UFC тұжырымының танымал спортшысы, Шавкат Рахмоновтың басты қарсыластарының бірі саналатын Хамзат Чимаев Қазақстан еліне рақметін айтып, үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sportsmanor.com

Ұлты шешен швециялық спортшы Хамзат Чимаев осыдан 80 жыл бұрын совет билігі көшіріп жіберген шешен халқын жылы шыраймен қарсы алып, қиын-қыстау кезде сол үй-күйсіз қалған қоныстарушыларға пана болған қазақтарға алғысын айтты. “Алла сендерге разы болсын, Қазақстан”, – деп жазды жеңілістің дәмін татпаған UFC тұжырымының “жұлдызды” спортшысы. 

  • "Таяқ жеуге намыс жібермейді": Шавкат Рахмонов спорттан қашан кететіні туралы
  • UFC-дің үздік спортшысы Ислам Махачев Шавкаттың салмағындағы чемпиондық белбеуге таласуға ниетті

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев UFC тұжырымында бір салмақта өнер көрсетеді. Жеңілістің не екенін білмейтін спортшылардың жекпе-жегін күтіп жүрген жанкүйерлердің қарасы көп. Бірақ Хамзат соңғы жекпе-жегін орта салмақта (84 келі) өткізіп, Камару Усманды жеңген болатын.  


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.