Жоба атауы: «Лимонның адам өміріндегі пайдасы»


лимонның шәй түсін өзгертетінін дәлелдеу



бет7/8
Дата23.09.2022
өлшемі4.48 Mb.
#175673
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1557828140 3
қмж полисахаридтер
2.6. лимонның шәй түсін өзгертетінін дәлелдеу.

Ол үшін маған қажет болған 2 шыны ыдыс,шай шығаратын аққұман және лимон.


Шайды аққұманға шығарып,екі ыдысқа құйдым. Біреуіне лимон қостым. Лимон қосылған шәйдің түсі өзгеріске ұшырап,ақ рең берді.(5-сурет)

Мен лимон жемісін зерттеу барысында аудандағы көптеген дүкендерге барып,айына лимонды сату мөлшерін анықтадым. Ол төмендегідей көрсеткіш көрсетті.





р\с

Дүкен атауы

Лимонды айына сату мөлшері (кг)

1

«Дана»

20-40 кг

2

«Ернар»

10-18 кг

3

«Айбек» дүкені

15-20 кг

4

«Овощий и фрукты»

10-15 кг

Барлығы: 55-93 кг




Лимон жемісінің өту деңгейін анықтау барысында, «Дана» супер маркетінде өте жоғарғы деңгейде өтетінін анықтадым. (6,7-сурет)




14
ІІІ. Қорытынды

Мен лимон туралы мәлімет жинағанда, оның шығу тегі мен ботаникалық сипаттамасы туралы көп білім алдым. Оның көмегімен қандай ауруларды алдын алып, емдеуге болатынын анықтадым. Лимонды үй шаруасында қолданудың бірнеше тәсілін таптым. Мен осы мәліметті іріктеп, бір кітапшаға жинадым. Оны әр үйдің тазалығын сақтап, ас бөлмесінің жарқырап шығуына жақсы көмекші құрал деп санаймын.


Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екені белгілі болды. Ол дәрумендерге бай өнім. Лимон қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммуниетті жақсартуға,склероз,анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді екен.


Лимон туралы материалдар жинақтау барысында мен ауданымыздың белгілі терапевт дәрігерінің бірі Нұрмағамбетова Салима Дүйсенқызымен сұхбаттасу арқылы көп мәлімет алсам, «Нағи» дәріханасының медбикесі Айдарханова Нұржамал апайымыз құрамында лимон жемісі қосылған дәрілер,соның ішінде «доктор мом», «трависил» сияқты дәрілердің өту деңгейінің жоғары екендігін айтып өтті.(8,9-сурет)


Ұсыныстарым:


Дақ кетіру кезінде қымбат,зиянды дақ кетіргіштер, ыдыс тазартқыш орнына лимон шырынын қолданайық. Және тісіміздің саулығы үшін лимон салынған шәй ішейік. Сонымен қатар таңертең ерте тұрғанда суға салынған лимон суын ішуге кеңес берер едім,себебі бұл күні бойы сергек жүруге көмектеседі екен.

Лимон ағашын елімізде өсіре алмасақта үйімізде өсіруге жұмыстанайық.


Лимон жемісін зерттей келе оның жағымсыз жақтары бар екеніне де анықтадым. Оның тұқымы мен қабығы тамақтың дәмін бұзады. Қазақстан жерінде аз өсіріледі. Лимонның бағасы ауданымызда қымбат. Сол себепті қолдан өсірейік деп айтқым келеді.

Тәжірибе арқылы мен лимонның шын мәнінде таңғажайып жеміс екенін дәлелдедім. Ол үй шаруасына жақсы көмектеседі: киімдегі дақтарды кетіреді, ыдыстарды тазартады, тістің ақ болуына жақсы ықпал етеді, тіпті электр қуатын да береді. Ал адам денсаулығына деген пайдасы шексіз. Сондықтан жемістердің арасында лимонға тең жеміс жоқ деп анықтадым. Күнде бір лимон жесеңіз – ешқашан ауырмайсыз, - деп жұмысымды қорытындылауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет