Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан WTA 500 сериясы турнирінің алғашқы кездесуінде Даниэль Коллинзді жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

WTA

Рыбакина бірінші сетте 4:6 есебімен жеңіліп жатқанына қарамастан келесі екеуін 6:3, 6:3 есебімен ұтып, жеңісті жұлып кетті.

Қарсыластар кортта 2 сағат 20 минут өткізді. Жеке кездесулерде Елена 3-1 есебімен алға шықты.

  • Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілердің тізіміне енді
  • Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төменге түсіп қалды

Ширек финалда Рыбакина Кристина Буха (№74, Испания) – Хизер Уотсон (№156, Ұлыбритания) жұбының үздігімен күш сынасады.

Бұған дейін Australian Open Елена Рыбакинаның тартысын "ең үздік матч" деп атаған еді.  Australian Open 2024 турнирінің екінші кезеңінде Рыбакина ресейлік Анна Блинковамен кездесіп, сенсациялық түрде одан үш ойында 4:6, 6:4, 6:7 (20:22) есебімен жеңіліп қалды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.