Мәскеуге бет алған Үнді компаниясының ұшағы Ауғанстанның солтүстік-шығысында апатқа ұшырады. Деректерге сай ұшақ құламастан бұрын радардан жанармайдың таусылғаны мен қозғалтқыштың істен шыққаны хабарланған.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aamaj News порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Shot telegram арнасының хабарлауынша, Үндістаннан Мәскеуге ұшып бара жатқан Falcon 10 ұшағы жоғалып кетуден 25 минут бұрын радардан жанармайы таусылып, Тәжікстандағы аэродромға қонғалы жатқанын хабарлаған.

"Жергілікті уақыт бойынша сағат 19:05-те ұшқыштар жанармайдың аз мөлшері, 19:19-да — бірінші қозғалтқыштың істен шыққаны, ал 19:29-да — екіншісінің істен шыққаны туралы хабарлады.Соңғы хабарламадан бір минуттан кейін ұшақ Тәжікстандағы әуежайдан 57 шақырым жердегі радардан жоғалып кетті", — деп хабарлады "Лента дня" telegram каналы.

Ұшақта барлығы алты адам – төрт экипаж мүшесі және екі жолаушы болған. Олардың екеуі ресейлік болған.

  • Ұшақта Fly Arystan бортсерігіне қол көтерген қазақстандық әртістің кім екені белгілі болды

  • Есігі әуеде жұлынып кеткен соң Boeing 737 MAX 9 ұшақтарына ұшуға тыйым салынды

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Тергеу комитеті ресейліктер болған Falcon ұшағының апатқа ұшырауына қатысты іс қозғады.

Әуе кемесі Гая (Үндістан) — Ташкент (Өзбекстан) — Жуковский (Ресей, Мәскеу) бағыты бойынша чартерлік жедел жәрдем рейсін орындаған. Falcon-ның бастапқы ұшу нүктесі Тайландтың Утапао әуежайы болды.

Falcon 10 ұшағын 1978 жылы француздық Dassault Aviation компаниясы шығарған. Ұшақ Athletic Group LLC компаниясына және жеке тұлғаға тиесілі.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.