Казахский язык класс 9 каз



жүктеу 1.25 Mb.
бет4/8
Дата19.09.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

D) Айқындауышқа байланысты.

E) Оңашаланған айқындауышқа байланысты.

226_

Қаратпа сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлем



A) -Ау, Барша, қарағым-ау, мұның қалай?

B) -Ау -Барша, қарағым-ау, мұның қалай?

C) Ау, Барша -қарағым-ау мұның қалай?

D) -Ау. Барша, қарағым ау, мұның қалай?

E) Ау -Барша-қарағым-ау-мұның қалай?

227_


Қаратпа сөз басқа сөйлем мүшелерінен қандай тыныс белгісі арқылы ажыратылады?

A) Нүкте


B) Леп белгісі

C) Үтір


D) Сұрау белгісі

E) Нүктелі үтір

228_

Айтылған ойлардың өзара қатынасын білдіретін қыстырма сөздер қатары



A) Ақырында, сөйтіп.

B) Әрине, мүмкін, сірә.

C) Сөз жоқ, шамасы.

D) Амал қанша, рас.

E) Абырой болғанда, рас.

229_


Сөйлемдегі қыстырма сөздің білдіретін мағынасы

Сол жастықтың заңы бойынша, рас, оқумен, сауықпен тіршілік ететінбіз.

A) Күмәнділікті.

B) Жорамалдауды.

C) Сенімділікті.

D) Салғырттықты.

E) Белгісіздікті.

230_

Қаратпа сөз қатысқан сөйлем



A) Меніңше, сол үйінділердің өзінде мыс жатыр.

B) Олардың айтуынша, Санат–ақкөңіл адам.

C) Егіннің өсуі, расында, ғажап дүние екен.

D) Әбішім, жаңа заман елшісіндей болдың-ау!

E) Демек, әрбір бала өз затына ие болу керек.

231_


Алғашқы екі үтірдің қойылу себебі

Арылма, өлең, арылма,

Домбырам, күйден жаңылма!

A) Қаратпа сөзге байланысты.

B) Қыстырма сөзге байланысты.

C) Одағай сөзге байланысты.

D) Айқындауышқа байланысты.

E) Құрмалас сөйлемге байланысты.

232_

Қыстырма сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлем



A) Ең әуелі жайдақ суға теңгердіңіз.

B) Сөйтіп-ол Кішкентай Кентай атанып кетті.

C) Айтпақшы, мен бүгін Санатты көрдім.

D) Мен саған бірдеңе айтпақшы едім.

E) Несін айтасың: бұл ат-осы жердің жүйрігі.

233_


Көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа сөз сөйлемнің басында келгенде, одан кейінгі сөз қалай жазылатындығын анықтаңыз.

A) Бас әріппен жазылады.

B) Кіші әріппен жазылады.

C) Тырнақшаға алынады.

D) Жақшаға алынады.

E) Алдына сызықша қойылып жазылады.

234_

Қыстырма сөз қатысқан сөйлем



A) Немене айтып отырғаныңды өзің түсінемісің?

B) Немене, шабыныңды басар деп қорқамысың?

C) Оның кешігіп жүруі мүмкін емес.

D) Мен саған бірдеңе айтпақшы едім.

E) Оның айтқаны рас болып шықты.

235_


Сөйлемдегі негізгі ойды, не бір сөзді түсіндіру үшін қолданылатын қыстырма сөйлемдер қандай тыныс белгісімен ажыратылатындығын анықтаңыз.

A) Екі жағынан үтірмен ажыратылады.

B) Алдынан сызықша қойылады.

C) Екі жағынан жақшаға алынады.

D) Соңынан үтір қойылады.

E) Алдынан үтір, соңынан нүктелі үтір қойылады.

236_

Оқшау сөз қатысқан сөйлем



A) Әкесінің баласы- адамның дұшпаны, адамның баласы-бауырың.

B) Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап қалғанда, бар жайды айтты.

C) Есін жинағанын не оянғанын Асқардың өзі де білмейді.

D) "Мұны мен қайдан көрдім?"-деп ойлады ұста.

E) Салжігіт, сабақтан неге қалдың?

237_


Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлем

A) –Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!-деді Біржан.

B) "Бітірмесең де, бастағаның мақұл екен. Аздап айтып көресің бе?, деді Абай.

C) Дәл осы жолы кімге баратынын жобалайсың ба жоқ па-деді Мұхтар.

D) –Оған мені апарыңдар; мен көрейін? -деді Майқы би.

E) Сонан қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ-дейді жыр.

238_

Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз айтылғанда, соңғысының жазылуы.



A) Алдынан сызықша қойылады.

B) Екі жағынан үтір қойылады.

C) Соңына сызықша қойылады.

D) Тырнақшаға алынып жазылады.

E) Алдынан қос нүкте қойылады.

239_


Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, негізгі өзгеріс болатын мүшелер

A) Тұрлаулы мүшелер.

B) Айқындауыш мүшелер.

C) Тұрлаусыз мүшелер.

D) Амал пысықтауыш.

E) Тура толықтауыш.

240_

Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болғанда, төлеу сөзде етістіктің қай түріне айналатындығын табыңыз.



A) Көсемшеге.

B) Есімшеге.

C) Етіс түріне.

D) Өздік етіске.

E) Қалып етістігіне.

241_


Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болғанда, төлеу сөзге айналғандағы етістіктің түрі

A) Есімшеге.

B) Көсемшеге.

C) Тұйық етістікке.

D) Өздік етіске.

E) Өзгелік етіске.

242_

Төл сөз қатыспаған сөйлем



A) –Жоғары шық,-деді үйге кіріп келген Асқарға Балтабек.

B) –Балуан, сені Паң шақырады, тез жүр!-деді бір жігіт.

C) –Е,Құнанбай елінен екенсің ғой,-деді Мұхтарға.

D) Қыстайғы қардың көптігіне қарағанда, биыл егін бітік болар де.

E) –Әй, Балуан шолақ, сен ән саламысың?-деді.

243_


Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, өзгерілген етістікпен тіркесіп айтылатын шылаулар

A) Туралы, жайында.

B) Сондықтан, үшін.

C) Немесе, бірақ.

D) Шейін, себебі.

E) Және, бірде.

244_

Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлем



A) - Біздің халықта "Қарға қарғаның көзін шұқымайды" деуші еді! -деді.

B) Жақсы кездестің, деді Сатан "Сені іздеп жатыр едік.

C) Абай былай деді: Баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік.

D) -Менің аңғаруымша, сіз тарихқа атсалыспаған сияқтысыз -деді ол.

E) Алма, сен жақсы салдың еске, деді Жанат артына бұрылып.

245_


Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлем

A) -Рас, Сүгір ауылынан шығып тұр... Алда сорлы-ай, тілеуің қабыл екен ғой!-деп Абылғазы кеңкілдеп, күліп қойды.

B) -Рас, Сүгір ауылынан шығып тұр Алда сорлы-ай, тілеуің қабыл екен ғой,-деп Абылғазы кеңкілдеп, күліп қойды.

C) -Рас, Сүгір ауылынан шығып тұр! Алда сорлы-ай, тілеуің қабыл екен ғой! деп Абылғазы кеңкілдеп, күліп қойды.

D) -Рас, Сүгір ауылынан шығып тұр. Алда сорлы-ай, тілеуің қабыл екен ғой деп Абылғазы кеңкілдеп, күліп қойды.

E) Рас, Сүгір ауылынан шығып тұр. Алда сорлы-ай, тілеуің қабыл екен ғой?, деп Абылғазы кеңкілдеп, күліп қойды.

246_

Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлем



A) Бай, бағлан боп қадірлі болмайды жігіт! деді Біржан аға.

B) -Шырағым, сен бала емессің, естісің, - деді Ұлжан.

C) Сандықтың аузын аша бер, әке!, - деген еді Итбай Байсақалға.

D) -Енді айналмай-ақ қоярмыз - деп сыбырлады қасындағы жолдасы.

E) "Өнерпаз бол, өр бол," – дейді, Біржан аға.

247_


Күрделі баяндауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Сен де оны солай атайтын боласың.

B) Қыстың бірінші күні балалардың бәрі далада жүр.

C) Үшеуі мәуелі ағаштың түбіне келді.

D) Ұлар таудың биік құз-жартастарын мекендейді.

E) Жер әлемді тегіс ақ мамық басқан.

248_

Күрделі баяндауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.



A) Мұзтаулар бір қарағанда кішкентай боп көрінеді.

B) Қайырымды адамның бойында тәкаппарлық, менменсу кездеспейді.

C) Жайлаудың қызығын қимай әрең қайтатынбыз.

D) Өзіңе қарай дос таңда.

E) Әне, құстар жылы жаққа ұшып барады.

249_


Дара баяндауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Нағашымыз жақында 50-жылдық мерейтойын атап өтті.

B) От әлі маздап жанып жатыр.

C) Ақын Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады.

D) Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев.

E) Түнде жаман түстен оянып кеттім.

250_

Күрделі бастауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.



A) Қайырымдылық дегеніміз – айналасындағы адамдарға ізгілікті іс жасау.

B) Бүгінгі Астананың балауса орманы бой түзеп келеді.

C) Тұман ауырлап, қоюлана түскендей.

D) Кей күні бауырсақтай-бауырсақтай өткінші бұршақтар жауып өте шығатыны бар.

E) Осындай өжет жастарды Есеней қатты қатты ұнататын еді.

251_


Дара бастауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Жиын-тойларда өлең-жыр айтылады.

B) Шыншыл болу – адам баласы үшін аса қымбат, қадірлі қаситеттердің бірі.

C) Абай бейнесін жасауға Әбілхан Қастеев әлденеше рет қалам тартқан.

D) Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық.

E) Талант дегеніміз – бір пайыз ғана қабілет, ал қалған тоқсан тоғыз пайызы – еңбек.

252_

Дара бастауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.



A) Көк бөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі.

B) Тәуелсіздік сарайы үш қабаттан тұрады.

C) Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.

D) Балуан Шолақ бала кезінде-ақ балуандықпен ел-ішіндегі жиын-тойға араласып жүреді.

E) Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылды.

253_


Көкем келгелі ел адамдары әжемнің отауына жиналатын.

Асты сызылған сөздердің қызметін анықтаңыз.

A) Дара бастауыш

B) Күрделі бастауыш

C) Дара анықтауыш

D) Күрделі анықтауыш

E) Дара толықтауыш

254_


Күрделі анықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Ақылды адам орнымен сөйлер.

B) Лүп еткен жел білінбейді.

C) Сап тыныштықтан оянды.

D) Оқығанның көзі ашық.

E) Ақылсыз адам айқайлай келеді.

255_

Күрделі сөздің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.



Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.

A) Дара анықтауыш

B) Күрделі анықтауыш

C) Дара толықтауыш

D) Күрделі пысықтауыш

E) Дара пысықтауыш

256_

Күрделі толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.



A) Шырақтай жанған томаға көз.

B) Балалы үйдің сыры жатпайды.

C) Жауын үздіксіз жауды.

D) Жүз – жиырма беске бөлінеді.

E) Күресуге дәрмен жоқ.

257_


Дара толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Сен үйренгенше істей тұрамын.

B) Біз сыныптасымызды көрдік.

C) Әкем ашулана тіл қатты.

D) Төртеуіміз тысқа шықтық.

E) Талғат Бигелдиновке ұқсағым келеді.

258_

Бастауыштардың жасалуы



Ақыл – сөзде, мейір – көзде.

A) Зат есімнен.

B) Сын есімнен.

C) Сан есімнен.

D) Есімдіктен.

E) Үстеуден.

259_

Жанама толықтауышты табыңыз.



Алыстағы дұшпаннан,

Аңдып жүрген дос жаман.

A) Алыстағы

B) Дұшпаннан

C) Аңдып

D) Дос

E) Жаман


260_

Пысықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Ерінбегеннің еңбегі жанады.

B) Кездесуді кездейсоқ ұйымдастырдық.

C) Жаманнан жақсы туады.

D) Қарлы боран ұйытқып тұр.

E) Мұғалима қатал адам.

261_


Белгісіздік есімдігінен болған бастауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сұлтан бұл жаңалыққа қатты қуанды.

B) Әрнені сөз етіп, жиналыс та бітпеді.

C) Шабдар ат орнында тұр екен.

D) Әркім өз ойымен отыр.

E) Сол бір апта оған өте ауыр тиді.

262_

Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзі бар қатарды табыңыз.



A) Дүр етіп бозторғай ұшты.

B) Жұмыс бастан асып жатыр.

C) Аттар тұралап қалды.

D) Ол үшін ренжіме, күнім.

E) Соқашының бар уайымы – аттары.

263_


Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

A) Аспанда бұлт болғанымен, жаңбыр жаумады.

B) Кішкентайлар Аяз Атаның хатына қалтқысыз сенеді.

C) Әдеп пен тәртіптің басы – тіл.

D) Таңертең ауа райы жақсы нышан танытып еді.

E) Бұл мәселенің шешімін біз басқаша ойлаймыз.

264_

Тура толықтауышты табыңыз.



A) Кездесуден кейін мен көп ойландым.

B) Жиынның соңы концертке ұласты.

C) Жауынгер-жазушы кездесуге өз немересімен кепті.

D) Балалар жазушы шығармаларынан үзінділер оқыды.

E) Жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты.

265_


Пысықтауыштың сұрағы қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Оқиға қай сыныпта болған еді?

B) Сол кездегі көңіл күйің қандай болды?

C) Кітап жазсаң, кімді бас кейіпкер етіп алар едің?

D) Өмірдегі мақсатың не?

E) Демалысыңды қайда өткізгенді қалайсың?

266_

Мекен пысықтауышты табыңыз.



A) 22 наурызда күн мен түн теңеледі.

B) Сізге сәлем беру үшін келдім.

C) Үсен жүгіре-жүгіре шаршады.

D) Оның қуанғаннан есі шығып кетті.

E) Біз ауыл маңынан ұзап кетіппіз.

267_


Сөйлемдегі пысықтауыштардың түрін табыңыз.

Алпамыс биыл мектепке барады.

A) Мақсат, амал пысықтауыш

B) Мезгіл, мекен пысықтауыш

C) Себеп, мөлшер пысықтауыш

D) Мезгіл, амал пысықтауыш

E) Мөлшер, мекен пысықтауыш

268_

Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табын анықтаңыз.



A) Етістік

B) Есімдік

C) Шылау

D) Үстеу


E) Сын есім

269_


Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің атқаратын қызметі.

Қазақ халқы арқар, құлжа, тауешкі, таутекелерді қоңыр аң деп атаған.

A) Бірыңғай бастауыш.

B) Бірыңғай баяндауыш.

C) Бірыңғай пысықтауыш.

D) Бірыңғай толықтауыш.

E) Бірыңғай анықтауыш.

270_

Бірыңғай бастауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.



A) Ораз – менің туысым, досым, замандасым.

B) Билікке, үстемдікке қол жеткізді.

C) Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тыйып ұста.

D) Ішінде Мөңке, Дос, Рай бар.

E) Басты адамгершілік қағидалары – адалдық, мақсат қою, ізденіс.

271_


Бірыңғай баяндауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Бөрікті ерлер де, қыздар да киеді.

B) Бөрік сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты маталардан тігіледі.

C) Оның жазғы, қысқы түрлері болады.

D) Ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын тыңдайтынмын.

E) Сендей адамды бұрын-соңды көрмеппін, кездестірмеппін.

272_

Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің атқаратын қызметі.



Ана тілін ардақтау, тілді құрметтеу – әр азаматтың парызы.

A) Бірыңғай бастауыш.

B) Бірыңғай баяндауыш.

C) Бірыңғай пысықтауыш.

D) Бірыңғай толықтауыш.

E) Бірыңғай анықтауыш.

273_

Бірыңғай мүше қатыспаған қатарды анықтаңыз.



A) Әкем орта бойлы, арық қара кісі еді.

B) Маңдайы жап-жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл болатын.

C) Айнала таулар да, талдар да, жылғалар да түрленіп кеткендей.

D) Ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлады.

E) Шынымен, түйемді көрмедіңіз бе?

274_


Тыныс белгісі қойылмаған бірыңғай мүшені табыңыз.

A) Әкең, анаң саған өмір сыйлаған жандар.

B) Ағайын арасында мансапқа дәрежеге атаққа таласу тоқталмаған.

C) Бұл шығармада халқымыздың өмірі, салт-санасы, өнегесі бейнеленген.

D) Қарсылықты жалғаулық шылаулар: бірақ, алайда, дегенмен.

E) Қазекең руға, жүзге бөлінгенін қоймайтын шығар.

275_

Тыныс белгісі қойылмаған бірыңғай мүшені табыңыз.



A) Ыстыққа да, суыққа да төзу керек.

B) Қыстыгүні күн қысқарып, түн ұзарады.

C) Қазір аспан да, жер де моп-момақан күйде.

D) Бұлақтың суы мұздай салқын таза екен.

E) Еріншек, жалқау болудан жаман іс жоқ.

276_


Бірыңғай мүшелерді бір-бірімен байланыстыратын шылауды анықтаңыз.

A) Бірақ


B) Алайда

C) Және


D) Себебі

E) Дегенмен

277_

Қосарлы айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.



A) Аяз би сияқты болғаның ба?

B) Мақпал жылысып далаға шықты.

C) Маңайда ешкім көрінбеді.

D) Түнделетіп қалай жеттің, жалғызсың ба?

E) Кітап оқуға аңсарым ауды.

278_


Сұраулы сөйлем

A) Армысың, хан ием

B) Бар бол, Дарабозым

C) Аман-есен жеттің бе

D) Алыстан ауыл көрінді

E) Жүгіре-жүгіре шаршады

279_

Бұйрықты сөйлем



A) Айтқан уақытта жұмыста бол

B) Жайдары жаз өтіп барады

C) Бала – ана үшін қашан да бала

D) Табиғат қандай тамаша

E) Сен бұдан шығар жолды білесің бе

280_


Бұйрықты сөйлем

A) Анаңа ауыр сөз айтпа

B) Көзі қандай өткір

C) Әдептілік деген не

D) Айнала жап-жасыл

E) Бір топ елік жайылып жүр

281_

Хабарлы сөйлем



A) Жері жаман ба

B) Па, шіркін неткен күш

C) Е, оны қайтесің

D) Қас қарая үйге қайттым

E) Неткен ақылды бала

282_


Лепті сөйлем

A) Сізді көргеніме шексіз қуаныштымын

B) Бет-аузын тұмшалап алыпты

C) Жайшылық па, жеңеше

D) Бүгінше ешқайда шықпа

E) Маған не жұмыс тапсырасыз

283_

Сұрау есімдігі қатыспаған сұраулы сөйлем



A) Қалай болғаны сонда, аға

B) Саясаттан қандай хабарыңыз бар

C) Сонда не істеу керек

D) Осының бәрі сендердің естеріңде ме

E) Кештетіп жүрген қандай қонақтар ол

284_


Демеулік шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлем

A) Екі кештің арасында ұйықта(ма)

B) Үйге қарай жүгір(ме)

C) Өзің біл(ме), білгеннің тілін ал(ма)

D) Кешкі асқа барасың(ба)

E) Бөтен қалтаға қолыңды сал(ма)

285_

Жай сөйлем



A) Жел бәсеңдеп, жаңбыр шелектеп құя бастады.

B) Шіркін, жазғы жаңбыр соңынан бұлттан шыққан күн қандай!

C) Төңірекке қарасаң, түнерген бұлттар әлі бар.

D) Ең бастысы ниет болса, жұмыс табылады ғой.

E) Жүйелі, дұрыс тамақтаныңыз, жаман әдеттерден бойыңызды аулақ салыңыз.

286_


Жай сөйлем

A) Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

B) Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес.

C) Жарақты жауды жайратқан – сөз.

D) Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.

E) Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

287_

Бұйрықты сөйлем



A) Қарт ұстазға қонақ шәкірттері келді

B) Шәкірттерінің жүзінде байсалдылық бар

C) Мұндайда кім қуанбайды дейсіз

D) Бәрін жіпке тізе беретінің не

E) Бойыңды жамандықтан аулақ ұста

288_


Хабарлы сөйлем қатыспаған қатар

A) Бұларға арнап сый-сияпат беріп жіберіпті

B) Бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз

C) Ай – Жердің табиғи серігі

D) Беу, даусы неткен әдемі

E) Күйді нақышына келтіріп тартты

289_

Сұраулық шылау қатыспаған қатар



A) Темірқазық үнемі солтүстік бағытта тұратын жұлдыз емес пе?

B) Әлемнің жеті кереметіне не жатады?

C) Өткен күздегі сапарыңды айтасың ба?

D) «Тоғызқұмалақ» ойынын білесің бе?

E) Солтүстік аймақта келесі апта ауа райы өзгере ме?

290_


Бұйрықты сөйлем

A) Бізбен бірге жүрсеңші

B) Мынау не дейді

C) Түйе – күй талғамайтын жануар

D) Сабырлы адам сирек қателеседі

E) Сұлу сөзге сүйсінбейтін жан жоқ қой

291_

Хабарлы сөйлем



A) Маңдайы жарқырап қайда жүр екен

B) Тұлпарыңды келесі бәйгеге бапта

C) Бұл ненің құдіреті болды екен

D) Киімім су боп қалатын болды-ау, қап

E) Тәрбие тілден басталады

292_


Одағай арқылы жасалған лепті сөйлем

A) Ой-хой, өзі мықты екен!

B) Мен – ол менмін ғой!

C) Аты ат-ақ екен!

D) Ол жетіп келесі бар ма!

E) Жібермесем сағы сынады-ау!

293_

Лепті сөйлем



A) Бәрекелді, азамат екен

B) Адамның басшысы – ақыл

C) Жолаушы аң-таң болды

D) Ел іші – алтын бесік

E) Сізді қайдан көрдім

294_


Одағай қатыспаған лепті сөйлем

A) Қап, мен де барсамшы!

B) Ойбай-ай, ана бала құлайды-ау!

C) Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң!

D) Әттеген-ай, кеше есте болмапты-ау!

E) Ой, қандай сүйкімді үн!

295_

Жай сөйлем қатыспаған қатар



A) Қонақ үй әзір болмаған соң, осында келдік.

B) Гүлде, жайна туған жер!

C) Ауыл да, қала да уақыт талабына сай гүлдене түсуде.

D) Арман да, қиял да адамға қанат бітіреді.

E) Желі мен жері де дертке дауа.

296_


Хабарлы сөйлем

A) Балам, туған жерден сұлу жер бар ма

B) Осы сөзді жадыңда ұста

C) Анаммен кірген бөгде кісі кім екен

D) Сөз бен әуен ойлау жүйесін реттейді

E) Адал достықты дәріптеп, қадірлей білейік

297_

Хабарлы сөйлем қатыспаған қатар



A) Сейіт күтпеген сөзге селк етті

B) Оған қыздың сыңғыр күлкісі қосылды

C) Жым-жырт түнді шегіртке шырылы ғана мазалайды

D) Кешігіп қалмайық, жылдам жинал

E) Даңғыр еткен дыбыс шықты

298_


Лепті сөйлемнің негізгі жасалу жолдарының бірі

A) Сапалық сын есім

B) Көңіл күй одағайы

C) Үстеу сөздер

D) Есімдіктің түрлері

E) Септеулік шылаулар

299_

Сөйлемнің айтылу мақсатына, сазына қарай түрі



A) Лепті, жайылма

B) Жалаң, толымды

C) Бұйрықты, сұраулы

D) Атаулы, жақты

E) Сұраулы, жақсыз

300_


Атаулы сөйлем

A) Ымырт жабылған кез.

B) Ат – ердің қанаты.

C) Бала балалығын істейді.

D) Салт аттылар жақын келді.

E) Ыстықкөл қай жақта?

301_

Атаулы сөйлем



A) Алғашқы қар да түсті.

B) Бала қиял басқа дүниені ұмытты.

C) Біраз бой жазу үшін сыртқа шықтым.

D) Кеш қараңғылығы қоюланып келеді.

E) Демалыс күндерінің бірі.

302_
Белгілі бір атау мағынасын білдіретін сөйлем түрін көрсетіңіз.

A) Жай

B) Құрмалас



C) Мезгіл

D) Атаулы

E) Жайылма

303_


Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін көрсетіңіз.

A) Жалаң


B) Жайылма

C) Толымсыз

D) Толымды

E) Жақсыз

304_
Тұрлаусыз мүшелер қатысқан жай сөйлем түрі

A) Жайылма

B) Жалаң

C) Толымды

D) Толымсыз

E) Жақсыз

305_
Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Нарықтық экономикаға бет бұрдық.

B) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.

C) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.

D) Демократиялық істерді жүзеге асырамыз.

E) Бұл жерде суға түсуге болмайды.

306_

Берілген жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.


Мұғалім кеше үздік оқушыларды мектепке шақырды.

A) Жақсыз сөйлем.

B) Толымсыз сөйлем.

C) Атаулы сөйлем.

D) Сұраулы сөйлем.

E) Толымды сөйлем.

307_
Жалаң сөйлемді белгілеңіз.

A) Мен мектепке тез жиналдым.

B) Едіге мырс етті.

C) Кәсіпорын жұмысын бастады.

D) Мұндағы ауыл көшіп кеткен.

E) Екеуі асықпай аяңмен келеді.

308_
Жақты сөйлемді анықтаңыз.

A) Кітап алғым келеді.

B) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.

C) Бүгін демалыс.

D) Уақытты жоспарлай білу керек.

E) Үлкен жетістік.

309_
Атаулы сөйлемді анықтаңыз.

A) Мен қорқып қалдым.

B) Алтын күз.

C) Көлдің суы тұзды.

D) Табиғатты қорғау – біздің міндетіміз.

E) Балқаш көлінің суы азайып барады.

310_
Тұрлаусыз мүшелердің болу - болмауына қарай жай сөйлемдердің бөлінуін көрсетіңіз.

A) Жақты, жақсыз.

B) Атаулы.

C) Толымды, толымсыз.

D) Жалаң, жайылма.

E) Жай, құрмалас.

311_
Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Көктем. Қараңғы дала.

A) Жалаң сөйлем

B) Жайылма сөйлем.

C) Жақты сөйлем.

D) Атаулы сөйлем.

E) Толымсыз сөйлем.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет