Жұмыс бағдарламасы тұздар, негіздер және қышқылдардың химиялық технологиясы 050720 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы



Дата10.03.2018
өлшемі219.96 Kb.
#20504
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс бағдарламасы





ПМУ ҰС Н 7.18.2/06

түрі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Тұздар, негіздер және қышқылдардың химиялық технологиясы

050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар


Мамандықтың жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты және типтік бағдарламасы негізінде дайындалған, пәнінің жұмыс бағдарламасының бекіту беті





ПМУ ҰС Н 7.18.2/06

түрі



БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_____________Пфейфер Н.Э.

200_ж. «___» _________­­­­­­___


Құрастырушылар: аға оқытушы____________________ТугамбаеваТ.Б.

оқытушы____________________Масакбаева С.Р.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
Тұздар, негіздер және қышқылдардың химиялық технологиясы пәні бойынша

050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының 3.08.046 – 2006 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты және ҚР БҒМ 2006 жылдың 22 маусымында № 779 бұйрығымен бекітілген Тұздар, негіздер және қышқылдардың химиялық технологиясы пәнінің типтік бағдарламасы негізінде әзірленген.


Кафедра мәжілісінде ұсынылды «___» _____________200_ж. Хаттама № ___
Кафедра меңгерушісі ___________________ Еркасов Р.Ш.
Биология-химия факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___» _____________200_ж. Хаттама № _____


ОӘК төрайымы__________________ Жапаргазинова К.Х.
КЕЛІСІЛДІ

БХФ деканы ______________ Базарбеков Қ.У. «____» ____________200_ж.


ЖБ және ӘҚе МАҚҰЛДАНДЫ

ЖБ және ӘҚебастығы _____________ Головерина Л.Т.

«____» ____________200_ж.

Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Пәнді оқыту мақсаты – уақытты, энергияны, шикізаттарды, еңбекті неғұрлым аз жұмсап бейорганикалық қосылыстардың жоғары сапалы өнім алу үшін технологиямен және негізгі өндіріспен таныстыру. Бейорганикалық заттар өндірісінің негізгі өнімінің физика-химиялық қасиеттерін, синтезін және кинетикасын, қолданылатын шикізат түрлерін, өндірістің өнеркәсіптік әдістерін оқыту. Жұмыс істейтін өндірістер мысалында шикізатты кешенді рационалды қолдану мүмкіншіліктері, оптималды технологиялық шешімдер оқытылады және өнеркәсіптегі ғылыми жетістіктерді ескере отырып техника-экономикалық көрсеткіштер салыстырылады.

Пәнді оқыту міндеттері – химиялық технологияның осы саласының ерекшеліктерін студенттердің білуіне қол жеткізу; студенттердің нақты химиялық процестерді жобалау және есептеуді орындауды білуін дамыту; болашақ мамандардың инженерлік ойлау қабылетін дамыту.
Студент білуі керек:

-технологияның маңызды түсініктері мен анықтауларын;

-рационалды өндіріс процестеріне қой»ылатын экономикалық және экологиялық талаптарды;

-бейорганикалық заттардың технологиясы үшін термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтардың мәндерін;

-осы заманғы қышқылдар, тұздар және негіздердің ең маңызды химиялық қасиеттерін;

-бейорганикалық қышқылдар, тұздар және сілтілердің минералды шикізаттан алу тәсілдерін.


Студент істей білуі керек:

-қышқылдар, тұздар және негіздер технологиясында химия өндірісін дамыту үшін, оны рационалды жобалау үшін термодинамика және кинетика заңдарын пайдалануды;

-термодинамикалық есептер жүргізуді және технологиялық процестің оптималды жағдайын меңгеруді;

-бастапқы минералды шикізаттарды бейорганикалық заттар мен материалдарға өңдеу әдістерін таңдауды ғылыми негізде жүргізуді;

-технологиялық процестердің матиериалды баланстарын құрастырды;

-тұздар,сілтілер және қышқылдар алудың технологиялық сызбанұсқасын құрастыруды;



Пререквизиттер: жалпы және бейорганикалық химия; аналитикалық химия; физикалық химия; жалпы химиялық технология; химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары; беттік құбылыстар және дисперстік жүйелер; бейорганикалық заттар технологиясының теориялық негіздері.





Пәннің тақырыптық

жоспары






ПМУ ҰС Н 7.18.2/07

Түрі



ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ






Тақырыптар атауы

Сағаттар саны




Дәріс

Тәж

Зерт

СӨЖ




1

2

3

4

5

6




Семестр 5
















1

Кіріспе.

1







2




2

Бейорганикалық заттар технологиясындағы өндіріс газдары және синтез-газы

3







8




3

Азот өндірісі. Аммиак және азот қышқылы өндірісі

3




2

7




4

Хлорсутек. Хлор қышқылы

4




2

7




5

Күкірт қышқылының технологиясы

3





3

8




6

Фосфор қышқылының технологиясы

2




2

8




7

Сілтілер өндірісі. Натрий сілтісі. Калий сілтісі

4




2

13




8

Реактивті фосфор қышқылды тұздар өндірісі.

2







7




9

Натрий тұздары. Калий тұздары

2




2

7




10

Сода өнімдерінің технологиясы

2




2

7




11

Аммоний гидроксидінің технологиясы.

1




-

2




12

Хромқұрамды тұздар алу технологиясы
















Барлығы:

22,5




15

(7,5)

60




Барлығы пән бойынша

90





Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны
Кіріспе. Негізгі бейорганикалық қышқылдар, тұздар мен негіздердің сипаттамалары. Шикізаттардың пайда болу, агрегаттық күйіне және химиялық табиғатына байланысты сипаттамасы және классификация.Қайтадан жаңаратын және жаңармайтын шикізаттар көздері. Тұздар, қышқылдар мен негіздердің зерттеу әдістері.

Бейорганикалық қышқылдардың химиясы мен технологиясы. Негізгі бейорганикалық синтез технологиясы. Бейорганикалық заттар технологиясындағы өндіріс газдары және синтез-газы.Олардың қасиеті иен қолданылуы. Ауаны суыту арқылы бөлу. Азотты, оттегіні және сирек газдарды атмосферадан алу технологиясы, оның тиімділігі мен негізгі принциптері. Сутегіні алу әдісі: отынды газификациялау; көмірсутекті конверсиялау, өнеркәсіптік газды қоспалардан алу.

Азот өндірісінің мәні. Азот құрамдас қосылыстардың мәні мен қолданылуы. Синтетикалық аммиак өндірісінің дамуы. Азотсутекті қосылыстың қазіргі кездегі алу әдістері. Азотсутекті қосылыстың технологиялық схемасы.

Аммиакты азот пен сутектен алу сатылары. Аммиак синтезіндегі катализатор. Процестің тиімді жағдайы.

Шоғырлы және сұйылтылған азот қышқылын алу. Процестің тиімді жағдайларын таңдау. Өндірістің қазіргі жағдайдағы технологиясы.

Хлорсутектің физика-химиялық қасиеттері. Қолданылуы. Ингибирленген тұз қышқылы. Хлорсутекті алу: сульфатты тәсіл; Хлорсутек - кейбір өндірістердің жанама өнімі Хлорсутек абсорбциясын суыта жүргізу, адиабаттық абсорбция. Сұйық хлорсутек желінген ерітіндіден хлорсутекті қайтара алу. Хлорсутекті хлорға айналдырып өңдеу.Қазақстанда хлорсутек және тұз қышқылын отандық шикізаттан өңдеу.

Хлор қышқылы, оның физика-химиялық қасиеттері. Қолданылуы. Шикізаты.Хлор қышқылының тұз қышқылды тәсілі. Хлор қышқылын Қазақстанда өндіру мүмкіндіктері. Технологияны жетілдіру перспективалары.



Күкірт қышқылының технологиясы. Күкірт қышқылының маңызы және өндіру масштабы. Өндірісті орналастыру принципі. Шикізат түрлері: күкірт, колчедан, сульфиттер, күкіртті сутек, сульфаттар, өндірістің күкіртқұрамдас қалдық газдары. Шикізатты күйдірудің физика-химиялық негізі мен кинетикасы. Күкіртті газдарды өндірудің технологиясы. Күйдіру газының жылуын пайдалану. Күкірт қышқылын өндіру тәсілдері. Күйдіру газын кептіру және тазалау. Күкірт диоксидін контактты тотықтыру. Тотығудың оптималды режимін және технологиясын таңдау. Контакт торабының өндірістік үлгілері. Күкірт ангидридінің абсорбциясы. Абсорбция бөлімшесі және аппараттары. Екі стадиялы тотығу мен абсорбция үлгілері. Күкірт қышқылын нитроздық тәсілмен өндірудің физика-химиялық негізі, параметрлері, технологиялық үлгілері.
Фосфор қышқылының технологиясы. Электротермиялық әдіспен фосфорды және фосфор қышқылын өндіру. Фосфордың қасиеттері және оның қосылыстары. Фосфордың және термиялық Н3РО4 қолданылуы. Фосфаттардан электрлі айдау арқылы фосфорды өндіру. Термиялық фосфор қышқылын алу. Концентрлі фосфор тыңайтқыштары. Экстракциялық фосфор қышқылын алу технологиясы. Өндірісітің физика-химиялық қасиеті. Қолданылуы. Сапасы. Фосфор қышқылын алу технологиялық үлгілер және оларды жетілдіру перспективалары.
Сілтілер өндірісі. Натрий сілтісін алу технологиясы. Әдістердің ерекшеліктері мен кемшіліктері. Электрохимиялық әдіс. Қондырғы кескіні және көрсеткіштері. Ферритті және әкті әдіс. Физика-химиялық негізі.

Табиғи галлургиялық шикізаттан металл гидроксидтерін алудың жалпы өнеркәсіптік тәсілдері. Алу технологиясы, аппараттар. Өнімнің құнын есептеу. Тазалау, кептіру, дайын өнімді бөліп ыдысқа салу.

Күйдіргіш натрды электрохимиялық тәсілмен (галит NaCl ерітіндісін электролиздеу) және қақталған содадан (ферриттік және әктік тәсілдер) химиялық тәсілдермен өндіру. Әдістердің жетімсіздігі. Аппараттар мен процестер. Темір катодты ванна, сүзгіш диафрагмалы ванна, сынап катодты ванна. Электролиз өнімдерін өңдеу.

Калий сілітісін және хлоридін алу технологиясы. Өндіру тәсілдері. Технологиялық режимдері мен аппараттарды таңдау әдістері. Физика-химиялық негізі.


Бейорганикалық тұздар технологиясы. Натрийүшкөпфосфаты, оның көрсеткіштері, сапасы. Өндірістің физика-химиялық негізі.

Реактивті фосфор қышқылды тұздар өндірісі. Натрий ортофосфаты. Натрий ортофосфатын алу. Қоснатрийфосфатты алу және қолдану. Натрий пирофосфаты. Шикізат түрлері. Процестің химизмі. Бейтараптандыру процесінің көрсеткіштері және оның әсері. Пирофосфат өндірісінің технологиялық схемасы. Аппараттар мен олардың құрылысы. Nа2Р3О7 · 10Н2О сулы пирофосфатты алу. Жылу және заттардың ағындарының балансын есептеу. Өндіріс қалдықтары, оларды өңдеу және зиянсыздандыру жолдары.

Натрий тұздары. Өнім түрлері, қолдану, өнімге қойылатын талаптар. Табиғи тұздықтан NаН2РО4, Nа2НРО4, Nа3РО4 алу. Натрий сульфидін алуда қолданылатын шикізат. Технологиялық схемасы, қолданылатын аппараттарды таңдап алу, өндіріс қалдықтары, оның құрамы, өңдеу жолдары.

Калий тұздары. Өнім түрлері, қолдану, өнімге қойылатын талаптар. Технологиялық схемасы, қолданылатын аппараттарды таңдап алу, өндіріс қалдықтары, оның құрамы, өңдеу жолдары.

Сода өнімдері, оның қасиеті, өнімге қойылатын талаптар, қақталған соданы алу әдістері, өндірістің келешек жетістіктері. Өндірістегі бөлімдер және олардың байланысы. Қолданылатын шикізат сапасы. Әк тасын өртеу және әк сүтін дайындау.

Қақталған соданы аммиакты әдіспен алу жолдары. Абсорбция бөлімінің кескіні. Аппараттардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері, құрамы. Абсорбция бағанасының материалды балансы.

Аммиакталған тұздықтың физика-химиялық негізі. NаСl – NН4НСО3 – Nа НСО3 – NН4Сl тепе-теңдігі. Натрийдің (қолдану) пайдалану дәрежесі. Карбонизациялау дәрежесі. Карбонизациялау бағанасының жұмыс істеуі. Nа НСО3 қақтау (кальцинация). Температураның әсері. Қолданылатын аппараттар. Аммиакты өңдеудің физика-химиялық негізі. Тұнбаның қасиеті. Аппаратуралық құрылысы.

Сода өндірісіндегі экологиялық жағдай, қосымша өнімдерді өңдеу. Қалдықсыз әдістер. Тазалау. Физика-химиялық негізі. Құрғақ және ылғал әдістер. Әдістің негізгі схемасы. Өндірістің негізгі сатысы.

Аммоний гидроксидінің технологиясы. Өндірістің физика-химиялық негізі. Алу әдістері, қолдану саласы, өнімнің сапасына сипаттама. Ауыл шаруашылығындағы маңызы.

Аммоний дихроматы, натрий, калий, хром триоксидін алу және оның технологиялары.

Хромқұрамды тұздар алу әдісі. Қолданылуы, шикізат, өнім құрамы. Натрий хроматы және хромат технологиясы. Өндірістің физика-химиялық негізі.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырыптар атаулары

Зертханалық жұмыстың атауы

Мазмұны

Әдебиет

1

2

3

4

5

3

Азот өндірісі. Аммиак және азот қышқылы өндірісі

Азот қышқылын және аммиак алу

Азот қышқылын және аммиакты алудың зертханалық әдістерін үйрену, қажетті есептеулер орындау

[1],10-15 б.

[5],78-99 б,

[10],112-131б


4

Хлорсутек. Хлор қышқылы

Тұз қышқылын күкірт қышқылды әдіспен алу

Тұз қышқылын күкірт қышқылды әдіспен алуды зертханада орындау, қауіпсіздік техникасын қарастыру, қажетті есептеулер орындау

[1],20-53 б.

[5],101-120 б,

[9],35-73 б.


5

Күкірт қышқылының технологиясы

1)Техникалық күкірт қышқылын талдау

2) Сульфид шикізатын тотықтырумен күйдіру




Техникалық күкірт қышқылын талдау арқылы оның қасиеттерімен танысу,

қауіпсіздік техникасын қарастыру, қажетті есептеулер орындау


Сульфид шикізатын тотықтырумен күйдіру

Арқылы күкірт қышқылын алу технологиясымен танысу, қауіпсіздік техникасын қарастыру, қажетті есептеулер орындау



[1], 111-140 б.

[3],57-89 б,

[4],71-104 б.

[9],78-101 б,



6

Фосфор қышқылының технологиясы

Фосфор қышқылын алу және тазалау

Зертханада фосфор қышқылын алу және тазалау әдістерімен танысу, қажетті есептеулер орындау

[1],148-181 б.

[3],55-79б,

[9],65-89б.

[10],60-91б,



7

Сілтілер өндірісі. Натрий сілтісі. Калий сілтісі

Әк тәсілімен каустикалық соданы алу

Каустикалық соданы алудың зертханалық әдісімен танысу және орындау, қауіпсіздік техникасын қарастыру, қажетті есептеулер орындау

[1],175-199 б.

[6],85-122б,




9

Натрий тұз

дары. Калий тұздары



Үшкөпфосфат натрийді алу

Үшкөпфосфат натрийді алуды зертханада орындау, қасиеттерімен танысу, қажетті есептеулер орындау

[1],183-200 б.

[7],99-133б,

[8],93-127б.


10

Сода өнімдерінің технологиясы

Қақталған соданы аммиакты әдіспен алу

Қақталған соданы аммиакты әдіспен алумен танысу, зертханада орындау, қажетті есептеулер орындау

[1],183-200 б.

[7],99-133б,

[8],93-127б.





СӨЖ МАЗМҰНЫ



СӨЖ түрі

Бақылау формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

2

3

4

5

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Дәріс материал

дары бойынша ауызша сұрау



11,5

2

Зертханалық сабақтарға дайындалу

Дәптерге конспект жазу

Зертханалық жұмыс бойынша сұрау

16



3

Есеп беруді құрастыру және зертханалық жұмысты қорғау

Жұмыс дәптері

Зертханалық жұмыс бойынша сұрау

16

4

Бақылау жұмысына дайындалу

Жауап парағы

Бақылау жұмысы

2

5

Коллоквиумға дайындалу

Ауызша сұрау

Берілген тапсырма бойынша сұрау

2

6

Аудиториялық сабақтарға кірмеген курстың қосымша материалдарын оқу

Дәптерге конспект жазу

Ауызша тексеру

8,5

7

Аралық бақылауға дайындалу

Жауап парағы

Бақылау жұмысы

4

БАРЛЫҒЫ:

60

Студенттердің өз бетінше оқып-игеруге арналған тақырыптар:




  1. Көгерткіш қышқылды синтездеу әдістері.

  2. Бор қышқылын алу.

  3. Кремний қышқылының кірнесін өндіру

  4. Ортофосфор қышқылын күкіртқышқылды әдіспен өндіру.

  5. Фосфор қышқылын электртермиялық әдіспен өндіру

  6. Фосфорды кальций фосфаттарынан ұшырудың теориялық негіздері.

  7. Фосфорды фосфаттарды электұшырумен өндіру.

  8. Күкірт қышқылының маңызы. Қышқылды алудың шикізаты.

  9. Күкірт қышқылын өндірудің нитрозалы әдісі

  10. Натрий гидроксидін өндіру

  11. Металдар гидроксидтерін табиғи галлургиялық шикізаттан алудың жалпы әдістері.

  12. Күйдіргіш натр өндірісі.

  13. Электролиз өнімдерін өңдеу.

  14. Магнезиялар және магний гидроксиді. Магнезияларды өндіру әдістері

16.Қазақстандағы табиғи магнийлі көздер.

17. Барий гидроксиді.

18. Хлор қышқылын өндірудің тұзқышқылды әдісі.

19. Бейорганикалық заттар технологиясындағы негізгі өндірістік және синтез-газдар.

20. Сутекті алу әдістері.

21. Азотсутекті қоспаны алудың қазіргі заманғы әдістері мен технологиялық схемалары.

22. Азот пен сутектен аммиакты алудың физика-химиялық негіздері.

23. Азот қышқылының физика-химиялық қасиеттері, қолдану аймақтары және алу тәсілдері.

24. Хлор қышқылын өндірудің тұзқышқылды әдісі.

25.Фторсутек, балқытқыш , кремнийфторлы сутек қышқылдарының қасиеттері.

26. Балқығыш шпаттың және басқа фторидтердің ыдырауы.

27. Хлорсутек, тұз қышқылының физика-химиялық қасиеттері.

28. Қазақстандағы шикізат көздерінен хлорсутек пен тұз қышқылын өндіру.


Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан үзінді





ПМУ ҰС Н 7.18.1/10

түрі



Оқу жұмыс жоспарынан үзінді
050720– Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының оқу жұмыс жоспарынан үзінді

«Тұздар, негіздер және қышқылдардың химиялық технологиясы» пәні бойынша


түсу жылы 2006

Оқыту

түрі


Бақылау түрлері

Сағатпен есеп.студенттер.жұмыс көлемі

Сағат курстар және семестрлер бойынша бөлінуі (сағаттар)

Емт.


Сынақ

Кжоба

Кжұм.

ЕГЖ

жалпы

Д

ә

р



Т

ә

ж



З

е

р



т

С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



Д

ә

р




Т

ә

ж



З

е

р



т

С

Ө

Ж



Жал

пы


ауд

С

Ө

Ж



ЖОБ негізінде

күндіз


гі

2006


5




5




90

30

60

Семестр 5

Семестр

22,5

-

7,5


15

45














Әдебиет
Негізгі әдебиет


  1. Позин М.Е. Технология минеральных удобрений. Учебник для вузов. 5-ое изд., перераб. – Л. : Химия, 1983. – 336 с.

  2. Позин М.Е. Технология минеральных солей. 4-ое изд. ч. 1 и 2 – Л. : Химия, 1974. – 1556 с.

  3. Кувшинников И.М. Минеральные удобрения и соли – М. : Химия, 1987. – 256 с.

  4. Атрощенко В.И. «Технология азотной кислоты» М.: Химия, 1970г.

  5. Крашенинников С.А. Технология соды – М. : Химия, 1988. – 303 с.

  6. Дыбина П.В. «Расчеты по технологии неорганических веществ» М., 1967г.

7.Ершов В.А. Технология фосфора. / В.А.Ершов, С.Пименов. – С-П. : Химия, 1996. – 279 с.

8.Мухленов И.П. Общая химическая технология (в 2-х частях), М., Высшая школа, 1991. – 597 с.

9. Мухленов И.П. «Практикум по общей химической технологии» М., 1967. – 355 с.

10. Позин М. Е. «Расчеты по технологии неорганических веществ» Л., 1977. – 511 с.



Қосымша әдебиет


  1. Амелин А.Г. «Технология серной кислоты» М., 1983г.

  2. А.Г. Касаткин, Основные процессы и аппараты химической технологии, М.; Химия,1973г.

  3. Кутепов А.М и др., Общая химическая технология, М., Высшая школа, 1985г.

  4. Позин М.Е. «Руководство к практическим занятиям по технологии неорганических веществ» Л.: Химия, 1983г.

  5. Равдель А.В. «Краткий справочник физико-химических величин» М., 1983г.

Ф СО ПГУ 7.18.1/12


Пәннің жұмыс бағдарламасына 20__/20__ оқу жылында еңгізілген өзгерту және толықтыру беті
Жұмыс бағдарламасына келесі өзгерістер еңгізіледі:

1.__________________________________________________________

2.__________________________________________________________

3.__________________________________________________________

4.__________________________________________________________

5.__________________________________________________________

Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қайта қаралды және мақұлданды _____________________________________________________
«___» _____________ 20___ ж., хаттама № _____________________
Кафедра меңгерушісі _____________________ Мальков И.В.
«___» _____________ 20___ ж.

Еңгізілген өзгерістерді




БЕКІТЕМІН

БХФ деканы _________________ Базарбеков Қ.У.


«____» _________________ 200__ж.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Пәннің жұмыс Нысан
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет