Танымал әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шыққаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнерлі жұп Raim мен Ерке Есмахан ән сапарға шығып, облысты аралап жүр. 

"Бәрін өзім істеймін, ақша да табамын, көлікті де жөндеп, бәріне өзім жүгіріп жүретінмін. "Ой, күйеуге шықпаймын, маған не керек сол, Муслим бар, болды" деп айтқан едім. Өзімнің рахатым үшін өмір сүремін деп ойлайтынмын. Шынымен де уақыт өте келе тұрмысқа шыққаннан кейін жүрегім тыныштық тапты. Үйде әйел болып, Ерке Есмахан екенімді ұмытып, салмақ қосып, семірдім. Аяғым ауыр болып, дүниеге сәби әкелдім. Сондай кезде жаныңда арқасүйер азаматың болғаны жақсы екен?! Әйел адамның табиғаты осы екен”, – деп жан сырын ақтарды әнші.  

  • Байзақтағы жарылыс: Сотталған қос сарбаздың жаза мерзіміне тағы 4 жыл қосылды

  • Тараз әскери қоймасындағы жарылыс: Бұрын ақталып шыққан екі офицер 5 жылға сотталды

Сонымен қатар әнші босанғаннан кейін салмақ қосқанын жасырмады. Оны “күйеуімнің шексіз қамқорлығының арқасы” деп түсіндірді. 

“Қыздар, толық мүсінімді қабылдауға рұқсат беріңіздер. Өзіме ұнаймын. Күйеуіме ұнаймын. Менің толысып жүргенім сол кісінің арқасы. Басқа дым керек емес. Рианна екеуміз босанған кейін өмірге ризамыз", – деп жазған еді өнер иесі.

Еске салайық, эстрада жұлдызына кішкентай көрермені ерекше сыйлық тарту еткенін жазған едік. 

@aikerims.diary #раймерке #еркеесмахан #концерт #тур #ерке #ғашықпын #актобе #врекомендации #хочуврек #врек #fypシ #foryoupage ♬ оригинальный звук — aikerim🤍


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.