Жұмыс бағдарламасы пән визуалды диагностика пән коды vd мамандық «Мейірбике ісі» 051101



жүктеу 173.62 Kb.
Дата21.02.2019
өлшемі173.62 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

ТЕРАПИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ, ФТИЗИАТРИЯ, СӘУЛЕМЕН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ СӘУЛЕМЕН ЕМДЕУ КУРСЫ


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ




Пән ВИЗУАЛДЫ ДИАГНОСТИКА

Пән коды VD

Мамандық «Мейірбике ісі» 051101

Оқу сағатының көлемі 90/2

Курсы ІІІ

Оқу семестрі V

2013 ж.


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

ФТИЗИАТРИЯ, СӘУЛЕМЕН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ СӘУЛЕМЕН ЕМДЕУ КАФЕДРАСЫ


«БЕКIТЕМIН»
Оқу-әдістемелік және тәрбие
жұмысы жөнiндегi проректор
м.ғ.д. М.У.Анартаева

........................................

.......................2013ж.




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ




Пән ВИЗУАЛДЫ ДИАГНОСТИКА

Пән коды VD

Мамандық «Мейірбике ісі» 051101

Оқу сағатының көлемі 90/2

Курсы ІІІ

Оқу семестрі V

Шымкент 2013 ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ ОҚМФА оқу орны жоспары және МББС ҚР 3.07 – 476 – 2006 мен визуалды диагностикадан таңдау компонентінен құрылған.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ кафедра мәжілісінде бекітілді.

Хаттама № ---------- «-------»--------- 2013 жыл.

Фтизиатрия, сәулемен анықтау және сәулемен емдеу кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д, профессор -------------------- Е.Б. Бекмуратов


Жұмыс бағдарлама пәннің ЖӘК қаралды

Хаттама № ---------- «-------»--------- 2013 жыл.

ЖӘК төрайымы м.ғ.к. доцент _________А.Е.Туртаева
Әдістемелік кеңесте талқыланды

Хаттама № ---------- «-------»--------- 2013 жыл.




2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе

Визуалды диагностика құрамына рентген, радионуклидті, ультра дыбысты, магнитті резонансты томография, компьютерлі томография, медициналық термография кіреді. Сонымен қатар оған интервенционды радиология жатады, бұл сәулелі диагностиканы емдеу үшін қолдану. Визуалды диагностика тәсілдерінің физика техникалық негіздері. Иондаушы және иондаушы емес сәулемен жұмыс істейтін қызметкерлер мен зерттелетін ауруларды радиациялық сәулеленуден сақтандыру әдістері.


2.2 Пәннің мақсаты

Сәулелі диагностика және сәулелі терапияның жалпы теориялық және тәжірибелік негізін студенттерге ұғындыру. Студенттердің келешекте клиникалық пәндерді оқып білуіне визуалды диагностика тәсілдері қажет. Заманауи жаңа негізгі сәулемен зерттеу әдістерін, жалпы визуалды диагностиканың адам ағзасы мен жүйелерін зерттеудегі маңызын және клиникалық тәжірибеде қолданылуын түсіндіру.



2.3 Оқыту міндеттері

  • заманауи жаңа диагностикалық көріністердің жасалуын, әрбір тәсілдің (аналогты рентгенография, дигиталды рентгенография, КТ, МРТ, ультра дыбысты тәсілдері, томография, радионуклидті зерттеу және т.б.) негіздерін, визуалды тәсілдердің қолдану мүмкіндіктерін оқып үйрету;

  • ағза және жүйе визуалды диагностика алгоритмдері мен ауруларды зерттеуге дайындау ерекшеліктерімен таныстыру;

  • рентген көрінісі, томография, сонография, сканография тәсілдерінің зерттеу проекциясын, аумағын, сурет сапасын және ағза мен жүйе анатомиялық түзілімдерін таба білуге үйрету:

  • көп тараған ағза, жүйе ауруларының рентген симптомдары мен синдромдарын таба білуге және негізгі синдромды анықтай білуге үйрету.



2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі керек

  • визуалды диагностика бөлмелерінің орналасу принциптерін, ондағы жұмысты ұйымдастыру, аппаратура құрылысымен танысу, иондаушы және иондаушы емес сәулеленуден қорғану мүмкіндіктерін;

  • заманауи жаңа және традициялық визуалды диагностика тәсілдерін, диагностикалық көрінісін алу принциптерін;

  • тыныс алу, жүрек қан тамыр, ас қорыту, зәр шығару, нерв, эндокриндік жүйе, қаңқа анатомиясын;

  • ағза және жүйе ауруларының негізгі синдромдары мен симптомдарын.



Студент істей алуға тиіс:


  • Сәулемен зерттеудің көрсеткіштері мен кері көрсеткіштерін айыра білу;

  • Визуалды зерттеу (рентген, УДЗ, КТ, МРТ, РНД және т.б.) зерттеу кезектілігі мен зерттеу көлемін айыра білу;

  • Тыныс алу ағзалары ауруларының визуалды диагностика тәсілдерін таңдай білу және визуалды диагностика көрінісінің интерпретациясын;

  • Ас қорыту патологиясының визуалды диагностика тәсілдерін таңдай білу және визуалды диагностика көрінісінің интерпретациясын;

  • жүрек қан тамыр патологиясының визуалды диагностика тәсілдерін таңдай білу және визуалды диагностика көрінісінің интерпретациясын;

  • сүйек буын жүйесі ауруларының визуалды диагностика тәсілдерін таңдай білу және визуалды диагностика көрінісінің интерпретациясын;

  • рентгенография, КТ, МРТ, ультра дыбыс сонографиясы, сканограммаларда ағзалардың анатомиялық көріністерін өздігімен анықтау;

  • сәулемен зерттеу көріністерінде ағза мен жүйелерде жиі кездесетін аурулардың негізгі белгілерін таба білу.


Тәжірибелік дағдылар:


  • зерттеу проекциясы, аумағы және сәулелік көріністердің сапалылығын бағалау;

  • ағза, жүйе аурулары мен қалыпты жағдайдағы көріністерін айыра білу;

  • ағза мен жүйе ауруларынің дифференциалды алгоритмдарымен жұмыс.


2.5 Реквизитке дейінгі қалыпты анатомия, медициналық және

биологиялық физика.



    1. Реквизиттен кейінгі клиникалық медицинаға кіріспе, травматология және ортопедия, онкология, ішкі аурулар



2.7 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары





Тақырыптар

әр сабақтың өткізілу түрі

ұзақтылығы

1 кредит

1

Сәулелік диагностика және сәулелік терапия бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру. Визуалды диагностиканың тәсілдері. Рентген контрастты заттар. Дозиметрия. Медициналық персонал мен пациенттерді иондаушы сәуле әсерінен қорғау тәсілдері

жағдайлық есептер шешу

2

2

Сүйек мен буын аурулары мен зақымдарының визуалды диагностикасы. Сүйек қабыну аурулары.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу,

2

3

Сүйектердің және буындардың ісіктерінің және буын, омыртқа, жұлын ауруларының визуалды диагностикасы.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу,

2

4

Өкпе және орталық көлеңке ағзаларының ауруларының визуалды диагностикасы. Зерттеу тәсілдері. Жалпы рентгенсемиотика. Бронх, өкпе дамуының ақаулары мен аномалиялары. Өкпе қабыну аурулары.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу, клиникалық жағдайларды шешу

2

5

Өкпе кәсіби ауруларының, өкпе туберкулезінің, өкпе қатерлі және қатерсіз ісіктерінің визуалды диагностикасы.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу, мультимедиялық базамен жұмыс

2

6

Жүрек-тамыр жүйесінің визуалды диагностикасы. Жүректің, қолқаның және ірі тамырлардың рентген анатомиясы. Зерттеу тәсілдері. Жүректің және ірі тамырлардың ауруларының рентгенсемиотикасы.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу, клиникалық жағдайларды шешу

2

7

Туа және жүре пайда болған жүрек ауруларының визуалды диагностикасы. Тамыр дамуының аномалиясы. Миокард, перикард аурулары.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу,

1




Аралық бақылау

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін шешу,

1

2 кредит

8

Ас қорыту жүйесі және құрсақ қуысы ауруларының визуалды диагностикасы. Асқазан, аш ішек және тоқ ішек аурулары.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу, мультимедиялық базамен жұмыс

2

9

Құрсақ қуысы жедел аурулары мен зақымдарының жедел рентген диагностикасы.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу, мультимедиялық базамен жұмыс

2

10

Зәр шығару жүйесінің аурулары мен зақымдарының визуалды диагностикасы. Рентгенанатомиясы, рентгенсемиотикасы. Балалар бүйрек ауруының сәулелік диагностикасы.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу, клиникалық жағдайларды шешу

2

11

Гинекология, эндокринология, құлақ, тамақ, мұрын ағзаларының визуалды диагностикасы.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу, мультимедиялық базамен жұмыс

2

12

Сүт безінің визуалды диагностикасы. Рентгенанатомиясы. Сүт безі қабыну ауруы мен ісіктерінің сәулелі диагностикасы.

рентгенограмма, КТ, МРТ, УДЗ жағдайлық есептер шешу

2

13

Қалқанша безі, қалқанша маңы безі ауруларының визуальді диагностикасы. Балалардағы ерекшеліктер.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу,

2

14

Ми мен жұлын құрылысының рентгеноанатомиясы. Нерв жүйесі патологиясын зерттеудің қазіргі заманғы визуальді диагностикасы.

семинар, рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу, мультимедиялық базамен жұмыс

2

15

Құрсақ қуысы жедел аурулары мен зақымдарының жедел рентген диагностикасы.

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу, мультимедиялық базамен жұмыс

1




Аралық бақылау

рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін шешу,

1




Барлығы




30



Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары




Тақырыптар

Өткізу түрі

Ұзақ

тылығы

1

Медициналық персонал мен пациенттерді иондаушы сәуле әсерінен қорғау тәсілдері.

КТ, физико- техникалық негізі, жұмыс істеу принциптері.



презентация,

рефераттар



4

2

Сүйек-буын жүйесінің УД зерттеу әдістері.

МРТ, физико- техникалық негізі, жұмыс істеу принциптері.



оқу-зерттеу жұмыстарының элементтері,

4

3

Бас миы мен жұлынның МРТ зерттеуі.

Денситометрия (рентгендік, фотонды, компьютерлі, ультрадыбысты).



ситуациялық тапсырмаларды шешуі, оқу-зерттеу тест тапсырмаларын шешу,

4

4

Бронхография, зерттеу әдістері, зерттеуге науқасты дайындау. Рентгеноэндоваскулярлы әрекет (дилятация, эмболизация, кавафильтр қою және т.б.).

Презентация. рефераттарды дайындау және қорғау

4

5

Тыныс алу жүйесінің КТ және МРТ диагностикасы.

Интервенционды радиология.



тест тапсырмаларын өз бетінше шешуі, ситуациялық тапсырмаларды шешуі,

4

6

Фалло тетрадасының визуальді диагностикасы. Электрорентгенография.

тест тапсырмаларын өз бетінше шешуі, ситуациялық тапсырмаларды шешуі,

4

7

Ірі қан тамыр аневризмасының визуалды диагностикасы. Допплерография, жұмыс принциптері.

тест тапсырмаларын өз бетінше шешуі, ситуациялық тапсырмаларды шешуі,

4

8

Аралық бақылау

тәжірибелік дағдыны қабылдау (рентгенограмма, сонограмма, КТ, МРТ, УДЗ )

4

9

Гиршпрунг ауруының визуалды диагностикасы. Ирригоскопия, зерттеу әдістері.

кроссвордтар, жағдайлық есептерді шешу, тесттерді шешу, кроссвордтар, презентация, рефераттар дайындап оны қорғау.


4

10

Ішек өткізбеушілігінің визуалды диагностикасы. Миелография зерттеу әдістері.

кроссвордтар, жағдайлық есептерді шешу, тесттерді шешу, кроссвордтар, презентация, рефераттар дайындап оны қорғау.


4

11

Зәр шығару жүйесі туберкулезінің визуалды диагностикасы. Фистулография, зерттеу әдістері.

кроссвордтар, жағдайлық есептерді шешу, тесттерді шешу, кроссвордтар, презентация, рефераттар дайындап оны қорғау.


4

12

Жүктіліктің УД зерттеу әдісі. Дискография, зерттеу әдістері.

кроссвордтар, жағдайлық есептерді шешу, тесттерді шешу, кроссвордтар, презентация, рефераттар дайындап оны қорғау.


4

13

Маммография, зерттеу принциптері. Ультрадыбысты зерттеудің түрлері.

кроссвордтар, жағдайлық есептерді шешу, тесттерді шешу, кроссвордтар, презентация, рефераттар дайындап оны қорғау.


4

14

Отоларингологияда қолданылатын визуалды диагностика. Балалар визуалды диагностикасының ерекшеліктері.

кроссвордтар, жағдайлық есептерді шешу, тесттерді шешу, кроссвордтар, презентация, рефераттар дайындап оны қорғау.


4




Аралық бақылау

тәжірибелік дағдыны қабылдау (рентгенограмма, сонограмма, КТ, МРТ, УДЗ )

4




Барлығы




60


2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері


  • Тәжірибелік сабақтар: рентгенограммаларды, КТ, МРТ, УДЗ суреттерін қолдану арқылы жағдайлық есептер шешу, мультимедиялық базамен жұмыс, кроссвордтар шешу, кіші топпен жұмыс жасау.

  • Студентердің өзіндік жұмысы: әдебиеттермен, компьютерлік оқыту программмаларымен, электрондық базалармен жұмыс, кроссвордтар, жағдайлық есептерді шешу, тесттерді шешу, кроссвордтар, презентация, рефераттар дайындап оны қорғау.



Оқу құралдары мен жабдықтары


  • Құралдар: неготоскоптар, флюороскоп, клиникалық базаның визуалды диагностика аппаратуралары (рентгендиагностикалық аппараттар, УДЗ аппараты, компьютерлі томограф, МР- томограф), компьютерлер, мультимедиялық аппаратура, диапроектор, УДЗ аппарат академияның ОКЛО.

  • Жабдықтар: рентгенограммалар, сонограммалар, сканограммалар, компьютерлік программалар және мультимедиялық оқу нұсқаулары, таблицалар, слайдтар, тест комплекстері, жағдайлық есептер.



2.9 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері



  • ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша сұрау, рентгенограмма, сонограмма, КТ, МРТ суреттері, сканограммамен жұмыс, жоспарланған бақылау, жағдайлық есептерді шешу, тапсырма нәтижесін өңдеу, кіші топпен жұмысты бағалау және өз жұмысын бағалау.

  • Аралық бақылау: тәжірибелік дағдыны қабылдау (рентгенограмма, сонограмма, КТ, МРТ, УДЗ )

  • Қорытынды бақылау: емтихан, тестілеу.


    1. Ұсынылатын әдебиет:

негізгі:


        1. Әлиакпар М.Т., Рентген сәулесі: оқулық. – 2- бас. – Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр», 2013-30 экз.

        2. Байжанова Қ.Т. Ревматологиялық ауруларда анықталатын анемиялардың диагностикасы ме емдеу әдістері: әдістемелік ұсыныс. Шымкент: Б.Ж. 2011- 10 экз.

        3. Хамзин Ә. Сәулелік диагностика. Бірінші кітап. Кеуде қуысы мүшелерінің қалыпты көрінісі және ауруларының рентгенологиялық негіздері: монография. – Алматы: Эверо. 2010-100экз

        4. Хамзин Ә. Сәулелік диагностика. Екінші кітап. Ас қорыту мүшелерінің қалыпты көрінісі және ауруларының рентгенологиялық негіздері: монография. – Алматы: Эверо. 2010-100экз

        5. Хамзин Ә. Сүт бездерінің қалыпты және ауруларының сәулелік атласыі: атлас/ Ә. Хамзин, Н. Бурхан. – Алматы; Эверо. 2010-73 экз

  1. Лучевая терапия. Т. 2 Труфанов Г.Е., Асатурян М.А., Жаринов Г.М. ГЭОТАР-Медиа 2010 Учебник

  2. Лучевая терапия. Т. 2 Труфанов Г.Е., Асатурян М.А., Жаринов Г.М. ГЭОТАР-Медиа 2007 Учебник

  3. Лучевая диагностика Т. 1: учеб. / Под ред. Г. Е. Труфанова - М., 2007.-Всего 2 экз

  4. Лучевая диагностика. Т. 1 Акиев Р.М., Атаев А.Г., Багненко С.С. и др. / Под ред. Г.Е. Труфанова ГЭОТАР-Медиа 2011 Учебни

  5. Лучевая диагностика Илясова Е.Б., Чехонацкая М.Л., Приезжева В.Н. ГЭОТАР-Медиа 2009 Учебное пособие

  6. Лучевая анатомия человека: учебно-метод. пособие / под ред. Т. Н. Трофимовой. - СПб., 2005.


қосымша:

  1. Линденбратен Л Д. Медицинская радиология: основы лучевой диагностики и лучевой терапии - 2-е изд. перераб. и доп. - М., 2000. –

  2. С.К.Терновой, А.Ю.Васильев, В.Е.Синицын, А.И.Шехтер. Лучевая диагностика и терапия. I том. Москва "Медицина","Шико"2008г.

  3. С.К.Терновой, А.Ю.Васильев, В.Е.Синицын, А.И.Шехтер. Лучевая диагностика и терапия. I I том. Москва "Медицина","Шико"2008г.

  4. Лучевая диагностика опухолей почек, мочеточников и мочевого пузыря: моногр / Г. Е. Труфанов [и др.]. - СПб., 2006

  5. Лучевая диагностика заболеваний печени (МРТ, КТ, ОФЭКТ И ПЭТ) Под ред. Г.Е. Труфанова ГЭОТАР-Медиа 2007 Руководство

  6. Ультразвуковая диагностика заболеваний желудка Лемешко З.А., Османова З.М. ГЭОТАР-Медиа 2009 Руководство

  7. Лучевая диагностика. 2-е изд. Учебник для студентов педиатрических факультетов Васильев А.Ю., Ольхова Е.Б. ГЭОТАР-Медиа 2009

  8. Лучевая маммология Терновой С.К., Абдураимов А.Б. ГЭОТАР-Медиа 2007 Руководство

  9. УЗИ в акушерстве и гинекологии Рейтер К.Л., Бабагбеми Т.К. Перевод с англ. / Под ред. А.И. Гуса ГЭОТАР-Медиа 2011 Руководство


2.11 Реквизитке дейінгі, реквизиттен кейінгі және бір-бірімен шектес пәндерден білім берудің келісу хаттамасы



Келісілетін пәндер



Материалдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамалардың нөмірлері және күндері

1

2

3

Реквизитке дейінгі




Морфологиялық пәндер кафедрасы(қалыпты анатомия)

Адам ағзалары мен жүйелерінің қалыпты құрылысы мен аномалиялық дамуын оқытудағы визуалды диагностика.

№ .....Хаттама

«......»..........2013ж.

.............................


Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы.


Сәулелік терапияның физико-техникалық негізі.. Иондаушы сәулелер мен оның көздерін сәулелік терапияда қолдануы.

Дозиметрлiк өлшеулердiң құрылысы, жұмыс iстеу ретi.



№ .....Хаттама

«......»..........2013ж.

.............................


Реквизиттен кейінгі




Терапия бакалавриат кафедрасы(клиникалық медицинаға кіріспе)


Адам ағзалары мен жүйелерінің қабынуымен ауруларының сәулелiк диагностика әдістері.

№ .....Хаттама

«......»..........2013ж.

.............................


Хирургиялық пәндер кафедрасы (травматология, ортопедия және онкология)

Сүйектер мен буындардың жарақаттануы мен зақымдарының визуалды диагностикасы. Адам ағзалары мен жүйелерінің ісік ауруларындағы сәулелiк диагностика әдістері.

№ .....Хаттама

«......»..........2013ж.

.............................


Интерндердің №1 терапия кафедрасы

(ішкі аурулар)



Терапиялық аурулардың сәулелік диагностикасы, дифференциальды диагностикасы және зерттеу әдістері. Тыныс алу, жүрек тамыр, ас қорыту, зәр айдау жүйелерінің рентгенсемиотикасы.

№ .....Хаттама

«......»..........2013ж.



.............................

2 үлгі
2013 – 2014 Оқу жылына Жұмыс бағдарламадағы

толықтырулар мен өзгертулер

Оқу кеңесінің шешімі бойынша фтизиатрия, сәулелік диагностика және сәулемен анықтау кафедрасы терапиялық пәндер кафедрасы деп өзгертілді.

Бұйрық 84 П. «28» 08. 2013ж. 1 хаттамасы.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет