Жоо-да білім алушылардың оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстары (БОӨЖ)



бет1/3
Дата11.04.2022
өлшемі48 Kb.
#172729
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
СРОП Экология ТД
№3 дәрістің тақырыбы Қоршаған ортадағы химиялық заттардың таралу-melimde.com, Семинар тапсырмалары

ЖОО-да білім алушылардың оқытушының

жетекшілігімен өздік жұмыстары (БОӨЖ)
ЖОО-да білім алушыларды мамандыққа даярлауда БОӨЖ-дің тиімділігі білім алушылардың оқу материалдарын қорытындылау, терең игеру, жаңа білім алуында маңызы зор.

БОӨЖ-дің негізгі мақсаты – оқу материалдарын игеруде өзбетінше жұмыс жасауға үйрету болып табылады. БӨОЖ дәріс сабағында берілетін теориялық материалдарме және семинар сабақтарының практикалық жұмыстарымен, т.б. сабақтармен логикалық түрде тығыз байланысты.

БОӨЖ-дің тапсырмалары оқуға қажетті материалдарды тауып, ақпараттар іздесіруі үшін білім алушыларға алдын-ала беріледі.

БОӨЖ үш негізгі:

1) кіріспе;

2) білім алушылардың берілген тапсырма бойынша өздік жұмыстары;

3) қорытынды бөліктерден құрылады.

Кіріспе бөлікте (5-10 мин) оқытушы оқу материалдарын терең игеру, оны практикалық орындау бойынша білім алушыларды бағдарлайды (қосымша әдебиеттер тізімі, ақпаратты іздестіру, өздік жұмысты орындауды тексеру, т.б.).

Білім алушылардың берілген тапсырма бойынша өздік жұмыстары бөлігінде (7-10 мин) оқытушы білім алушыларға тапсырмаларды орындауына толық мүмкіндік береді. Оқу жетістіктерінің нәтижесінің әдістемесін:

- оқу-әдістемелік материалдарды зерделеу, игеру реттілігі, оқу құралдары, техникалық құралдар;

- оқу материалдарының, жинақталған мәліметтердің негізгісін анықтау;

- білім алшылардың өздік жұмыстарын талдау, т.б. оқытушы анықтап береді.

- қорытынды бөлікте (10-15 мин) білім алушылар берілген тапсырмаларды аудитория алдында дәлелді түрде қорғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет