Танымал әнші, “Асыл” тобының солисі Ақерке Бүркітбай марқұм әкесін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж: https://www.instagram.com/akerkeburkitbay/

Өнер иесінің айтуынша, әкесі Паһаман Бүркітбайұлының дүниеден озғанына – 9 жыл. 

“Асқар тау да, өзің едің,биіктік,
Өзің барда үй жатушы еді жиып құт.
Кенет кеттің мәңгілікке,жан Әке
Сағыныштан адам төзбес күй ұқтық.
Өзің едің бізге қамқор,қорған да,
Бақытты едік өзің бірге болғанда,
Мәре-сәре жатушы едік шуласып,
Дастарханның басы өзіңмен толғанда.
Өсиетіңе , көке, адал болармыз,
Мына өмірде шыншыл болып қалармыз.
Тату-тәтті сыйластықты ту етіп,
Болашаққа сенімменен барармыз.
Алаңдама, жұмағыңда ақ көке,
Алла бізді қамқорлайды нұр төге.
Дұғамызды бағыштаймыз жұмада,
Есіміңді ұмытпаймыз бар жерде.”, – делінген жыр жолдарында. 

Әншінің тыңдармандары мен желі қолданушылары марқұм туралы жылы естеліктерін бөлісіп жатыр.

“Паhамаған аға жарықтық 2008 жылы Мені беташарымды айтып күмбірлеген даусымен қарсы алған керемет нағыз өнердің майталманы еді. Ол кісі әзілделдері енді сөз жоқ, орнықты өте салмақты адам болған, Жаны жәннәта болғай”, “Ағамыз ақиқатында жақсы адам болды. Жақсы әнші болды Көзімізбен көріп, әнің тыңдап, сыйласып жүрген ағайдың дүниеден өтуі ,әсіресе жерлестері үшін ауыр болды”, “Маған сабақ бермеседе,ақын қыз деп жанына жақын тартатын еді ағайым! Сайыстарда әділқазы болып, мақтап отырушы еді” деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.