Жоба атауы: «Лимонның адам өміріндегі пайдасы»


2.3. Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері



бет6/8
Дата23.09.2022
өлшемі4.48 Mb.
#175673
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1557828140 3
қмж полисахаридтер
12
2.3. Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері.
Лимонды үй шаруасында да қолдануға болатынын көбі білмейді. Бірақ оның тазартқыш және иіс кетіргіш қасиеттерін қолдану тәсілдері өте көп.
Мысалы: азық-түлікті кесетін тақтай әртүрлі жағымсыз иісті (сарымсақ, пияз, балық, т.б.) сіңіп алса, оны лимонның жартысымен сүрту керек, ол барлық иістерді бірден кетіреді. Егер жеміс-жидектерді жуатын суға лимон шырынын қосса, ол бактерия мен микробтарды өлтіріп, жемістерге хош иіс береді, себебі оның антибактериалдық және дезинфекциялық қасиеттері бар.
Құрап қалған салат жапырақтарын суық суға салып, оған лимон жартысын сықсақ және бір сағат тоңазытқышта ұстасақ, ол жаңадан ашылады.

Егер лимонға қалампыр бұтағын кіргізіп, оны шқапқа салсақ, ол кеуіп, өзінен жағымды хош иіс шығарады. Ауаны тазартып, тамаша иіс қалтырады.


Ас бөлмесіндегі сұр алюмин заттар мен ыдыстар ұнамаса, оларды лимонның жартысымен сүртіп жылтырлатуға болады.


Киімдегі дақтардан бір стақан лимон шырыны көмектесе алады, оны кір жуғанда жуатын машинаға кұю керек. Жуған киім хош иісті сіңіп алып, дақтардан айырылады. Ал үлкен дақты кетіру үшін, ас содасын лимон шырынын 50/50 ара қатынаста алады. Жуу алдында осы ерітіндіні даққа жағу керек.


Ваннаны тазарту үшін де лимон жақсы көмекші болып табылады. Оның шырынына су және сірке суын (уксус) қоссақ, ол дақтар мен кірді жақсы кетіреді.


Кейбір бұнақденелілердің иістерді жақсы сезетіні белгілі, сондықтан лимон шырынын бөлме бұрыштарына, терезе астына сеуіп қоюға болады. Сол уақыттан бастап, үйге өрмекшілер, құмырсқалар, бүргелер мен тарақандар кіруін қояды. Ал еден жуатын суға лимон шырынын тамсақ, ол дезинфекция жасап, жағымды иіс қалтырады.




13
Зерттеу материалдары


2.6. Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру.

Лимон шырынымен матадағы дақты кетір үшін мынадай тәжірибе жүргіздім. Ол үшін маған мына заттар қажет болды. Йод,лимон,мақта.


Мақтадаға йодты тамызып,матадағы даққа лимон шырынын құйдым. Оны 5 миутқа қойып қойдым. Лимон шырынындағы лимон қышқылы йод дағын кетірді. (3-сурет)

Екінші жүргізген тәжірибем,аллюминийден жасалған ыдысты тазалау. Ол үшін маған аллюминийден жасалған ыдыс,лимон,су,шүберек. Аллюминийден жасалған ыдыстың лас жерін лимонның жартысымен сүртіп, 10 миутқа қойып қойдым. Содан соң сумен шайып,ыдыс жуатын шүберекпен сүрттім. Лимон ыдысты тазалауға көмектесті. (4-сурет)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет