Танымал әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева сахнадан кетіп, семинар өткізіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Кездесуден скриншот

Өнер иесі тұрмысқа шыққаннан кейін, көп көзіне түспей жүр. Жақында екінші мамандық алып, қыз-келіншектерге дәріс оқитынын айтқан еді. 

“Аллаһтың қалауымен, Астанада ең алғашқы семинар, рухани кездесуім өтті. Осы күнге дейін керемет ұстаздарымнан алған білімді бөліскім келіп жүр еді. Бүгін сәті түсті. Сұрақтарға жауап беру, өзекті мәселелерді талқылау сияқты еркін атмосферада өткен әдемі кездесу болды. Астана аруларының ықыласы ауа райының суықтығын білдірген жоқ. Бұл қадам қызметімді одан әрі жалғастыруыма ниеттендірді”, – деп жазды әнші.

  • "Досымның әйелі үйден кетіп қалды": Әнші Индира Расылхан Роза Әшірбаеваны отбасылардың ажырауына себепкер деп кінәлады
  • "Арманды сол қолмен жазу керек": Айнұр Тұрсынбаеваның сабағын сатып алғандар шу шығарды 

Әншінің тыңдарманы мен желі қолданушылары өнер иесін сынап жатыр. Бірі сахнаға қайта оралуын тілесе, енді бірі актрисалық қабілетінің ерекше екенін жазып жатыр. 

“Барлығы бірдеңе үйрететін болып кетіпті”, “Осылар-ақ жинала береді екен”, “Машалла-машалла” деп Алланың атын жамылып, не айтып жатқанын кім білсін?!”, “Ақша табудың амалы”, “Аяғын аспанға көтеріп ән айтып жүруші еді. Сол әншілігің жақсы еді”, “Имандылыққа бет бұрғаның дұрыс болды”, “Шәкірттерің көбейе берсін!”, – де пжазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Кәмшат Жолдыбаеваның йога туралы айтқан кеңесі сынға қалғанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Камшат Жолдыбаева (@kamshat__zholdybayeva)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.