиетіндегі натурализм мен символизм. Декаданттық әдебиет. Париж коммунасының әдебиеті.

Эжен Потье – француздың пролетарлық поэзиясының өкілі. Пролетарлық революциялық өлеңдері: «Халық», «Бұзылған ескі үй», «1870 жылғы 31 қыркүйек», «Интернационал», «Халық жолы», «Американың жұмысшысы – Францияның жұмысшысына».

Натурализм – 1848 жылғы революциядан кейін пайда болған бағыт. Натурализм эстетикасының негізі – позитивизм пәлсапасы. Золя – натурализм теоретигі. «Экспериментальдық роман», «Романистер - натуралистер», «Театрдағы натурализм» мақалалары. Шынайылық талабы, табиғатқа, шын фактіге адалдық. Типтендірудің реалистік принциптеріне қарсы фактіге ғана табыну. Биологизм. Тұқым қуалаушылық теориясы. Бейнелеудегі документтілік пен дәлдік. Ағайынды Гонкурлардың, Золяның, медандық топ жазушылардың шығармаларындағы натурализм.

Эмиль Золя (1840- 1902). 19 ғасырдағы романтикалық және реалистік өнерді игерген суреткер. «Жерминаль», «Жер», «Тас-талқан» романдары. «Ругон Маккары» (20 томдық романдар сериясы), «Үш қала» трилогия, «Төрт евангелия» (романдар сериясы).

Сыншыл реализм. Ги де Мопассан (1850-1924). Мопассан- Флобердің шәкірті. Шығармалары: «Тоқаш нан», «Телье орны», «Милон ағатай», «Мадемуазель Фифи» новеллалары, «Өмір», «Қымбатты дос» романдары.

Анатоль Франс (1844-1924). Жазушы шығармашылығының пәлсапалық және эстетикалық негізі. Ағартушылық дәстүрлер. Христиандық догматизмді сынауы. Франстың сатирасы. Шығармалары: «Сильвестер Боннардың қылмысы, «Танс», «Қаздың табандары королевасының асханасы», «Жером Куаньяр мырзаның пайымдаулары», «Қазіргі тарих» романындағы Үшінші Республикадағы буржуазиялық қоғамға сатиралық сын. Профессор Бержери бейнесі. «Кренке Биль» әңгімесіндегі халық өкілі адамының бейнесі. «Пингвиндер аралы» роман-памфлетіндегі қоғамдық –саяси мәселе, жинақтаушылық аллегориялық формалары. «Құдайлар аңсайды» романындағы якобиндік диктатураны бейнелеу.

Ромен Роллан (1866-1944). Әдебиеттегі, мәдениеттегі реализм мен демократия үшін күресуге арналған демократиялық көзқарастары. Музыка танушылық еңбектері.Бетховен туралы алты томдық кітабы. «Бетховен. Ұлы шығармашылық дәуірлер (1927-1945)», «Біздің уақытымыздағы музыканттар», «Өткен уақыттағы музыканттар», «Гендель». Драматургиясы: «Сенімнің трагедиясы» циклында «Қасиетті Людовиг», «Уақыты келеді», «Революция театры» циклында «Қасқырлар», «Ақыл-ой салтанаты», «Дантон», «14 шілде». Романдары : «Жан Кристоф». Кристоф – автор идеяларының жарқын көзқарасы. Көсемсөздік мақалалары: «Жекпе-жек үстінде», «Нышан», «Әскери жылдар күнделігі». Ролланның шығармашылық әдіс ерекшеліктері.

Луи Арагон. Шығармашылығындағы тақырыптық және поэтикалық жаңашылдығы. «Құштарлыққа толы апта», «Шындап опат болу».

Германия әдебиеті

Неміс әдебиетіндегі сыншыл реализм және натурализм. Сыншыл реалимнің германия әдебиетіндегі жаңа кезеңін дамытуда натурализмнің маңызы.

Томас Манн (1875-1955). Пәлсапалық роман шебері. «Будденброктар» романындағы психологиялық иірімдер, көркемдік жинақтаулар. «Тристан», «Тонио Крегер», «Венециядағы өлім» новеллаларындағы өнер мәселесінің тақырыбы.

Генрих Манн (1871-1950) ХХ ғ. көрнекті неміс сатиригі. Г.Манн шығармашылығындағы буржуазиялық-юнкерлік монархияға және пруссакшылдықтың реакциялық идеологиясына сын. Романдары : «Арманды жер», «махаббатқа ықылас», «Әйел құдайлар». «Мұғалім Унрат», «Шын ықыласпен қол астына қараушы». Көсемсөздері: «Рух және әрекет», «Вольтер мен Гете», «Рейхстаг» памфлеті – милитаризмді айыптау. Г.Манн шығармашылығындағы карикатура, гротеск әдістерінің қолданылу ерекшеліктері.



Скандинавия елдерінің әдебиеті
Сыншыл реализмнің қалыптасуы мен дамуы. Декаденттік ағымдар. Натуралистік, символдық эстетика.

Генрих Ибсен (1828-1906) – Норвегия әдебиетіндегі әлеуметтік- психологиялық драманы қалыптастырушы. Шығармалары: өлеңмен жазылған пьесасы «Махаббат комедиясы», қарасөзбен жазылған ұлттық-тарихи драма «Тақ үшін күрес» немесе «Тәжге үміткерлер». Драмалық поэмалары : «Бранд» және «Пер Гюнт», әлеуметтік-психологиялық реалистік драмалары : «Қоғамның сандақтары», «Қуыршақ үй», «Елестер», «Халық жауы». Реалистік типтендіру, аналитикалық композиция мәселелері. Ибсен шығармашылығындағы романтикалық драма мен сатиралық комедияжазу ерекшеліктері.

Мартин Андерсон Нексе (1869-1954) – дат әдебиетіндегі жаңа реалистік бағыттың негізін салушы. Алғашқы әңгімелер. «Көлеңкелер» жинағы. Повестері: «Өмір бағасымен», «Ана», «Франк жанұясы», «Шаң», «Пелле жаулап алушы» романы – Данияның тарихы, әлеуметтік өмірінің кең суреті.Нексе шығармашылығындағы халық өкілдері, фольклор дәстүрлері.

Англия әдебиеті

Сыншыл реализм – ағылшын әдебиетіндегі негізгі бағыт. «Неоромантизм», натурализм, эстетизм жәнет.б. ағымдардың пайда болуы. Оскар Уайльд (эстетизмнің теоретигі), Р.Стивенсон(неоромантизм өкілі), Конан Дойль (детектив жанрын жазушы) шығармашылық ерекшеліктері. Р.Киплинг, Т.Гарди, Дж.Голсуорси, Г.Уэллс шығармалары.

Бернард Шоу (1856-1950) – ағылшын драмасындағы жаңа кезең өкілі. Ағылшынның әлеуметтік драмасын, интеллектуалдық «дискуссиялық драмалар» жасаудағы ролі. «Ыңғайсыз пьесалар» «жаңа пуритандар» үшін пьесалар. Тарихи тақырыптарды интерпретациялау («перінің шәкірті», «Цезарь мен Клеопатра»). Қорғансыздарды қорғау тақырыбы («Майор Барбара»). «Пигмалион» комедиясы. Империалистік соғысқа қарсылық. «Жүректі жарақаттайтын үй» пьесасы. Шоудың әлемдік драматургияға ықпалы.

АҚШ әдебиеті

Сыншыл реализмнің американ әдебиетіндегі ерекшелігі. Спенсер позивитизмнінің сыншыл реалистердің шығармашылығына әсері.

Марк Твен (1835-1910) – АҚШ-тың көрнекті юморисі мен сатиригі. Балалар туралы романдары: «Том Сойердің басынан кешкендері», «Геклберри Финнің басынан кешкендері». Тарихи романдары: «Ханзада мен қайыршы», «Король Артур қорасының жанындағы янкилер». Твен памфлеттері.

Джек Лондон (1876-1916) әңгімелеріндегі бақыт, өмір үшін күрес тақырыбы. Солтүстікті романтикаландыруы : «Солтүстік әңгімелері», «Темір табан» романындағы революционерлер бейнесі. Лондонның Спенсердің, Ницшенің теорияларымен шұғылдануы, оларды игеруі мен айыптауы. («Мартин Иден», «Теңіз қасқыры» романдары). «Ақ азу» анималистік повесі.

Теодор Драйзер (1817-1946) – американ реалистік әдебиетінің басты тұлғасы. Жазушы, көсемсөзші, қоғамдық қайраткер. Драйзердің «Нәзік реализм» бағытына қарсы күресі. «Керри қарындас» романындағы Американың әлеуметтік тынысының шынайылықпен суреттелуі. Романдағы даралық пен эгоизмді сынаушылық. «Дженни Герхард» романында әйелдің моральдық тазалығын дәріптеуі.Драйзерге Спенсер теориясының және натурализмнің ықпалы. «Талек ықыластардың трилогиясы». Каупервуд бейнесі. «Данышпан» романындағы суреткер трагедиясы. Драйзер реализмнінің өзіндік ерекшеліктері.

Эрнест Хемингуэй (1899-1961). Шығармаларындағы соғысқа қарсылық тақырыбы. «Қош бол, қару жарақ» романы. Испаниядағы антифашистік антифашистік күрес туралы «Қоңырау кім туралы соғып тұр» романы. Хемингуэй – новеллист («Жаңбыр астындағы мысық», «Килиманджеро қары»). «Шал мен теңіз» повесі. Өмірбаяндық очеркі «Сенімен мәңгі бірге мейрам». Антифашистік романы «Мұхиттағы арал» романындағы шығармашылық тұлға және адамдық парыз. Хэмингуэйдің әлемдік әдебиетке әсері.


17-тақырып Азия елдерінің әдебиеті
19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдағы Азия елдерінің әдебиеттеріндегі ағартушылық ерекшеліктер. Түркия, Иран, Қытай,Үнді,Корея,Жапония, Араб елдері әдебиеттерінің дамуы. Азия-Африка елдері жазушыларының конференциялары (Ташкент, 1958), Алматы (1973).

Шығыс елдері әдебиеттеріндегі ұлттық, халықтық шығармашылық дәстүрлердің сақталуы. Әлемдік әдеби-шығармашылық байланыстар аясында прозалық, поэзиялық, драмалық жанрлардың дамуы.


Түрік әдебиеті

ХІХ ғ. соңындағы түрік әдебиетіндегі серпілістер, әлемдік әдебиеттегі озық дәстүрлермен байланысы. 90 жылдардағы «Сервети - Фюнун» («Білім қазынасы») журналы төңірегіндегі шығармашылық ортаның табиғат, романтикалық, махаббат, пәлсапалық, мистикалық, лирикалық өлеңдер жазуы. «Сервети - Фюнун» журналының көрнекті ақыны Тевфик Фикрет (1867- 1915). Оның «Бұзылған Лютия» (1890) лотия – ескі замандық шекті музыка аспабы) кітабы.

19ғ.70-80жж. Романтизм.Жаңа түрік прозасының қалыптасуы. Халид Зия(1866-1945) психологиялық новеллистиканың негізін салушы. «Тыйым салынған махаббат» , «Көгілдір және қара» романдарындағы романтикалық портреттер, сентиментальды-мелодрамалық суреттемелер, зиялылар ортасындағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер.

Халық шығармашылығы байлығы негізінде қалыптасқан талантты жас ақындар тобы: Фарук Нафыз, Орхан Сейфи, Юсуф Зия.

«Хедже» - түрік фольклорында сақталған буындық өлшем. Хеджистердің өлеңмен жазылған пьесаларында халық ертегілерінің әуендері. Халықтық ән-күйлік фольклор әсерімен көркем образдардағы өлеңде тармақтық, ырғақтық, лексикалық жаңғырулар.

Яхья Кемаль (18841859) – аруз өлшемінің көрнекті өкілі. Омер Сейфиддин (1884-1920) –түрік сатирасын, жаңа реалистік түрік новелласын қалыптастырушы. Шығармаларындағы реализм, пәссапа, сатира, гротеск, памфлеттік әуен.

Назым Хикмет Ран (1902-1963) – жазушы, қоғам қайраткері. Түрік революциялық поэзиясының негізін салушы. Түрік поэзиясына жаңа ырғақтар, еркін өлең түрін енгізуі. Өлеңдер жинақтары : «Күннің жыры», «835 қатар жол», «Үнін жоғалтқан қала», «Адамдық панорама» эпопеясы. Пьесалары: «Бәрі де ұмытылған», «Дарақы» - қоғамдағы жеке адамдар туралы шығармалар.

Әзиз Несин (1915) – түрік жазушысы,сатирик және юморист, драматург, көптеген әңгімелер жинақтарының авторы. Мысалы: «Хамди атты піл», «Ер азамат», «Отанымыз жасасын».Сатиралық романдары: «Футбол королі», «Зюбюк» (1916).



Иран әдебиеті

ХІХ ғ. соңынан бастап Ирандағы мәдениеттің өрлеуі. Парсы газетінің шыға бастауы, ондағы прозалық жанр, ұлттық, фольклорлық және әдеби жанрлардың бай дәстүрлерін жаңғырта қолдану(ертегілер, монозаре – екі не одан да көп кісілердің дауласуы не әңгімелесуі; Сафар-наме – жолжазба, шығыстық, юмор мен сатира). Парсы прозасының дамуы. Батыс еуропалық (әсіресе француздық) көркем шығармаларды парсы тіліне аудару.

Парсы әдебиетінің көрнекті өкілдері: Мирза Мальком хан (1833-1903). Зейн оль-Абедин Мараген (1837- 1910), Абдоррахим Әбу Талеб Надджаб Табризи – Талибов(1837-1910).

Зейн оль-Абедин Марагеннің көсемсөздік (публицистикалық) романы «Ибрагим бектің саяхаты немесе оны азапқа салған бақытсыздық». Романдағы халық өкілдері:жүкшілер, шаруалар.

Абдоррахим Талибовтың үш көркем шығармасы.

Біріншісі - «Білімділер жинағы және Ахмедтің кітабы» ағартушылық мазмұндағы еңбегі.

Екіншісі - «Өмірдің мәселелері» - қайыршылық пен қараңғылық, мемлекеттің артта қалушылығы туралы кітап.

Үшіншісі - «Тақуалардың жолы» кітабында қоғамдық теңсіздікті сынауы.

Парсы әдебиетіндегі қасыда, газел жанрларының жаңғыра қолданылуы. Халықтық лирикалық жыр – теснифтің (әр түрлі өлшемді тармақтары, қайталамайтын қайырмасы қысқа жыр) саяси-әлеуметтік мазмұнда кең қолданылуы. Ареф Казвини(1882-1926) теснифтерінің көркемдік қуаты.

Сатиралық прозаның дамуы. Сатиралық прозаның көрнекті өкілі – Мирза Әли Акбар-хан Дехход (1880-1956) - жазушы, ақын, ғалым, қоғамдық қайраткер. Сұрақ-жауап түріндегі әңгімелеріндегі халықтық тіл қолданыстары. Дехход шығармаларының журналдарда «Чарндпараннд» (әр түрлі әр нәрселер) рубрикасымен жариялануының парсы әдебиетіндегі жаңа прозалық жанрлардың қалыптасуына әсері.

Әбілқасым Лахути (1887-1957) – парсы әдебиетінің ірі тұлғасы, ақын. Шығармалары: «Ираным менің жұтады» (1909) өлеңінің классикалық газел түрінде жазылуы, халық тағдырының анық суреттелуі.

Күрделі редиф пен екі тармақтың қайырмаға құрылған «Халық айқайы» өлеңінің дәстүрлі пішінінің қуаттылығы. «Иран үндеу» өлеңіндегі иран елін қанаушылардан азат ету ойлары.

Әбілқасым Лахутидің 1905-1911 ж. Ирандағы революцияға қатысуы. 1922 жылдан бастап Тәжікстанда болуы. Тәжік ССР-інің әнұранының мәтінін жазуы.

Үнді әдебиеті

Үнді халқының ағылшын отаршылдығына қарсы күресі. Үнді әдебиетіндегі дәстүрлі тақырыптарды жаңғырту. Аңыздық және мифологиялық кейіпкерлерді қазіргі адам бейнесімен ұштастыра бейнелеу. Жаңа үнді прозасындағы романтизм, ағартушылық сыншыл реализм сипаттары. Бенгалия мен басқа да аудандар әдебиетіндегі реалистік бағыттар. ХІХғ- ХХ ғ. көрнекті өкілдері. Бон кимчондры Чоттападхайн (1838-1894)- бенгал әдебиетіндегі тарихи романның негізін салушы. («Қуаныш тұрағы», «Деби Чоудхурани» т.б. романдар).

Бхаратенду харшичандра (1850-1885) – хинди реалистік драмасының негізін салушы («Индияның бақытсыздығы»). Хари Нараян Апте (1864-1919) – қазіргі Маратх прозасының негізін салушы.

Майтхилишаран Гупты (1886-1964) – үнді прозасындағы патриоттық тақырыптың шебері. Ақынның «Индия дауысы» (1912) поэмасы.

Урду әдебиетіндегі патриоттық поэзияның көрнекті өкілі – Мұхаммед Икбал (1853-1938), «Біздің Индия» өлеңінің – бүкіл елге кең тарауы, халықтық өлеңге айналуы.

Рабиндранат Тагор (1816-1941) – үнді әдебиетінің ірі тұлғасы,ақын,прозашы, драматург, көсемсөзші, философ, педагог, ағартушы, филолог, суретші, композитор, актер, режиссер. Тагор – бенгал әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін салушы. Романдары: «Гәуірмахан», «Күйреу», «Үй және әлем». «Менің алтын Бенгалиям» жырының Бангладеш Халық Республикасының әнұранына айналуы. Тагор – Халықаралық Нобель сыйлығының лауреаты.




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет