Казахский язык класс 9 каз



жүктеу 1.25 Mb.
бет8/8
Дата19.09.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

E) Өзің ғана емес, тамам жұртты да аздырасың.

551_

Ойдың ретін білдіретін қыстырма сөз



A) Оларды қайтесіз, Күмісай, одан да өзіміз бастаңғы жасайық.

B) Бағымызға орай, пойыз әлі жүрмепті.

C) Біріншіден, Шынардың сурет салуға деген талпынысы жоғары.

D) Сөйтіп, ол Дарабоз атанған.

E) Жиналысқа, кештерге олар бірге қатысады.

552_


Ойдың кімнің тарапынан екенін білдіретін қыстырма

A) Біріншіден

B) Біздің байқауымызша

C) Бәсе


D) Шынында

E) Сөз жоқ

553_

Жансыз заттан болған қаратпа сөз



A)Дариға, домбырамды берші маған.

B) Ей, Біржан, жасың үлкен, өзің аға,

Қымбаттығым белгілі, білсең баға.

C) Қажыеке-ау, мынау қалай ақырады?

Жиенқұл тез келсін деп шақырады.

D) Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

E) Өлеңім, шарла, ауылды

Тыңда, дала, Жамбылды.

554_


Керекті тыныс белгілер

Бабаларым

Рахмет сендерге

A) Үтір, леп белгісі

B) Қос нүкте, жақша

C) Үтір, нүкте

D) Сызықша, леп белгісі

E) Дефис, сұрау белгісі

555_

Одағай сөзге байланысты қойылатын тыныс белгілер қатары



A) Сызықша және леп белгісі

B) Қос нүкте және леп белгісі

C) Сұрау және леп белгісі

D) Нүкте және леп белгісі

E) Үтір және леп белгісі

556_


Жекіру одағайы қатысқан сөйлем

A) Қап, кеш байқадық!

B) Бәрекелді, айтқаны дұрыс!

C) Па, шіркін!

D) Құп болады , жолдас сержант!

E) Жә, даурықпаңдар,өткел бұл жерде жоқ!

557_

Қыстырма сөзі бар сөйлем



A) Жүрегің жақсы екен! Бақытты бол, балам!

B) Көзіме бір қиқым түсіп кетті білем...

C) Жарайды, ендеше, біз де көшпейміз.

D) Ақкөңіл кісі өзі

E) Е-е, жақсы болған екен!

558_


Одағай мен қаратпа сөз қатар келген сөйлем

A) Әйтеуір, өзіңіз амансыз ба?

B) Қашқын шіркіннен не хабар бар?

C) Уа, пәле! Жігіт болсаң, Малайсарыдай бол!

D) Шіркіннің жанының тәттісін қарашы!..

E) Уа, жарқыным, басыңды көтер!

559_

Қыстырма сөзі бар сөйлем



A) Сол-ақ екен, мұның көріп қойғанын сезді.

B) Қарағым, осының ақыл екен.

C) Е, балам-ай, мынау лебізің қалай жақсы еді!

D) Сүйіндік аға, білейік деп сұраймын.

E) Рас айтасың, балам!

560_


Шақыру одағайы қатысқан сөйлем

A) Өзгелермен алыстан ғана «қош-қош» десіп, атына қарай жүре берді.

B) Балам, жөніңді айтшы.

C) Ендігінің жүгі сенде қалар, қарағым!

D) Бәсе, осы сөз менің құлағыма тиген еді.

E) Құрау-құраулаған жылқышылардың даусы естіліп жатыр.

561_

Одағай қатысқан сөйлем



A) Абай «уһ» деп күрсіне, сүйсініп қабылдады.

B) Білсең, өзің айтшы, шырағым!

C) Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл!

D) Баланың осынысы дұрыс-ау!

E) Аяғын, аяқ жағын биіктетсеңші!

562_


Қаратпа сөз қатысқан сөйлем

A) Балам-ай, алды-артымды орап алдың-ау!

B) Е, сұра! Не сұрамақ ең?

C) Иә, сонан соң не болды?

D) Не шаруаң бар дегенде не деймін?!

E) Әлде, сіз ренжіп қалдыңыз ба?

563_

Қыстырма сөз



A) Аналарыңа сәлем айт, балам!

B) Ендеше, жаттан айтсам, сырттан айтқан боламын.

C) Жүр, жарысайық!

D) Неден ширықтың, жөніңді айтшы!

E) Көріп отырмын, балам!

564_


Оқшау сөз қатар келген сөйлем

A) Барлаушы шыдау керек!

B) Мәссаған, командир жолдас, ендігі бұйрығыңыз не болады?

C) Дегенмен барып көріп келейін.

D) Ойбай-ай, мына жаманды қарай гөр.

E) Жігіт болып қалыпсың ғой, құлыным!

565_

Төл сөзді сөйлем



A) Құлыншақ ауылы қыстауда екен.

B) Манастың келіншегі дастархан жайып, шай жасай бастады.

C) - Уай, бәйбіше, қазан көтер мына қонаққа!-деп бұйрық етті.

D) Сүйіндіктің аппақ үлкен үйінің іші – тола тірелген жүк, буулы тең мен сандықтар.

E) Аздан кейін ет пісіп, жұрт асқа отырды.

566_


Төл сөз бен автор сөзін байланыстыратын көмекші етістік

A) Еді


B) Де

C) Тұр


D) Отыр

E) Айт


567_

Төл сөзді сөйлем

A)Қайыр хан деген бар еді, екі ұлы болатын.

B)Қоңырау үш мәрте соғылды.

C) Абай: «Қош келдіңіз, нағашы»,-деп қол қусырып, тағзыммен қарсы алды.

D)Ет желінгеннен кейін, шаршап келген қонақтардың алды жата бастады.

E) Осындай өжет жастарды Есеней қатты ұнататын.

568_


Төлеу сөзді сөйлем

A)– Апыр-ау, бұл кімнің қызы екен! – деп «түрікпен» Мүсіреп Есенейге қарады.

B)– Батырым-ай, оқ өтпесім-ай, найзагерім-ай, сені де көретін күн болады екен-ау!..

C)– Бұларың кім өзі, танисыз ба?-деді Есеней Артықбайға қарап.

D)– Кенжетай, сен батырға бір әдемі жыр айтып берші! – деді төрдегі би.

E)Мүсіреп бұл іске өзінің араласпағандығын айтты.

569_

Төлеу сөзді сөйлем



A) Кенесары отырғандарға Ереуіл Кеңесінің бүгінгі жиналған себебін байыппен түсіндірді.

B) – Сол жол жетпей ме бізге? – деді Наурызбай. – Жау өткен жерден біз де өтерміз.

C) – Орыс қарашекпендерінен қанша ақша кірді? – деп Кенесары Ерманға тесіле қарады.

D) – Жетеді,- деді ол ашуын әзер басып – Ал біз қандай қайрат көрсеттік, соны айтыңыз, Сидақ мырза?

E) Бес минут өтпей зеңбірекшілердің:

- Дайынбыз! – деген дауыстары естілді.

570_

Төлеу сөзді сөйлем



A) – Қалашылар, қалашылар келді! – деп шуласты бала-шаға.

B) – Асығып тұрғаным ғой, әйтпесе! – деп міңгірледім мұңайып.

C) Құрбысы Ботагөзден мұңаюының себебін сұрады.

D) Кенжетай жылқыларды жаюға кетті.

E) Сенің сыр бермегенің дұрыс.

571_


Төл сөздің төлеу сөзге дұрыс айналу жолы

- Үйірмеге қатысуға бола ма? – деп сұрады Болат.

A) Болат үйірмеге қатысуға рұқсат сұрады.

B) Болат үйірмеге қатысуға болатынын сұрады.

C) Болат үйірмеге қатысуға болмайтынын сұрады.

D) Болат үйірмеге қатысуға болатынын, болмайтынын сұрады.

E) Болат үйірмеге қатысатынын айтты.

572_

Автор сөзі қандай етістіктің көмегімен беріледі.



A) Жазда

B)Айт


C) Сұра

D)Ет


E) Де

573_


Төл сөзді сөйлем

A) Бәрі де күтпеген жерден басталды.

B) –Сәлеметсіз бе, ағай?- деді кінәлі жандай күлімсіреп

C) Күреңтөбел жұлқынып, арлы-берлі орғи берді.

D) Бас киімін қолына алып, ауыр күрсінді.

E) Ауылға жақындап қалдық.

574_

Төл сөзді табыңыз



A) Оның Керейдің балуаны екенін біліп, күрілдеген дауыспен атының кім екенін сұрады.

B) Медников одан арғы тағдырын өзі білмейтіндігін айтты.

C) Балтабай үйге кірген асқарға жоғары шығуын өтінді.

D) – Шамасы, бұл - әскери барлау мектебіне баратын кезіңіз ғой,- деп сұрады Нұрым Қасымнан

E) Ентігін басқан Нұрмағанбетке жұрт алғысын жаудырды.

575_
Тыныс белгісі дұрыс төл сөзді сөйлем

A) Мен ертең нағашымның ауылына барамын: - деді Ермек.

B) - Мен ертең, - деді Ермек: -нағашымның ауылына барамын.

C) Ермек: «Мен ертең нағашымның ауылына барамын», - деді.

D) Ермек былай деді; - Мен ертең нағашымның ауылына барамын.

E) Мен ертең: - деді Ермек нағашымның ауылына барамын.

576_


Тыныс белгісі дұрыс төл сөзді қатар

A) Аға-жеңгесіне кезек қарап: «Кегім ... кегім кетті!..» – деді ...

B) Аға-жеңгесіне кезек қарап «Кегім ... кегім кетті! – деді ...

C) Аға-жеңгесіне кезек қарап: Кегім ... кегім кетті, – деді ...

D) Аға-жеңгесіне, кезек қарап: «Кегім ... кегім кетті! – деді ...

E) Аға жеңгесіне кезек қарап: «Кегім ... кегім кетті! деді

577_

Төл сөздегі тыныс белгілердің орналасу тәртібі



Аға, басыңызды өлімге тіккен осы қиын да қауіпті сапарға қашан аттандыңыз деп сұрады журналист

A) Автор сөзі төл сөзден кейін келгендіктен алдына сызықша қойылады.

B) Автор сөзінен кейін нүктелі үтір қойылып, төл сөз тырнақшаға алынады.

C) Төл сөз тырнақшаға алынып, автор сөзінің алдынан қос нүкте қойылады.

D) Автор сөзінің алдынан сызықша қойылады.

E) Төл сөз тырнақшаға алынып, төл сөзден кейін сұрау белгісі, ал автор сөзінің алдынан сызықша қойылады.

578_

Төл сөзге қатысты сызықша



A) Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.

B) Зеңгір қия тас: бірінің аты – Қарабас, бірінің аты – Жалаңаш.

C) Мыңжасар – тепсе темір үзетін қайраты бар адам.

D) Әскерде командир айтты – бітті, ал мұнда – басқаша.

E) Әкесі: «Қызым, басқа ештеңе істемесең де үстіңе күніне бір сабақ жіп іл!» - депті.

579_


Автор сөзінен бұрын орналасқан төл сөз

A)Дәл осы сәтте Мағаш пен Кәкітай Дәрменді көріп күле жөнелісті.

B)– Кәне, кімнің үйіне түсеміз? – деді Бүркітбай қалаға жақындаған кезде, Асқардың бетіне қарап.

C) Асқар жігітпен амандасқан соң: «Мен сені бұрын қайдан көрдім?» - деп сұрады.

D)Көпті көрген Мақыш шал тегін айтпаған екен: «Өмірдегі жақсылық – адалдық», - деп.

E) Мәрияш біраз үнсіз келе жатты да: «Сонымен, батыл бол! Берік бол!» дейсіз ғой», - деп күлді.

580_

Төл сөзді сұраулы сөйлемді төлеу сөзге айналдырғанда болатын өзгеріс



A) Асан өзінің келген елі жайлы сұрады.

B) Оқушы досынан сабақ сұрады.

C) Оқушы өзінің барар жолын сұрады.

D) Оқушы қобыздың шығу тарихын сұрады.

E) Оқушы үйге қайтуға болатындығын сұрады.

581_


Айтылған сөз түрінде келген төл сөз

A) «Қамалға шабуыл жасамай жатып, хас батырлардың түрі мынау, ал қамалды ала алмасақ, күйіміз не болмақ».

B) Абай: «Әкем өзіме бірдеме айтпақ па екен?» - деп ойлайды.

C) «Қымыз әкелейін бе?» - дегендей Шәкет көзі күлімдеп бізге қарайды.

D) - Япырмай, - деді таңданған Қоңырқұлжа, - мына Қасымның көкжалы үш жүздің бас көтерер жігітін түгел жиған ба?

E) Есеней: «Шыдай тұр, шалым, қыс бойы қымыз ішкізермін», - деп қала жаздады да, сөздің бетін бұрып әкетті.

582_

Ойланған ой түрінде келген төл сөз



A) – Айтқаның шын болса, енді бірге жүрші, бірге жүрші, Абыл аға! – деді жас жігіт тағат қыла алмай.

B) – Көктемде неге көшпедіңдер? – деп сұрадым мен.

C) – Қазақ қандай әнші халық еді?! – деді Сергей Петрович.

D) «Жақында ұзатылады-ау. Есіл қыршын, жас бойжеткен!» - деп Керімбаланы жат жұртқа қимай ішінен ойланды.

E) – Сізге кім керек? –деді ол Асқарға.

583_


Бір төл сөздің ішінде екінші бір төл сөз келгенде қойылатын тыныс белгі

A)Алғашқысының алдынан сызықша қойылып, соңғысы тырнақшаға алынады.

B)Соңғы төл сөздің алдынан тырнақша қойылады.

C) Алғашқы төл сөз де соңғы төл сөз де тырнақшаға алынады.

D)Соңғысының алдынан қос нүкте қойылады.

E) Алғашқысының алдынан сызықша қойылады.

584_

Төл сөз автор сөзінің ортасында келген сөйлем



A) – Бәле, бала, - деді Мұхаң жымиып күліп, бұл қулығың өтпес енді.

B) Домбыра қолыма ұстап бастым перне,

«Нұр жауар – деген сөз бар – талапты ерге»

C) – Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалысың-ау! –деді.

D) Абай біраз тұрды да: «Шүкірлік, әке ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым», - деді.

E) – Жақсы кездестің, - деді Сатан. – Сені іздеп жатыр едік.

585_

Төл сөз айтуға оқталған сөз ретінде келген сөйлем



A) «...Сыр ашпайын деп отырғанын қарашы. Бұған да үйреткен екен...» - деп ойлады.

B) Әйелдердің: «Мырза келін-ай, таң атқалы күтіп отырмыз» - деп амандасқандарының өзінде сұрана келгендері көрініп тұрар еді.

C) Құнанбай: «Жетті, доғар!» - дегендей ишарат қылды да, Қарабасты тоқтатып тастады.

D) – Есен-саусыздар ма? – деп әйелдерге жалпы бір амандасты да, Ұлпан арқасын киіз үйге сүйей отыра кетті.

E) – Ғылым?! – деп Жанәбіл қарындашын ала сала бір жапырақ қағазды тізесіне қойып, жазып жатты.

586_


Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен жасалғанда болатын өзгеріс

A) Төлеу сөзде ол сөзге тіркесіп екенін деген көмекші етістік айтылады.

B) Табыс не барыс септік жалғауы не болмаса туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.

C) Сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған –дық, - дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады.

D) Автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.

E) Сұрау есімдігі сол күйінде сақталады.

587_

Төл сөз бен автор сөзінің ерекшелігіне жатпайтын қатар



A)Ауызекі сөйлегенде төл сөз автор сөзінен дауыс ырғағы арқылы бөлінеді.

B)Жазуда төл сөз автор сөзінен тыныс белгісі арқылы ажыратылады.

C) Төл сөздің тыныс белгілері автор сөзі мен төл сөздің орналасу тәртібіне қарай қойылады.

D)Төл сөздің мазмұны автор сөзінің ыңғайына қарай біреудің айтқан сөзі ғана емес, оның ойлаған ойы, айтуға оқталған сөзі де болып келеді.

E)Төл сөз бен автор сөзі екен көмекші етістігі арқылы байланысады.

588_


«Полемикалық» сөзі қатысты стиль

A) Ресми ісқағаз стилі

B) Көркем әдебиет стилі

C) Ғылыми стиль

D) Ауызекі сөйлеу стилі

E) Публицистикалық стиль

589_

Ауызекі сөйлеу стиліндегі толымсыз сөйлем



A) Ерттеулі атты әкесіне ап келді.

B) Жаның шықсын, өтірікші

C) Шыным – сол !

D) Әй, бала, жөніңе көшсеңші.

E) Жиналысқа кім келеді? – Әкем.

590_


«Полемика» сөзінің мағынасы

A) әңгімелесу

B) сұхбаттасу

C) пікірлесу

D) дауласу

E) талқылау

591_

Ауызекі сөйлеу стилінде дидарластық әңгіменің жүру түрі



A) монолог

B) диалог

C)ойталқы

D) сөзсайыс

E) пікірлесу

592_


Ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлем

A) – Тентек Шодырмен сөйлесіп көрсе қайтер еді.

B) Қысы- жазы далада, мал соңында жүріп, күн қабағын бағып өскен малшы жігіт бүгін аса мазасыз.

C) Теңіз үстіндегі дауыл тіпті қатты еді.

D) Құрақ басындағы түнгі шық әлі кеуіп үлгермепті.

E) Өзекті бойлап келте самал желпіп өтеді.

593_

Ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлем



A) Сөйлемдерде қысқарып құрылған сөздер көп кездеседі.

B) Негізгі зерттеу обьектісі болатын зат пен құбылыс ғылыми негізде сипатталып дәлелденеді.

C) Сөйлемнің баяндауышы нақтылықты білдіру үшін ырықсыз етіс формасында тұрады.

D) Тілдің көркемдегіш тәсілдері, риторикалық сұраулар, сөз қайталаулар мол кездеседі.

E) Көп жанрлы болып келеді

594_


Ауызекі сөйлеу стилінің қолданылу мақсаты

A) Өмір шындығын шынайы суреттеу,құбылыстарды бейнелеу арқылы

оқырман сезіміне әсер ету, ой тудыру

B) Кеңесу, көзбе- көз тілдесу мен пікірлесу, ой тудыру.

C) Хабарлау, ақпарат, анық мәліметтер беру

D) Көпшілікке әсер ету, құбылыс, оқиға мәнін ашып, бұқаралық ақпарат беру.

E) Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып ашып, мәлімет беру.

595_


Ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлем

A) Ет артынан Сүйіндіктің көптен сауғызып отырған қысырларының сары қымызы да келді.

B) Сүттей жарық айлы түн.

C) Бұқар жырау қытай әскерлерінің төртінші рет шабуылға шыққанына қарауда еді.

D) Кем талапсың, шөп қайдан өнсін, арқасынан күн өткен ешкі құсап үйден шыққасын-ақ шыжықтап қайтып кете бересің.

E) Қасқырдан қорыққан қойшыдан жақсы күзетші шықпайды.

596_

Ауызекі сөйлеу стиліне тән емес нұсқа



A) –Сен үйге бармаған соң,мен тірі өліп жүрмін ғой...Жұртқа қарайтын бетім қалмады.

B) –Қазақ болсаң, қарағым-ай, қара қазақпысың, өкіметтің кісісімісің?

C) Қонақасыға әрдайым мырза атанған Сүйіндіктің үйі бүгін де етті келістіріп асыпты.

D) Үй тар болғанымен, көңіл дариядай

E) – Осыным шын ғой, Әлеке, ә!

597_


Ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлем

A) Бұл тәжірибеде біз токтың механикалық әсерін бақылап отырамыз.

B) Белгіленген тәртіппен жарияланбаған заңдар және де басқа қалыпты құжаттар қолданылмауы тиіс.

C) Қызды әке билемегенде, кім билейді?

D) Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз жұмсақ басталып еді.

E) Ы.Алтынсарин өз ұлтының орыс халқымен достық қатынасының жолындағы насихатшысы ғана емес, алғашқы қарлығаштарының бірі болды.

598_

Көркем әдебиет стиліне тән емес ерекшелік



A) Оқырманға рухани тәрбие береді.

B) Өмірдегі, табиғаттағы сұлулықты, әсемдікті танып, оны сезінуді үйретеді.

C) Тілдің стилідік нормаларын танытады.

D) Қоғам мүшелерін игі істерге жұмылдырады,ұлы идеяларды дәріптейді.

E) Тілдегі амалдарды тапқырлықпен,ізденіспен жұмсаудың жолын көрсетеді.

599_


Көркем әдебиет стиліне тән емес сөйлем

A) Домбыра кеш бойындағы кербез күйінен айырылып, күңіреніп қоя берді.

B) Шанақтың ішінде жатқан сиқыр жыршылар өз тілінде шежіре шертті.

C) Шығыс ұлы! Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майданда, қызу ұрыста ғой!

D) Алыста қоңыр көкшіл тартып, бүк түсіп жатқан бір адыр – Шолақтерек көрінеді.

E) Ақ күміс ер тоқымдар жарқ-жұрқ етеді.

600_

Көркем әдебиет стиліне лайық емес сөз тіркесі



A) жаны құмар

B) ай десе аузы,күн десе көзі бар

C) аузыңды жауып жүр

D) иненің жасуындай

E) бетінен оты шықты

601_


Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі

A) Құрылысы белгілі бір тәртіп бойынша орналасады.

B) Қарым-қатынас иелеріне ортақ қалыптасқан үлгісі болады.

C) Оқиғаны баяндауда автордың әсерін, сезім күйін қоса қатыстырады.

D) Орындау барысында мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынады.

E) Пікір таластырудың стратегиясын, тактикасын ойластырады.

602_

Көркем әдебиет стиліне қатысты сөйлем



A) Менен жақсылық күтпесін. Күні ертең бәрін қуам.

B) Жаңа құралды берме, и точка!

C) Қаптай соққан қара дауыл бүкіл әлемді былғалап, бірді-бірге соғып, ойран қып жатқандай.

D) Есің дұрыс па?

E) Подумаешь! Ықса барсын!

603_


Көркем әдебиет стиліне қатысты сөйлем

A) – Сен ит...адамдарың қайда деп неге сұрамайсың?

B) - Уа , Қаратаз тұра тұр!

C) - Ол ит қадірді білер ме?

D) Сенің өлген-тірілгеніңе қарайтын солар ма еді?!

E) Күншығыс жақты сынық тағадай қоршай көмкерген кәрі Қаратау!

604_

Көркем әдебиет стиліне қатысты сөйлем



A) Мына кәпірлердің сырлары өзіңе мәлім ғой.

B) Сенің сүйіп қосылған күйеуіңнің күйігі әлі басылмай жүр екен ғой.

C) Кінегені қолымызға берсін!..Көреміз!..Өртейміз!..

D) Үлкен қазанның астын қызыл жалын дамыл алмай жалап тұр.

E) Өртенсін кәпір!Жойылсын көзі!

605_


Көркем әдебиет силіне тән белгі

A) Зерттеу нысаны – зат не құбылысты ғылыми сипаттау.

B) Қоғамда орын алған оқиғалармен таныстыру

C) Әкімшілік саласында, кеңсе қызметінде қолданылады.

D) Образды мәндегі көркемдегіш, бейнелеуіш құралдары еркін қолданылады.

E) Сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану.

606_

Көркем әдебиет стиліне тән емес сөйлем



A) – Ал, бәлем, шоқ! Түстік болмаса, түбің түсетіндей көруші едің?

B) Шеттері жырымдалған тулақтай ала шабыр бұлт күміс айдың бетін қымтай жапты.

C) Ұлы дүрмектің соңынан тілі сүйреңдеп жаяу борасындар жүгіріп барады.

D) Күңгірт кешкі аспанның астында кіреуке тартып, ақ дала жатыр.

E) Кейде тұнған судай ойы сараланып, айқындала түседі.

607_


Көркем әдебиет стиліне тән сөйлем

A) Бүгін көптен күткен келісімге қол қойылды.

B) Мына көксоққандар білгенін істеді-ау!

C) Құдай атқыр, жолымнан кет, құдай атқыр!

D) Көгілдір далаға бұраң-бұраң шимай салып аққан жіңішке өзен.

E) Қаныш-қазақтың әйгілі ғалымы

608_

Ресми ісқағаздар стилінің амал-тәсілдері



A) Риторикалық сұрақтар, ақпараттық, ресми қолданыстар

B) Хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер

C) Көркемдегіш, бейнелеуіш, суреттеме

D) Қарапайым, бейтарап, диалект сөздер

E) Ғылыми терминдер

609_


Ресми ісқағаздар стиліне тән белгі

A) Дидарластық әңгіме диалог түрінде өтеді.

B) Оқиғаның болған күннің реті, жер жағдайы айтылады.

C) Сөйлемдегі сөздер базистік тәртіпке сай орналасады.

D) Бұл сөздер зор талант, мол біліммен қатар дайындықты талап етеді.

E) Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын терминдер мол орын алады.

610_

Ресми ісқағаздар түрін анықта



Жиналыс қаулы етеді:

A) Келісімшарт

B) Сұраныс

C) Түсініктеме

D) Хаттама

E) Сенімхат

611_

Әр адамның өз өміріндегі елеулі оқиғалардыесте сақтау үшін жазылған ісқағаз түрі



A) Мінездеме

B) Күнделік

C) Өтініш

D) Өмірбаян

E) Ұраныс

612_
Ресми іс қағаздар стиліне тән қатар

A) Шығыс ұлы! Туған өлкең Арқаны есіңе түсірші!

B) Органикалық заттар тобына белоктар енеді.

C) Әлі Жапар 1992 жылы 15 мамырда туған. Алматы қаласындағы №15 гимназияда оқиды.

D) Домбыра кеш бойындағы күйінен айырылып, аңырап қоя берді.

E) Ақназар ұйқысын әбден қандырып тұрды.

613_


Адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын ісқағаздың түрі

A) портрет

B) өмірбаян

C) пікір


D) өтініш

E) мінездеме

614_

«Атқарып отырған қызметіне лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке лайық» деген үлгіде келетін ісқағаз түрі

A) түйіндеме

B) түсінікхат

C) өтініш

D) мінездеме

E) өмірбаян

615_

Жиналыстардағы, отырыстардағы, мәжілістердегі мәселелерді талқылап жазатын ісқағаз түрі



A) түсініктеме

B) келісімшарт

C) хаттама

D) жеделхат

E) сұраныс

616_


Бірауыздан мәжіліс, қатысу, төраға,күн тәртібі деген сөздерге қатысты ісқағаздар түрі

A) хаттама

B) келісімшарт

C)түсініктеме

D) жеделхат

E) сұраныс

617_

Іс қағаз түрін анықтаңыз



5 мектептің 8 «А» сынып оқушысы Бегембетов Еркебұланды 17 мамыр күні өтетін «Абай, Шәкәрім оқуларына» қатыстыруларыңыз сұралады.

A) өтініш

B) арыз

C) сұраныс



D) түсініктеме

E) қолхат

618_

Қызметкердің өмір жолы және еңбек қызметі жөнінде баяндалған құжат



A) қолхат

B) сұраныс

C) өтініш

D) мінездеме

E) өмірбаян

619_


Қызметкердің өз қолымен еркін түрде, түзетусіз, хронологиялық ретпен жазылатын ісқағаз түрі

A) өмірбаян

B) сұраныс

C) өтініш



D) мінездеме

E) қолхат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет