Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы



жүктеу 1.31 Mb.
бет4/8
Дата19.09.2017
өлшемі1.31 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ой мен бойын билу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жариялан – байды, жасырылады не ауыстырылады. Алдап – арбау ортақтасуының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда – саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады.


Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес!) сабақты қызықты өткізу, оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады.

Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейрімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін өзі бір тұтас тұлға ретінде емес, кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін қадағалау, өзіне де, басқаға да сенбеушілік.



  1. Диалог ортақтасуы. Бұл – тең құқықтық субъектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты - өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастардан негізгі айырмашылығы – эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтуризмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бұл ортақтасу үрдісінде екі дауыс, екі пікір естіледі, бұл субъект- субъект қатынасы.

  2. Диалог ортақтасуының ережелері:

  3. Сұхпаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, “осы жерде – осы сәтте” қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу, дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу.

  4. Ортақтасу серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын – ала оның ниеттеріне сену, біріне – бірі сенімділік білдіру.

  5. Сер ікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.

  6. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар ортақтасу мазмұны болуы керек (ортақтасу мазмұнын мәселелендіру).

  7. Сұхбат адамның өз атынан жүргізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет.(персоналандыру).

Диалог ортақтасуы қатысушылардың өзара түсінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз - өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек. Оқушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару керек?

Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе, адамдар сұрағы анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап алған жөн болар (“Кешір мен онша түсінбей тұрмын”, ”Мен дұрыс түсінсем...”). Кейінгіге қалдырмай (“бұл келесі сабақтың тақырыбы”) міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек.

Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан көрсетуі тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап беруге де болмайды.

Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме – дәл жауап алу үшін ғана қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жадай жасау қажет.

Ортақтасу - өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі (многофункциональность) жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты.

Ортақтасудың ішкі құрылымы да өте күрделі, он шартты түрде үш жата бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте арақатынас – біркелкі, бұзылмайтын прогцесс.



Комуникация – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.

Интеракция - тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.

Перцепция - адамдардың бірін бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құралатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Тақырып 6 Топ және ұжым психологиясы.

Жоспар

  1. Топтар және оның классификациясы.

  2. Топтардың даму деңгейі.

  3. Ұжым ішінде адамдардың іс-әрекеті аркылы өзара қатынастардың сипаты.

Топ – бұл адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесуі, яғни адамдар бірлестігі. Топтар шартты, реалды болып бөлінеді. Психология ғылымының айналысатыны нақты (реалды) топтар. Нақты топ дегеніміз- адамдардың іс–әрекеті бір мақсатта бағытталған, олар белгілі бір кеңістікте, азды–көпті мерзім ішінде аралас–құралас жүретін бірлестік. Әрбір адам бірнеше топтың мүшесі болуы мүмкін. Бірақ та соның ішінде біреуіне өте етене жақын болады. Топтар ең алдымен (макро) топ, шағын (микро) топ, ресми және ресмисіз топ, ұйымдасқан топ, ұйымдаспаған контектілі (адамдар ылғида бірімен–бірі жүздесіп жүретін) топ, формалды (ресми түрде арнаулы бұйрық, жарлықпен құрылған) топ, формалсыз (дос–жаран, құрбы–құрдас, семья) топ, жасанды топ, табиғи, шартты (қағаз жүзінде ғана біріктірілген) топ, референттік топ деп бөлуге болады, мәселен, бір кластағы оқушылар, әскери бөлімше, жұмысшылар бригадасы, самалет экипажы реалды (нақты) топқа жатса, ал спорт алаңында, кино залында отырған көпшілік ұйымдаспаған топқа жатады. Бригада мүшелері, студенттер тобы–ресми топ деп аталса, бір отбасындағы жандар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар, ағайын–туыстар ұйымдасқан, ресмисіз топ деп аталады.

Топ екі адамнан бастап құралады. Қырыққа дейінгі шағын (класс оқушылары, студенттер тағы басқа) топ, ал мыңдаған, миллиондаған адамдарды біріктіретін топтар (саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни қауым тағы басқа) үлкен (макро) топтар деп аталады. Топтар сондай–ақ ассоциация, кооперация, корпорация деп те бөлінеді. Болашақ мұғалімдер мен тәлімгерлерді, іскер адамдарды әсіресе референтік топ деген ұғымның мәніне ерекше зейін қою тиіс. Бұл әр–адамның ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тыныс–тіршілігіне әр уақытта бағыт–бағдар беріп отырады, яғни жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Референттік топтың қолайлы тиянақты білім алуға ден қойған (жағымды), тентек балалар тобы (жағымсыз) түрлері де кеадеседі.

Әрбір жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас бір – бір імен тығыз байланысты топтарда болады.

Топ-бұл адамдардыњ тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесуі яѓни адамдар бірлестігі.

Топтардың мынандай түрлері бар:



  1. Шағын топ

  2. Бастапқы топ

  3. Шартты топ

  4. Нақты топ

  5. Формалды топ

  6. Формалды емес топ

  7. Референт тобы

Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір – бірімен қарым – қатынаста болатын, ортақ мақсатқа ұмтылатын адамдарды шағын топ дейміз. Бұл топқа кіретін адамдар бірін – бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндет болса біріне – бірі көмектеседі. Кіші топ мүшелерінің саны 2- адамнан аз болмайды және 30-40 адамнан аспайды.

Мыс: Отбасының құрамы, өнеркәсіп саласындағы өндірістік бригада, қожалық шаруашылығы, фермерлер, мектеп класы, космос кораблінің экипажы, жеке меншік ретінде құрылған өндіріс бірлестігі.

Топ мүшелері кез–келген адаммен өз қалауынша қатынас жасайды. бірақ, топ мүшесі топтың барлық мүшесімен емес біреуін жақын тұтады. Біреулер өзара жиі қатынасып, олардың қарым – қатынасы жақындық сипат алады. Бұл бастауыш топ болып саналады. Мұндай топ мүшелерінің саны 2 – 7 адамдардан аспайды.



Шартты топ – Адамдардың тек қағаз жүзінде бар қауымдастығы шартты топ деп аталады.

Мыс: спорт тақырыбына жазатын журналистер, әлемнің таңдаулы футболшыларынан команда құрады, ол шартты түрде бар деп есептеледі.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет