27 ақпан күні Шымкенттің Абай ауданында, Игілік ықшамауданындағы жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту пеші істен шығып, бәр әйел көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Марқұмның үй иесі екені белгілі болды. Сондай-ақ қайғылы жағдайдан соң үш адам ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына 2 адам және 1 техника, "Интергаз" АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техника жіберілді.

  • "Өрт сөндірушілер су жоқ деді": Алматы облысында 6 баласы бар жесір әйелдің үйі түк қалмай жанып кетті
  • Алматыда автобус өртенді (видео)

ТЖМ қазақстандықтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау керегін ескертеді.

Бұған дейін Алматыда мыңдаған тұрғын үй көгілдір отын мен жылудан ажыратылған еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.