2023 жылы алматылық төтенше жағдай қызметінің экс-басшысы зілзала туралы ақпаратты ертерек хабарлайтын автоматтандырылған жүйеге 1 120 538 143 теңге жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Фото: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінен

"Әділет жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағулов әлеуметтік желідегі парақшасында 2023 жылы алматылық төтенше жағдай департаментінің қызметі жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесін автомандару үшін 1 120 538 143 теңге қаржы жұмсағанын жазды.

"2023 жылы қыркүйекте төтенше жағдай департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Қасыбаев сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Ол не үшін мұндай мерзімге қамалды? Экс-басшы мердігерлерге орындалмаған жұмыстарға төлеп жасаған және техникалық қадағалаудың қорытындысы шықпаса да, өрт сөндіру бөлімін пайдалануға берген", – деді Смағулов.

Дидар Смағулов төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері біздің қауіпсіздігімізге жауап беретінін және сыбайлас жемқорлықтың салдарынан халық зардап шегетінін жазды.

Айта кетейік, 2023 жылдың 27 қыркүйегінде әскери сотының апелляциялық алқасында Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысы, полковник Руслан Қасыбаевқа қатысты үкім шыққан еді. 

Онда Руслан Қасыбаев мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін толық құнын заңсыз төледі және техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-басшыны билікті теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылғанын хабарлады.

Ең қызығы, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2023 жылдың 12 желтоқсанында Алматы төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысына қатысты үкімнің күшін жойған. Бұдан бөлек, ол "дереу" қамаудан босатылған.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Дидар Смагулов (@didaroneqz)

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Дидар Смагулов (@didaroneqz)

 

 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.