Жоба қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру



жүктеу 52.64 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі52.64 Kb.


ЖОБА

Қаратал ауданында үгіттік

баспа материалдарын орналастыру

үшін орындарды белгілеу және

кандидаттарға сайлаушылармен

кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қаратал аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.

3. «Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Иманғалиева Сағира Таңатарқызына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байтаева Күлпәш Ізмұқанқызына жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Қ.Бисембаев

Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы .... наурыздағы «Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» № .... қаулысына 1-қосымша

Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Үштөбе қаласы бойынша:

1) Үштөбе қаласы, Б. Жолбарыс батыр және Кузнецов көшелерінің қиылысындағы стенд;

2) Үштөбе қаласы, Б.Момышұлы көшесі, Қаратал аудандық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;

3) Үштөбе қаласы, Төле би және Абдрахман ақын көшелерінің қиылысындағы стенд;

4) Үштөбе қаласы, Түркісіб және Момышұлы көшелерінің қиылысындағы стенд;

5) Үштөбе қаласы, Мартынов және Нұрмыхамбетов көшелерінің қиылысындағы стенд.

2. Айту би ауылдық округі бойынша:

1) Көкпекті ауылы, Н.Жанысбайұлы көшесі, № 5, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;

2) Жасталап ауылы, Сейфуллин көшесі 1, Құлжабай батыр атындағы орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд;

3) Айту би ауылы, Достық көшесінің кіре берісіндегі стенд;

4) Қожбан ауылы, Мұнайтпасов және К.Әзірбаев көшелерінің қиылысындағы стенд.

3. Балпық ауылдық округі бойынша:

1) Жанаталап ауылы, Жамбыл көшесі, № 34, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;

2) Оян ауылы, Асықбаев көшесі, № 11/2, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;

3) Ұмтыл ауылы, Бейсенбіұлы Ахметше көшесі, №5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.

4. Бастөбе ауылдық округі бойынша:

1) Бастөбе ауылы, Комаров көшесі, № 3, мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;

2) Ортатөбе ауылы, Серегин көшесі, № 3, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;

3) Кішітөбе ауылы, Комсомолская көшесі 35, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;

4) Жылыбұлақ ауылы, Мира және Әуезов көшелерінің қиылысындағы стенд.

5. Елтай ауылдық округі бойынша:

1) Қаражиде ауылы, Қонаев көшесі 8, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;

2) Сарыбұлақ ауылы, Өтеген батыр көшесі 13, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.

6. Ескелді ауылдық округі бойынша:

1) Ескелді ауылы, Жансүгіров және Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы стенд;

2) Көкдала ауылы, Жамбыл көшесі, № 14/1, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;

3) Қызылжар ауылы, Байтұрсынов және Д.Дүйсенбаев көшелерінің қиылысындағы стенд;

4) Қайнар ауылы, Қайнар көшесінің кіре берісіндегі стенд.

7. Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша:

1) Кәлпе ауылы, Р.Бекенов көшесі, № 24, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;

2) Қанабек ауылы, Саринов көшесі, № 20, мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;

3) Қарашенгел ауылы, Жамбыл көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.

8. Қаңбақты ауылдық округі бойынша:

1) Алмалы ауылы, Жайлығұлов көшесі 1, ауылдық аурухана ғимаратының жанындағы стенд;

2) Ақжар ауылы, Тілеуғұл батыр көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.

9. Қызылбалық ауылдық округі бойынша:

1) Көпбірлік ауылы, Жетінші көшесі, № 4, ауылдық аурухана ғимаратының жанындағы стенд;

2) Қарақұм ауылы, Ш.Уәлиханов және С.Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы стенд.

10. Тастөбе ауылдық округі бойынша:

1) Тастөбе ауылы, Халықов көшесі 1, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.

Қаратал ауданы әкімдігінің

2015 жылғы .... наурыздағы

«Қаратал ауданында үгіттік баспа

материалдарын орналастыру үшін

орындарды белгілеу және

кандидаттарға сайлаушылармен

кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»

№ .... қаулысына 2-қосымша

Қаратал ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар



  1. Бастөбе ауылдық округі бойынша:

  1. Бастөбе ауылы, Комарова көшесі, № 3, аудандық мәдениет үйінің акті залы.

  1. Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша:

  1. Қанабек ауылы, Саринов көшесі, № 20, мәдениет үйінің акті залы

Қаратал ауданы әкімінің 2015 жылғы ... наурыздағы «Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» № ... қаулысына келісім



«КЕЛІСІЛДІ»

Қаратал аудандық сайлау Жұманов Бейсенбі Нұржауұлы



комиссиясының төрағасы «____»____________2015 жыл
Каталог: images
images -> Конверттерді ашу хаттамасы
images -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
images -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
images -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
images -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет