Жұмыс бағдарламасы пән: «Фармакоэкономика негіздері» Мамандық: 5В110300- «Фармация» Оқу сағатының көлемі /кредиті: 90 (2)



жүктеу 164.8 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі164.8 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы



Б044 -40/15-69(693)

12 беттің -беті



«Фармакоэкономика негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы




Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

«Бекітемін»

ОӘ және ТЖ проректоры

___________Анартаева М.Ұ.

«_____»________20___ ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: «Фармакоэкономика негіздері»
Мамандық: 5В110300- «Фармация»
Оқу сағатының көлемі /кредиті: 90 (2)
Курс: 4, 5
Семестр: 7,10

Шымкент – 2014

Жұмыс бағдарламасы фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама №___ «_____» ________ 20__ ж.
Кафедра мең., ф.ғ.д., профессор Шертаева К.Д.

Жұмыс бағдарлама химико-фармацевтикалық пәндерінің циклдық және әдістемелік комиссия мәжілісінде қаралды.

Хаттама №_____ «_____» ________ 20__ж.
Төраға

х.ғ.д., профессор Патсаев А.Қ.
Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітілді.

Хаттама №_____ «_____» ________ 20__ж.



2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе:

Қазіргі кезде дәрілік заттарды тиімді үлестіруді қамсыздандыруда денсаулық сақтау саласына мемлекетпен бөлінген шектеулі қаражаттың және фармацевтикалық нарықта ассортименттің үнемі ұлғаюына байланысты фармацевттің ролі өсуде. Осыған байланысты, фармацевт «Фармакоэкономика негіздері» пәні ұсынатын дәрілік терапияның экономикалық бағалау бойынша, көп таралған ауруларды емдеудің негізгі схемасының, дәрілік заттардың терапевтикалық тиімділігі және қауіпсіздігі туралы ақпараттар бойынша білімдерді алу керек.

Фармакоэкономиканың зерттеу нысандары медициналық араласудың қауіпсіздігі және тиімділігі, сонымен қатар оны жүргізуге қажетті экономикалық шығындар болып табылады.

Пәннің білім аясы денсаулық сақтау жүйесінде және фармацияда емдеудің альтернативті әдістерін толық талдауға арналған экономикалық бағалау болып табылады.

Фармакоэкономиканың негізгі мақсаты дәрілік терапияның тиімділігіне және оңтайландыруына жаңа жолдарын іздеу және емдеудің құндылық сипаттамасына және тиімділігін бағалауға ғылыми негіздеу болып табылады.
2.2 Пәннің мақсаты

Фармакоэкономиканың оқу мақсаты болашақ фармацевттерге жалпы мемлекетпен және жеке тұтынушымен дәрілік заттарды тиімді қолдануымен қамтамасыздандыру бойынша мәселелерді шешуге мүмкіншілік беретін емдеудің белгілі схемаларын, диагностиканың әдістерінің экономикалық тиімділігін анықтауға қажетті тәжірибелік дағдылар мен білімдер деңгейі бар мамандарды дайындау болып табылады.


2.3 Оқытудың міндеттері:

  • медициналық көмек көрсетудің әр түрлі сатысында белгілі ауруларды емдеуде дәрілік заттарды қолдану сапасы және тиімділігін талдау туралы түсінік беру;

  • дәрілік препараттардың үйлесімділігіне және бір-бірінің орын басуына, қауіпсіздігіне, тиімділігіне экономикалық және клиникалық талаптарды қалыптастыру принциптерімен, фармакотерапия алгоритмімен және альтернативті рәсімдеу, оны бағалау шектерімен таныстыру;

  • дәрілік препараттар (тізімін) формулярын қалыптастыру, тұрғындардың декреттелген топтарын ДЗ қамсыздандыру тізімдері, дәрілік заттардың өмірлік қажетті және маңызды тізімін жасау, науқасты жүргізу хаттамаларын жасау үшін дәрілік препараттарды тыңдауды оңтайландырудың негіздемесін іске асыруға үйрету;

  • медицина қызметінің экономикалық сипаттамасын және сапа көрсеткіштерінің бағалау бір-бірімен байланысты бірлік жүйесін жасауда ғылыми негіздемесі туралы түсінік қалыптастыру;

  • денсаулық сақтау саласында стандарттау жүйесінің нормативттер талаптарын негізделуімен таныстыру.


2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білу қажет:

  • фармакоэкономиканың дамуының алғы шарттарын;

  • денсаулық сақтау сала шығындарының өсуіне ықпал ететін факторларын;

  • фармакоэкономиканың басқа да білім саласымен салыстырғандағы айырмашылық ерекшеліктерін;

  • фармакоэкономикада қолданылатын параметрлерін;

  • фармакоэпидемиологияның ғылым ретінде мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін;

  • дәрілік заттардың терапевтикалық тиімділігін бағалау сатыларын;

  • фармакоэпидемиологиялық зерттеулердің сатыларын;

  • фармакоинформатиканы және оның тәжірибелік қолданылуын;

  • дәрілік заттар туралы ақпарат көздерін;

  • жүйелік шолулар, нұсқаулар (ұсыныстар) түрінде ақпараттық мәлімдеме жасау үрдісін;

  • фармакоэкономикада қолданылатын моделдеудің негізгі түрлерін;

  • моделдеу сатыларын;

  • дәрілік көмек сапасын жоғарлатуын қамсыздандыру және медицинаға стандарттаудың енгізу механизмі ретінде формуляр жүйесінің ерекшеліктерін;

  • өмір сапасының көрсеткішін, оның есептелуін;

  • пациенттің қалауын көрсететін әдістерінің қасиеттерімен артықшылықтарын;

  • медициналық қызметтің спецификалық қасиеттерін;

  • медициналық қызметтегі баға құрылуын;

  • фармакоэкономикалық талдау әдістерінің демікпе ауруын емдеуде фармакоэкономикалық зерттеу әдістерінің қолданылуын;

  • генерик препараттарын қолданылуының фармакоэкономикалық аспектілерін;

  • фармакоэкономикалық зерттеулер бағыттарын әртүрлі аурулар саласында қолданылуын;

  • әртүрлі науқастар емделуінің және мониторингінің шығындар құрамын;

  • егде науқастарды емдеудің фармакоэкономикалық аспектілерінің;

  • клиникалық зерттеулер, нәтижелерінің фармакоэкономикалық талдауы.

Студент жасай білу қажет:

  • фармакоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін анықтауды;

  • фармакоэкономиканың басқа пәндермен интегрленуін;

  • фармакоэкономикалық зерттеулер мақсаттарын анықтауды;

  • клиникалық зерттеулер нәтижелерінің ретроспективті талдауын жүргізуді;

  • ақпаратпен жұмыс жасау әдістеріне сипаттама беруді;

  • дәрілер туралы ақпаратты өңдеуді жүргізуді;

  • ақпараттың әдебиет көздерінің топтасуын жүргізуді;

  • фармакоэкономикалық талдау әдістерін топтастыруды;

  • әртүрлі фармакоэкономикалық талдау әдістерінің ерекшеліктерімен және кемшіліктерін анықтауды;

  • аурудың құнын (шығынын) көрсеткіш бойынша есептерін жүргізуді;

  • фармакоэкономикалық талдауды қолдану арқылы аурудың жалпы құнын емдеуге арналған тарифті есептеуді;

  • «адам капиталының құны» бойынша пациенттің өмірін бағалауды жүргізуді;

  • фармакоэкономикалық зерттеулер алын нәтижелерінің сезімталдығын талдауды жүргізуді;

  • әртүрлі аурудың терапиясының фармакоэкономикалық талдауында шығындарды бағалауды;

  • әртүрлі аурулардың базисті терапиясына арналған препараттарды іріктеуді;

  • фармакоэкономикалық талдау әдісін таңдауды.


2.5 Реквизитке дейінгі: клиникалық фармакология, фармакотерапия, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, медициналық және фармацевтикалық тауартану, патологиялық физиология, фармацияны басқару және экономикасы.

2.6 Реквизиттен кейінгі: дәрілер технологиясы, фармацевтикалық химия.
2.7 Тақырыптық жоспар:

Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы




1

Фармакоэкономиканың дамуының алғы шарттары

Шолу

1

2

Фармакоэкономикалық зерттеулердің бағыттары

Тақырыптық

1

3

Медициналық және фармацевтикалық көмек сапасын басқарудағы фармакоэкономикалық зерттеулердің орны

Тақырыптық

1

4

Фармацевтикалық көмек көрсетудің экономикалық бағалануы

Тақырыптық

1




Барлығы:_____4_сағат___Тәжірибелік_сабақтың_такырыптық_жоспары'>Барлығы:




4 сағат


Тәжірибелік сабақтың такырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

Кредит №1

1

Фармацевтикалық қызмет жүйесінде фармакоэкономиканың қолдану аясы

ауызша жауап, глоссарий

2

2-3

Фармакоинформатика – дәрілік заттар тиімділігі және қауіпсіздігі жөніндегі негізгі дәлелі ретінде

«түймедақ», кроссворд, тестілеу, «теңіз шайқасы»

4

4-5

Фармакоэкономикалық талдау және оның әдістері

«интеллект. футбол», кроссворд, «түймедақ»

4

6-7

Фармакоэкономикалық талдаудың «шығын-тиімділік (СЕА)» әдісі

ауызша жауап, глоссарий, тест тапсырмаларды құрастыру

4

Кредит №2

8-9

Фармакоэкономикалық талдаудың «шығын-пайда (СUА)» әдісі

глоссарий, тест тапсырмаларды құрастыру, семинар

4

10-11

Фармакоэкономикалық талдаудың «шығын-табыс (СВА)» әдісі.

глоссарий, ситуациялық есептерді шешу, ауызша жауап

4

12

Фармакоэкономиканың «үйлесімділік талдау» әдісі

«түймедақ», тест тапсырмаларды құрастыру

2

13

Денсаулық сақтау жүйесінде қорларды басқару стратегиясының фармакоэкономикалық талдауы

глоссарий, кроссворд

2




Барлығы:




26 сағат


Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

Кредит 1

1

Фармакоэкономика заманауи ғылым ретінде: негізгі түсініктер, анықтамалар, нысандары және оқыту міндеттері

презентация, глоссарий, тест тапсырмаларын құрастыру

4

2

Фармакоэпидемиологиялық зерттеулер дәрілік заттардың тиімділігі және қауіпсіздігі туралы ақпараттың негізгі көзі ретінде

тест тапсырмаларды құрастыру, реферат, глоссарий

4

3

Моделдеу-фармакоэкономикалық зерттеулердің құрамды бөлігі ретінде

презентация, тест тапсырмаларын құрастыру

4

4

Денсаулық сақтау саласында және фармацияда АВС-, VEN- және жиілік талдаулары

презентация, тест тапсырмаларын құрастыру, глоссарий

4

5

Шығындар фармакоэкономикалық санат ретінде

презентация, кроссворд, глоссарий, тест тапсырмаларын құрастыру,

4

6

Экономикалық талдау – денсаулық сақтау жүйесінде шығындарды анықтау тәсілі ретінде

реферат, глоссарий

4

7

Формулярлық жүйе – дәрілік көмектің сапасын қамтамасыздандыруда және медицинада стандарттауды енгізу механизмі ретінде

реферат, кроссворд

4

8

Аралық бақылау

тестілеу, коллоквиум

2

Кредит 2

9

Фармакоэкономика фармакоэкономиканың бөлімі ретінде

реферат, тест тапсырмаларн құрастыру

4

10

Бронх демікпесін емдеудің фармакоэкономикасы

презентация, ситуациялық есептерді шешу, глоссарий

4

11

Ішек-асқазан жүйесін емдеудің фармакоэкономикалық аспектілері

презентация, жеке жоба, глоссарий

4

12

Артериалды гипертензияны емдеудің фармакоэкономикасы

презентация, тест тапсырмаларын шешу

4

13

Егде науқастарды емдеудің фармакоэкономикалық аспектілері

реферат, глоссарий, «түймедақ»

4

14

Генерик препараттарды қолданудың фармакоэкономикалық аспектілері

презентация, глоссарий, тест тапсырмаларын құрастыру

4

15

Клиникалық зерттеулер нәтижелерінің фармакоэкономикалық талдауы

реферат, тест тапсырмаларын құрастыру




16

Аралық бақылау

Тестілеу, коллоквиум

2




Барлығы:




60 сағат


2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • Дәрістер: шолу, тақырыптық

  • Тәжірибелік сабақтар: ауызша жауап, «интеллектуалды футбол», «түймедақ», семинар, глоссарий, кроссворд, ситуациялық есептерді шешу, «теңіз шайқасы», тест тапсырмаларын құрастыру.

  • Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: студенттердің негізгі және қосымша әдебиеттерімен, электронды тасымалдаушыда әдебиеттермен, электронды мәліметтер базаларымен жұмыс жасау, презентация, глоссарий, кроссворд, реферат, тестілік тапсырмаларды құрастыру, түймедақ, коллоквиум/тестілеу, ситуациялық есеп шешу


2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Студенттің білімін бақылау ағымдық, аралық, қорытынды, бақылау түрлері арқылы жүргізіледі.



Ағымдық бақылау: тестілеу, бағдарламалық бақылау билеттері, топтық баға, дайындалған тапсырмаларды жеке бағалау, ауызша жауап.

Аралық бақылау: коллоквиум/тестілеу.

Қорытынды бақылау: емтихан (тестілеу).
Білімдерін бағалаудың белгілері және түрі:

Ағымдық бақылау – оқытушының пәннің силлабусына сәйкес ағымдық сабақтарда студенттің оқу жетістіктерін жүйелік тексеру. Сабақтардың барлық белгілерімен түрлерінің бағасын есепке алады. Оқу жетістіктерін әр орындалған тапсырмаларды 100 ұпайлық шкала бойынша есептелінеді (ағымдық сабықтарда жауап беру, СӨЖ, аралық бақылау) және соңғы нәтиже барлық ағымдық бақылау үлгерімдерін, академиялық мерзімде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасын есептеу арқылы есептелінеді.

Аралық бақылау – СӨЖ 7 және 15 сабақтарында жүргізіледі және тәжірибелік сабақтардың СӨЖ сабақтарының барлық тақырыптарын қамтиды. Аралық бақылау нәтижесінде орташа ұпай шығарылады, ол емтиханға жіберілу рейтингісін есептеуде ескеріледі.

Қорытынды бақылау – пәнді оқу нәтижесі КБТО-да емтихан (тестілеу) түрінде жүргізіледі.
Құралдар мен жабдықтар

Компьютер, мультимедиялық проектор, оқу-әдістемелік әдебиеттер, слайдтар, альбомдар, плакаттар, электрондық мәліметтер базасы.


2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

  1. Управление и экономика фармации: Учебник под ред. В.Л.Багировой – М.: ОАО «Издательство Медицина» - 2004 – 720 с.

  2. Прикладная фармакоэкономика: Учебное пособие для вузов // Под ред. В.И.Петрова – М.: «ГЭОТАР - Медиа» - 2007 – 336 с.

Қосымша:

1. Ягудина Р.И., Куликов А.Ю. Фармакоэкономика: общие сведения, методы исследования // Новая аптека – 2007, № 9 – с.73-78

2. Куликов А.Ю., Ягудина Р.И. Введение в методику фармакоэкономического анализа «влияния на бюджет» // Фармация Казахстана. – 2012, №8. – с.27-30

3. Бейсенбаева А.А., Гуляев А.Е., Ермекбаева Б.А., Нургожин, Дудник Е.В. Методические рекомендации по организации внедрения республиканской национальной формулярной системы МЗ РК // Астана, - 2006, 107 с.

4. Шертаева К.Д., Ахимова А.Д., Тогаева Н.Б., Бекенова С.Е. О рациональном использовании лекарственных средств для лечения больных бронхиальной астмой // Вестник ЮКГФА – 2007, № 2(35), с. 98-99

5. Тулегенова Л.М. Фармакоэкономические аспекты в лечении хронической обструктивной болезни легких // Фармацевтический бюллетень – 2008, № 7, с. 25-28

6. Тогаева Н.Б., Шертаева К.Д., Блинова О.В., Шимирова Ж.К., Ботабаева Р.Е. Стоимостная модель лечения бронхиальной астмы // Фармация Казахстана – 2007, № 3, с. 37-38

7. Баймаканова Б.Е. Клиническая характеристика внебольничной пневмонии у больных с болезнью легких / Фармацевтический бюллетень – 2008, № 10-12, с.72-76

8. Кулмаганбетов И.Р., мажитов Т.М., Калиева Ш.С. и др. Современные подходы к антибактериальной терапии к инфекции нижних дыхательных путей // Фармация Казахстана, 2008, № 9, с.12-14

9. Рахимова К.Д., Зординова К.А., Темиргалиева Э.М., Ахмуллаева С.Ю. Использование фармакоэкономического анализа в оценке эффективности лечения больных хроническим обструктивным бронхитом // Фармация Казахстана, 2006, № 8, с.26-28

10. Шертаева К.Д. Составление формулярных списков на основе методов маркетингового и фармакоэкономического анализов (для эндокринологических диспансеров): Методические рекомендации. – Шымкент, 2004.

11. Шертаева К.Д., Блинова О.В. Составление формулярных списков на основе методов маркетингового и фармакоэкономического анализов (для дермато-венерологических диспансеров): Методические рекомендации. – Шымкент, 2004.



2.11 Қосымшалар:

1 үлгі


2013-2014 оқу жылына жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы


Келісілетін пәндер

Материалдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмірлері және күндері

1

2

3

Реквизитке дейінгі:

Клиникалық фармакология

Дәрілік заттардың ассортименті және номенклатурасы, дәрілік препараттардың фармакологиялық қасиеттері, дәрілік заттардың қауіпсіздігі және тиімділігі

Фармакология фармакотерапия курсымен кафедра мәжілісінде қаралды №___Хаттама _____ 20__ ж. Каф.меңг. _______________

Фармакотерапия

Әртүрлі ауруларды емдеу принциптері

Фармакология фармакотерапия курсымен кафедра мәжілісінде қаралды №___ Хаттама _____ 20__ ж.

Каф.меңг. ______________




Патологиялық физиология

Әртүрлі аурулардың этиологиясы және патогенезі

Қалыпты және патологиялық физиология кафедра мәжілісінде қаралды.

№___ Хаттама _____ 20__ ж.

Каф.меңг.______________


Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері

Тұрғындарға медициналық және фармацевтикалық көмек көрсетудің негізгі принциптері. Дәрілік препараттарға қажеттілікті және сұранысты анықтаудың негізгі принциптері. Фармацевтикалық өнімнің сапасын, тиімділігін, қауіпсіздігін қамсыздандыру жүйесі. Формуляр тізімін жасау

ФІҰБ кафедра мәжілісінде қаралды.

№___Хаттама _____ 20__ж. Каф.меңг.______________



Медициналық және фармацевтикалық тауартану

Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тұтынушы қасиетін және сапасын анықтайтын факторлар. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортименті. Фармацевтикалық тауарлардың қауіпсіздігі

ФІҰБ кафедра мәжілісінде қаралды.

№___Хаттама _____ 20__ ж. Каф.меңг._____________



Фармацияны басқару және экономикасы

Дәрілік заттардың баға құру негіздері. Экономикалық талдаудың негіздері.

ФІҰБ кафедра мәжілісінде қаралды.

№___Хаттама _____ 20__ ж. Каф.меңг.______________



Реквизиттен кейінгі

Дәрілер технологиясы

Дәрілік формалардың түрлерді. Дәрілік заттардың биоқолжетімділігі.

Дәрілер технологиясы кафедра мәжілісінде қаралды.

№___ Хаттама _____ 20__ ж. Каф.меңг._____________



Фармацевтикалық химия

Дәрілік препараттарды стандарттау және сертификаттау

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедра мәжілісінде қаралды. №___Хаттама _____ 20__ ж. Каф.меңг.______________



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет