Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесі үшін күреседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құрама сапында жалғыз Ризабек финалға шықты. 97 келіде белдескен балуан алғашқы айналымда қырғызстандық Андрей Ароновты ұтса, ширек финалда өзбекстандық Махсұд Вайсаловты 11:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда үндістан балуанды да уақытын бұрын ұтып, алғаш рет жаңа салмақта Азия чемпионатының финалына шықты. Ол финалда әлем және Азия ойындарының чемпионы Ахмед Тажудиновпен кездеседі.

Айта кетейік, бүгін бозкілемге шыққан балуандардың ішінен Ризабек қана финалға шықса, 57 келідегі Мейрамбек Қартбай жартылай финалда ұтылып, қола жүлде үшін күреседі. 65 келідегі Санжар Мұхтар, 70 келіде Мейіржан Әшіров және 79 келідегі Азамат Өміржанов жарысты жарты жолдан аяқтады. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.