Жоба атауы: «Лимонның адам өміріндегі пайдасы»



бет3/8
Дата23.09.2022
өлшемі4.48 Mb.
#175673
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1557828140 3
қмж полисахаридтер
5


ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Лимонның шығу тегі.
Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірге кезде елімізге орнығып, халқымыздың қолданыстағы жемісі қызметін атқарып жатыр және де олардың көңілінен шығуда.

Цитрус дақыларын зерттеуші мамандары арасында лимонның шығу тегі туралы бір қалыпты пікір жоқтың қасы десекте болады. Оның цитроннан ауып кетіп шыққан мутация деген жорамалдары да бар екен. Лимон жемісі қалай болғанда да табиғатта жабайы түрде кездеспейтін жемістер қатарынан көрінеді.


Лимон жемісі туралы еі алғашқы мәліметтер Қытайда ҮІІІ ғасырға жатқызады. Ал ХІІ ғасырда арабтар оны Испаияға әкелген. Дәл сол кездің өзінде бұл өсімдік дәл қазіргідей түрінде қалыптасқан екен. Александр Македонсийдің әскерлері Еуропаға Үндістаннан лимон жемістерін әкелген. Оларды үнді алмалары деп атап кеткен. Ал атақты теңіз саяхатшысы Джеймс Кук өз теңізшілерін цинга атты ауырудан қорғау үшін осы лимон жемісін жегізген деседі,ХҮІІ ғасырдағы британдық теңізшілерді «лимондықтар»,яғни «лаймиз» деп атап кеткен.


Осыдан жүз жыл шамасы бұрын Нижний Новгородтың жанындағы Павлово атты селода орыс шаруалары лимонды өз үйлерінде өсіріген.


Лимон ағашының мекені- Үндістан,Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі таңда тропикалық аймақтарда ғана емес,сонымен бірге мәдени түрлері субтропикалық Кавказ,Орта Азия,Калифорния,Флорида,Жерорта теңізінің аймақтарында да өсіріледі екен.


6


2.2. Лимонға ботаникалық сипаттама.


Лимон- цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік.


Ботаникалық сипаттамасы: Лимон ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді,ұшы сүйір. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды иәс бөліп тұрады. Гүлі ақ түсті,хош иісті. Лимон ағашының жемісі жұмыртқа пішінді,кейбір сұрыптарында домалақ пішін кездеседі. Жемістің ұзындығы 7-12 см,диаметрі 8-10 см,салмағы 120 грамм шамасында. Лимон жемісінің қабығының қалыңдығы 2-5 мм,сары түсті. Лимонның шырыны ақшыл-сарғыш түсті, дәмі ащы.

Елімізде осы уақытта екі жерде ғана лимон өсіріледі. Ол Шығыс Қазақстан облысында,Өскемен қаласының маңайындағы Украинка деген ауылдажәне Оңтүстік Қазақстан облысында Дидар Имашев басқаратын «Нығметолла» деген шаруашылықта. Қазіргі таңда Атырауда өнеркәсіптік ауқымда лимон өсірілетін алғашқы бақша ашылды. «Біздің климаттық жағдайға бейімделетін лимонның түрін ұзақ таңдадық. Нәтижесінде Ташкенттегі лимонарияда өсірілетін «Дүние» (Мир) сұрпына тоқталып, оның алғашқы 2 мың көшеттін бір гектар жерге ектік, - деді Атырау облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің жетекшісі Владимир Розметов. Шаруа қожалығының жетекшісі Атырауда лимон өсіруге өзбекстандық мамандардың көмектесетіндігін айтты. «Күн суытқанда өсіндіні үсік шалмас үшін жылыжай орнатамыз. Алғашқы өнімді алдағы жылы аламыз деп жоспарлаудамыз. 4 жылдан кейін әр тал 150 келіге дейін лимон беруі мүмкін. Бұл жобаны тек Атырау облысында ғана емес, лимонды шеттен алып келетін Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүзеге асыруды көздеп отырмыз», - деп атап өтті В. Розметов.


Негізінен Қазақстанға лимонды Испаия, Аргентина және Турция елдерінен әкеледі.

Дұрыс күтіп баптаса,лимон үй жағдайында да гүлдеп,жеміс береді. Үйде өсірілетін лимонның қабықтары жұқа,дәні майда,хош иісі көбірек болады. Дәнінен өсірген лимон 7-8 жылдан,кейде 15-20 жылдан кейін ғана жеміс береді. Бұл процесті тездету үшін,бір жылдық көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек. Мұндай өсімдік 2-3 жылда гүлдей бастайды. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін сабақ бойында кем дегенде 10-15 жапырақ болуы керек. Лимон өсімдігін үйде де өсіруге болады,оның арнайы сұрыптары бар. (2-сурет)


7

Бұл ағаштар көктем-жаз кезеңінде 2-3 рет гүлдейді.,ал қыста жарық жетпесе демалып тұрады. Жақсы сұрыптары жылына 1-4 рет гүлдеп,жеміс береді. Бөлме лимондарының жемістері жақсы жетіліп,піседі. Олардың дәмдік сапасы сырттан әкелінген лимондарға қарағанда жоғары болады. Бөлмеде өсіп тұрған лимон ағашының жапырақтарынан фитонцид деген зат бөлінеді де,бөлмені аурау таратушы микробтардан тазартып тұрады және ауаны хош иістендіреді. Сол себепті цитрус өсімдіктерін өсірушілер суық тиіп ауруды білмейді. Лимонның иісі шаршағанды басады,көңіл-күйді сергітеді,көздің көруін жақсартады,жұмысқа қабілеттілікті арттырады екен. Компьютермен жұмысты көп жасайтындарға адамдарға пайдасы көп екен,сонымен қатар оның иісі тек жемісінен ғана емес,жапырақтарынан да жақсы иіс шығып тұрады.


Қыста 15-18 ͦ С жылыда,ылғалды ауада,жарықта жақсы сақталады. Құрғақ ауаны,қатты ыстықты жақсы көрмейді. Терезенің алдына қойғанда желдеткіш жабық тұруы қажет. Көктемде баққа топыраққа ыдысымен отырғызып, күзде қайта үйге кіргізу қажет. Лимонды күннің қысқа мерзімінде отырғызса тез гүлдеп,өнім береді. Бөлмеде газ,түтін,мұнай өнімдерінің иісі болса өспей қалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет