Жобалаудың пайда болуы және эволюциясы



бет2/3
Дата22.09.2022
өлшемі22.77 Kb.
#175663
1   2   3
Байланысты:
ЖОБАЛАУДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Диагностика, педагогикалық диагностика, психологиялық диагностика ұғымдары
2.Жобалаудың әлеуметтік-мәдени тәсілдеріне тән белгілері:
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер конструктивті және нақты болуы тиіс;
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер тұтас объектіге дербес бағытталып, жобалау амалдарының көп варианттылығы мен мүмкіндіктерін көбейтеді;
– әлеуметтік құбылыстар жай ғана қайта құру объектілері болып қарастырылмайды, сондықтан үдеріске тартылған әрбір адам ұжымдық әрекеттің белсенді қатысушысы болып табылады және әрбір субъектімен тығыз байланыста болады.
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер өз объектілері мен субъектілері қатысатын үдерістерді өмір сүру ортасынан бөлек қарастырмайды, ол нақты қалыптасқан тарихи ортадағы әлеуметтік үдеріс пен құбылыс тұрғысынан зерттеледі.
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер мен оған қатысты жобалау әрекеттері көп вариантты, өзгермелі болады, және үдеріс барысында да пайда болған жағдайларды есепке алу арқылы жаңа жобалық шешімдер қабылдануы, басқа нұсқаларды негізге алуды да жоққа шығармайды.
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер әлеуметтік саясат, бағдарламалар, жобалаулар механизмдері негізінде жүзеге асырылады, олар өз кезегінде ұйымдастырушылық, басқарушылық, инновациялық бағдарламаларды қажет ете алады. Бұл жағдайда әрбір әлеуметтік-мәдени тәсілдің тиімді қызмет етуі соған сәйкес технологияны жүзеге асыруға байланысты болады.
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер біртекті процедура емес, ол бағдарламалық әрекеттердің сценарийін құрастыруды қажет етеді. Мысалы, жүйені жаңарту қажет болса, оны түгелдей өзгерту ме әлде жартылай жаңарту ма немесе бұрынғы жүйе сипатына қайта оралу ма, нақтыланып алынады, сөйтіп, барлық әрекеттер мақсатқа сай құрылады.


3. Осы жаңа ұйымдастырушылық мәдениеттің тірек ұғымдары: жоба, жобалау, технологияландыру, рефлексия – пайда болып, бүгінгі күні кеңінен қолданылысқа енуде. Назар аударатын нәрсе, осындағы жоба мен рефлексия ұғымдарының бір қарағанда бір–біріне қарама–қарсы сипатта екені: біріншісі –алға қарай көз тастау, екіншісі –кейін қарай қарау деген түсініктерді береді. Енді осы ұғымдарға сипаттама береміз.
Дәстүрлі «жобалау» ұғымы энциклопедиялық сөздіктерде, техникада, құрылыста, т.б. өндірістік салаларда белгілі бір бұйым жасау, немесе ғимарат салуға қажет құжаттардың–суреттер, есептеулер, т.б. –жиынтығы деп қарастырылады. Жобалаудың бүгінгі мәні одан өзгеріп, оны жеке адамның, ұжымның, ұйым не мекеменің, немесе, бірнеше ұйымдар мен мекемелердің бірлескен өнімділік әрекетінің аяқталған циклі деген түсінігі кеңінен тарауда.
Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалау түрлерінің, оларды қолдану аясының тым көптігі оларды классификациялауды қажет етеді, оны А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде қарастырып көрейік.
−Жобалау типтері немесе салалары: техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру, аралас салалар, т.б.
− Жобалау кластары немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша: моно – жобалау, мульти – жобалау, мега–жобалау. Олар қолданылуына қарай сипатталды, мысалы, моно – дербес жобалаудың белгілі бір масштабтағы түрліше дара жобалау екені атынан көрініп тұрса, мульти –жобалау бірнеше дербес жобалардан тұратын кешенді жобалау болса, мега–жобалау–белгілі бір экономикалық саланы, не аймақты дамытудың мақсатты бағдарламалары, оның құрамына моно – жобалау да, мульти – жобалау да еніп кетеді.
− Жобалау масштабтары: шағын, орташа, ірі және өте ірі деп шартты түрде белгілене алады.
− Жобалау ұзақтығы: қысқа мерзімді – 3 жылға дейінгі, орта мерзімді–3-5 жылға, ұзақ мерзімді–5-тен көп жылдарға созылатын жобалау;
− Жобалау түрлері: инвестициялық, инновациялық, білім беру, ғылыми –зерттеу, аралас, т.б. Енді осы «жобалау» ұғымының білім беру саласында қатысты сапаларын қарастыратын болсақ, оның түрлерін ғылыми –зерттеудегі жобалау, педагогикалық жобалау, әр білім алушының оқу әрекетінде қолданылатын жобалау деп бөлуге болады.
Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалауға бірнеше анықтамалар берілген, мысалы, Ф.Перегудовтың анықтамасы бойынша, «жобалау–жұмыс нәтижесінің сапасына қойылатын талаптары белгіленген, орындау сипатына сай қажетті құралдар мен кететін шығындар алдын ала 17 есептелген, берілген уақыт ішінде белгілі бір жүйеге мақсатты өзгерістер ендіру». Ол әр жобалау идея пайда болғаннан бастап, толық аяқталғанға дейін өз дамуының бірнеше сатыларынан өтеді дей отырып, даму сатыларының жиынтығы жобаның өмір сүру циклін құрайды, ал ол фазаларға бөлінеді, фазалар–сатыларға, сатылар–кезеңдерге бөлінеді дейді.
А. М. Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығын анықтайды, ол жобалауды жобаның бастапқы кезеңіне тән әрекет деп түсіндіреді. Шын мәнінде, кез келген өнімді, немесе инновациялық қызмет нақты мақсат қойылуын, дәлірек айтқанда, жобалауды қажет етеді. Педагогикалық әрекеттер тәжірибесінде білім беру жүйесін жобалау іске асырылады, мысалы, оған сабақ үрдісін жобалау немесе мектептің гимназияға өтуін жобалау, немесе бір ел бойынша білім беруді дамытуды жобалау әрекетерін жатқыза аламыз.

4. Білім беру ұйымдарында қоғам мен әлеумет сұраныстарына жауап беру үшін жүйелі инновациялық өзгерістер қажеттігі дәстүрлі басқару мазмұны мен басқару әрекеттерін өзгертуді талап етеді. Соған орай басқарушылардың іс–әрекет мазмұны мен бағыттарын, басқару тетіктері мен ресурстарды пайдалану жолдарын, әдістерін өзгерту қажеттігі туындауда.


Дәстүрлі қызметтік басқаруда ұйымның дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурстар ретінде қызметтік–жоспарлау, материалдық– техникалық, қаржылық және әкімшілік ресурстарға басымдылық беріліп, адам ресурстарының ұжымды дамытудағы рөлін тиісінше бағаланбай келгені белгілі. Бұл жерде адам ресурстары ретінде басқару субъектілері (басқарушылар мен басқарылушылар) де, білім беру субъектілері (педагогтар мен білім алушылар) алынып отыр. Бұл үдеріс білім беруді басқаруда ғана емес, жалпы бизнесті басқаруда ғасырлар бойы қалыптасып келді, өйткені, өндірісті тиімді басқару өнеркәсіпті жетілдіруге, сапалы өнім шығару жолдарын жақсартуға бағытталып, басқарушылардың құзыреттіліктері осыған байланысты бағаланып келгені белгілі. Ол туралы Гарвард университеті ғалымдары осы күнге дейін ең жоғары деңгейдегі басқарушының бейнесі мықты стратег ретінде қалыптасты, өйткені, олар бизнестің синергетикасы мен стратегиялық инвестицияларды байланыстыруға күш салуда.
Ал қазіргі қоғам талабы бойынша олар өз ұйымдарының даму перспективасын анықтауға ерекше күш салуы тиіс деген. Бұл басқаруда стратегияның қажеті жоқ деу емес, тек стратегияның ғана болуы жеткіліксіз деген сөз. Стратегия қаншалықты дәл құрылып, орындалуы нақты қадағаланса да, ол ұжымдағы адамдарды өз жұмысының тиімділігін арттыруға жұмылдыра алмайды. Өйткені, стратегия не істеу керек? басқарушылар үшін маңызды деген сұраққа жауап бергенімен, оны неліктен істеу керек? орындаушылар үшін маңызды сұраққа жауап бере алмайды. Сондықтан, бүгінгі басқарушылар алдында қарауындағы адамдардың күнделікті қызметтік міндеттерін орындауын қадағалау ғана емес, өзінің ұйымына шын берілгендікпен қарай білуін, ұйым алдындағы мақсатты орындауға деген жауапкершілігін жоғарылату жолдарын ұйымдастыру міндеті тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет