Жұмыс бағдарламасы (syllabus) ббб: 6В01503-«Биология»



бет4/5
Дата20.06.2022
өлшемі95.51 Kb.
#174672
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Академиялық хат
Гульнур курсовая през., көркем жазуға үйрету МАТЕРИАЛ, макала дин, Бабашева Айгул , АҚПАРАТТЫ КОДТАУ ӘДІСТЕРІ, 22 Отчет Асилбекова Б.Ж., Балалар әдебиеті модуль силлабус, 2020 referat 6842314 (6), 2020 referat 6842314 (6), Use of cloud technologies in the educational process
4.2 Қосымша әдебиеттер
1.Синглтон, Ройс А. Әлеуметтік зерттеу әдістері [Мәтін]: Оқулық / Ройс А. Синглтон, Брюс С. Стрэйтс.- 6-басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2020.- 816б.
4.3 Мультимедиялық қамтамасыз ету және электрондық ресурстар
1.МООК: https://thepresentation.ru/obrazovanie/akademiyaly-zhazylym
2.МООК:
http://www.myshared.ru/slide/1371724/https://melimde.com/saba
3.МООК: 3-tairip-akademiyali-hat-jene-oni-ereksheligi-arastir.html
4.МООК: https://kk.chalized.com
4.МООК:https://lenta.inform.kz/kz/akademiyalyk-sauattylyk-bugingi-zaman-

5 Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама
5.1 Оқыту әдістері
Практикалық:Презентация, дөңгелек үстел,пікір-талас,әңгімелесу, сұрақ-жауап, презентация, тест, реферат.


5.2 Оқу нәтижелерін бақылау
Оқу нәтижелерін бақылаудың түрлері: үлгерімді ағымдық бақылау (оның ішінде межелік бақылау) мен аралық аттестаттау (емтихан сессиясы). Бағалау академиялық адалдық қағидаларына негізделеді.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау әрбір оқу пәні бойынша жүргізіледі және аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтарда білімді бақылауды қамтиды: дәрістердегі ауызша немесе жазбаша сұрау, практикалық/семинар сабақтардағы сұрақтарға жауаптар, үй тапсырмаларын орындау, есептеу-графикалық, практикалық немесе зертханалық жұмыстарды бағалау, өз бетінше орындалатын тапсырмаларды бағалау және т. б. Үлгерімді ағымдағы бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100 балдық (%) шкала бойынша бағаланады, кейіннен «Платонус» ААЖ-ға баға қойылады.
Білім алушылардың үлгерімін межелік бақылау 7-ші және 15-ші апталарда тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, жеке немесе топтық жобаларды қорғау және т. б. түрінде жүргізіледі.
Әрбір оқыту пәні бойынша емтиханды өткізу түрі мен тәртібі академиялық кезеңнің басында бір ай ішінде университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітіледі.


5.3 Оқытушы талаптары

5.3.1 Білім алушы семестр бойы оқытушы ұсынатын тапсырмаларды орындауы керек, оның тізімін оқытушы белгілейді, ал тапсырмалар саны пән бойынша кредит көлемімен анықталады.



      1. Тапсырмаларды тапсыру мерзімдері төмендегі «Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі» бөлімінде көрсетілген.

      2. Ағымдағы аптада тапсырмалар уақтылы орындалмаған жағдайда бағалау 20% - ға төмендетілуі мүмкін.

      3. Білім алушы академиялық адалдық ережелерін, университеттің ішкі тәртіп ережелерін, студенттің ар-намыс кодексін сақтауы тиіс (сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде сөйлеспеу, ұялы телефонды сөндіру, университетке іскерлік киім үлгісімен келу, курстастары және оқытушымен қарым-қатынаста ашық, сабырлы, мейірімді болу, университет ішінде әдеп сақтау, университет ғимараттарында тазалықты сақтау).

      4. Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау.

      5. Білім алушы сабақтан себепсіз қалмауы керек, науқастанған жағдайда анықтама ұсынуы керек.

      6. Қатыспаған сабақтар бойынша қарызды өтеу профессор-оқытушы құрамның кафедрада болу кестесіне сәйкес немесе ОББӨЖ кестесі бойынша тапсырылады.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет