Жоспар: Радиоизотопты диагностикалау Ультра дыбысты диагностикалау Радиоизотопты диагностикада екі әдісі



бет1/5
Дата22.09.2022
өлшемі33.28 Kb.
#175623
  1   2   3   4   5
Байланысты:
МБ 23-18 к


Жоспар:
1. Радиоизотопты диагностикалау
2. Ультра дыбысты диагностикалау
Радиоизотопты диагностикада екі әдісі-мүше және ұлпаларда әр түрлі мүлшерде немесе оның қимыл қозғалысын тексеруді іске асыру үшін радиофармацевтикалық препараттарды науқасқа енгізу.
2.олардың бір-бірімен (өзара сәйкестігін) өзара әсерлесуін бағалай отырып, белгілі затты тексерілетін қаны бар пробиркаға қосу арқылы жүргізіледі. Бұл шектелмеген контингентті тұлғалардағы әр түрлі ауруларды ерте диагностикалау үшін скрининг-тест болып табылады. Ішкі секреция бездерінің, асқорыту мүшелерінің, сүйек-буын, жүрек-қан тамырлар жүйелерінің, лимфа жүйесінің, жұлын және бас миларының, тыныс алу және зәр шығару жүйелерінің ауруларын радиоизатопты тексерулерден өткізу көрсетілімі болып табылады. Тексеруді тек қандайда-бір патологиялық аурулардың бар екендігіне күмәнданғанда немесе белгілі аурулардың бар кезінде ғана жүргізіп қоймай, зақымдалудың дәрежесін және нәтижеленген емдердің қорытындысын бағалау үшін қолданылады.
Тек жүктілік кезіндегі кейбір шектеулер ғана болмаса, радиоизатопты тексерулерді жүргізуге қарсы көрсеткіштер жоқ. Рентгенологиялық және ультра дыбысты тексерулердің нәтижесін, радиоизатопты тексерулердің нәтижелерімен сәйкестендіре білудің маңызы зор.
Радиоизотопты тексеруәдістерін басқа әдістермен салыстырғанда бір немесе бірнеше артықшылықтарыбар:
Радиоизотопты диагностиканың алты негізгі әдісі бар:

  • клиникалық радиометрия

  • радиография

  • бүкіл дененің радиометриясы

  • сканирлеу және сцинтиграфия

  • биологиялық сынамалардың радиоактивтілігін анықтау

  • пробиркадағы биологиялық сынамаларды радиоизотопты тексеру


Ультра дыбысты диагностикаультра дыбыс көмегімен ағза мүше және ткандерінің патологиялық өзгерістерін анықтау болып табылады.
Эхолокация принципіне негізделген – жіберілген сигналдарды қабылдап, әр түрлі акустикалық қасиеттерге ие тканді орта бөлік беткейі бейнеленеді. УДЗ (эхография, сонография) – ионизирлемейтін тексеру әдісіне жатады. Ыңғайлы, қолайлы, зиянсыз және жоғары деңгейде ақпараттандыруымен клиникалық практикада кең тарала бастады. Кей кезде диагнозды толық қою үшін ультра дыбысты зерттеужеткілікті болып жатады. УДЗ арнайы дайындықты талап етпейді. Құрсақ қуысының мүшелерін тексеруді таңертең ашқарынға, ал әйел жыныс мүшелерін, құрсақ үсті безі, қуықты тексеруді қуық тола кезінде жүргізу ұсынылады. УДЗ әр-түрлі қан-тамыр патологиясын ажырату үшін маңызды болып табылады. Эхографияны жүрек ауруларының диагностикасында қолданады. Ультра дыбыс көмегімен жүректің систололық көлемін, миокард, гемодинамикалық көрсеткіштерді, жүрек ақауларын және де перикардты анықтайды.
Пульмонологияда – плевра қуысындағы сұйықтықты анықтау үшін қолданылады. Қалқанша безі, құрсақ қуысындағы және құрсақ артындағы кеңістікте орналасқан мүшелердің қызметі туралы маңызды мәліметті алуға жол береді. Құрсақ қуысының мүшелерін ультра дыбысты зерттеуді жүргізуге көрсетілімдері: тексеретін мүшелерде даму аномалияларына күдіктенгенде, жедел және созылмалы қабыну аурулары (гепатит, бауыр циррозы, жедел және созылмалы холецистит, панкреатит) қатерлі және қатерсіз ісіктерді және де жүргізіліп жатқан емнің әсерін бақылау үшін де қолданылады.
Асқорыту жүйе ауруларын диагностикалау әдістері- ыңғайлы, қолайлы, бағасы тиімді және орындау кезінде қарапайым, нақтылығы, қатерсіз және қауіпсіз. Мысалы: өт тас ауруын диагностикалаудың нақтылығы 100%, кейбір мәліметтер бойынша 98-99%.
Өт қабын УДЗ- туа пайда болған ақауларды диагностикалай алады. ісік, киста, гематома және тағы басқа мүшелердің ұлғаю себебін анықтау мақсатымен спленомегалия кезінде қолданылады. Асқазан және ішектерді УДЗ- ісіктерді анықтау үшін маңызды.
Бүйректі УДЗ- патологиялық процесстерді, зақымдалуды, даму ақауларына күдіктенгенде жүргізіледі.
Көрсетілімдері:тұрақты артериальді гипертензия, макро және микро гематурия, интра- немесе паранефральді гематоманың болуы және бүйрек паренхима бүтінділігінің бұзылуымен бүйрек жарақаты - ткандердің тығыздылығы, құрылысының бұзылуымен өтеді.
Сонографияның қажетті маңызы болып - зәрағардың жоғарғы бөлігі, тостаған-лоханкалы комплекстің кеңею белгілерімен жоғарғы зәр шығару жолдары бойынша зәр пассажының жедел және созылмалы бұзылысының диагностикасында қолданылады. Тексеру нәтижесі мүшенің функциональді жағдайына байланысты емес және жоғарғы зәр шығару жолдарының обструкциясының барлық түрі кезінде мәлімет алуға мүмкіншілік береді. «акустикалық жол» және жоғары эхогенді аймақтардағы конкременттерге тән химиялық құрамына байланысты емес бүйрек тастарының көлеміболып 0,4-0,5 см болып табылады.
Урологиялық практикада қуық, қуық үсті безі , аналық бездерді және зәр шығару каналын тексеруге ультра дыбысты зерттеу кеңінен қолданылады. Гинекологияда тексеруді трансабдоминальді және трансвагинальді әдіспен жүргізеді. Спайкалы процес және семіздік ауруымен ауыратын әйелдерде кіші жамбас мүшелерін нақты визуализдей алады. Жүктіліктің ерте мерзімін (2 1∕2 – 3 апталық) сонография көмегімен анықтауға болады. Овуляция стимуляциясының нәтижесін, доминантты фолликуланың өсуін динамикалық бақылау үшін қолданады. Корпоральдыдан тыс ұрықтандыру үшін аналық клетканы алу кезінде фолликуланың қызметін ультра дыбысты сканирлеуді бақылап отырып жүргізеді.
Оториноларингологияда – ең бірінші жоғарғы жақ және аз дәрежеде маңдайды, мұрын маңындағы қойнауды тексеру үшін қолданады. Ісіктерді, кисталарды, полипозды анықтайды, кілегей қабаттың ісігін анықтауға мол мүмкіншілік береді.
Офтальмологияда – көз ішіндегі дөрекі патологияларға күдік туса УДЗ бірден бір көрсетілім болып табылады. УДЗ науқасты дайындау үлкен маңызға ие, өйткені тексеру нәтижесі және алынатын бейне сурет сапалы болу үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет