Жоба «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


Ерекше балық аулау аймағының режімі



жүктеу 1.05 Mb.
бет4/5
Дата22.09.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5

7. Ерекше балық аулау аймағының режімі
36-бап. Ерекше балық аулау аймағының режімі

1. Қазақстан Республикасының ерекше балық аулау аймағының шегінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және халықаралық шарттармен белгіленген Каспий теңізінде ерекше балық аулау аймағының режімі қолданылады.

Ерекше балық аулау аймағы режімінің ережесі Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Ерекше балық аулау аймағы режімінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы теңіз түбін жабатын, сулардағы табиғаттың тірі және тірі емес ресурстарын белгіленген тәртіппен барлау, өңдеу және сақтау оның экономикалық мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайлар туғызу жолымен қамтамасыз ету болып табылады.

3. Ерекше балық аулау аймағының режімін бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және қоршаған ортаны күзету саласындағы уәкілетті органдармен бірге орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласының уәкілетті органына жүктеледі.
37-бап. Ерекше балық аулау аймағының режімін бұзу

1. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және халықаралық шарттармен балық аулау аймағындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу теңіз түбін жабатын, сулардағы табиғаттың тірі және тірі емес ресурстарын барлау, өңдеу және сақтау жүргізумен байланысты, ерекше балық аулау аймағының режімін бұзу болып табылады.

2. Ерекше балық аулау аймағының режімін бұзумен байланысты құқық бұзушылық анықталған жағдайда орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласының уәкілетті органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және (немесе) Қазақстан Республикасы балық шаруашылығын жүргізу мәселелерінің уәкілетті органдары заңсыз қызметті тоқтатуға барлық қажетті шараларды қолданады.


8. Континенттік қайраң режімі
38-бап. Континенттік қайраң режімі

1. Каспий теңізінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы шегінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және халықаралық шарттармен белгіленген құрлықтық континенттік режімі қолданылады.

Континенттік қайраң режімінің ережесі Қазақстан Республикасы өкілетті органының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен недро пайдалану мәселесі бойынша келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Континенттік қайраң режімінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы континенттік қайраңының табиғи байлықтарын белгіленген тәртіппен барлау және өңдеу, оның экономикалық мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайлар туғызу жолымен қамтамасыз ету болып табылады.

39-бап. Континенттік қайраң режімін бұзу

1. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және халықаралық шарттарымен белгіленген континенттік қайраңда қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу, табиғи ресурстар түбі мен недрды ( теңіз түбінің миниралды және басқа да тірі емес ресурстарын және оның недрын, сонымен қатар «отырған түріне» жататын тірі организмдер) барлауды және өңдеуді енгізумен байланысты, соның ішінде жасанды аралдарды, қондырғыларды және ғимараттарды құру және пайдалану,оларды бұзылмайтындай ету және бөлшектеу, қалдықтарды және өзге де материалдарды көму, сондай-ақ ғылыми теңіз зерттеулерін жүргізу континенттік қайраң режімін бұзу болып танылады.

2. Континенттік қайраң режімін бұзумен байланысты құқық бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және (немесе) Қазақстан Республикасы недр пайдалану мәселелерінің өкілетті органдары заңсыз қызметті тоқтатуға барлық қажетті шараларды қолдануға құқылы.

9. Қазақстан республикасы үкіметінің, сондай-ақ қазақстан республикасының өзге де мемлекеттік органдарының мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) саласындағы өкілеттіктері
40-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының шекара саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарының қызметін бақылайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының қызметін ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен бірге Мемлекеттік шекараны қорғау жүйесін қолдануды ұйымдастырады, Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады, тапсырмалар әзірлейді және оның жүзеге асырылуын бақылайды;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынысы бойынша Мемлекеттік шекараны категориялау тәртібін (ережесін) анықтайды және оның орналасу мәселесін үйлестіреді;

4) шекара алқабының, карантин алқабының, шекара аймағының шегі белгіленеді, Каспий теңізіне аумақтық сулардың (теңізі) енін есептеу үшін бастапқы сызығын, сондай-ақ аумақтық сулардың (теңізі) сыртқы шектерін анықтау үшін географиялық нүктелерді (негізгі геодезиялық деректерді көрсете отырып) анықтайды;

5) Әуе кемелерімен Мемлекеттік шекараны кесіп өту ережесін белгілейді;

6) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде, сондай-ақ шектес мемлекеттердің өтініші бойынша уақытша шектеулерді енгізеді немесе Мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде кесіп өтуді тоқтатады;

7) карантин режімін енгізе отырып карантинді аймақты белгілейді немесе 2 және одан көп облыстар аумағында оны өзгерту туралы шешім қабылдайды;

8) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерін орнату, ашу (жабу), қолдану (пайдалану), категориялау, жайластыру ережесін, техникалық жабдықтау бойынша талаптарын және жұмысты ұйымдастыруда, олардың тізімдерін анықтайды;

9) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне тізімдемесін анқтау;

10) Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына арнайы белгі қою тәртібін (ереже), Қазақстан Республикасы азаматтарының тұлғасын куәландыратын құжаттарда, тұратын жер бойынша азаматтарды тіркеуге жауаптыны және Қазақстан Республикасынің ішкі істер органдарымен шекара аймағында ұдайы тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға арнайы рұқсатты (жеке рұқсаттама) беруді анықтайды;

11) Қазақстандық тар өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үстіндегі және су астындағы) кемелеріне (құралдарды) және мұзда жылжитын құралдарына айыратын белгілерді түсірудің түрін, көлемін және тәртібін белгілейді;

12) кемежайларды, айлақтарды және орналасқан жерлерді жабдықтандыру және жұмыс істеуі бойынша, онда қазақстандық тар өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үстіндегі және су астындағы) кемелеріне (құралдарды) және мұзда жылжитын құралдарды ұстау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізі) және ішкі суларына шығуы және оны есептік тәртібі (ережесі) талаптарын белгілейді;

13) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізі), ішкі суларда, ерекше балық аулау аймағына және континенттік қайраңда кәсіпшілікті іске асыратын қазақстандық кемелерге Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу тәртібін, осындай рұқсаттардың кеңістіктік және уақытша әрекетінің шегі, сондай-ақ нақты қазақстандық кемелеріне бақылауды іске асыру тәртібін (ережені) анықтайды;

14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігімен келісілген жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша шекара режиміне кіретін жеке шектеулердің әрекеттері алынып тасталауы немесе тоқтатылуы мүмкін шекара аймағына кіретін шекаралас аумақтар тізімі белгіленеді;

15) Шетелде болу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағына кіру құқығын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде болу (ұстау) тәртібін (ережесін) және шарттарын анықтайды;

16) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде іске асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтің барлық түрі тізімін белгілейді;

17) шекаралық белгілерді орнатудың түрін, көлемін, сипаттауын, құрылымын және тәртібін анықтайды;

18) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұсынысы негізінде теңіз коридорын және Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) қозғалыстарды бөлісу схемасын белгілейді;

19) Шекара кеңістігінің шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) азаматтарды тарту тәртібін (ережесін) анықтайды;

20) нақты Құқықпен және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен қарастырылған Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша мәселелерді шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.


41-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілеттігі

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Мемлекеттік шекараны белгілеу және бекіту, бойынша келіссөздер жүргізеді, Мемлекеттік шекара режимін белгілеуге қажетті құжаттар мен материалдарды даярлайды;

2) Мемлекеттік шекараны қорғауды сыртқы саясатты, халықаралық-құқықтық қамтамасыз етуін жүзеге асырады;

3) өз құзіретінің шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан кету құқығына құжаттарды рәсімдейді;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен Қазақстан Республикасына қатысты шетел мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекара арқылы өту тәртiбіндегі өзгерістер туралы, шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекараны делимитизациялау мен демаркациялаудың жүргiзiлуi туралы хабарлап отырады;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық өкiлдерi реттемеген Мемлекеттік шекарадағы жанжалдарды және Мемлекеттік шекара режимін сақтау мәселелерін дипломатиялық тәртiппен шешедi;


  1. Қазақстан Республикасы шетел елшілігінің және консульдық қызметкерлеріне шекаралық және өзге де бақылау түрлерін жүзеге асыратын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінен ғимаратқа және өзге де орындарға оларды кіргізу үшін рұқсаттаманы беруді жүзеге асырады;

  2. Шектес мемлекеттердің шекаралас өкілдері тізімімен айырбас жасауды жүзеге асырады;

  3. Қазақстан Республикасы шекаралық өкілдерінің қызметімен байланысты республикалық бюджет қаражаты есебінен шығындарды қаржыландыруын жүзеге асырады, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері бойынша халықаралық шараларды өткізу кезінде өкілетті тұлғаларды шетелге іссапарға жіберуге қаражаттарды пайдалану бойынша шешім қабылдайды;

9) нақты Құқықпен және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен қарастырылған Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша мәселелерді шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:

1) Мемлекеттік шекараны күзетуді тiкелей қамтамасыз ететiн Шекара қызметiне басшылықты жүзеге асырады;


  1. өзге де өкілетті органдармен бірге өзінің құзіреті шегінде құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда, ерекше балық аулау аймағында, континенттік қайраңда және Мемлекеттік шекара арқылы өту пунктерінде Мемлекеттік шекараны қорғауды (күзетуді) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi ;

  2. Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

  3. өзінің құзіреті шегінде өз бетінше немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірге Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) мүддесіндегі өкілетті органдар мен ұйымдардың қызметін үйленстіреді, ұйымдастырады және олармен қарым-қатынасты ұстайды;

  4. Шекара қызметінің Мемлекеттік шекараны қорғауды (күзетуді), оны жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережесін әзірлейді және ережені қабылдайды;

  5. Мемлекеттік шекараны межелеу, орнату және редемаркациялауға, шектес мемлекеттермен Мемлекеттік шекара режимін орнату мақсатында қажетті құжаттарды және материалдарды даярлауға қатысады;

  6. Қазақстан Республикасы шекаралық өкілдерінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;

  7. Шекаралық кеңістікте және халықаралық қатынас арналарында саяси, әлеуметтiк-экономикалық және қылмыстық жағдайды, сондай-ақ шектес мемлекеттердегі Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатысты болуы мүмкiн дағдарысты жағдайларды талдап, болжам жасауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасына және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу туралы заңнамасына сәйкес оны жүргізуге жататын істер бойынша тергеу (өндіріс) жүргізеді, шекара кеңістігінде ұсталған тұлғаларды тексеру және құқықты бұзу жағдайларын анықтауға қатысады;

10) Қазақстан Республикасының үкіметінің Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының әкімшілігі, Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған басқада күштермен қолдану.



3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

1) әуе кеңістігі мен су асты ортасында Мемлекеттік шекараны қорғауды (күзетуді) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің осы Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарымен белгіленген жағдайларда және тәртіпте құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда Мемлекеттік шекараны қорғауына және қорғанысына қатысуын қамтамасыз етеді.

3) өз құзыреттілігі шегінде Мемлекеттік шекара режимін бұзумен байланысты қақтығысты шешеді, осы мақсаттар үшін өзге де уәкілетті органдарды тартады;

4) теңіз дәліздері мен аумақтық сулардағы (теңіздегі) қозғалыстарды бөлу сызбасын белгілеу бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

5) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда және тәртіпте Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) бойынша іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын қатыстырады;

6) осы Заң мен ведомствоаралық нормативтік құқықтық актілер негізінде Мемлекеттік шекараны қорғауды (күзетуді) қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көмек көрсетеді;

7) Осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен көзделген Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) бойынша міндеттерді шешуге бағытталған өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының кедендік органдары:

1) Мемлекеттік шекарада жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің экономикалық және өзге де мүдделерін қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

2) өз құзыреттілігі шегінде кедендік және өзге де бақылаудың түрлерін ұйымдастыруға жауап береді, Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасына кіргізуге немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға рұқсат етілген құжаттарды ресімдеуді жүзеге асырады;

3) осы Заң мен ведоствоаралық нормативтік құқықтық актілер негізінде Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көмек көрсетеді;

4) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде режимді қамтамасыз ету мәселесі, оның құзыретіне кіретін өзге де мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін хабардар етеді;

5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша міндеттерді шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

1) өз бетінше немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп шекаралық аймаққа кіру, уақытша болу, тұру және жылжуды бақылауды жүзеге асырады;

2) шекара аймағында тұрақты тұратын шетелдіктерме және азаматтығы жоқ адамдарға арнайы рұқсат қағаздарын (жеке рұқсат қағазы), сондай-ақ шекаралық аймақта тұрақты тұрмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдарға арнайы рұқсат қағаздарының (жеке немесе ұжымдық рұқсат қағаздар) берілуін ресімдейді және жүзеге асырады;

3) шекаралық аймақта және шекара алқабында жаппай қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігіндегі құқық тәртібінің жағдайы, белгісіз жағдайлар кезінде тұрғылықты жерін тастап кеткен адамдар, қылмыстық топтар мен мемлекеттік шекараға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қатысты құқыққа қарсы ұмтылысы бар адамдар туралы хабардар етеді;

5) Мемлекеттік шекараны бұзған адамдарды және өзге де құқық бұзушыларды іздестіруге, сондай-ақ құқық бұзу жағдайлар анықтауда және тексеруде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көмек көрсетеді;

6) ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының қатысуын, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғауда Ішкі әскерлердің осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгіленген жағдайларда және тәртіпте қатысуын қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардың жергілікті жердің жеке учаскелеріне немесе шекаралық кеңістікте орналасқан объектілерге кіруіне уақытша шек қойылады немесе тыйым салынады;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен қылмыс жасау бойынша күдікті және оған қатысты жолын кесу шарасы ретінде қамауға алу қолданған қылмыстық-процессуалдық тәртіпте ұсталған адамдарды ішкі істер органдарының тергеу изоляторына, уақытша ұстау изоляторына және басқа да арнайы жабдықталған үй-жайларға қабылдайды және ұстайды;

9) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінде Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған міндеттерді шешуге байланысты өзге де іс-қимылдарды жүзеге асыруға;

10) органдардың құзырымен, обылыстық транспорттық комуникациясымен Мемлекеттік саясиатын жүзеге асыру.

6. Көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырушы уәкілетті орган:

1) өз құзыреттілігі шегінде Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің инфрақұрылымын, оларды жайластыруды және техникалық жабдықтандыруды жасайды;

2) шекара аймағына кіретін жерлерге ескерту (ақпараттық) белгілер орнатылады;

3) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша міндеттерді шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

7. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары:

1) өз құзіреттілігі шегінде Мемлекеттік шекараны қорғау үшін жағдайлар жасауға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді шығарады;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін шекара кеңістігіндегі жағдайға қатысы бар мәселелер бойынша хабардар етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) қажеттілігі үшін жер учаскелерін ұсынады;



4) Мемлекеттік шекараны қорғауды (күзетуді) жүзеге асыратын уәкілетті органдарға көмек көрсетеді, олардың ұйғарымын қарастырады және орындайды;

5) Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін жедел шешу үшін жауапты адамдарды тағайындайды және шекараға шектес аудандарда (қалаларда) құрылатын әкімшіліктер жанында құрылатын шекаралық мәселелер бойынша үйлестіру кеңестің қызметін органдармен, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың осы Заңның, Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) саласында өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауын бақылау функциясын жүктей отырып, ұйымдастырады;

6) азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) ерікті түрде қатысуы үшін жағдай жасайды;

8. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары өз құзыреттіліктері жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасын Қорғаныс министрлігіне Мемлекеттік шекараны қорғауда (күзетуде) қамтамасыз етуде көмек көрсетеді.
42-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) негізінде Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының өзара әрекеттестігі

1) Осы Заңның 41-бабында көрсетілген, Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) бойынша оларға жүктелген міндеттерді орындау кезінде бір-біріне көмек көрсетеді;



2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:

1) Мемлекеттік шекарада өз күштері мен Мемлекетті шекараны қорғауға (күзетуге) қатысатын немесе өз қызметін жүзеге асыратын Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) мүддесін қозғайтын уәкілетті органдардың өзара әрекеттестігін тікелей ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленген тәртіпте Мемлекеттік шекараны қорғауда (күзетуде) тиісті органдармен, әскерлермен, шетел мемлекеттерінің флотымен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады.

10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Шекара қызметі
43-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, оның міндеті

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Шекараның қуаншылықтағы (соның ішінде Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі), аумақтық сулардағы (теңіздегі) және ішкі сулардағы, сондай-ақ өз құзыретінен тысқары оларды қорғау бойынша шараларды іске асыруға қатысудың күзеті бойынша міндеттерді орындайтын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, мына жолдармен қол жеткізе алады:

  1. Қазақстан Республикасына қол сұғылмаушылық және аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету;

  2. Мемлекеттік шекараның режимін және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі режимдерді қамтамасыз ету;

  3. Мемлекеттік шекара туралы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарынан шығатын міндеттерді орындау;

  4. Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс міндетін шешуге қатысу;

  5. Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін қорғауға қатысу;

  6. Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда, ерекше балық аулау және континенттік қайраңдағы зонасынан, шекара зонасында орнатылған режимдерді сақтауға, өздігінен немесе уәкілетті органдарымен бақылау;

  7. Шекара кеңістігіндегі қоршаған ортаны және табиғи байлықтарды, азаматтарды қорғауда Қазақстан Республикасының табиғатты күзету және құқық қорғау органдарымен көмек көрсету;

  1. Қазақстан Республикасының бекітілген халықаралық шарттарында және Қазақстан Республикасы заңдылықтарында қарастырылған жағдайлардан басқасы, тағайындалмауы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қолдануға тыйым салынады.

  2. Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетің Шекара қызметі өз іс-әрекетін және шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және халықаралық шарттардың негізінде іске асырады, сонымен қатар: қызметтік-жауынгерлік, жедел-қызметтік, жедел-жауынгерлік, жедел-іздеу, қарсы барлау, барлау, режимдік-өткізу, әскери-техникалық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық – процессуальды және шекара өкілдері іс-қимылдарының әр-түрін қолданады.

44-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің міндеті



  1. Мемлекеттік шекараны (күзетін) қорғау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі міндетті:

  1. Қазақстан Республикасының жері арқылы өтетін мемлекеттік шекараны заңсыз өзгертуге тырысқан кез-келген әрекеттерге тыйым салу;

  2. Қазақстан Республикасының қорғанысы бойынша міндеттерді шешуде өз құзыретінен тысқары, сондай-ақ төтенше және әскери ережелердің режимдерін қамтамасыз етуге қатысуға;

  3. Әскери қалыптастыру мен бандалардың Қазақстан Республикасының аумағына қару қолданып басып кіруіне тойтарыс беру және Мемлекеттік шекарасында қарулы араңдатушылыққа және өзге де қауіп-қатерден мекенді, мемлекеттік және азаматтардың жеке меншіктерін аталған қылмысты қол сұғушылықтардан қорғау;

  4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдардың және көлік құралдарының өткізу пункттерінен тыс немесе заңсыз әдістермен өтуінен алдын-алу және оған жол бермеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушыларды анықтау және ұстау;

  5. Тиісінше рәсімделген құжаттар болған жағдайда белгіленген пункттерден Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді өткізуді жүзеге асыру;

  6. Қазақстан Республикасына әкелуге және одан әкетуге тыйым салынған жарылғыш, уландырғыш, радиоактивті, есірткі заттарын, қаруларды, оқ-дәрілерді мүлікті және басқа заттарды, сондай-ақ контрабанда заттарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орналастыруды белгіленген тәртіпте дербес немесе уәкілетті органдарымен бірлесіп кесіп өту;

  7. Мемлекеттік шекара туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын міндеттемелердің орындалуын, Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимді және Мемлекеттік шекараның режимін орындалуын қамтамасыз ету;

  8. Аумақтық суларда (теңізде),ішкі суларда, ерекше балық аулау және континенттік қайраңдағы зонасынан, шекара зонасында орнатылған режимдерді сақтауға, өздігінен немесе уәкілетті органдарымен бақылау;

  9. Өз құзыреті шегінде құқық бұзушылық іс-шараларын жүзеге асыру;

  10. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істері бойынша және қылмыстық істері бойынша тергеу жүргізуге, оны жүргізуге қатысты өндірісті жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өкілетті құқық беру бөлігінде Мемлекеттік шекараны (күзетін) қорғау шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің регламенттік әрекеттері, нормативті құқықтық мәселері бойынша әзірлеуге және қабылдауға;

12) Қоғамдық бірлестіктердің құрамындағы азаматтарды Мемлекеттік шекараны (күзетін) қорғау шеңберінде міндеттерді шешуге шекаралық кеңістіктен тысқары еркін түрде тартылсын, Мемлекеттік шекараны (күзетін) қорғау кезінде көзге түскен азаматтарды, өзге формада және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің штаттан тыс азаматтарды көтермелеуге;

13) Қазақстан Республикасының тұрғындарын құқықтық тәрбиелеуге қатысуға, шекара кеңістігіндегі ескертуге бағытталған құқық бұзушылықтар, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, тұрғындарды құқық бұзушылық, құқық бұзушыларды іздеу мен өзге мақсаттары туралы ақпараттандыру үшін шамалы ақпарат құралдарын қолдануға;

14) Осы Заңда қарастырылған жағдайлар тәртібінде қаруды, әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және физикалық күштерді қолдануға;

15) Шекара кеңістігінде қылмыс жасаған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы хабарламаны несесе өтініштерді қарауға, оларды тіркеуге және олар бойынша сәйкес шаралар қолдануға;

16) Мемлекеттік шекараны (күзетін) қорғау бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйелер мен мамандырылған есептерді құруға және қолдануға;

17) Мемлекеттік шекараны (күзетін) қорғау шеңберінде зерттеулердің іргелігі мен қолдануын жүргізуге;

18) Мемлекеттік шекараны (күзетудегі) қорғауға қатысатын әскери қызметшілердің киім үлгісі мен жабдығын анықтауға;

19) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы өтіп бара жатқан адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттарын тексеру, оларға тиісті белгілер соғу және мұндай құжаттарды уақытша алу, сондай-ақ жарамсыз құжаттарды алып қоюға;

20) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне әуе кеңістігі мен теңіз кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуге көмек көрсету;

21) Шекара кеңістігіндегі қоршаған ортаны және табиғи байлықтарды, азаматтарды қорғауда Қазақстан Республикасының табиғатты күзету және құқық қорғау органдарымен көмек көрсету;

22) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және осы Заңда қарастырылған өзге де міндеттерді орындау;



  1. Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы Шекара қызметінің әскери қызметшісі атқарып отырған лауазымынан, орналасу орны мен уақыты, шекара қауіпсіздігіне қатер тудырушы немесе олармен тікелей анықталған жағдайда, мәліметтер туралы хабарламамен немесе өтінішпен оған азаматтар хабарласқан жағдайда міндетті:

  1. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша оған жол берген азаматтарды ұстау мен белгілеуге, оқиға орнын күзетуге тиісті шараларды қолдануға;

  2. Ол жайлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің жақын бөлімшелеріне хабарлауға.

45-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің құқығы



  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекара кеңістінің шегінде мынаған құқылы:

1) қажетті инженерлік-техникалық, бөгеттер мен құрылыстарды орнатуға және салуға, байланыс және коммуникация желілері құрылысын салуға, техника мен қару-жарақты орналастыру және пайдалануды іске асыруға;

2) Мемлекеттермен шектес Мемлекеттік шекарадағы режимді орнату мақсатында қажетті материалдар мен құжаттарды әзірлеуге, Мемлекеттік шекараны межелеуге, жүргізуге қатысуға;

3) Кез-келген жергілікті учаскелерде болу (шекара нарядын орналастыру), соның ішінде аумақтарда ерекше күзетілетін және табиғи күзет аймақтары, сондай-ақ онымен қызметтік міндеттерін орындау жылжиды, шекара нарядттарының қозғалыстары үшін жер учаскелерінің жеке меншіктерінен (арендаға алушылардан) орындарды бөлкге, бөгеттер арқылы өтудің жағдайына жататын немесе басқа да тосқауылдар арқылы жабдықтау мен сақтауға;

4) Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануға, барлаулық, қарсы барлаулық және жедел-іздеу іс-қимылдарын жүргізуге;

5) Өз өкілетінің шегінде уәкілетті органдардың іс-әрекеттерін және шекара саясатын іске асыру шеңберінде ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Мемлекеттік шекараны (күзеті) қорғауға қатысатын немесе Мемлекеттік шекараны (күзетін) мүддесіне қатысты, әрекеттерді жүзеге асыруға;

6) Шекара кеңістігінде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әрекеттеріне бөгет келтіретін құқық бұзушылыққа бой алдыру, жағдайлары мен себептерін жою жөніндегі хабарламаны міндетті түрде орындауды ұйымдастыруға және мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге енгізуге;

7) Жалпыға танылған принциптердің және халықаралық құқықтар негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ұйымдастыруға және шет мемлекеттердің шекара органдарымен Мемлекеттік шекараны (күзетін) қорғауға өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға;

8) Қазақстан Республикасының шекара өкілдерінің іс-әрекеттеріне тікелей басшылықты жүзеге асыруға;

9) Мемлекеттік шекараның режимін ұстану мәселесі бойынша шектес мемлекеттердің шекаралық өкілдерімен хат-хабарды жүргізуге, шекарадағы қақтығысты реттеуге, ақпараттармен алмасуға, Қазақстан Республикасының аумағына шектес мемлекеттердің өкілдерін өзара уағдаластық бойынша шақыруға және осы Заңмен бекітілген шекара мәселесінің тәртібі жөнінде келіссөзді жүргізу үшін шектес мемлекеттердің аумағына кіруге;

10) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне осы Заңмен жүктелген міндеттерді орындау үшін қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардан, уәкілетті органдардан қажетті ақпараттарды өтеусіз алуға және сұрау салуға;

11) Мемлекеттік шекара арқылы тасымалданатын тауарлар мен жүктер және көлік құраладарын тесеруде белгіленген тәртіптерін қолдану;

12) Көлік құралдарын шығарып салу және оларға шекара нарядтарын орналастыруға;

13) Бөгетсіз құқық бұзушыларды аңду кезінде (істен шыққан құрылғыны бекіту қажеттілігі кезінде), шекара кеңістігінен тысқары кез-келген тәулікте азаматтардың тұрғын және тұрғын емес бөлімшелерге кіруге, жеке меншік формасынан тәуелсіз аумақтар мен ұйымдарға орналастыруға, сондай-ақ оларды (24 сағат ішінде прокурордың сәйкес хабарламасымен) қарап шығуға;

14) Шекаралық іздеулер мен операцияларды. Өзге іздеу іс-қимылдарын жүргізген кезде, шекаралық кеңістігінен тысқары бақылау посттарын өздігінен орнатуға, адамдардың және көлік құралдарының қозғалыстарын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға, жеке жергілікті учаскелерге азаматтарды жібермеуге, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында оларға осы учаскелерді тастауға немесе сонда қалуларын міндеттеуге;

15) Техногендік сипатта және табиғи төтенше жағдайлар шыққан кезде, халықаралық міндеттерді және салдарды жоюға байланысты жұмыстарды, қорғаныс мәніндегі жұмыстардан басқасы, шекара жолағындағы әр-түрлі жұмыстардың өндірісі, Қазақстан Республикасының өзге уәкілетті және жергілікті орындаушы органдарын хабарламамен Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төнген кезде уақытша шектеуге;

16) Байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалану, ал Қазақстан Республикасының аумағына басып кіруге тойтарыс берген кезде, Мемлекеттік шекарадағы түрлі араңдату әрекеттеріне тыйым салу кезінде, іздеу іс-шараларын жүргізуге, адамдарды жеткізуге ал қажет болған жағдайда –азаматтар, иегерге келесі олардың талаптары бойынша Қазақстан Республикасының бекітілген заңдарымен шығын тәртібінде немесе залал келтіруді қайтаруға;

17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды оларға қарсы қылмыстық іс қозғауға негіз боларлық мәліметтер жеткіліксіз болған жағдайда, жоғарыда аталған мерзімдер бойынша әкімшілік жолмен ұстауды жүзеге асыру, егерде бұл адамдарды шекаралас мемлекеттің шекара күзетіне тапсыруға шешім қабылданса, соттың келісімімен оларды уақытша, яғни келесі мемлекеттің қолына өткенге дейін ұстау;

18) Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге адамдары шетелге немесе Қазақстан Республикасына келу аралығында жоғалтқан жеке тұлғасының құжаттары олардың жеке тұлғасын орнатқанға дейін Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде қалуымен өткізуге жол бермеуге;

19) Қазақстан Республикасының ішкі сулары мен аумақтық суларында (теңіздерде) жүзу кезінде немесе кемелер Қазақстан Республикасының порттарында тұрған кезде құқық бұзуға жол берген шетелдік әскери емес кемелер экипаждары мүшелерінің және олардағы адамдардың жағаға шығуына және жағада болуына тыйым салуға;

20) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып анықталған шешімдерімен шекаралық іздеу мен операцияларды жүргізу кезінде оларға бөлінген күштер мен құралдарды қолдануға

21) әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірістерді жүргізіп және хаттама түзу;

22) Қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының анықтау істері бойынша жүзеге асыруға, оны жүргізуге жатқызылған атқаруды жүргізуге;

23) азаматтардан Мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті сақтауларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің іс-әрекетіне кедергі болатын заңға қарсы әрекеттерді тоқтатуларын талап етуге, бұл талаптарды орындамаған жағдайда мәжбүрлерудің тиісті шараларын қабылдауға;

24) шекара кеңістігінде орнатылған режімдерді бұзуға күдікті деп тануға негіздері бар адамдарды ұстау және жеке тексерулерді жүзеге асыруға, осы адамдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері тұрған жерлерге немесе өзге де орындарға құқық бұзу жағдайларын анықтау үшін жеткізуге;

25) мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуін іске асырған, оларға қатысты шектес мемлекеттің билігіне тапсыру туралы шешім қабылданған немесе Қазақстан Республикасының шебінен әкімшілік аластату туралы сот шешімі бар шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ тұлғаларды осындай шешімдерді орындау үшін қажетті уақытқа ұстауға;

26) шекара кеңістігінде белгіленген режімдерді бұзуға жол берген көлік құралдарын тоқтатуға, тексеруге және ұстауға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері тұрған жерлерге немесе өзге де орындарға құқық бұзу жағдайларын анықтау үшін (алып жүруге) жеткізуге;

27) белгіленген тәртіппен дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесе отырып Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған Мемлекеттік шекара арқылы қозғалатын жарылғыш, улы, радиоактивті, есірткі заттарын, қаруды, оқ-дәрілерді, террор мен диверсия құралдарын, өзге де жүктер мен тауарларды, сондай-ақ контрабандалық жолмен қозғалатын жүктер мен тауарларды ұстауға және тәркілеуге;

28) шекара кеңістігінде құқық бұзушылық жолын кесу кезінде фото және бейне түсірілімді жасауға, одан әрі оларды қылмыстық немесе әкімшілік істерге тіркеу мақсатында заттай айғақтарды жинауға бағытталған өзге шараларды жүзеге асыруға;

29) әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды осындай мақсаттарға арнайы жабдықталған үй-жайларда, ал олар жоқ жерлерде санитарлық нормаларға сәйкес келетін үй-жайларда ұстауға;

30) ұсталған қылмыстық-процессуальдық тәртіп бойынша қылмыс жасауға күдікті және жолын кесу шаралары ретінде қамауға алу қорытындысы бар күдіктілерді ішкі істер органдарының тергеу оқшаулау орнына, уақытша ұстау оқшаулау орнына және арнайы жабдықталған басқа да үй-жайларына орналастыруға;

31) шекара кеңістігінде орнатылған режімдерді бұзудың айқындалған жағдайлары туралы түсініктемелерді алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелеріне немесе өзге де жерлерге адамдарды шақыруға;

32) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінде Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған міндеттерді шешуге байланысты өзге де іс-қимылдарды жүзеге асыруға;

2. Аумақтық суларда (теңіз) және ішкі суларда, сулардың қазақстандық бөлігіндегі шекаралық өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында қазақстандық және шетелдік (су үсті және су асты) кемелерге, шетелдік әскери корабльдерге, мұзбен қозғалатын құралдарына қатысты Шекара қызметі мыналарға құқылы:

1) егер тулары көтерілмесе көрсетуді ұсынуға, осы суларға кіру мақсаттары туралы сұрақ қоюға;

2) егер ол жүзуге тыйым салынған немесе уақытша қауіпті аудандарға, сондай-ақ қоршай орнатылған жасанды арал, құрылғы немесе құрылыстың қауіпсіздік аймағына бара жатқан немесе жүзу режімін басқа да бұзушылықтарына мүмкіндік туғызатын болса бағытты өзгертуді талап етуге;

3) егер ол туын көтермей жатса, сұрау қою сигналдарына жауап бермесе, бағытты өзгерту талаптарына бағынбаса немесе өзге де көпшілік мақұлдаған үстанымдар мен халықаралық құқық нормаларын бұзып жатса оны тоқтатып (кемені, әскери корабльді, мұзбен қозғалатын құралды тексеру нәтижелері бойынша оған Қазақстан Республикасының суларында әрі қарай жүзуін (болуын) жалғастыруға белгіленген тәртіпті сақтағанда рұқсат етіледі, Қазақстан Республикасының суларынан кету ұсынылады немесе оны осы Заңның талаптарына сәйкес ұстау мүмкін болады) және оны тексеруді іске асыруға;

4) кемеден, әскери корабльден, мұзбен қозғалатын құралдан құқық бұзушылық жасаған және Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілкке тартылатын адамдарды түсіруге және ұстауға, бұл адамдарды, егер өзге Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылмаған болса, анықтау және тергеу немесе әкімшілік органдарына тапсыруға;

5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамасын бұзған кемелердің (әскери корабльдердің, мұзбен қозғалатын құралдарының) егер тоқтау туралы көзбен көру немесе дыбыстық сигналды (бұл сигналды көретіндей немесе еститіндей қашықтықтан) бергеннен кейін ізіне түсу Қазақстан Республикасының суларында басталса және үздіксіз жүргізілсе, өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына кіргенге дейін, Қазақстан Республикасының аумақтық суларынан (теңізінен) тыс ізіне түсуге және ұстауға құқылы.

3. Ерекше балық аулау аймағының және құрлықтық шельфінің режімін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған берілген барлық құқықтарды толық қолданады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында шекаралық іздеулерін және операцияларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі оған берілген құқықтарды шекара кеңістігінің шебінен тыс жерлерде де қолдана алады.

5. Қызметтік міндеттерді шешу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі пайдаланатын корабльдерге, ұшақтарға және тікұшақтарға (өзге де ұшу аппараттарына) мыналарға өтемсіз құқы беріледі:

1) Қазақстан Республикасының су және әуе кеңістігін, теңіз және өзен айлақтарын, әуежайларды және аэродромдарды (қону алаңын) олардың тиістігіне және тағайындалуына қарамастан пайдалану;

2) навигациялық, метеорологиялық, гидрографикалық және өзге де ақпаратты алу;

3) ұшуларды және корабльдерді жүргізуді қамтамасыз ету.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне берілген құқықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелмеген міндеттерді шешу үшін қолдануға рұқсат етілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет