Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері



Дата13.09.2017
өлшемі52.64 Kb.
#823
түріПрограмма

УДК 004.42
Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері
Касимов И.Р., Ташмахан А.Е.

(СКГУ им М. Козыбаев)
Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерде әр түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады.

Программалау тілі деп - деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді байланыстыратын формальды тілді айтамыз. Программалау тілдері – жасанды тілдер. Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың бірнеше классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: фукционалдық мәніне (қызметі) және қолданылатын программалау технологиясына байланысты бөлінеді. Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:

1)программалауға үйретуші;

2)жалпы мәнді;

3)проблемалық-бағытталған;

4)параллель программалаушы.

Қазіргі жоғары деңгейлі тілдерді осы классификацияға сәйкес қарастырамыз. Программалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo, Basic және Pascal. Logo тілі 60-шы жылдардың аяғында С.Пейперттің басшылығымен құрылды және ЭЕМ жаңа қолданушыларға, балаларға программалаудың негізін үйретуге бағытталған. Үйретуге арналған жоғары деңгейлі тілдердің ішіндегі кең тарағаны 1965 жылы Д.Кемени мен Т.Курц құрған - Basic тілі.Ол Дербес компьютерлерге бірінші қолданылған жоғарғы деңгейлі тіл болып табылады. 60-жылдардың ортасынан бастап мамандар арасында құрылымдық программалау мәселесі көтеріле бастады. 1971 жылы Н.Вирт құрылымдық технологияға үйретуші Pascal тілін құрды. Жалпы мәнді жоғары деңгейлі тілдер қатарына әр түрлі класс есептерін тиімді программалауға бағытталған тілдер жатады. Си тілін 1972 жылы Д.Ритчи құрды және Unix операциялық жүйесі осы тілде жазылды. Си тілі ассемблер тілінің де және жоғары деңгейлі тілдің де мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін болғандықтан орта деңгейлі тіл деп атайды.

Барлық программалау тілдерін төмен және жоғары деңгейлі программалау тілі деп бөлуге болады.Төмен деңгейлі программалау тілі аппаратураның анықталған түріне арналған. Программаны құру микропроцессордың архитектурасын және компьютердің құрылғыларын жақсы білуді талап етеді. Бұндай тілдегі программа машина тілінде жазылған қарапайым командалардан тұрады (мысалы, Ассемблер тілі). Жоғары деңгейлі программалау адамға жақын анықталған жүйе көмегімен компьютерге команда беруге мүмкіндік береді (мысалы, Бейсик, Паскаль, Фортран, Си). Осы тілде жазылған программа мәтіні компьютерге түсінікті емес, сондықтан оны машина тіліне аудару керек. Жоғары деңгейлі тілдер көптеген алгоритмдерді үйреншікті математикалық амалдардың жазылуына жақын ыңғайлы түрде жазып түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл тілдерді пайдалану программалаудағы кездесетін қиындықтарды азайтады.

Жоғары деңгейлі тілдерді программа жасауда пайдалану 60-шы жылдары басталды. Содан бері бүгінгі күнге дейін белгілі есептерді шешуге арналған әмбебап, сондай-ақ бағдарланған көптеген әртүрлі тілдер жасалып пайдаланылып келеді.

Қазіргі кезде жоғары деңгейлі программалау тілдері былай бөлінеді:


  • процедуралық (көптеген классикалық программалау тілдері, мысалы, FORTAN, PASCAL, BASIC, C);

  • логикалық (ЛИСПЫ, ПРОЛОГ т.б.);

  • объекті-бағытталған (С++, Java т.б.).

Қысқа программаларды жасауда процедуралық программалау тілдерін пайдалану ыңғайлы.Логикалық программалау тілдерін алгоритмдерді теориялық зерттеуде жасанды интеллекті оқытып үйрену жұмыстарында деректер базасымен жасалатын операцияларда өндіріс объектілерін және әскери бөлімдерді басқару жүйелерін басқаруда, ал объектік-бағдарланған программалау тілдерін бәрінен де үлкен және күрделі программаларды (Мысалы, компьютерлік ойындарда), жасақтауда пайдаланған жөн.

Келесі кезекте қолданыста жүрген программалау тілдеріне қысқаша тоқталып өтсек:



BASIC программалау тілі алғаш рет 1985 жылы АҚШ-та жасалған. Бұл тіл қазіргі кезде өзінің өте қарапайымдылығына байланысты дүние жүзіне көп таралған тілдердің бірі. Ол оңай әрі жеңіл меңгерілетіндігімен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге компьютермен адам арасындағы қарым-қатынансты диалог түрінде жүргізуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы тіл болып саналады. Сондықтан да бұл бұл тіл қазіргі кезде шығарылатын барлық дербес компьютерлерге кеңінен қолданылады.

Тurbо Раsсаl - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атаған.Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады. Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

Си тілі өткен ғасырдың 70-жылдары басында АҚШ-та Bell Telephon Laboratories компания-сының қызметкері Дэннис Ритчидің бастауымен дүниеге келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, Си және ПЛ/1 тілдерімен қатар пайда болды. Си тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесінде программалаумен тығыз байланысты, өйткені бұл жүйе ассемлерде және осы Си тілінде жазылып шыққан болатын. Бұл тілде жазылған программаны компьютерде орындау кезінде ол алдымен трансляция сатысынан өтіп (машина тіліне аударылып), объектілік программа түріне ауысады да, сонан кейін барып орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – Cи тіліндегі алғашқы нұсқасы, ал екіншісі – объектілік кодтағы машина тілінде жазылған программа. Есептің нәтижесін тек машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда оның алғашқы нұсқасы өңделіп, оны қайта түрлендіру сатысы жүзеге асырылады.

С++ тiлi BCPL және B тiлдердiң негiзiнде құралған және Си тiлiнен дамыған. Си++ Си тiлiнiң кеңейтiлген түрi. Оны 1980 жылдың басында Бъерн Строустроп Bell Laboratories-сында өңдеп шығарған. Си++ тiлi Си тiлiнiң бiрқатар қасиеттерiн реттеудi қамтамасыз етедi және ең маңыздысы объектi-бағдарланған бағдарламалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл бағдарламамен қамтамасыздандыру әлемiндегi революциялық идея болып табылады.



Java–Sun Microsystems компаниясының жасап шығарған объектіге бағытталған программалау тілі. Java қосымшалары әдетте арнайы байт-кодта компиляцияланады,сол себепті олар кез келген виртуалды Java-машинасында компьютерлік архитектурасына тәуелсіз орындалады. Бұл тілдің негізгі ерекшелігі Java-дағы бағдарламалар байттық кодты өңдейтін және жабдықтамаға нұсқамаларды беретін интерпретатор болып табылатын Java виртуалды машинасында орындалатын байт-кодқа трансляцияланады. Веб-қолданбалар немес дербес компьютерлерге арналған программалар жазуда Java жиі қолданылады. Java – онымен қоса, Android платформасыны арналған ойындар жазу үшін пайдаланылатын негізгі тіл.

Delphi – Windows жүйесіндегі программалаудың ыңғайлы құралы.Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау,программа мәзірін құру,анимация және тағы басқа да іс-әрекеттерді орындауда мүмкін. Delphi екі түрде даындалған: біріншісі-күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін,екіншісі-қалған программалаушылар үшін. Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған. Сонымен қатар Delphi жүйесі Windows амалдық жүйесі үшін және арнайы серверлер үшін бағдарламаларды жасай алады.
Әдебиеттер:

  1. Абдиева К. Программалау тілі Алматы, 1993

  2. Зуев Е.А. Програмирование на языке Turbo Pascal 7.0

  3. Рубенкинг Н. Програмирования Deiphi

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет