Қоғам наразылығын тудырған “Бір болайық” жобасының жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрмен “қатысушы қызбен көңіл жарастырғысы келді” деген әңгіменің шығу себебін “Taboo” бағдарламасында айтып берді. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Тележүргізуші ақталғысы келмейтінін айтып, әңгімені қысқа қайырды. 

“Қазір мына жерде ақталып отырсам, жұрт демек кінәлі екен деп ойлайды. Ақталудың өзі кінәлі болудың 50 пайызын меңзейді екен. Мен негізі басынан-ақ қандай жобаны жүргізуге бара жатқанымды білдім. Менің өмірімдегі ең басты приоритет – әкемнің айтқан сөзі. "Адам болып келдім өмірге, адам болып кетсем – тілегім". Мұндай жаланың кез келгеніне сенуге болады. Өзімнің бірінші сынағым және сол сынақтан сүрінбей өткенімнің белгісі сол кез болды. Кез келген адамға жала жауып жіберуге болады. Мен ол кезде тіпті ақталуға тырысқан жоқпын. Айтса, айта берсін. Мен өйткені аққа қанша жерден қара жақсаң да, оның қараймайтынын, тура осылай, қараға қанша жерден ақ жақсаң да, оның ағармайтынын білемін. Сондықтан ол ақпарат алғашында әлеуметтік желіге шыққан кезде жоба қызметкерімен тамақтанып отырған едік. Ол кісі видеоны маған көрсетіп, "мына қыздың ісі тыныштық па?" деп сұрады, мен күлдім де "осылардың айтпайтыны жоқ" деп отыра бердім. Біздің арамызда бір-бірімізге деген кішкентай болсын күмән жоқ. Оның үстіне, халық та күмәнданған жоқ, тіпті елемеген де болар", – деп жауап қатты жүргізуші. 

  • Ұлытауда 360 бас жылқы қырылды: енді ет қымбаттай ма

  • Субсидия бойынша қарыз 160 млрд теңгеден асып кетті – Үкімет басшысы

Сонымен қатар тележурналист жоба қатысушысы неліктен мұндай мәлімдеме жасағанын жобадан ертерек шығып кеткенімен байланыстырды. 

“Оның неге бұлай жасағынан білмеймін. Әр адамның аласы ішінде. Мүмкін бізге ренжіген шығар. Ол қыз біздің жобадан шығып, ұқсас басқа бағдарламаға кетті ғой. Әрине, екі бақталас жоба болғандықтан арада мәселе туды. Біздің жобада келісімшарт толтырылады. Онда жобадан шыққан қатысушы кем дегенде 6 ай бойы басқа жобаларға қатысушы болып бармауы керек деген шарт бар. Осы секілді шарттарды бұзып, өз ісін ақтап алу үшін жасады ма немесе "бірінші болып шабуыл жасамасам, олар мені сотқа береді" деп ойлады ма, әйтеуір бір логикамен жасады", – деді Шаһ-Керім. 

Еске салайық, жүргізуші жобаға қатысқан адамдарға қанша теңге төлейтінін айтқан еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.