«Жол ережесі туралы не білеміз?» мектеп-лицейішілік дөңгелек үстел Тақырыбы: «Жол ережесі туралы не білеміз?»



жүктеу 37.67 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі37.67 Kb.

«Жол ережесі туралы не білеміз?» мектеп-лицейішілік дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Жол ережесі туралы не білеміз?»


Мақсаты:
Оқушыларды жолда жүру ережелерін толық біліп, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне дағдыландыру, Қазақстан Республикасының «Жол ережесі туралы заңдармен» таныстырып, білімін жетілдіру.


Ұйымдастыру формасы: Дөңгелек үстел.
Көрнекіліктері: жол белгілерінің суреттері, интербелсенді тақта, тақырыпқа сай презентация, бейнеролик, постер, маркерлер.
Өтілетін орны: Ж.Жылқышиев атындағы мультимедиялық кабинет
Қатысатын оқушылар: 8-10 сынып оқушылары

Жоспар:
1) Жол ережесі туралы мәлімет беру.
2) Ой қозғау сұрақтары.
3) Талқылау.
4) Жол ережесі туралы видеоролик.
5) Cұрақ - жауап.

Барысы:
1 - жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: Бүгінгі біздің “Жол ережесі туралы не білеміз” атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!


Бүгінгі іс-шарамыздың қонақтарымен таныс болыңыздар:

Жақсылықова Айқын - №201 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әлтаева Бақыткүл - №201 мектеп-лицей психолог-педагогы

Жүргенбаев Ерлан - аудандық ІІБ қызметкері, №201 мектеп-лицейінің инспекторы


1 - жүргізуші: Бұл іс - шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз:
жолаушылардың жолда жүру ережелерін толық біліп өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне дағдыландыру. Жоғары сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының «Жол ережесі туралы заңдармен» таныстырып, білімін жетілдіру.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен, кіші баршамызға.

2 - жүргізуші: 10 сынып оқушысы Күлдейева Пердехан жол ережесі туралы мәлімет береді. Назар аударайық!
10 «В» сынып оқушысы Күлдейева Пердехан:

Қазақстан Республикасының жол қозғалысы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес келтiру, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы 4 - бөлiмнiң 92 - бабын және "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 12 - бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:


1. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап мыналар бекiтiлсiн және қолданысқа енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережелерi. Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жіберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн басып шығару (қайта басып шығару) жөнiнде тапсырыс орналастыру құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Министрлiгi 1997 жылғы 15 желтоқсанға дейiн мерзiмде аталған нормативтiк құжаттарды бұқаралық таралыммен басып шығаруды және баспасөзде, радио мен теледидарда олардың талаптарын көрсетудi қамтамасыз етсiн.


1 - жүргізуші: Бейнероликке назар аударайық.(Автокресло жайлы)

2 - жүргізуші: Осы бойынша ой - пікірімізді, көзқарасымызды білдірейік! Автокресло туралы заң қаншалықты елімізге керек? Осы туралы ішкі істер қызметкерлердің пікірлерің білсек.
1-жүргізуші: Жол ережесін бұзатын жаяу жүргіншілерге қандай тәртіптік шаралар қарастырылған?
2-жүргізуші:Елімізде, оның ішінде өзіміздің өңірде орын алып жатқан жол көлік оқиғалары қай сипатта орын алуда?
1-жүргізуші: Қазір жастарымыз көлік айдауға құмар. Оның ішінде әкесінің немесе туыстарының көліктерін рұқсатсыз, тіпті құжатсыз айдап кететін жасөспірімдер көп десек қателеспейміз. Осы жандар туралы не айтуға болады?


1 - жүргізуші: Жол ережесі туралы сұрақтарыңыз болса қонағымызға қоюға болады.

Ережеп Інжу-Маржан, 10-сынып оқушысы: Жылдамдықты асырып көлік айдайтын кейбір жүргізушілерге қандай тұсау қойылған?

Бисенбай Мадияр, 8-сынып оқушысы: Мектептер мен балабақшалардың тұсында қандай жол белгілері болуы шарт? Және ол белгілер нені білдіреді?

Тұяқбай Жансая,9-сынып оқушысы: Мектеп оқушыларына жол ережесін сақтауға байланысты 10 басты кеңесті айтып бересіздер ме?Рақмет.

Іс - шараның қорытындысы
1 - жүргізуші:
«Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір - тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip - бipiмeн сауда - саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ»
(Н. Ә. Назарбаев жолдауынан) деп айтқандай жол қозғалысы арқылы көптеген шаралар іске асып жатады. Бүгінгі іс - шараның барысы да осыған бағытталған. Өзімізге берері көп, тиімді жақтары жетерлік.

2-жүргізуші:

Алтындай уақыттарыңызды бөліп, осындай түйткілді тақырыпты талқылауға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз! Қош-сау болыңыздар!Жол ережесін сақтап жүрейік, жас өрен!



201 мектеп-лицей






Формасы: Дөңгелек үстел
Қатысушылар: 8-10 сынып оқушылары
Каталог: uploads -> doc -> 0394
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0394 -> 8 -сынып оқулығы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет