Кафедра меңгерушісі Арынова Р. А



жүктеу 318.39 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі318.39 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі

Оқу әдістемелік кешенінің құжаты



ПОӘК

042-14-04.1.20.101/01-2012

ПОӘК «Орталық нерв жүйесінің және жоғары дәрежелі нерв қызметінің физиологиясы»

пәні бойынша



1 басылым

6M060700-«Биология» магистратура мамандығына арналған

«Орталық нерв жүйесінің және жоғары дәрежелі нерв қызметінің физиологиясы»

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей-2012


Алғы сөз

1. ӘЗІРЛЕНГЕН


Құрастырған: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті «Биология» кафедрасының профессоры Арынова Р.А.
2. ТАЛҚЫЛАНҒАН
2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

«Биология» кафедрасының мәжілісінде

27.08.2012 ж . № 1 хаттама.

Кафедра меңгерушісі Арынова Р.А.


2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік комиссия мәжілісінде.

03.09.2012 ж . № хаттама.

ОӘБ төрағасы Сатиева К.Р.

3. БЕКІТІЛГЕН


Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданып, басылымға ұсынылған.

13.09.2012 ж . № хаттама.

УОӘК төрағасы, оқу жұмысының проректор Рскелдиев Б.А.
4. ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

Мазмұны




  1. Қолдану саласы.

  2. Ереже белгілейтін сілтемелер.

  3. Жалпы ереже.

  4. Оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасының мазмұны.

  5. Магистранттердің өэ бетімен істейтін жұмыстары тақырыбының тізімі.

  6. Пәннің оқу әдістемелік картасы.

  7. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуінің картасы.

  8. Әдебиеттер.



  1. Қолдану саласы:

«Өсімдіктер биотехнологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Биология» мамандығы бойынша арналған.

Бұл кешен пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен, қажеттілегімен таныстырады. Оқу-әдістемелік кешені пәнді оқытуда негізгі құрал болып табылады.




  1. Ереже белгілейтін (нормативтік) сілтемелер

Осы әзірленген ПОӘҚ мына құжаттар талабына, ұсыныстарына сай, пәннің оқу барысын ұйымдастыру тәртібін белгілейді:

  • 6М060700-“Биология” мамандығы бойынша магистрларды дайындау ҚР МЖМБС 7.09.030.- 2008, ҚР БҒМ № 677 бұйрығымен 2008 ж 31.12 бекітілген және іске еңгізілген.

  • ҚР білім және ғылым министрлігімен № 131-08, 20.03.2008 ж. Мамандықтарға арналған жаңа классификаторы негізінде 01.09.2009 ж. іске енгізілген.

  • Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ПОӘК стандарты - 042-РГКП-СГУ-8-2007.

  • ДП 042-08.10.10.12-2007 документациялық құжаттар.



1. Жалпы қағидалар

1.1 Оқытушы және пән туралы мәліметтер

● Оқытушының аты жөні: Арынова Райхан Ахметовна, б.ғ.д.

● Биология кафедрасы

● Хабарласу мәліметі: 53-19-70: кафедрада болу уақыты оқу кестесіне

байланысты

● Өткізілу орны: Оқу ғимараты № 5 аудитория №205

● Пәннің аты: Жануарлар физиологиясы

● Кредит саны –3, жалпы сағат саны – 45


1.2.Оқу жоспарынан көшірме

1 кесте



Курс

Семес-тр

Кредит

Дәріс

Зертханалық

МӨЖ

MМӨЖ

Барлы-

ғы


Бақылау түрі

2

3,4

3

15

30







45

емтихан


1.3. Физиология курсының қысқаша сипаттамасы.

Физиология - биологияның маңызды салаларының зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы зандылықтарды ашады. Физиология медицина ветеринариялық жалпы биологиялық сипаттағы қолданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады.



1.4.Курстың мақсаты.

Әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің (зат алмасу, тыныс алу, коректену т.б.) зандылықтарын зерттеу, организмнің жеке жүйелерді және организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизмін анықтау.Физиология өмір құбылыстарының мәнін зерттеп, тіршілік процестерін басқару, бағыттау әдістерін анықтауды көздейді.



1.5. Пәнді зерделеудің негізгі міндеттері:

Физиологиялық процестерің мәнін талдау; теориялық мағлұматтарды малды тиімді азықтандыру, күтіп- бағу мақсатында пайдалану



1.6. Пәнді зерделеу нәтижесінде магистрант міндетті:

- организмнің қалыпты физиологиялық көрсеткіштерінің параметрлерін білу;

- мүшелер қызметінің мәнін, мыңызын түсіну;

- организмде негізгі физиологиялық процестердің жалпы сипаттамасын, олардың реттелу тетіктерін меңгеру;

- ағзаның морфологиялық құрамы мен қасиеттерін анықтай білу;

жүректің, тыныс алу мүшелерінің, ас қорыту ағзаларының т.б. жүйелер қызметінің зерттеу әдістерін игеру;

- ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, қысқаша жазбаны (конспект) жазу, зерттеу журналын, библиографиялық істі жүргізу және тұқым қуу мен өзгергіштіктің негізгі заңдарымен танысу, шығу тегін, орналасқан жерін, құрылысын, қызметін, жіктелуін, әрі қазіргі зерттеу әдістерінің (электронды, люминесцентті, кезеңді-қарсыластық микроскопия, сандық гистохимия, т.б.) қысқаша жазбасын жазу дағдысы бар болу;

- микроскоппен жұмыс істеу, гистологиялық препараттарды дайындап, оны “оқуды” және микро-, электронды фотобейнелерді айқындай білу, ғылыми тәжірибе сызбасын құрып, оны өткізу және талдау дағдысына ие болу


1.7. Курстың пререквизиті (білім сатысы алдындағы пәндер):

Физиология пәнін оқыған кезде магистрант әр түрлі жануарлардың және құстардың организмдегі әр түрлі қызметтерінің физиологиялық ерекшеліктерін білуі анатомия, гистология, биологиялық және бейорганиқалық химия саласынан жинақтаған білімдерін, физиологиялық процестердің атқарылу ерекшеліктерімен ұштастыру

1.8. Курстың постреквизиті:

«Физиология» пәнін меңгеру болашақта төменде аталып отырған бірқатар пәндерді оқуда пайдаланылады: патологиялық физиология, диагностика, азықтандыру, терапия, қолдан ұрықтандыру, хирургия, акушерлік.



1.9. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Мал физиологиясы . Т.О. Измайлов.- Оқу қуралы - Алматы «Қайнар»

1987ж. 152 бет

2. Адам және жануарлар физиологиясы. - Т. Несипбаев.- Алматы,

2000 ж. 348 бет

3. Физиология животных – / под ред. Георгиевский В.И.- М.: Агропромиздат,

1990 г- 505 с

4. ФЗЛ животных / под ред А.Н.Голикова- М.: Агропромиздат, М, 1991 г-419 с Қосымша әдебиеттер:

5. Жуков Е.К. Очерки по нервно -мышечной физиологии. Л., 1969

6. Костюк П.Г. Физиология центральной нервной системы. Киев, 1977

7. Аничков С.В., Сапронов Л.А. Фармакология сердца и сосудов. М. 1984

8. Физиология кровообращения / Под ред. Б.И.Ткаченко. Л. 1986

9. Бреслав И.С., Глебовский В.Д. регуляция дыхания. Л. 1981

10.Бакл Дж. Гормоны животных м. 1986

11.Казначеев П.П. Современные аспекты адаптации. Новосибирск.: наука. 2000 Зәртханылық сабақтарға арналған әдебиеттер:

12. Жануарлар физиологияның лабораториялық сабақтарына арналған

методикалық нұсқау ( бүлщық ет және нерв физиологиясы, орталық нерв жүйесі мен күат алмасу). Жумадина Ш.М. Семей 1997 –33 бет

13. Қанды зерттеу тарауы бойынша магистранттердің өздік жүмысына арналған методикалық нұсқау. Жумадина Ш.М. Семей, 1997.-әү бет

14. Жануарлар физиологиясының практикумы, Несіпбаев және т.б.- Алматы-

1994, -136, бет

15. Адам және жануарлар физиологиясының практикумы Арынова Р.А- 2003 .,

Шәкәрім атындағы СМУ, 2003 –123 бет

16. Методические рекомендации к практ. занятиям по физиологии с/х

животных (1,2 раздел) под ред. М.И. Коханиной и др., 1979 г

17. Руководство к практическим занятиям по физиологии: Учебное пособие\под

ред. Г.И.Косицкого, В.А.Полянцева. М.Медицина, 1988, 288 с



2. Пәннің әдістемелік ұсыныстары Оку үрдісіне белсенді қатысу, уй тапсырмасын ынтамен орындау, сабакта карама-карсы байланысты колдау, ұжымдық жұмыска жәрдемдесу, ұқыпты және міндеті болу қажет. Курстармен және оқытушылармен ашық, шыдамды да, мейірімді болған жөн.

Пән барысы. Оқылатын дәрісте кейінгі ғылымның көкейтесті мәселелері, қазіргі жетістіктері мен жаңалықтары айтылады. Өткізілетін зертханалық сабақтарда тірі бақадан жасалынған препараттарды тікелей зерттеп, зерделейсіздер. Сонымен қатар қан жасушаларын микроскопта қарап санап қорытынды шығарасыздар. Пәннiң әр дәрiсiнен кейiн ұсынылған сұрақтар мен тестерге жауап берiп, оған қайтаратын жауапты жинақтап қорытып, күмәндiк туса, алдын ала дәрiстен оқып, оны толық түсiнiп, дәрiске, сабаққа дайын болып келген жөн.

3. Пәннің талаптары (саясаты).

Қатынасу: дәрiс, зертханалық сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға қатынаса алмасаңыз, онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз.

Мiнез – құлық: Магистрант ар кодексiн: мiнез-құлық этикасын сақтауы керек. Сабаққа кешiгу кешiрiлмейтiн қылық. Сабақ үстiнде оқу тәртiбiн жиi бұзушылар дәрiсханадан шығарылып жiберiледi, немесе бүкiл курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады.

Бақылау тапсырмалары: Олар сөзсiз орындалып, белгiленген мерзiмде тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен - өзi төмен болады.

Межелiк бағалау: Межелiк бағалаудың қортындысы сабақ қатысуы мен үлгерiмiне, магистранттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс орындауына, сабақта ауызша немесе жазбаша түрде берген жауабына, межелiк бақылау қортындысына байланысты қойылады.

Көшiрiп алу және бiреудiң шығармасын толық немесе жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану: Қандай да болмасын көшiрiп алу немесе бiреудiң шығармасын толық, не жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану (басқа магистранттерден дайын тапсырма және шешiмдер көшiрмесiн пайдалану) дәрiсханадан шығарумен тоқтатылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Ұрлап пайдалану мен алдауды болғызбау керек.

Ұялы телофон: Сабақ үстiнде оны үзiп тастау, немесе ұялы телефонмен байланысты болғызбау керек.

Бағалау. Емтихан: Қортынды емтихан барлық магистранттер емтихан беруге рұқсат етiлгеннен кейiн емтихан сұрақтары жазылған ауызша, не тест арқылы өткiзiледi

4. Магистрант білімін бағалау критерийі және жүйесі.

Пән емтиханын бағалау үшін модуль, межелік бақылау (60%),қорытынды бағалау, емтихан - (40%), барлығы 100% құратын үлгерімнің ең үлкен қосындысы алынады.

2 кесте




Магистранттің оқу және жұмыс түрлері

Балдар

1

Сабаққа қатысу

5

2

Дәрістерге қатысу

5

3

Препараттарды дайындау

3

4

Препараттар бейнесін дәптерге салу

3

5

Реферат жазу

3

6

Жазбаша бақылау жұмысты орындау

3

7

Сызба, кестелер дайындау

5

8

Зертханалық сабақтарда жұмыс істеу

5

9

СОӨЖ шегінлегі сабақтардағы жұмыс

5

10

Дәрістерді конспектілеу

3

11

№ 1 шектік бақылау – 7 апта

10

12

№ 2 шектік бақылау – 15 апта

10




Ағымдық бақылау

60




Қортынды бақылау

40


Магистранттің рейтингін есептеп шығару

3 кесте


Тізімдегі магистрант №

Қатысу

ҮЖ

АБЖ



ӨЖК

Σ1

Р1,%

Қатысу

ҮЖ

АБЖ



ӨЖК

Өтеу

Σ2

Р2,%

Өте оңды магистрант

20

45

40



20

125

100

25

45

40



20

-

255

100


Бағалау әріп баламасы, балл және пайызбен көрсетілген

4 кесте


Бағалаудың әріп баламасы

Балдың сандық баламасы

Пайыз мөлшері

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

А-


4,0

3,67


95-100

90-94


Өте жақсы

В+

В

В-



3,33

3,0


2,67

85-89

80-84


75-79

Жақсы

С+

С

С-



Д+

Д


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

Қанағаттарлық

F

0

0-49

Қанағаттарлықсыз

I

NA




Аяқталмаған

P







Пәнді өтті


5. Пәннің жұмыс бағдарламасы

5 кесте




Тақырыптар

Дә-ріс

Зерт-лық

СОӨЖ

МӨЖ

әдебиет-тер

1

Кіріспе. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы. Ағзаның физиологиялық қызметтері

1

2

2

2

1-17

2

Қан жүйесінің физиологиясы

1

2

2

2

1-17

3

Жүрек пен қан тамырлары жүйесінің физиологиясы

1

2

2

2

1-17

4

Азық қорыту жүйесінің физиологиясы

1

2

2

2

1-17

5

Зат және қуат алмасуы


1

2

2

2

1-17

6

Тыныс алу физиологиясы

1

2

2

2

1-17

7

Зәр шығару физиологиясы

1

2

2

2

1-17

8

Тері физиологиясы

1

2

2

2

1-17

9

Ішкі секреция бездерінің физиологиясы

1

2

2

2

1-17

10

Көбею физиологиясы

1

2

2

2

1-17

11

Сүттену физиологиясы

1

2

2

2

1-17

12

Бұлшық ет және жүйке талшықтарының физиологиясы

1

2

2

2

1-17

13

Орталық жүйке жүйесі және оның бөліктерінің физиологиясы

1

2

2

2

1-17

14

Жоғары дәрежелі жүйке қызметі

1

2

2

2

1-17

15

Бейімделу физиологиясы



1

2

2

2

1-17




Барлығы:

15

30

30

30






6. MӨБЖ және МӨЖ жоспары

6 кесте


№ реті

MӨБЖ

МӨЖ

Аудиториялық

Аудиториядан тыс

1

Физиология ғылымының әдіс - тәсілдері және құрал - жабдықтар

Бұлшық еттің жиырылу түрлері

Зат алмасу – тірі ұлпалардың негізгі қасиеті

2

Тірі ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыстар

Гальвани тәжірибелері

Ішек-қарын жолының өзіндік реттелуі

3

Жұлын рефлекстері

Жүйке орталығы және оның қасиеттері

Қан қысымы және оны қамтамасыз ететін факторлар


4

Малдардың жүріс-тұрыс рефлекстерін зерттеу. Мишықтың қызметін зерттеу.

Шартты рефлекстердің пайда болуы

Бұлшық еттің жиырылуының механизмі мен химизмі

5

Көру және есту анализаторлары

Сопақша және аралық мидың физиологиясы

Құстардың ас қорыту ерекшеліктері

6

Жүйке талшықтарының кейбір қасиеттері.

Парабиоз теориясы

Бұлшық еттің жиырылуының түрлері. Тетаникалық жиырылудың табиғаты.


7

Эритроциттердің санын және гемоглобин мөлшерін анықтау

Қанның физико-химиялық қасиеттері

Организмнің ішкі ортасы, оның құрамы, маңызы

8

ЭТЖ – эритроциттердің тұну жылдамдығы және ЭОТ – эритроциттердің осмостық түрақтылығы

Қан топтары және қанның ұюы

Бұлшық ет тканінің физиологиялық қасиеттері. Тегіс бұлшық еттердің функциональдық ерекшеліктері

10

Кардиография және оны талдау

Автоматия және жүректің жұмысына температураның әсері

Физиологиялық адаптация (бейімделу) және оны қамтамасыз ететін механизмдер

11

Жүрек жұмысының реттелуі

Симпатикалық жүйенің әсері

Бұлшық еттің шаршауы, оның себебі мен байқалуы (проявление)

12

Спирометрия және пневмография

Жас ерекшеліктеріне байланысты өкпенің тіршілік сыйымдылығы

Организм-өздігінен реттелетін жүйе. Өздігінен реттелудің механизмі

14

Ауыз қуысындағы астың қорытылуы

Сілекейдің түзілуі

Күйіс қайыру кезеңі (период), оның басталу механизмі мен маңызы

15

Метаболизм

Энергияның алмасуы

Бүйрек бездері, олардың гормондары

16

Соңғы өнімдердің сыртқа шығырылуы

Ақуыз алмасуы

Шошқа мен жылқы асқазанындағы және ішектегі ас қорытудың ерекшеліктері

17

Бүйрек функциясы

Көмірсу алмасуы

Дамыл потенциалы мен ықпал потенциалы, олардың барын дәлелдейтін тәжірибелер

18

Дәрумендер

Майда еритін дәрумендер

Е.Н.Введенскийді лабильдік туралы ілімі, нерв талшығының, бұлшық еттің және синапстың лабильдігі

19

Минералды заттар

Макроэлементтер

Тыныс алудың жүйкелі реттелуі

20

Ішкі секреция бездерінің физиологиясы

Гипофиз

Е.Н.Введенскийді лабильдік туралы ілімі, нерв талшығының, бұлшық еттің және синапстың лабильдігі

21

Электро- және фонокардиография

Эпифиз

Сүттің пайда болуы және оның таз қарындағы ас қорытумен байланысы

22

Өкпедегі газ алмасуы

Газ алмасуға зиянды заттардың әсері

Орталық және шеткі синапстар құрылысы. Қасиеттері

23

Қарындағы ас қорыту

Қарын сөлінің түзілуі

Ұйқы безі және оның гормондарының физиологиялық ролі

24

Ішектегі ас қорыту

Астың ішекте сіңірілуі

Ауылшаруашылық малдарының ащы ішегі мен тоқ ішегіндегі астың қорытылуы

25

Зәр және тер шығарылуы

Тер бездері

Мал ағзасындағы гуморальдық реттелу және оның ОЖЖ – мен байланысы

26

Анализаторлардың физиологиясы

Сипап – сезіну

Рефлекс және рефлекторлық доға. Рефлекстің классификациясы және олардың биологиялық маңызы

27

Көбею физиологиясы

Ұрықтану процесі

Үлкен ми жарты шар қыртысының ішкі мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы


28

Эритроциттерді санау

Қанның сыбағалы салмағы

Жүйке қасиеттері. Жүйке ұлпасындағы қозудың өту заңдары

29

Лейкоциттерді санау

Қанның тұтқырлығы

Қанның ұю механизмі және оның реттелуі

30

Гемоглобин мөлшері

Қанның қозғалысы

Мал ағзасындағы гуморальдық реттелу және оның ОЖЖ – мен байланысы


МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСКАУЛАР
І. Тарау. Бұлшық ет және нерв физиологиясы
І-ші Тақырып. Нерв бұлшық ет препаратын дайындау.

Жұмыстың мақсаты: Бақаны сулыққа орап, басын бос қалдырамыз. Оған декатитация жасаймыз: ол үшін үстінгі бас жақ сүйегін көздерімқалған бұлшық еттерден бірге кесіп алып жұлынын зақымдандырамыз, оны сирағынан арқа жағын жоғары бағытта ұстап тұру керек. Осы кезде бақаның денесінің алдынғы жағы жамбас сүйегіне тік бұрыш түрінде бағытталады. Қайшының жүзін омыртқа жотасының астынғы жағына кіргізе отырып, жамбас сүйегіне 1,5 см жетпей тканьдерді кеседі. Осымен бірге екі жамбас сүйектерінің бірігіп тұрған жерінен бақа денесінің алдынғы жағын кесіп тастайды. Бақаның сыртқы жотасынан ұстай отырып, артқы аяқтарды екіге бөледі. Ұш басты бұлшық етті қалған бұлшық еттерден бөлектеп, шонданай нервін табады және оны Пастер пипеткасы арқылы жоғары көтереді. Соңынан шонданай нервін омыртқа сүйегімен қосып тұрған тканьден тазартқанан кейін, тоқпан жілікті ұршық сүйегінің жанынан кесіп тастайды. Осындай әдіспен дайындалған препарат-реоскоптық сирақ деп аталынылады. Ал нерв – бұлшық ет препаратын дайындау үшін осы аталған препараттың балтыр бұлшық етін, шонданай нервімен қоса кесіп алып, Ренгер ертіндісіне ұстайды.

Жұмыс дәптеріне осы препараттардың схемалық суретін салу керек.



Тасырма: Тірі тканьдердің қасиеттері /І,ІІ лекция/

1 сурет


Нерв-ет препараты
2-ші Тақырып: ҚОЗҒЫШ ТКАНЬДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ.

Сабаққа керекті құралдар: Көлбақа, кимограф, электрростимулятор, штатив, препараттаруға арналған құрал-саймандар, таблицалар, Рингер ертіндісі.

І-ші Жұмыс: БҰЛШЫҚ ЕТТІН ҚОЗҒЫШТЫҒЫН ТІКЕЛЕЙ ЖӘНЕ ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС ТІРІРКЕНДІРУМЕН АНЫҚТАУ /а,б/.



Жұмыстың мақсаты: ҚОЗҒЫШТЫҚ ТАБАЛДЫРЫҒЫНЫН /ШЕГІНІҢ/ ЖАУАП БЕРУІН БҰЛШЫҚ ЕТ НЕМЕСЕ НЕРВ ТАЛШЫҚ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ./

а/ НЕРВТІН ҚОЗҒЫШТЫҚ ТАБАЛДЫРЫҒЫН /ШЕГІН/ АНЫҚТАУ./ тікелей емес тітір.



Жұмыс барысы: бұлшық ет – нерв препаратының нерв талшығына электростимулятордың электродтарын жалғастырамыз. Ақырын токтің күшін көбейтіп қозғыштық табалдырығын табамыз /ең әлсіз токтің күші бұлшық етті жирылта алатын/.

б/ БҰЛШЫҚ ЕТТІН ҚОЗҒЫШТЫҚ ТАБАЛДЫРЫҒЫН /ШЕГІН/ АНЫҚТАУ./ тікелей тітіркендіру/.



Жұмыс барысы: Бұлшық ет – нерв препаратының бұлшық етіне электростимулятордың электродтарын жалғастырып қозғыштыұ табалдырығын /шегін/ табамыз.

2-ші жұмыс: БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ ЖИЫРЫЛУ МӨЛШЕРІ МЕН ТІТІРКЕНДІРГІШ КҮШІНІҢ БАЙЛАНЫСЫН АНЫҚТАУ.

Жұмыстың мақсаты: ТӨМЕН, ЖОҒАРЫ ҚОЗУ ТАБАЛДЫРЫҒЫН ЖӘНЕ АНЫҚ ҚОЗУ ТАБАЛДЫРЫҒЫН ТАБУ. ОСЫ ҚОЗУ ТАБАЛДЫРЫҚТАРЫНЫН БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ ЖИЫРЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ.

Жұмыс барысы: Алдында қозу табалдырығын тауып бұлшық еттің жиырылуын жазып аламыз. Кимографпен миографті пайдаланып, ток күшін көбейте беріп жоғары қозу табалдырығына бұлшық еттің жауап беруда токтің күшін көбейте берсек пессимум пайда болады.

3-ші жұмыс:ЕТ ПЕН НЕРВ ТАЛШЫҚТАРЫНЫҢ ӘР ТҮРЛІ ТІТІРГЕНДІРГІШТЕРДІҢ ӘСЕРІ.

Жұмыстың мақсаты: МЕХАНИКАЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ, ЭЛЕКТРЛІК ТІТІРКЕНДІРГІШТЕР БОЛАДЫ. БҰЛШЫҚ ЕТ ЖИЫРЫЛУЫМЕН ЖАУА БЕРСЕ, АЛ НЕРВ ТАЛШЫҒЫ ҚОЗУ ӨТКІЗУ МЕН /импульсімен/

ЖАУАП БЕРЕДІ. ТІТІРКЕНДІРГІШТЕРДІҢ БҰЛШЫҚЕТКЕ ЖӘНЕ НЕРВ ТАЛШЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІНІН ЗЕРТТЕУ.



Жұмыс барысы: Нерв талшығына І/Электр тоғымен, 2/ пинцитпен қысым; З/ тұз салып; әсер жасайды да бұлшық еттің жаубын байқаймыз.

Барлық жұмыстардың суреттерін салып, нәтижесін жазып қортындысы жасау керек.

Болатын суреттер І. Стендалық бақа.

2. Реаскоптік сирақ.

3. Бұлшық ет- нерв препараты.

Сұрақтар:



  1. Тітіркендіру деген не?

  2. Тітіркендіргіштер дегеніз не, олардың классификациясы.

  3. Қозу деген не?

  4. Қозғыштық деген не, оны анықтау әдісі?

  5. Қозғыштық табалдырығы деген не?

  6. Қай тканьдердің /ұлпа/ қозғыштығы жоғары?

  7. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысы қандай?

  8. Оптимум, пессимум деген не?


3-ші Тақырып: ТІРІ ТКАНЬДЕРДЕГІ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰБЫЛЫСТАР /биоток/

Тірі тканьдерде электрлі құбылыстар пайда болады. Электрлі құбылыстарды тканьде қозу болған кезінде «ықпал тоғы» деп атайды.

Ықпал токтың пайда болатын себебі қоздырған және дамылданған тканьдердің арасында потенциал айырмашылығы болғандықтан ықпал ток пайда болады. Ал қозу болмаған кезде, ішкі және сыртқы клетканың мембраналарында өзіндік электр потонциалы бар. Оны «дамыл тоғы» деп атайды. Осы ұғым пайда болғанша Гальвани екі тәжірбие жасап дүние жүзінде бірінші болып /1791 ж/ организинің қозғыш тканьдеріндегі биоэлектрлі құбылыстарды ашқан болатын.

Сабақтың мақсаты: ТІРІ ТКАНЬДЕРДЕГІ БИОЭЛЕКТРЛІ ТОҒЫНЫҢ БАР ЕКЕНДІГІН ЖӘНЕ ЫҚПАЛ МЕН ДАМЫЛ ТОҒЫНЫҢ /потенциалының/ БОЛАТЫНЫН АНЫҚТАУ.

Сабаққа керекті құралдар: Көлбақа, стимулятор, алюьминий – мыс балкон гальванометр, поляризациялдамаған электродтар, 635899 шыны үстел, шыны ілгек, ринген ертіндісі, таблицалар, препараттарға арналған құрал – саймандар.

I – ші Жұмыс: Гальванидың I – ші тәжірбиесі /металдармен/.

Жұмыс барысы: Көлбақаның жұлынын зақымдандырып, жамбас сүйегіне 1,5 см жетпей тканьдерді кеседі де алдыңғы жағын алып тастайды. Артқы қалған сирақтарының терісін сыпырып алады.

Құйымшақ нервтерінің астына кішкене балконның альюмиий ілгегін өткізіп, препаратты көтереміз.
2 сурет

Гальванидың алюминий-мыс кіші балконы


І сурет

Алюминий сымды нерв талшықтарының астына өткізеді

Ақырын бірте – бірте еңкейтумен препаратты мыс пластикаға тигізсе бұлшық ет тітіркеніп, жиырылады.

2 – ші Жұмыс: ГАЛЬВАНИДІҢ 2 – ШІ ТӘЖІРБИЕСІ /металдарсыз/. БҰЛ ТӘЖІРБИЕСІНДЕ ГАЛЬВАНИ ЖАРАҚАТТАЛҒАН МҮШЕЛЕР ПАЙДАЛАНҒАН.

Жұмыс барысы: Бұл жұмысты шыны үстелде жасайды. Бұлшық еттің жиырылу себебі: нерв талшығы зақымдалған және зақымдалған бұлшық етінің бөліктерінен жалғасып тұтасады да реоскоптың препараттық бұлшық етін немесе бақайларын тітіркендіреді. /қоздырады/.

Реоскоптың препараттың нерв талшығын шыны ілгекпен бұлшық еттің зақымдалған жеріне тастайды.

Сонда реоскоптың препараттың бұлшық еті жиырылады.

Сұрақтар:


  1. Тірі тканьдерде қандай ток пайда болады?

  2. Гальванидің I, II тәжірбиелерінің қалай түсіндіреді?

  3. Маттеучи тәжірибелер маңызы қандай?

3 – ші Жұмыс. Маттеуичидің I – ші тәжірбиесі. Гальванометр мен дамыл токті және клеткалардың мембран зарядтарын /теріс, оң/ анықтау.

Жұмыс барысы: бұлшық ет – нерв препаратының балтырын зақымдайды да гальванометрдің полиризациялмаған электродтарын зақымдалған және зақымдалмаған жеріне орнықтырады. Гальванометр көрсеткіші зақымдалған жаққа ауытқиды да дамыл токті /зақымдалу немесе жарақатталынған мүше тоғын қосымша тетанус/ көрсетеді.



4 – ші Жұмыс. МАТТЕУЧЧИДІҢ 2 – ШІ ТӘЖІРБИЕСІ. ЫҚПАЛ ТОКТІ АНЫҚТАУ. Екі бұлшық ет – нерв препаратын шыны столшаға орналастырамыз. Бірінші препараттың нерв талшығын екінші препараттың балтыр бұлшық етіне саламыз. Бұның нерв талшығын стимулятормен тітіркендіреміз. Екі препараттада бұлшық еттері жиырылады. Сонда бірінші нерв талшығы ықпал токпен тітіркенеді. Ықпал ток – екінші бұлшық ет препаратын қоздырғанда пайда болған. Тканьнің қоздырылған аймағы теріс электрлі заряд, ал қоздырылмаған /аймағы дамыл/ аймағы оң заряд алған.

5-ші Жұмыс. ТКАНЬДЕРДЕГІ БИОЭЛЕКТРЛІК ҚҰБЫЛЫСТЫ КӨРСЕТЕТІН ГАЛЬВАНИ МЕН МАТТЕУЧЧИДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ТӘЖІРБИЕЛЕРІН ҚАЙТАЛАУ.

Жұмыс барысы: екі бақаны қозғалу қасиеттерінен айырып, екі нерв бұлшық ет препаратын және дененің артқы жағынан терісі жоқ препарат дайындайды. Егер осы препараттардың әртүрлі жерлеріне темір және цинк пластинкасын бір уақытта тигізсе бұлшық ет жиырыла бастайды.

Өйткені, тірі ткань электролит болғандықтан екі пластинка аралығындағы потенциалдық айырмашылық электр тоғының тууына әкеліп соқтырады, сондықтан бұлшық ет жиырылады.

/ Жұмыстардың суреттерін салып, түйінін жазу керек/.

4- ші Тақырып. БҰЛШЫҚ ЕТТЕРДІҢ ЖИЫРЫЛУ ТҮРЛЕРІ.

Жиырылу – бұлшық еттің негізгі қасиеті. Бұлшық етті тітіркендіргенде жиырылу мен жауап береді. Жиырылу оқшауланған / экспериментте ғана/ және тетаникалық болып екіге бөлінеді.

Оқшауланып жиырылуының өзі изотониялық және изометриялық аускультониялық болып үшке бөлінеді.

Тетаникалық жиырылуының екі түрі – тісті және тегіс – үш түрлі болады: оптимумды, біркелкі, пессимумды.

Сабақтың мақсаты: БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ ЖИЫРЫЛУ ТҮРЛЕРІМЕН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАЗУ ӘДІСТЕРІМЕН ТАНЫСУ. ТЕТАНИКАЛЫҚ ЖИЫРЫЛУДЫҢ ПАЙДА БОЛУ МЕХАНИЗІМІН ЗЕРТТЕУ.



Сабаққа керек құралдар: Көлбақа, штатив, миограф, электродтар, стимулятор, Рингер ертіндісі, таблицалар. Препараттарға арналған құрал – сайманадар, сия.

1 – ші Жұмыс. БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ ОҚШАУЛАНҒАН ЖИЫРЫЛУЫН ЖИЫП ТАЛДАУ.

Жұмыс барысы: Бұлшық ет – нерв препараттарын дайындап оны миографка тіркейді. Миографтың және стимулятордың электродтарын бір – біріне жалғастырады. Электростимулятордың кілттерін I имп I сек. Деген белгіге қояды да оқшауланған жиырылуды жазады. Пайда болған жиырылудың фазаларын анықтап суретін салады.

2, 3 – Жұмыс. БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ ЖИЫРЫЛУ ЖИЫНТЫҒЫ Iсуммация/ Стимулятордың кілтін 5, 10 имп I сек, 20 имп, I сек, I00 имп/ сек, 500 имп/ сек, деген белгіні қойып әртүрлі титаникалық жиырылуын жазу керек. ь сек. неше импульс болғанда тісті, тегіс және оптимум біркелкі, пессимум тетанустар болатынын анықтаңдар. Тісті, тегіс тетанустардың суреттерін салыңдар.

5 – ші Тақырып: НЕРВ ТАЛШЫҚТАРЫН КЕЙБІР ҚАСИЕТТЕРІ. ПАРАБИОЗ. Ең негізгі нерв талшықтарының қасиетті қозу өткізгіштігі. /Iжұмыс/ Әрбір нерв талшығы қозуды жеке өткізеді. /2 жұмыс/. Ұлпалы нерв талшығының екі жақты өткізгіш қасиеті бар /3 жұмыс/. Бірақ бұл жұмыстарды анықтау жасау үшін нерв талшығы зақымсыз болу керек – бұл тағы бір қасиеті. Организмде нерв талшықтары нерв орталығы мен синапстор болғандықтан қозуды тек бір бағытта ғана өткізеді. /6 жұмыс/. Заттар алмасудың деңгейі төмен болғандықтан, нерв талшықтары ұзақ уақыта шаршамайды /5 жұмыс/.

Сабақ мақсаты: Нерв талшықтарының кейбір қасиеттерін зерттеу. Парабиоздың фазаларын анықтау.

Сабаққа керекті құралдар: бақа, кимограф, миограф, электродтар, препаральдық сайман, Рингер ертіндісі, электростимулятор, жіп, новокаин /эфир/, мақта, 2 гр салмақ.

I – ші Жұмыс. ӘРБІР НЕРВ ТАЛШЫҒЫ ҚОЗУДЫ ЖЕКЕ ӨТКІЗУІН АНЫҚТАУ.

Жұмыс барысы: Көлбақадан спинальдық препарат жасалады. Оны шалқасынан жатқызып тәжірбиелік тақтайшаға бекітеді. Әрбір нерв талшығына жіп өткізіп байламай жеке тітіркендіреді. Бұлшық еттер - мен не болады байқағандарынды дәлелдеңдер.

2 – ші Жұмыс. ҰЛПАЛЫ НЕРВ ТАЛШЫҒЫН ЕКІ ЖАҚТЫ ӨТКІЗГІШТІК ҚАСИЕТІ БАР.

Жұмыс барысы: Реаскоптың препарат жасалынады. Ахиллов сіңірін тіліп балтыр бұлшық еттерін бөлек ашады, арасындағы нервті ортасынан бөледі. Электродтармен нервті тітіркендіреді – балтыр бұлшық ет жиырылады.

3 – ші Жұмыс: БҰЛШЫҚ ЕТ ПЕН НЕРВ ТАЛШЫҒЫНДА ШАРШАУДЫҢ ДАМУЫ.

Жұмыс мақсаты: Нерв талшығының шаршау жылдамдығын анықтау.

Жұмыс барысы: Нерв талшығына электродтарды тигізе отырып, электр тогымен тітіркендіреді. Бұлшық ет жиырылуы тоқтаған кезде тітіркендіру бітеді. Біраз уақыт аралығында бұлшық етті тітіркендіреді. Қайта тәжірбиенің нәтижесі дәлелдеңіздер /синапыз байланыстырып/.

4 – ші Жұмыс. НЕРВ ТАЛШЫҚТАРЫНЫҢ ҚОЗҒЫШТЫҒЫН ЖӘНЕ ӨТКІЗГІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ.

Жұмыс барысы: Бақаның артқы сирақтарына екі нерв – бұлшық ет припаратын дайындайды, бірақ балтыр бұлшық етін бөлмейді. Бір препаратты Рингер ертіндісі құйылған ыдысқа салып, екіншісін тақтайшаға бекітеді. Бірінші препараттың нервсіне механикалық, температура химиялық тітіркендіргіштермен әсер етеді, байқаңыздар. Екінші препаратты асық жілік арқылы штативке бекітіп, нервті электротқа бекітеді. Егер нервтың өткізгіштігі бұзылмаған болса, оны тоқпен тітіркендіргенде бұлшық ет жиырылып отырады. Бірақ нервті жіп арқылы қатты байлап тастап, не болмаса оған амиакпен әсер етсе, ол өзінің өткізгіштігін жояды, сондықтан да бұлшық ет тоқтың әсеріне жауап беруін тоқтады. Осы құбылыстарды түсіндіріңдер.

5 – ші Жұмыс. ВВЕДЕНСКИЙДІҢ ПАРАБИОЗЫ.

Жұмыс барысы: Бұлшық ет – нерв препаратын дайындап миографқа тіркеймізде, нервті электродтардың үстіне саламыз. Тікелей емес тітіркендіруімен бұлшық еттің тітіркену табалдырығын /шегін/ табамыз. Кимографта бұлшық еттің нерв арқылы тетаникалық жиырылуын жазамыз. Токтің әсері күшті немесе әлсіз болу керек. сонда график осылай қалыпты жағдайда болуы керек:

Күшті ток Әлсіз ток


4 сурет

Нервтің үстіне эфирді немесе 0, 8% КСЕ ертіндіге ылғандырылған мақта саламызда нервте басталған парабиозды зерттейміз. 5 – 10 минуттан кейін кимографта жазу болады.


1.Бірінші: тепе – теңдік парабиоздың кезеңі. Бұлшық ет күшті және әлсіз тоққа бірдей жауап береді:


Күшті ток Әлсіз ток


5 сурет

2.Екінші: парадоксальдық парабиоздың кезеңі.

Бұлшық ет күшті тоққа нашар жиырылуымен, ал әлсіз тоққа күшті жиырыуымен жауап береді:

Күшті ток Әлсіз ток




  1. сурет

3.Үшінші: тежелу кезеңінде күшті немесе әлсіз тоққа препарат ұзақ уақыт жауап бермейді. Миограммада жай сызық боп түседі.


Күшті ток Әлсіз ток


7 сурет

Тежелу кезеңі анық болғанда мақтаны нерв талшықтарынан алып тастайды да нервті физиологиялық ертіндімен жуып, алғашқы жиырылу қалпына келітіріп зерттейді.



Сұрақтар:

  1. Тканьдердің лабильдік қасиеті.

  2. Парабиоз кезінде нерв талшықтардың қандай қасиеттері өзгереді.

  3. Парабиоз, оның кезеңдері.

  4. Тежелу табиғатын қалай түсіндіруге болады.

  5. Шаршау деген не? Оның қасиеттері.

  6. Нерв талшықтарының шаршамайтынын қалай түсіндіруге болады?

КОЛЛОКВИУМ СҰРАҚТАРЫ




  1. Нерв қасиеттері. Нерв талшықтарының қозуды өткізу заңдылықтары.

  2. Дамыл потенциалы мен ықпал потенциалы бұлардың барын дәлелдейтін тәжірбиелер.

  3. Нерв импульс, оның ұлпасы нерв талшықтарындағы берілу механизмі.

  4. Бұлшық еттің жиырылу түрлері. Титаникалық жиырылудың табиғаты.

  5. Оқшауланған жиырылу. Бұлшық етті қоздыру кезінде қозғыштықтың өзгеруі.

  6. Бұлшық ет ұлпасының қасиеттері. Тегіс бұлшық еттерінің функционалдық ерекшеліктер.

  7. Е.Н. Введинскийдің лабильдік туралы ілімі; нерв тамырының, бұлшық еттің, сиапстың лабильдігі.

  8. Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеті.

  9. Бұлшық ет пен нервтағы электрлі құбылыстар. Оның пайда болу механизмі.

  10. Ұлпаның қозғыштығын анықтау. Тәсілдері. /қозғыштық табалдырығы/

  11. Бұлшық еттің жиырылуы мен химизмі.

  12. Бұлшық еттің шаршауы, оның себебі, байқалуы.

  13. Қозу тканьдерінің негізгі қасиеттері.

  14. Физиологиялық әдістері.

  15. Гомоестаз.

  16. Физиология ғылымы, оның биологиялық пәндердің ішіндегі орыны.

  17. Нервтік, гуморальдық реттелу принциптері.

  18. Тітіркендіру, тітіркену деген не?

  19. Тітіркендіргіш деген не, оның классификациясы.

  20. Қозу деген не?

  21. Қозғыштық деген не, оны анықтау әдісі.

  22. Қозғыштық табалдырығы дегеніміз не?

  23. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысы қандай?

  24. Оптимум, пессимум деген не?

 «Жануарлар физиологиясы» пәнінің календарлық кестесі



7 кесте.



Апта

1

2

3

4

5

6


7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Бақылау түрі
















коллоквиум

1ШБ



















коллоквиум

2ШБ

2

Балдары
















3.5

10



















3.5

10




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет