Танымал ақын Бақыт Беделхан әйелі Айзада Сатыбалдының ірі жол апатына түскен сәтін есіне алды. Бұл туралы “Алғашқы” бағдарламасына айтып берді. 

Фото: Видеодан кадр

Әдебиет өкілі мен актриса 16 жасынан бері бірге көрінеді. Әйелі 2018 жылы желтоқсан айында ірі жол апатына түскен еді.

“Сондай жүкті көтеруді берген шығар Құдай. Құдайға күпірлік жасай алмайсың. Алтынды қайтадан алақаныма салып берген Құдайға шүкірлік етпегенде не істеймін?! Қиындығын көтермегенде?! 16 жасынан бір жағы бауырыңдай бір үйдің адамындай өскеннен кейін осы уақытқа дейін әйел де болды, еркек те болды. Ол ауырғанда мен де әйел де, еркек те болуға тиіспін деп ойладым. Бұл сынақта Жазушылар одағының төрағасының орынбасары едім. Халықпен күнде кездесемін, елдің алдында жүремін. Маған да күш, қолдау керек болды. Бірақ сынбауға уәде бердім. Айзадаға сөз келмесін, "әйелі осындай жағдайға түскен соң Бақыт осындай болып кетті" деп айтпасын деп сол 5 жылда жағамды кірлеткен жоқпын”, – деп жан сырын ақтарды ақын. 

  • Семейлік музыкант Дуа Липаның әніне бит жазды

  • "Сұрақ қоя алмадық": Тоқаев отандық шоу-бизнес өкілдерімен кездесті

Әдебиет майталманының айтуынша, жары 5 жылдан кейін сахнаға оралған. Бүгінде жеке рөлі бар айтулы актрисалардың көшін бастап тұр. 

“5 жылдан кейін спектакльге шықты. Өзі жеке рөл алды. Дәрігерлердің айтуы бойынша, оған тыныштық, таза ауа, жақсы сөз, жақсы орта керек. Соның нәтижесі шығар деп ойлаймын. Мен бөлек тұруға тура келген сәттер болды. Бір ай, екі ай, үш ай. Сол кезде қатты қиналдым", – дейді ақын.

Еске салайық, жантүршігерлік жол апаты 2018 жылы 29 желтоқсанда таңғы 05:00 шамасында болған. Жол апатының салдарынан актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара Хамитова және көлік жүргізушісі қаза тапқан еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.