«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата08.05.2019
өлшемі156 Kb.
#138353
түріРегламент

Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 2 маусымдағы

358 бұйрығына 3-қосымша

 

 

 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау»



мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

 

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, өтініштер қабылдауды жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген негізінде жүзеге асырады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беру.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық



бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

 

4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

1) Ғылыми кеңестің хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдап, тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді;

2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең - ЖОО ішіндегі конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруді ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді;

3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптама жүргізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды;

4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім қабылдайды;

5) Комиссия шешімінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік береді.

6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимыл рәсімдерінің нәтижелері:



1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі хатшысының құжаттар топтамасын қабылдап, тіркеуі және ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына беруі;

2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің құжаттар топтамасын ресімдеуі және көрсетілетін қызметті берушіге жеке тәртіпте қарау үшін беруі;

3) көрсетілетін қызметті берушінің сараптама жүргізуі және Комиссияға қарастыруға жолдауы;

4) Комиссияның «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы шешімі;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беруі.

 

 



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

 

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:



1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хатшысы;

2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі;

3) көрсетілетін қызметті беруші;

4) Комиссия;

5) көрсетілетін қызметті беруші.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасы:



1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдап, тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді;

2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең - ЖОО ішіндегі конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруді ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді;

3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптама жүргізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды;

4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім қабылдайды;

5) Комиссия шешімінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік береді.

Әрбір рәсімнің ұзақтығын және рәсімдер (әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасын көрсете отырып, әрбір әрекеттердің (рәсімдердің) өту блок-схемасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

 

 



4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу

тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

 

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.



«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»



мемлекеттік грантына құжаттар

қабылдау және тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

 1-қосымша

 

 

Әрбір рәсімнің ұзақтығын және рәсімдер (әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасын көрсете отырып, әрбір әрекеттердің (рәсімдердің) өту блок-схемасы



 

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»



мемлекеттік грантына құжаттар

қабылдау және тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

 2-қосымша

 

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау»



мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

 



 

 

 



 

 

 
Каталог: ckfinder -> userfiles -> files -> gos uslug
gos uslug -> «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»
gos uslug -> «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gos uslug -> «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gos uslug -> «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gos uslug -> «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gos uslug -> «Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gos uslug -> «Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет