Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мамандық стандартына сайкес және типтік бағдарлама Саяси тарих негізінде әзірленген Қр бжҒм роәК 08. 306. 2006 бұйрығымен бекітілді және іске қосылды 22. 06. 06ж



жүктеу 225.78 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі225.78 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулды парағы




Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

Жұмыс ОҚУ бағдарламасы

Cаяси тарих пәні бойынша

050502 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған

Павлодар


Бекіту парағы жұмыс бағдарламасына мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мамандық стандартына сайкес және типтік бағдарлама негізінде әзірленген







Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/31




БЕКІТЕМІН

ОЖ проректоры

________ Н.Ф.Пфейфер

«__» _________ 20__ж.


Құрастырушы:аға оқытушы Г.М.Каппасова ____________


Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Саяси тарих» пәні бойынша

050502 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған оқу түрі жалпы орта білім негізіндегі күндізгі
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мамандық стандартына сайкес және типтік бағдарлама Саяси тарих негізінде әзірленген ҚР БжҒМ РОӘК 3.08.306.-2006 бұйрығымен бекітілді және іске қосылды 22.06.06ж.
Кафедраның жиналысында ұсынылған «___»_______20__ ж.

№__ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Ғ.Н.Иренов «___»_______20__ ж.
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі жиналысында бекітілді

«___» _________ 200__ж. хаттама № __


ОӘК төрағасы ______________ Н.И.Мошна «___» _________ 20__ж.
КЕЛІСІЛГЕН

Тарих және құқық

факультетінің деканы _____________ А.А.Ақышев «___» _________ 20__ж.
ОӘБ БЕКІТІЛДІ

ӘҚж/еЖБ бастығы _____________ А.А.Варакута «___» _______ 200__ж.
1 Пәннің мақсаты:

- Студенттерге дүниежүзілік тарихтың типологиялық, өркениеттік, кеңестік өлшемі, саяси режимдер, елдердің көне заманнан бүгінгі күнге дейін қоғамдық дамуының негізгі тенденциялары туралы мәлімет, мағлұмат беру.



Пәннің міндеттері:

  • әр түрлі уақыттағы қоғамның саяси ұйымдастыруын әсіресе жаңа заманның даму кезеңдерін, саяси спецификасын пайда болуы туралы оқып білу;

  • жаңа заманның саяси үрдістерінде студенттерді бағыт алуға үйрету, фактілік материалдарды нақты білу;

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер:

көзқарастарын қалыптастыруы керек:

- жаңа заманда Еуропа, Америка, Азия елдерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық негізгі тенденциялары жайлы;

- дүниежүзілік соғыстардың себептері мен халықаралық қатынастар туралы;

- жаңа жағдайда қоғамның эволюциясы туралы;

білуі керек:

- қоғамның даму теориясын әр-алуандығын, индустриалдық және постиндустриалдық теорияларын;

- еуроцентристік әлемнің геополитикасын;

- батыс елдеріндегі саяси үрдістердің даму ерекшеліктерінің және мемлекеттік-саяси модельдерінің дамуы туралы;



жасай алуы керек:

- қоғам өмірі фактілерін таңдау, тексеру, талдай алуы;

- тарихи материалды логикалық ауызша және жазбаша түрде айтуы;

тәжірибелік дағдыларға ие болуы керек:

- ғылыми жұмыс дағдыларына;

- елде, әлемде болып жатқан тарихи-саяси, экономикалық үрдістерді бағалау және талдау;

- кәсіби жұмысында берілген білім және машықтарды қолдануы.



2 Алдыңғы пререквизиттер:

Осы пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар керек:

- Қазақстан тарихы;

- теориялық саясаттану;

- мамандыққа кіріспе;

3 Кейінгі постреквизиттер:

Осы пәнді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін керек:



философия; құқықтану; саяси ойдың тарихы.
4 Пән туралы мәлімет

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары





Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша контактілік сағаттар саны

дәр

тәж

лаб

студ

индив

СӨЖ


1

Кіріспе. Әлемдік тарихтын өркениеттік-типологиялық, «кеңістік» өлшемдері.

1













7

2

Еуропа және Америка елдері ХVIIғ. екінші жартысы мен XIII ғ. Саяси тарихы.


2













7

3

Еуропа мен Америка елдері 1815-1860 жж. халықаралық қатынастар 1815-1860жж.

2

2










7

4

Еуропа мен Америка елдері 1870-1918 жж. ХІХғ. аяғында ХХ басында халықаралық қатынастар.

2

2










7

5

Соғыс аралық кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тенденциялар. Халықаралық қатынастарды талдау.

2

2










7

6

Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропа елдері. Соғыстың қортындысы.

2













7

7

Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші кезеңіндегі қоғамдық дамуының концепциялары.

2













7

8

ХХғ. екінші жартысында интеграциялық процестер. Еуропалық интеграция. Солтүстікамерикалық интеграция.

1

2










7

9

Еуропа мен Америка елдерінің ХХғ. екінші жартысында саяси дамудың негізгі бағыттары.Халықаралық жұмысшы, демократиялық және социал-демократиялық қозғалыстар.

2

2










7

10

Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар.

4

2










7

11

АҚШ 1945ж. ХХІғ.Ұлыбритания, Испания және Франция мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясаты.

4













7

12

Соғыстан кейінгі ГФР, Италия, КСРО және Ресей. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері

6

3










13




Барлығы

30

15










90

4.2 Пәннің тақырыптық мазмұны

1 тақырып Кіріспе. Әлемдік тарихтын өркениеттік-типологиялық, «кеңістік» өлшемдері.

Полистік Грецияның саяси тарихы. Көне Грециядағы саяси ойлар. Олардың тарихи және георграфиялық жағынан ерекшелігі. Афинадағы құлиеленушілік демократияның саяси ұйымдастыруы. Спартаның саяси ұйымдастыруы. Көне Римдегі саяси ойлар. Рим аристократиялық республиканың саяси ұйымдастыруы. Империя кезеңіндегі Римнің мемлекеттік құрылымы. Римдік құқықтың негізгі даму кезеңдері мен эволюциясы.

2 тақырып Еуропа және Америка елдері ХVIIғ. екінші жартысы мен XIII ғ. саяси тарихы.

Ортағасырдағы саяси ілімдер. Феодалдық Германияның саяси тарихы. Феодалдық Англияның саяси тарихы. Ортағасырлық Ресейдің саяси тарихы. Феодалдық Италияның саяси тарихы. Голландия. АҚШ. Отарлар мен метрополиялар аралығындағы қарама-қайшылықтың күшею себептері. Қарулы көтерілістің басталуы және тәуелсіздіктің жариялануы. Франция. Людовик ХІV тұсындағы француз абсолютизмі. Франциядағы ХVIІI ғ. феодалдық қатынастардың ерекшеліктері, сеньориалдық реакция.

3 тақырып Еуропа мен Америка елдері 1815-1860 жж. Халықаралық қатынастар 1815-1860жж.

Парламенттік кабинеттер. Виги және торилар-саяси партиялардың эволюциясы. Ағылшындар мен француздардың отар жаулап алуға байланысты бәсекелестігі. Австрия империясы. Португалия. Ресей. АҚШ. Революциялық азамат соғысы (1863-1865 жж.). солтүстіктің жеңісі. Президенттік биліктің күшеюі.

4 тақырып Еуропа мен Америка елдері 1870-1918 жж. ХІХғ. аяғында ХХ басында халықаралық қатынастар.

Жергілікті басқаруды реформалау. Саяси жүйенің әлеуметтік базасының кеңеюі. Саяси мәдениет деңгейінің өсуі. Сайлауға қатысушылардың көбеюі. Жұмысшы табының саяси аренаға шығыуы. Әлеуметтік реформизм. Әлемдік саяси кеңістіктің бірлігі және жетекші әлемдік державаладың қарым-қатынасындағы шиеленістің күшеюі. Дүниенің территориялық жағынан бөлістің аяқталуы және ықпал ету аймағы үшін күрестің басталуы.

5 тақырып Соғыс аралық кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тенденциялар. Халықаралық қатынастарды талдау.

Отарлық империяның қалыптасуы. Феодализмнан капитализмге ауысу. Соғыс аралық кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тенденциялар. Халықаралық қатынастарды талдау. Социал-демократиялық қозғалыстың эволюциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың авторитарлық қоғамның жүйелердің қалыптасуына, коммунистік, фашистік, анархистік идеялардың тарауына және батыс қоғамының психологиясына әсері. Батыс елдеріндегі саяси процестердің даму ерекшеліктері және 20-30 жж. Мемлекеттік-саяси даму модельдерінің көп түрлілігі.

6 тақырып Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропа елдері. Соғыстың қортындысы.

Антигитлерлік каолицияның қалыптасу мәселесі. Италия мен Германиядағы фашизм жеңісінің себептері. «Берлин – Рим - Токио» осі.

7 тақырып Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші кезеңіндегі қоғамдық дамуының концепциялары.

Батыс теориялары. «Ұйымдаспаған», «өзгерген» (трансформацияланған) капитализм концепциясы, неокапитализм. Капитализмнің қазіргі марксистік ұғымы.

8 тақырып ХХғ. екінші жартысында интеграциялық процестер. Еуропалық интеграция.

Солтүстікамерикалық интеграция Маастрихт келісімінің ролі (1991 ж.). «Евро» - ортақ валюта. Қазіргі саясаты. Басқа ұйымдармен қарым-қатынасы. Еуропаның бірігу процесінің қиындықтары мен жетістіктері. Латын Америкасындағы, Австралиядағы, Жаңа Зеландиядағы, Орталық және Шығыс Еуропадағы, ТМД, Азия және Африкадағы интеграциялық процестер мен блоктар.

9 тақырып Еуропа мен Америка елдерінің ХХғ. екінші жартысында саяси дамудың негізгі бағыттары.Халықаралық жұмысшы, демократиялық және социал-демократиялық қозғалыстар.

Әлемдік кәсіподақ орталықтары және олардын эволюциясы. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру ұйымының қызметі. Қазіргі еңбек стандарттары. Дүниедегі ірі социал-демократиялық партиялар. Олардың бағдарламаларының эволюциясы. Коммунистік қозғалыстың күреуі. «Еурокоммунизмнің» тағдыры.

10 тақырып Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар.

Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жиналысы (1975 ж.). Қарулану жарысы. «Жұлдызды соғыстар». Қарусыздану процесі. Ядролық ғасырдағы жаңаша ойлау. Экстремизм және терроризм мәселелері.

11 тақырып АҚШ 1945ж. ХХІғ.Ұлыбритания, Испания және Франция мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясаты.

Ядролық қаруды тараптау жөніндегі келісім. Жұмысшы және демократиялық қозғалыс. Республикашыл Дж.Буштың (кіші) әкімшілігі (2000-2004). Ұлыбританияның соғыстан кейінгі салдары. Национализация және әлеуметтік заңдар. Консервативті кабинеттер. Лейбористік оппозиция. АҚШ-пен ерекше қатынастары.

12 тақырып Соғыстан кейінгі ГФР, Италия, КСРО және Ресей. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері.

А.Суарестің үкіметі. «Монклоа пакті» (1977 ж.) демократиялық орталық одағы-либерал-буржуазиялық коалицияның билігі. Португалияның «Органикалық демократия» және А.Салазар режимінің либералдануы. Сабақтастық пен эволюция саясаты. Демократиялық автономия, денационализация.

4.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны және тізбесі

1) Тәжірибе сабақ 1 Полистік Грецияның саяси тарихы.

1.Көне Грециядағы саяси ойлар. Олардың тарихи және георграфиялық жағынан ерекшелігі.

2. Афинадағы құлиеленушілік демократияның саяси ұйымдастыруы.

3.Спартаның саяси ұйымдастыруы.

2) Тәжірибе сабақ 2 Көне Римдегі саяси ойлар.

1. Рим аристократиялық республиканың саяси ұйымдастыруы.

2. Империя кезеңіндегі Римнің мемлекеттік құрылымы.

3. Римдік құқықтың негізгі даму кезеңдері мен эволюциясы.

3) Тәжірибе сабақ 3 Ортағасырдағы саяси ілімдер

1.Феодалдық Германияның саяси тарихы.

2. Феодалдық Англияның саяси тарихы.

3. Ортағасырлық Ресейдің саяси тарихы.

4. Феодалдық Италияның саяси тарихы.

4) Тәжірибе сабақ 4 АҚШ-тың пайда болуы.

1. 1776 ж. Тәуелсіздік декларациясы. Тәуелсіздік үшін күрес.

2. Конфедерациядан федерацияға ауысу. 1781 ж. Конфедерацияның статьялары.

3. 1787 ж. АҚШ-тың конституциясы.

5) Тәжірибе сабақ 5 Отарлық империяның қалыптасуы. Феодализмнан капитализмге ауысу.

1. Отарлық империяның қалыптасуы.

2. Еуропалық капитализмнің генезисі.

3. Еуропадағы буржуазиялық төнкерістер: себептер, қозғалыс күштер, нәтижелер.

6) Тәжірибе сабақ 6 І және ІІ дүниежүзілік соғыстар кезеңінде саяси тарих.

1. Версаль келісімі және оның саяси нәтижелері.

2. Соғысаралық дағдырыстар. Халықаралық қарымқатынастар.

3. Батыс елдеріндегі саяси процестердің даму ерекшеліктері және 20-30 ж.ж. мемлекеттік-саяси даму модельдерінің көп түрлігі.

4. Германияның саяси тарихы.

7) Тәжірибе сабақ 7 Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші кезеңіндегі қоғамдық дамуының концепциялары.

1. Еуропа мен Америка елдерінің ХХ ғ. екінші жартысындағы саяси дамудың негізгі бағыттары.

2. Қоғамдық дамудың екі моделі: либералдық-демократиялық және авторитарлық-тоталитарлық.

3. ХХ ғ. екінші жартысындағы ғылымның дамуы.

4. Отаршылдық империяның құлдырауы.

5. Ғаламдану процесі және интеграциялық процестер.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 Студенттің өздік жұмысының тізімі





СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

15

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық және үй жұмысының орындалуы

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

30

3

Аудиториялық сабақтарға енбейтін материалдарды оқу

Конспект

Ауызша

40

4

Бақылау жұмысы шараларына дайындалу



МБ 1, МБ 2

5



Барлығы





90

4.4.2 Студенттердің өз бетінше оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1) Кіріспе. Әлемдік тарихтын өркениеттік-типологиялық, «кеңістік» өлшемдері.

Әлемдік үрдістердің типологиясы және қоғамдық ғылымдарда олардың талдауы. Саяси білімнің ерекшелігі. Саяси әлемнің танып білуге ерекше әдіс-тәсілдер. Әлемдік саяси тарихтың шеңберінде саяси тарихтың кеңестік және уақыттық өлшемі.

Ұсынылған әдебиет: [1] 12 – 26 б., [8] 11 – 14 б.

2) Еуропа және Америка елдері ХVII ғ. екінші жартысы мен XIII ғ. саяси тарихы.

Абсолютизм, оның әлеуметтік табиғаты және сипаттық белгілері. ХVII ғ. екінші жартысындағы «Білімді абсолютизм» саясаты, оның негізгі себептері және әлеуметтік-экономикалық мазмұны. ХVII ғ. феодалдық-абсолютті құрылыс дағдырысының пісіп жетілуі. ХVII ғ. абсолютизм дағдырысының себептері және ерте буржуазиялық революциялар толқыны. Еуропалық индустриалды өркениет негіздерінің толық қалануы. Еуропалық-атлантикалық өркениеттің жаңа конъюктуралары. Француз төңкерісі және оның нәтижесі. Отаршылдық империяның қалыптасуы.

Ұсынылған әдебиет: [1] 88 – 120 б., [2] 119 – 144 б.

3) Еуропа мен Америка елдері 1815-1860 жж. Халықаралық қатынастар 1815-1860 жж.

Абсолбтизм дағдырысы. Неоабсолютизм. Бонапартизм. 1848 ж. Еуропа елдеріндегі төнкеріс. Ұлттық мемлекеттер және ұлт. Капиталистік экономика және бір орталыққа бағынған мемлекеттер. Ұлыбритания. Чартистік қозғалыстар және әлеуметтік негізі. Оңтүстік демократиялық реформалар. Шығыс мәселесі және 20-50 жж. ХІХ ғ. жетекші державалардың арасындағы қарама-қайшылықтың шиеленісуі.Бұғаздар мәселесі. 1853-1856 жж. Кырым соғысы. «Вена жүйесінің» дағдырысы. Еуропалық мемлекеттердің отарларды жаулап алудағы жаңа бағыттары.

Ұсынылған әдебиет: [1] 54 – 76 б., [3] 79 – 84 б.

4) Еуропа мен Америка елдері 1870-1918 жж. ХІХғ. аяғында ХХ басында халықаралық қатынастар.

ХІХ ғ. сонындағы әлемдік өнеркәсіптік дағдырыстар. Капиталды шетке шығару және еуропалық державалардың отарлауды күшейтуі. Әлемдік шаруашылықтың капиталистік жүйесінің қалыптасуы. Даму әркелкілігінің күшеюі. Капиталистік дүниенің «кәрі» және «жас» елдерінің арасындағы қарама-қайшылықтың экономикалық, геосаяси, әскери факторлары. Империалистік дәуірдегі халықаралық жанжалдардың глобализациялануы және әскери-саяси блоктардың құрылуы.

Ұсынылған әдебиет: [1] 84 – 96 б., [4] 89 – 104 б.

5) Соғыс аралық кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тенденциялар. Халықаралық қатынастарды талдау.

«Әскери Мемлекеттік-монополистік капитализм» механизмінен бас тарту және капитализмнің макроэкономикалық моделін қайта қалпына келтіру. 20 ж. Экономикалық ойдағы неоклассикалық бағыттың үстемдік етуі.Кейнсиандық теория және неоклассикалық макроэкономикалық талдауға көшу. ММК капитализм кезеңі индустриалды қоғамның сапалы түрде өзгеруінің кезеңі ретінде.

Либерализм және марксизм индустриалдық қоғамның негізгі идеологиялық доктриналар ретінде және олардың индустриалды қоғамның әлеуметтік құрылымының сапалы өзгерістер жағдайында трансформациялануы.

Ұсынылған әдебиет: [3] 54 – 86 б., [5] 119 – 134 б.

6) Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропа елдері. Соғыстың қортындысы.

Халық майдандағы идеологиялық қарама-қайшылықтар және қозғалыстың ыдырауы. 1939 ж. халықаралық саяси дағдырыс. Мюнхен келісімі. КСРО соғысаралық кезінде. Кеңес Одағының 30-шы ж. ішкі және сыртқы саясаты. 1936 ж. Конституциясы.

Ұсынылған әдебиет: [5] 124 – 126 б., [6] 119 – 134 б.

7) Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші кезеңіндегі қоғамдық дамуының концепциялары.

Батыс теориялары. «Ұйымдаспаған», «өзгерген» (трансформацияланған) капитализм концепциясы, неокапитализм. Капитализмнің қазіргі марксистік ұғымы. Конвергенция теориясы. Экзистенциализм. Сыни рационализм (К.Попер «Ашық қоғам және оның жаулары»).

Ұсынылған әдебиет: [4] 84 – 96 б., [6] 129 – 144 б.

8) ХХғ. екінші жартысында интеграциялық процестер. Еуропалық интеграция. Солтүстікамерикалық интеграция.

«Ортақ рынок» құру туралы Рим кеілісімі (1957ж.). Еуроқауымдастыққа елдердің қосылу процесі. Еуроодақ органдары және олардың өкілдіктері.интеграциялау деңгейі: ашық экономикалық аймақтан саяси одаққа дейін. Секторлық интеграция. Маастрихт келісімінің ролі (1991 ж.). «Евро» - ортақ валюта. Қазіргі саясаты. Басқа ұйымдармен қарым-қатынасы. Еуропаның бірігу процесінің қиындықтары мен жетістіктері.

Латын Америкасындағы, Австралиядағы, Жаңа Зеландиядағы, Орталық және Шығыс Еуропадағы, ТМД, Азия және Африкадағы интеграциялық процестер мен блоктар.

Ұсынылған әдебиет: [1] 154 – 186 б., [5] 239 – 254 б.

9) Еуропа мен Америка елдерінің ХХғ. екінші жартысында саяси дамудың негізгі бағыттары.Халықаралық жұмысшы, демократиялық және социал-демократиялық қозғалыстар.

Либералды және буржуазиялық-радикалды партиялардың партиялық-саяси күштердің арасалмағының қалыптасуына әсері. Батыстың көппартиялық жүйесінде социалистік және социал-демокартиялық партиялардың ролі. Саяси партиялардың кәсіподақ қозғалысына әсері. Ғарышты игеру. Атом энергетикасы. Жаңа химиялық және биологиялық технологиялар. Компьютерлендіру негізінде жаңа техникалық-экономикалық жағдайдың, жаңа конструкциялық материалдарың пайда болуы. ҒТР екінші кезеңі.

Ұсынылған әдебиет: [2] 114 – 148 б., [9] 69 – 88 б.

10) Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар.

Париж бітім конференциясы. Германияның бөлінуі. Дамушы елдердің өсуі. Халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі. Еуропа мен Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық шаралары. «Үлкен сегізілік» басшыларының кездесуі.

Ұсынылған әдебиет: [3] 203 – 226 б., [9] 101 – 124 б.

11) АҚШ 1945ж. ХХІғ.Ұлыбритания, Испания және Франция мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясаты.

Г.Трумэннің «әділетті» бағыты. Трумэн доктринасы және Маршалл жоспары. Маккаратизм. Демократтардың «жаңа белесі». Кариб дағдарысы. «Ұлы қоғамның» демократиялық бағдарламасы және кедейлікпен күрес. Адам капиталына қаржы салу концепциясы. Вьетнамдағы соғыс. Франциядағы уақытша режим. V республиканың құрылуы. Мемлекеттік бюджетті теңестіру. Жұмыссыздықпен күрес. Оңшыл және социалистік әдістерді қолдану.

Ұсынылған әдебиет: [4] 94 – 106 б., [10] 119 – 144 б.

12) Соғыстан кейінгі ГФР, Италия, КСРО және Ресей. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері.

Соғыстан кейінгі Германиядағы жағдай. Жаңа шығыс саясаты. Саяси реформалар. Герман неоконсерватизмінің өзгешілігі. Германияның бірігу туралы келісім (1990 ж.).

Италия. Италиян «экономикалық кереметі». Италиядағы Триестаның берілуі. Италиядағы неоконсерватизм. Беспартиялық каолиция пайда болуы. 90-шы жылдардағы саяси тұрақсыздық және жанжалдар. 1994 ж. Сайлау. Теңдестірілген сыртқы саяси бағыт.

Тәуелсіз Ресейдің қалыптасуы. Федералдық биліктің күшеюі. В.Путин Ресей президенті. Д.Медведевтің президенттікке келуі.

Ұсынылған әдебиет: [3] 249 – 276 б., [9] 59 – 84 б.


5 Әдебитеттер тізімі


Негізгі:

  1. Новая история стран Европы и Америки. Первый период. – М., 2007

  2. Новая история стран Европы и Америки. Второй период. – М., 2007

  3. Новая история стран Европы и Америки. Часть первая. – М., 2005

  4. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2005.

  5. Новейшая история стран Европы и Америки. М., 2006.

қосымша:

  1. Новейшая история стран Европы и Америки ХХ век. 1900-2000 г.г. часть 1-3 – М., 2001

  2. Хрестоматия по социально-экономической истории Европы в новое и новейшее время. М.-Л., 2002.

  3. Хрестоматия по новой истории. 2 т. М., 2000.

  4. Новейшая история США. Сивачев Н.Н., Язьков Е.Ф. М., 2003.

  5. Юровская Е.Е. Практикум по новой истории (1870-1918). М., 2000

  6. Гонионский С.А. Очерки новейшей истории стран Латинской Америки. – М., 2001.

  7. Гаджиев К.С. Политическая философия. М., 1998

  8. Булатова А.Н. Курс лекций по социологии. Алматы, 2002

  9. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 1999.

  10. История политических и правовых учений. ХХ в. – М. 1998.



Мамандықтың жұмыс оқу бағдарламасынан көшірме





Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/32




Оқу жоспарының жұмыс көшірмесі

050502 «Саясаттану» мамандық бойынша

«Cаяси тарих» пәні




Оқыту формасы

Пәннің көлемі

Семестр бойынша бақылау формасы

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

академиялық сағат

кредиттер

Аудиториялық сабақтар

(ак.сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



барлығы

ауд

СӨЖ

емтихан.

сынақ

КП

КЖ

барлығы

дәрістер

тәж.

лаб

барлығы

СӨЖМ

күндізгі ЖОБ

3

135

45

90

1










1

3

45

30

15




90

45
















































Кафедра меңгеруші _____________ Г.Н.Иренов «___»__________ 2010 ж.


11 Курс саясаты

Академиялық тәртіп пен әдептің саясаты С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес келеді.

Оқытушы және студент бір-біріне құрметпен қарауға тиіс.

Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей келіп, барлық сабақтарға дайындалып, сабақтарда белсенді болсаңыз және барлық тапсырмаларды сапалы және дер кезінде орындасаңыз бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген максималды балды аласыз.

Бақылау шараларының күнтізбелік кестесін, сабақтардағы белгіленген тәртіпті бұзу және сабаққа кешігу балды жоғалтуға әкеледі.

Оқу үрдісіне қатысу сабаққа қатысуды, дайын болуды және белсенді болуды білдіреді.



дәріс және тәжірибе сабақтарында С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ішкі тәртіп ережелерін бұзуға болмайды: дәріс сабақтарында кешігуге, ұялы телефондарды қосуға, рұхсатсыз сөйлесуге, аудиторияда өз бетінше жүруге, сағыз шайнауға, сырт киім және бас киіммен кіруге, оқытушыға дәріс оқуға кедергі келтіруге тыйым салынады.

Сіздердің тәжірибелік сабаққа дайындықтарыңыз ауызша сұрау, үй тапсырмасын орындау, топпен жұмыс істеу арқылы тексеріледі. Тәжірибе сабағына алдын-ала дайындалу қажет. Егер Сіз кешікпей, ешқандай ескертусіз сабаққа қатыссаңыз 1 балл аласыз, ал сабаққа дайындалмасаңыз тек қатысуыңызға ғана балл қойылады.

Оқытушы тәртіп талаптарын бұзғаны үшін студентті сабақтан шығаруы мүмкін. Мұндай жағдайда сабаққа қатысу баллы қойылмайды. Егер Сіз себеппен сабақты босатқан болсаңыз, босатылған сабақты мұғалімнің қабылдау уақытында тапсыруыңызға болады.

Әрбір семестрде екі межелік бақылау қарастырылған, олар тест тапсырмаларын тапсыру түрінде жүргізіледі. Бірінші межелік бақылау 1-7 тақырыптарды, екінші межелік бақылау 8-14 тақырыптарды қамтиды. Сонымен қоса бір семестрде екі рет ағымдағы үлгерімнің қорытынды баллы анықталады (рейтинг). Егер ол 50 баллдан төмен болса, қанағаттанарлықсыз бағасына сәйкес келеді.

Егер Сіз ағымдағы тапсырмаларды орындауда 50 баллдан төмен алсаңыз, межелік бақылауды тапсыруға жіберілмейсіз. Егер межелік бақылауға қатыспасаңыз, Сіздің рейтингіңіз анықталмайды.

Емтихан тапсыруға жіберілу үшін 1 және 2 рейтинг қорытындылары бойынша жағымды баға алуыңыз керек. Емтихан мониторинг бөлімімен жүргізіледі, яғни тест түрінде. Емтиханға 50 тест тапсырмасы және 75 минут беріледі.



Егер Сіз емтиханда қанағаттанарлықсыз бағасын алсаңыз (50 баллдан төмен), онда пән бойынша Сіздің қорытынды бағаңыз анықталмайды.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет