Жоба атауы: «Лимонның адам өміріндегі пайдасы»


2.4. Лимонның емдік қасиеттері



бет5/8
Дата23.09.2022
өлшемі4.48 Mb.
#175673
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1557828140 3
қмж полисахаридтер
9


2.4. Лимонның емдік қасиеттері.
Катарактаның қалыптасу қаупін азайтады,кіші қан тамырларының қабырғаларын қатайтады. Қаназдықты және ревматизмді емдеуге көмек береді. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.

Лимон құрамындағы дәрумендердің мол болуына байланысты оның адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Жалпы лимон бактерияға қарсы және иммунитетті жақсарту әсері жөнінен бірінші орында тұр. Бәріміз білетіндей,лимон жемісі С дәруменіне бай,ал ол қыс мезгілінде иммунитетті жоғарлатуда,әр түрлі тыныс жолдарының ауруларында көп пайдасын тигізеді. Біле білсеңіз,100 грамм лимонда 150 грамм С дәрумені бар. Ал, ересек адамға тәулігіне 60 грамм С дәрумені қажет. Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында,дәл осы жұмсағында дәрумендер көп жинақталған. Ал,лимон жұмсағы 90% судан, ал қалған бөлігі суда еритін дәрумендер және алма,лимон қышқылынан тұрады. Құрамындағы калийдің маңыздылығы соншалықты,жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын реттейді,яғни қан қысымы жоғарлаған науқастарға,жүрек инфарктін,инсульттің алдын алуда пайдасы зор. Кейде тіпті,адамның көңіл-күйі болмаған кезде,тәбеті тартпай тұрса,1 тілім лимонды шайға салып ішсе болады. Ол әрі тіске,әрі қызыл иектің қанауында көмектеседі. Суға лимон шырынын қосып,тісті шаюғада болады. Жүкті әйелдерге аса қажетті өнім. Себебі оның құрамында жоғары мөлшерде С дәрумені бар және бұл әсіресе жүкті әйелдердің таксикоз кезінде пайдалы,сол кезде 1 тілім лимонды күніне 1 рет жесе басылады. Бір ескере кететін жайт,лимон цитрустық жемістер қатарынан болғандықтан,


Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Әсіресе, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар әйел адамдарға қолданбаған жөн,өйткені оның құрамында қышқыл бар. Лимонды шаймен бірге ішудің пайдасы мол. Оның қасиеті ағзадағы артық жиналған заттарды,шлақтарды шығарады және өзіңді тыныштандырып,жақсы көңіл-күй сыйлайды. Таңертен тұрғанда 1 тілімін шайға салып ішсеңіз,сіз өзіңізді күні бойы сергек,әрі жеңіл сезініп жүресіз. Қандай димонды таңдау керек екенін айта кетейін. Қазіргі кезде лимон түрі өте көп. Оның түрі қаншалықты көп болса,оның барлығының да тигізер пайдасы бірдей. Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне,яғни сыртқы түсі қанық сары түсті,сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек,дақтары болмағанын қадағалаңыз.


10
Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенін бұрыннан білеміз. Диетолог- мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сонымен қатар, олар таза суға лимон тілімдерін қосып ішкен дұрыс екенін дәлелдеген.

Цитрус өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай,адамның көңіл-күйін көтеріп сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол. Оны қарапайым адамдардан бастап,даңқты спортшыларда жаттығуларда, сайыстарда пайдаланады. Қазіргі уақытта сапалы шырынды пайдалануға әлемдік деңгейде көп көңіл бөлінуде.


Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі көп адамға аян. Қант диабетімен ауратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп,ұнтақтап,сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып,шай сияқты демдеп,күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп,ауруынан айықтыруға болады екен.


Лимонды кесіп алып,шайға салып,ішіп жүрсе,қан жүрісі реттеледі,қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шәй ішкен адамның жүйкесі бір қалыпты болады.

Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға,склероз,қаназдық ауруларынан жазылуға жәрдем береді екен.


Артық салмақтан арылуды мақсат еткен адамдарға лимон қосылған су көмекке келеді екен. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып,артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек.


Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр,өт,бүйрек ауруларының алдын алып,бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына жағдай жасайды. Ағзаны қажет емес зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып,терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу,секпіл,әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап,оны ағартады.

Лимон - көптеген ауруға шипа. Өйткені лимон дәруменге бай. Бас ауырғанда, қантсыз кофеге лимон тамызып ішу керек.


Лимонды тырнақты қатайту үшін пайдалануға болады. Оны тырнаққа жағып, лимон шырыны қосылған ванна қабылдаңыз. Көк шай мен лимонды араластырып, бетке маска дайындауға болады.


11
Ол бетіңіздің шырайын ашады. Лимон қосылған сумен шашыңызды шайсаңыз, ол шашыңызға көлем береді. Лимон қосылған суға аяғыңызды салсаңыз, аяқтың шаршауы басылады. Лимонмен табанды сүртіп тұру керек. 
Лимон қабығын тастамаңыз. Оны қайнаған ыстық суға салып қойсаңыз, біраздан соң жап-жақсы иіссу дайын болады. Онымен денені, шашты шаюға болады. 

Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызиды және қышиды, ал бас ауыруы басылады.


Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.


Қабығымен 3 лимонды, 3 бас сарымсақ, 3 стақан мүк жидекті сығыңыз, 7 стақан қайнатылған сумен ашытыңыз, 2 күнге салқын жерге қойыңыз, сүзіңіз, 400 г бал құйыңыз, араластырыңыз және тағы 2 күнге салқын жерге қойыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтап ішіңіз. Сонда жап жас қалпыңыз сақталады екен.


Лимонның адам басындағы қайызғақты кетіруге де пайдасы зор екен. Ол үшін 4 лимонның қабығын 1 литр суда 15 минут пісіріңіз, қайнатпаны сүзіңіз. Шашты қайнатпамен аптасына бір рет шайыңыз.


Лимон жемісі біздің өмірімізде тек адамның ішкі құрылысына пайда әкеліп қана қоймай, бетімізгеде мол пайда тигізеді екен. Мысалға айтатын болсақ


Таза лимон шырынымен беттің және қолдың терісін сүртеді. Ол дақты кетіруге көмектеседі. Сонымен қатар, егер лимонның шырынын өкшеге, тізеге, шынтаққа жақсаңыз, қатайған теріні кетіру анағұрлым жеңілдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет