Жоспар Қазақ халқының қалыптасуы



бет3/5
Дата19.04.2022
өлшемі50.35 Kb.
#173048
1   2   3   4   5
Байланысты:
10,11,12сабақ лекциялары мен тапсырмалары

Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы және Моғолстанның ішкі саяси қақтығысының нәтижесінде құрылды. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есен-Бұғаның билігіне мойын ұсынбады. Сондықтан,ХҮ ғасырдың 40-50 жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына: Қаратау, Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады. 1446 жылы Әбілхайыр Созақ, Сығанақ, Аркөк, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін ұлыстар арасындағы тартыс күшейе түсті. ХҮ ғасырдың 50-жылдары ойраттар Түркістан аймағына жетті. Ал 1457 жылы Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі қазақ ру, тайпаларырының Керей мен Жәнібектің төңірегіне тығызырақ топтасуын тездетті.Әбілхайыр ханның билігіне наразылық жаппай көшу тасқынын туғызды. ХҮ ғасырдың 50-жылдарынан бастап 10 жыл бойы осы тасқын толастамады. Халық Жетісудың батысына, моғолстанға көшті. Қазақтардың бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды. Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз болды. 1465-1466 жылы қазақ хандығы құрылды.Хандықтың алғашқы территориясы: Батыс Жетісу, Шу Талас өңірі. Әбілхайыр ханның қазақ хандығының құрылуына бөгет жасауға ұмтылуынанеш нәтиже шықпады. 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа аттанған Әбілхайыр жолда қайтыс болды. Бұдан кейін Жәнібек пен Керей шекараны кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалармен Шығыс Дешті Қыпшақты қосуға ұмтылды. Бұл аймақтардың экономикалық және стратегиялық маңызы күшті болды. ХҮ ғ. 70-жылдар Сауран, Созақ түбінде, Қаратаудың асуында ірі шайқастар болды. Йассы мен Сығанақты біресе қазақ хандары , біресе Мұхаммед Шайбани басып алып отырды. Осы кездегі біріккен қазақ қолын басқарған-Бұрындық хан (1480-1511) ХҮғ. 80-90 жылдары Сыр бойындағы Сығанақ , Йассы, Сауранды өзбектер мен қазақтар кезекпен алып отырды. ХҮІ ғ. басы –Қазақ хандығы Ақ орда мен Моғолстанның біраз бөлігін иеленді. Жошы ұрпағы Астрахань, Сібір, Қазан хандықтарына кетті.

Қазақ жүздері

Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Жүз ұғымының пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне қоныстанды. Қазақ халқы мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді. «Жүз» дегеніміз-тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі. Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден тұрады.

Ұлы жүзді Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы). Ұлы жүз құрамы Дулат, Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Жалайыр сияқты рулардан тұрады.

Орта жүзді Бекарыс деп атаған. Оған: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат сияқты тайпалар енген. Бұл тайпалардың мекендеген өңірлері Орталық және Шығыс Қазақстан, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу өзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары, Балқаш, Бетпақдалаға дейін созылып жатыр.

Кіші жүзді Жанарыс деп атайды. Оның құрамына Табын, Адай, Шөмекей, Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш т.б. тайпалары жатады. Олардың мекендеген жері оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойы.

12 сабақ. Тақырыбы:Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Алғашқы қазақ хандарының саясаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет