Казахский язык класс 9 каз



жүктеу 1.25 Mb.
бет2/8
Дата19.09.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

B) –Әй,Текекөз,тоңған жоқсың ба? Жаурасаң, оныңды айт.

C) Тұмсығына түскен кекілі,тізесін жапқан жалы, шашасын қапқан құйрығы сәйгүліктің сыртқы сүдінін ертегідегідей сұстандырып көрсетеді.

D) Қызылқұмның ажары беті жаңа ашылған келіншектей әдемі екен.

E) Биыл ғана өңіне қан тепкен жарықтық дала өткен-кеткен жолаушыларға ежелгі әдетіндей шырайлы жылы қабақ көрсетіп, мың түрленіп, мың құбылып, керіле түсіп, толықсып жатыр.

77_


Көркем әдебиет стиліне тән емес,тура мағыналы қатарды көрсетіңіз.

A) Көп ұзамай қылаңы бар, бараны бар жануарлардың әрін ашулы аяз бір ретке түсірді.

B) Жылқы түсін, ең алдымен, қылаң, баран және ала деп үшке бөледі.

C) Тұмсығына түскен кекілі,тізесін жапқан жалы, шашасын қапқан құйрығы сәйгүліктің сыртқы сүдінін ертегідегідей сұстандырып көрсетеді.

D) Қызылқұмның ажары беті жаңа ашылған келіншектей әдемі екен.

E) Биыл ғана өңіне қан тепкен жарықтық дала өткен-кеткен жолаушыларға ежелгі әдетіндей шырайлы жылы қабақ көрсетіп, мың түрленіп, мың құбылып, керіле түсіп, толықсып жатыр.

78_

Ауыспалы мағынадағы көркем әдебиет стиліне тән қатарды белгілеңіз.



A) Наурыз басталысымен, Алматыға көктем келіп үлгерді.

B) Көктемнің негізгі белгісі құстың оралуы болса керек.

C) Міне, қараторғай да жылдағыға қарағанда тым ерте жетті.

D) Келеді қараторғай қанат қағып,

Астына қанатының маржан тағып.

E) Күз келісімен, жылы жаққа кеткен құстар өзінің мекеніне оралды.

79_

Көңіл айтуға тән өлең жолдары берілген көркем әдебиет стилін көрсетіңіз.



A) Қаратауым дегенге Қаратауым,

Тау басынан соғады қара дауыл.

Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,

Қаптай көшіп келеді біздің ауыл.

B) Дастарханға береке берсін,

Ерге дәулет берсін.

C) Айналайын балам-ай,

Айналсын сенен анаң-ай.

Әлдилеп сені сүйгенде,

Анаңның болар көңілі жай.

D) Бұ дүниеде не жақсы,

Аз нәрседен көп жақсы.

Өнер-ғылым үйренген,

Азамат жастар бек жақсы.

E) Аққу ұшып көлге кетті,

Сұңқар ұшып шөлге кетті.

Ол адасып кеткен жоқ,

Әркім барар жерге кетті.

80_

Көркем әдебиет стиліне тән қатарды белгілеңіз.



A) Дәннің құрылысына қарай тұқымдастыққа бөледі.

B) Өсімдіктердің тарихи шыққан тегін тексереді.

C) Әрбір үйдің жер ошағынан будақтап түтін шығады.

D) Тұқымдастық – ең үлкен категориялық жік.

E) Топтастыру – өте жауапты және өте қиын жұмыс.

81_


Көркем әдебиет стиліне негіз болатын сөздер қатарын ажыратыңыз.

A) Түйе жүн шекпен, көктемгі көгілдір дала, алаулап тұрған көкжиек.

B) Белоктар, минералдық заттар, фермент.

C) Судың булануы, құрғақ заттар, дәннің құрамы.

D) Сайсағыз, тастақ жерлер, көгілдір гүлді өсімдік.

E) Тамыз айында гүлдеу, салбыраңқы сабағы бар, бұтақты, төрт қырлы.

82_

Көркем әдебиетке тән, шығармаға көркемдік эмоция қосып, ажарын ашып тұратын сөздері бар қатарды белгілеңіз.



A) Тұрар Рысқұлов «Шолпан»,«Сана» журналдарын ашып,қазақ зиялыларын Ташкентке жұмысқа шақырады.

B) М.Әуезов Тұрардың өз аузынан әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлының басынан кешкен оқиғасын естиді.

C) Мұхтар Әуезов «Шолпан» журналында істей бастайды.«Қараш-Қараш оқиғасын» жазу осыдан басталады.

D) Тастан-тасқа ырғып, ақ көбік атқан өзен аңғары ғана қоңыр салқын.

E) Суы қандай десеңізші!Мөп-мөлдір.Мың бұралып сылдырлаған мың бұлақты «айналайын» дер едің де, өзіңді кім көп «айналайын»дегенін есіңе түсіресің.

83_


Табу сөзбен келген көркем әдебиеттен гөрі ауызекі стильге жақындау қатарды анықтаңыз.

A) – Үйрек ұстаудан оңай нәрсе жоқ екен.

B) –Е,қалайша?

C) –Қайдан білейін!Айтқаның келсін-ау!Шырайлым-ау,саған жорытайыншы.

D) Бір жылы бозға жұмыртқалаған үйректі тұзақ құрып ұстап алдым да, терісін бітеудей сойып,басыма кидім.

E) Денемді суға жасырып, басымды ғана қылтитып, жүзіп жүрген үйректерге жақындасам, мені үйрек екен деп ойлайды ма, ешқайсысы қашпайды.

84_

Табиғат құбылысын әсерлеп суреттеген сөйлемдердің стильдің қай түріне жататынын табыңыз.



Қар жауды, көп жауды....Иен даланы саршұнақ аяз жайлады, үскірік есті. Боран оңынан соққан, үскірік солынан есті. Бет қаратпайды, жалап тұр, жалап тұр. (С.Мұратбеков.)

A) Пулицистикалық стиль.

B) Ресми стиль.

C) Ауызекі сөйлеу стилі.

D) Көркем әдебиет стилі.

E) Ғылыми стиль.

85_

Бейнелі сөз арқылы берілген күйшінің күй тарту шеберлігі қай стильге жататынын ажыратыңыз.



«Кертолғаудың» екінші тарауы басталғанда, күйшінің шебер саусақтары құлдилай жорғалап, екі ішекті қат-қабат, алма-кезек шалып, бірде толғап, бірде іле, бірде шымши шертіп, текіректеген дыбыстарды сапырып жіберді.Төрт рет қайталаулар көкейге еріксіз құйылды.

A) Ауызекі сөйлеу стилі.

B) Көркем әдебиет стилі.

C) Пулицистикалық стиль.

D) Ресми стиль.

E) Ғылыми стиль.

86_

Ресми стильге тән қатарды белгілеңіз.



A) Сүйсем өз тілімді,

Боламын білімді.

B) Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді.

C) Арамызда тіл жанашырларының болғаны дұрыс.

D) Тілі шұбардың – ойы шұбар

E) Қазақстан Республикасы қазақ тілін мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады.

87_

Ресми стильге тән қатарды белгілеңіз.



A) Ана тілі – өркениетіміз бен мәдениетіміздің, ұлтымыздың қалыптасуының негізгі тірегі.

B) Халықты ойландыратын ең негізгі мәселелердің бірі –ана тілінің тағдыры.

C) Қоғамның дамуы тілден көрініс табады.

D) Қоғамның қозғаушы күші адамдар десек, халыққа қызмет көрсету саласының халық көп шоғырланған жері авиация саласы болып табылады.

E) Мемлекеттік тіл – тұрғылықты халықтың және Қазақстан Республикасы азаматтарының басым көпшілігінің тілі.

88_


Ресми стильге тән емес қатарды белгілеңіз.

A) Дүниеге бір бала келді,

Отыз күндік мерекені,

Естен кетпес берекені

Сол ауылға ала келді.

B) Мен, Алмазұлы Шыңғыс, Алматы қаласында дүниеге келдім.

C) Ақбота – үздік, зерек оқушы, кітап оқуды жақсы көреді.

D) Шыңғыс – математиканы сүйіп оқиды, ойындағысын анық айта алады.

E) Рухани және интеллектуалдық дамуда тең құқыққа ие болу.

89_


Ресми стильге тән емес қатарды белгілеңіз.

A) Тіліне қарап білімін байқадым.

B) Қазақ тілін мемлекеттік органдарда белсенді қолданылуына қамқорлық жасайды.

C) «Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі үшін техникалық жағдайдың бәрін жасау» міндетін жүктейді.

D) Ол көпшіл, жолдастарымен жақсы қарым-қатынас жасайды.

E) Адамның конституциялық құқы мен бостандығын іс жүзінде қамтамасыз ету.

90_

Ресми стильге тән емес қатарды белгілеңіз.



A) Тағайындалсын, міндеттелсін.

B) Қаулы етеді, жарлық етеді.

C) Алғыс жариялансын,қамтамасыз етілсін.

D) Осы анықтама берілді, негізінен қабылдансын.

E) Аулына барып қайтсын, сабаққа келмей-ақ қойсын.

91_


Ресми стильге тән қатарды белгілеңіз.

A) Бұ дүниеде не жақсы,

Аз нәрседен көп жақсы.

Өнер-ғылым үйренген,

Азамат жастар бек жақсы.

B) Халқың бар қолдар артыңда,

Өзіңсің өрен, өр тұлға.

Қатарларыңнан озық кел,

Шаң жұқпас текті қалпыңда.

C) Анаңдай сүй жүрекпен,

Өзеніңді, көліңді.
Айналаңды гүл еткен,

Аялай біл өмірді.

D) Ағамыз Ыбырайға көп-көп сәлем жолдадым. Өзіңнен көптен еш хат-хабар болмады.Ұстаздарымның тәуір назарындамын. Қош, аға, сау бол. Ініңіз Н.

E) Бұдан бұрын қаншама,

Өмір, тірлік жалғасты.

92_


Ресми стильге тән қатарды белгілеңіз.

A) Теледидардан, радиодан сұхбат беру.

B) Көпшіліктің назарын аудару, ұран тастау.

C) Реквизит, митинг, ұлы идея.

D) Үндеу,үгіт, фирма.

E) Реквизит, қатынас қағаз,заң,бап.

93_

Ресми стильге тән қатарды белгілеңіз.



A) Құжатымды дайында.

B) «Орындаушы» немесе «Құжатты дайындаушы ».

C) Әніңді орындай бер.

D) Сабағыңа дайындал.

E) Тапсырмаңды орындауға ертерек дайындал.

94_


Ресми стильге тән қатарды белгілеңіз.

A) PS:Шұғыл жолсапарға шығуға тура келіп тұр.Сондықтан екі аптаға дейін сізбен кездесе алмаймын.

B) Жолсапардан келгелі біраз уақыт өтті.

C) Айтқан уақытымда кездесуге келдім.

D) Кездесіп, біраз мәселе шешілді.

E) Тағы да тапсырмалар алдым.

95_

Ресми стильге тән қатарды белгілеңіз.



A) Сатушылар санитарлық тексерістен өтті.

B) «Сатушы», «Сатып алушы».

C) Сатушы мен алушының арасындағы мәдениет.

D) Машина сатып алдым.

E) Сатушы да, мен де риза.

96_


Постскриптум (PS) сөзінің мағынасын анықтаңыз.

A) Құпия сөз.

B) Қол қойылмай, аяқталмай қалған шарт.

C) Хатты аяқтаудың сыпайылық мәнері.

D) Қол қойылғанға дейінгі мәтін.

E) Жасырын ой.

97_

Ресми стильге тән емес қатарды белгілеңіз.



A) Түйіндеме – белгілі бір адамның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін қағаз түрі.

B) Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, оқу орнындағы белгілі бір адамды біліктілік, өмірбаяндық, адамшылық тұрғыда сипаттау мақсатындағы қағаз.

C) Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың нақты бір міндеттері туралы жазбаша келісімі болып табылады.

D) Бұйрық – алда тұрған маңызды мәселелерді шешу мақсатында берілетін тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжат.

E) Түйіндеме мен мінездемеңді өткізіп, еңбек шартына қол қойып, бұйрық шығарған соң, жұмысқа шық.

98_


Іс қағаздарға тән емес қатарды белгілеңіз.

A) Құжаттарыңды түгендеп, белгілі бір жерге мұқият жинап қой.

B) Қолхат – белгілі бір тұлғаның мүліктік, қаржы сипатындағы затын екінші бір тұлғаның немесе өзінің алатындығын жазбаша растайтын қағаз түрі.

C) Арыз – ұйым басшысының атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын қағаз түрі.

D) Сенімхат – белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын қағаз түрі.

E) Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі.

99_

Ресми стильге тән етіс түрі берілген қатарды белгілеңіз.



A) Біреуге айтқызады, ақырын жүргізеді, бұрғызады.

B) Қолданылмауға тиіс, жол беріледі, жол берілмейді.

C) Ұялы телефонмен хабарласады, сөйлеседі.

D) Уақытында жуынады, киінеді, сүртінеді.

E) Бәрін өзі істейді, біреу жасайды, екеуі бір-біріне көмектеседі.

100_


Тұрақты тіркестен болған мүше

A) Дара мүше.

B) Күрделі мүше.

C) Үйірлі мүше.

D) Жалқы мүше.

E) Жалаң мүше.

101_

Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай жіктелетін түрлері



A) Дара, күрделі, үйірлі.

B) Түйдекті, дара, толымды.

C) Есімді, етістікті, үйірлі.

D) Құрама, күрделі, жанама.

E) Атаулы, дара, құрама.

102_


Күрделі бастауыш қатысқан сөйлем

A) Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар.

B) Бұрыннан аттың сыны болып орныққан.

C) Сәлемін алтын күннің алып келді.

D) Малшы ауылдың үлкен – кішісімен қоштасты.

E) Идея дегеніміз-шығармадағы негізгі ой.

103_

Дара баяндауыш қатыспаған сөйлем



A) Айтқаныңыз келсе, Кертөбел сіздікі.

B) Таң бозарып атып келеді екен.

C) Көңілім құлазып, жүрегім шымырлады.

D) Арнасы кең, тоғайы мол, ауасы таза.

E) Табиғат тыныштығын ешкім де бұзбайды.

104_


Есімдіктен болған дара баяндауышы бар сөйлем

A) Адамның ішкі сезімінің айнасы - көз.

B) Қартайған кезде өмірді жылытатын от - бала.

C) Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі - осы.

D) Көз - адамның ішкі сезімінің айнасы.

E) Бұл -Байжанның талай келген үйі.

105_

Күрделі анықтауыш қатысқан сөйлем



A) Бұрышта түсі суық таяқ тұр.

B) Ұйқысы келген Асқар құлағын толқынға тікті.

C) Талабы жоқ бала білімнен құр қалар.

D) Қызылды-жасылды гүлдерден моншақ тағынғандай.

E) Жүні көгілдір иттің үлкендігі арыстандай.

106_


Дара, мезгіл пысықтауыш қатысқан сөйлем

A) Көктемде құлпырады ой менен қыр.

B) Түн бойы аяз қаһарына мінді.

C) Шайдан соң тайымды ерттедім.

D) Осында үлкен шаруамен келіп отырмын.

E) Жақып өзенге таман жүріп келеді.

107_

Күрделі пысықтауыш қатысқан сөйлем



A) Зылиқа жасында ажарлы еді.

B) Бір күні мұны Құсырдың көзі шалды.

C) Енді құтыдағы суға да кезек келді.

D) Жоғары қарашы, көкте не көрінеді?

E) Жарас ұйқылы көзін әрең ашты.

108_


Дара анықтауыш қатысқан сөйлем

A) Ұзын бойлы адам төрге шықты.

B) Суы тұп-тұнық, мөп-мөлдір.

C) Жап-жасыл көл бетінде жүзген аққу.

D) Мына қыз мені сүріндірді.

E) Айнадай жалтыраған көлге бет бұрды.

109_

Бастауыштың қай сөз табынан болғандығын көрсетіңіз.



Қорқақ бұрын жұдырықтар.

A) Зат есімнен.

B) Сын есімнен.

C) Сан есімнен.

D) Есімдіктен.

E) Үстеуден.

110_

Сілтеу есімдігінен болған бастауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.



A) Бұл - Байжанның талай келген үйі.

B) Берген ұят емес, алған ұят.

C) Қалқам, Айнаш, сен шаруаңа бар.

D) Әркім әр түрлі шаруамен қарбаласады.

E) Алтын орден алғаным–терең жырдың тиегі.

111_


Тек тұрлаулы мүшеден болған сөйлемді табыңыз.

A) Күткенім де, сенгенім де өзіңсің.

B) Оныншы төртіншіден озып кетті.

C) Бәрі де өте жақсы киінген.

D) Мен өмірге қызмет етемін.

E) Сүйіндік бір кісіні жіберіпті.

112_

Сөз тіркестерінен тура толықтауышты табыңыз.



A) Ісімен жақсы.

B) Ойға олақ.

C) Жаңалыққа құмар.

D) Сырын айтты.

E) Ерге сын.

113_


Пысықтауыштың қай сөз таптарынан жасалғандығын көрсетіңіз.

Бүгін кешке ойын болады.

A) Үстеу, үстеу.

B) Үстеу, сан есім.

C) Сын есім, есімдік.

D) Есімдік, үстеу.

E) Үстеу, есімдік.

114_

Мекен пысықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.



A) Жан-жақтан жұрт жиналып қалды.

B) Бұл балалар кітап алғалы келіпті.

C) Түсінбегендіктен сезбей қалар деп ойлады.

D) Қара бақыр шымыр-шымыр қайнап жатыр.

E) Жарас ұйқылы көзін әрең ашты.

115_


Амал пысықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Қуанғаннан Қарекең орнынан қозғалмай қалыпты.

B) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

C) Төменде көк толқындар толқын шашқан.

D) Дөненінде үйретем, от болудың қылығын.

E) Есік алдына жүгіре-жүгіре шықтық.

116_

Мақсат пысықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.



A) Рақым жалма-жан тұра жүгірді.

B) Темір қақпа шалқасынан ашылды.

C) Енді құтыдағы суға да кезек келді.

D) Біз хал-жайыңызды білгелі келдік.

E) Зылиқа жасында ажарлы еді.

117_


Пысықтауыштың қай сөз табынан болғандығын көрсетіңіз.

Ол жорта айтып отыр.

A) Зат есімнен.

B) Сын есімнен.

C) Сан есімнен.

D) Етістіктен.

E) Үстеуден.

118_

Іс-әрекеттің не үшін, қандай талапқа лайық істелетінін білдіретін пысықтауышты анықтаңыз.



A) Мезгіл пысықтауыш.

B) Мекен пысықтауыш.

C) Себеп пысықтауыш.

D) Мақсат пысықтауыш.

E) Амал пысықтауыш

119_


Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қалай байланысатындығын анықтаңыз.

A) Қабыса, матаса.

B) Жанаса, меңгеріле.

C) Қиыса, қабыса.

D) Жанаса, қабыса.

E) Меңгеріле, матаса.

120_

Анықтайтын сөзінен кейін тұрып, оның лексикалық мағынасын басқа сөзбен дәлдеп көрсететін мүше



A) Анықтауыш.

B) Айқындауыш.

C) Толықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Жалпылауыш.

121_


Сөйлемнің айқындауыш мүшелерінің түрлері

A) Екеу


B) Үшеу

C) Төртеу

D) Бесеу

E) Алтау


122_

Оңашаланған айқындауышқа тән тыныс белгісі

A) Үтір

B) Қос нүкте



C) Нүктелі үтір

D) Көп нүкте

E) Дефис

123_


Қосарлы айқындауыш қатысқан сөйлем

A) Бұл істі істеген-мен, Базаралымын!

B) Жақия ақсақалмен дойбы ойнайын деп едім.

C) Ылғалды жерлерде шөп қалың өседі.

D) Олар ешқайда кетпейді, біржола бауыр басады.

E) Қос аққу бізге қарай жүзіп келеді.

124_

Бірыңғай бастауыш қатысқан сөйлем



A) Абай, Біржан, Әйгерімдер тысқа шықты.

B) Екіншісі ақ құба, ұзын бойлы, талдырмаш.

C) Туыс, жолдастарын таныстырып жатыр.

D) Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады.

E) Ол хатты асықпай, баппен оқып шықты.

125_


Бірыңғай мүшені байланыстырған жалғаулықтың түрі

Ол өте көркем және байсалды жігіт еді.

A) Ыңғайластық жалғаулық.

B) Қарсылықты жалғаулық.

C) Талғаулы жалғаулық.

D) Кезектестік жалғаулық.

E) Себеп-салдарлық жалғаулық.

126_

Бірыңғай тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем



A) Аттың желісі бір түрлі қатты, мазасыз.

B) Алқаптың жан-жағы – қырқа, бұйрат.

C) Бұл үй – кілемді, текеметті, меймандос мол үй.

D) Абай мен Ұлжан сескенді де, Зеренің қасын күзетті.

E) Болысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейде жұмсақ.

127_


Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің атқаратын қызметі.

Сарғайып қураған шөптер де, бұталар да, бұталардың жапырақтары да жаңбыр суын жұтып жасарыңқыраған сияқты.

A) Бірыңғай бастауыш.

B) Бірыңғай баяндауыш.

C) Бірыңғай пысықтауыш.

D) Бірыңғай толықтауыш.

E) Бірыңғай анықтауыш.

128_

Бірыңғай мүшеден болған пысықтауыш



A) Қайғы-уайымсыз, күмістей таза күлкі естіледі.

B) Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар.

C) Бәкен қуанған да, ренжіген де жоқ еді.

D) Туыстарын, жолдастарын сырттан таныстырды.

E) Ол жолдасының сөзін мұқият әрі құмарланып тыңдады.

129_


Жалғаулықсыз келген бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгі

A) Үтір.


B) Сызықша.

C) Қос нүкте.

D) Нүктелі үтір.

E) Көп нүкте.

130_

Айтылу мақсаты мен сазына қарай сөйлемнің нешеге бөлінетіндігін көрсетіңіз.



A) Екіге.

B) Үшке.


C) Төртке.

D) Беске.

E) Алтыға.

131_


Іс-әрекеттің болымсыздығын білдірген сөйлемді табыңыз.

A) Атағы барды әйел былай тұрсын, ел сыйлайды.

B) Жанқия апай сені елжіретіп сүймейді де, өтінбейді де.

C) Кәмел ағам мені Қостанайға дейін шығарып салды.

D) Майбасар ұялғаннан үнсіз ғана, лекітіп күле берді.

E) Қазір де бурыл түсі момындыққа бейім, жылы шырайлы.

132_

Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.



A) -Өй, Жиренше, жаңағы осы Қодар кім?

B) -Қой, қой, жетті, Шығанақ!

C) Апаққа айтарсыңдар, аттарды суытып жіберсін!

D) Айтармыз, жұрт келісіміне салармыз.

E) Ақырын жүрсе, іші жарыла ма, түге?

133_


Хабарлы сөйлемнің жұмсалу мақсаты.

Аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала өрнекті кесте сияқты.

A) Суреттеу.

B) Хабарлау.

C) Болымсыздық.

D) Болжау.

E) Бұйыру.

134_

Қарсы сұрақты сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.



A) – Біздің ауылға барасың ғой, қызым?

B) – Бармағанда қайтем?

C) – Ой, мынау тамаша емес пе?

D) – Сол жаққа мен де барсам ба екен?

E) – Сізде де арман бар ма екен?!

135_


Лепті сөйлемді табыңыз.

A) Борашты көріп жүретін шығарсың

B) Қажымұқан бұлардың әңгімесін бөліп жіберді

C) Сен немене, тоңып қалғанбысың

D) Жаңа қоныс болғанда қандай

E) Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта

136_

Демеулік шылау арқылы жасалған лепті сөйлемді табыңыз.



A) Пай-пай-пай, бұл неткен жан!

B) Тіл қандай! Тәсіл қандай!

C) Армысың, табиғат-ана!

D) Уа, шіркін, ән деп осыны айт!

E) Мұндай да сұлулық болады екен ғой!

137_


Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

A) Мақтан қума, керек қу!

B) -Түу, сіз қызық екенсіз!

C) Мұнда қайдан жүрсіз?

D) Нұрланды көретін шығарсың?

E) Үйдің іші жылынды.

138_

Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.



A) Білетін адам кездессе, неден бастамақшы?

B) Түндікті жауып, есікті түріп қойшы!

C) Қане, жігіттер, аттарыңды қамдаңдар!

D) Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта!

E) Егіннен мол өнім алатын болыңдар!

139_


Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) -Ой, Бәтес, мұның не?

B) -Айтқан өзің шығарсың?

C) -Келістік қой?

D) -Тоңып қалғанбысың?

E) -Әйел?-деді Қалима.

140_

Суреттеу мақсатында берілген хабарлы сөйлем.



A) Жиналыс басталды ма?

B) Жоғал, көзіме көрінбей!

C) Орманды, тоғайлы көлге саяхат жасадық.

D) Қандай тамаша көл!

E) Күн жылы.

141_


Интонациялық әуен басында көтеріліп, соңында төмендейтін сөйлем.

A) Хабарлы сөйлем

B) Сұраулы сөйлем

C) Лепті сөйлем

D) Бұйрықты сөйлем

E) Сұраулы, лепті сөйлем

142_

Бұйрықты сөйлемде бұйрық мәнін беретіндер



A) Интонация мен баяндауыш тұлғалары.

B) Интонация мен бастауыш тұлғалары.

C) Ой иесін білдіретін негізгі атаулар.

D) Дауыс ырғағы мен сын есімдер.

E) Үйірлі мүшелер мен жалғаулықтар.

143_


Бұйрықты сөйлемнің қандай мәнде жұмсалғандығын анықтаңыз.

Дәл осы үйдің ішінен құдық қазыңдар!–деп бір-ақ бұйырды.

A) Тіке бұйрық.

B) Тежеу, нұсқау.

C) Сақтандыру, өтіну.

D) Үндеу, ұсыну.

E) Тежеу, сес білдіру.

144_

Суреттеу мақсатындағы хабарлы сөйлемді табыңыз.



A) Оның қайда кеткенін сұраудың да пайдасы жоқ еді.

B) Нұрғаным ауылы бір тамшы су ала алмай қойды.

C) Қобыланның мінезіне де күрт өзгеріс енгізген сол еді.

D) Артына жай бір бұрылып қарады да, қоя салды.

E) Ертіс – сұлу, ерке мінезді, сылаң қағып ағатын өзен.

145_


Негізгі сұрақты сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

A) - Атым – Қайырғали, өзіңнің атың ше?

B) Анау келе жатқан Жақып па, Әсет пе?

C) Сен осы ауылдың баласы шығарсың?

D) – Сендер ертеңнен кірісіңдер. – Ертеңнен?

E) – Сиқыр дүние? Тозақ дүние? Тұзақ дүние?

146_

Жетек сұрақты сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.



A) Кім жасаған екен?

B) Сен де жүрмекшімісің?

C) Басқалары келіспесе ше?

D) -Екінші шарт?-деді Байжан.

E) Амансыз ба, қарындас?-деді.

147_


Етістік формасы арқылы жасалған лепті сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қарғадай баламды тағы шырылдаттың-ау, қанішер!

B) -Пай-пай-пай, бұл неткен жан!

C) Ана көк шөпке бауырыңды төсеп жатар ма еді!

D) -Пай-пай, Ысқақ-ай, осындай адамдарды көрмейсің!

E) Жаңа қоныс болғанда қандай!

148_

Сұраулы сөйлемнің көркем әдебиетте жиі кездесетін түрін табыңыз.



A) Ашық сұрақты сұраулы сөйлем.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет