Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы күйеуін айтып мақтанды. Сондай-ақ өзінің өмірлік қағидасын да жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tolkynturarbekkyzy/

Соңғы кезде әншінің жұбайы желіге шығып, үйіндегі тыныс-тіршілікті жариялап жүр.

“Ерімнің артынан еріп келе жатқаныма, бірауыз сөзін жерге қалдырмай заң деп қабылдайтыныма бір шүкір еттім. Жалпы, маған ерімді мойындаудан артық дәреже жоқ. Таңдаудың қайсысы дұрыс екені Аллаға ғана мәлім. Оны күйеу арқылы бізге естіртеді және көрсетеді. Отбасындағы бақыт пен жақсылықтың сыры осында жатыр. Мойынсұну дегеніміз – құлақ асу. Төреме Алла риза болсын!”, – деп жазды өнер иесінің жары. 

 

  • "Нағашы болуды армандайтын": Фариза Төреәлі ағасы Төреғалидың қуанышты жаңалықты естігендегі эмоциясын көрсетті

  • "Төреғалидікі – шоу, Әлиде бір ғана кемшілік бар": Сазгер Қалдыбек Құрманәлі жас әншілер туралы айтты

Сонымен қатар Төреғалидың әйелі психология саласына да бет бұрып, қыз-келіншектермен пікір алмасып жүр. Жеке парақшасында өзінің өмірлік қағидаларын жария етті. 

“Бақыттың кілті жоқ, ол әрдайым ашық. Не ексең, соны орасың. Иманның нұры, жүректің тыныштығы ғана бақытты етеді. Өзіңе тілегенді өзгеге тілей алмасаң, иман келтіргенің қайда?. Мен қандай болсам айналам да сондай, Көркем мінез көркем сабырмен келеді. Әрбір қиындықтың артында жеңілдік бар. Жамандыққа жақсылықпен қайтармасаң, білгеніңнен не пайда. Үміт үзбеген адамның, көрер жарығы бар”, – деп жазды Толқын. 

Желі қолданушылары блогер келіншектің жазбасын толықтырып, өздерінің қағидаларын жарыса жазып жатыр. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.