«Кел, Жаңа жыл ортаға» ертеңгілігі Мақсаты



жүктеу 77.94 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі77.94 Kb.

«Кел, Жаңа жыл ортаға» ертеңгілігі

Мақсаты: Балалардың Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту. Адам өміріндегі мерекелердің мәнін ашып көрсету. Жағымды эмоцияларға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, апайлар, балдырғандар міне тағыда бір жылды қарсы алуға жиналдық. Өткен жыл біз үшін еліміз үшін жақсы , бейбіт, тыныш жыл болды. Балдырған бөбектеріміз жасына жас қосып, тағы да 1 жылға өсті. Келе жатқан жаңа жылымыз бәріміз үшін құтты жыл, жемісті жыл болсын.

Келді міне, жаңа жыл аппақ болып,

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып,

Ауламыздың тұсында қонып жатыр

Аяз болып, мұз болып, қатпақ болып.

Жаннұр: Жасыл шырша жанында,

Барлық достар жиналды,

Кәне балақай байқашы,

Мән беріп қарашы.



Дәулет: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл

Құттықтаймыз сіздерді



Балуанияз: Шыршамыз, шыршамыз ,

Көңілдіміз баршамыз.

Ән салуға, би билеуге,

Біз дайынбыз бәріміз



Тәрбиеші: Балалар «Шырша жыры» әнін орындап берейікші.

Жалғас: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап



Саян: Өлең де әзір, ән әзір

Ойын да әзір, бәрі әзір

Кел Жаңа жыл біздерге

Кел Жаңа жыл, жаңа жыл



Аяулым: Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында,

Жарқырап бала жүр.



Ислам: Қызық думан күн келді

Жасыл шырша түрленді

Аяз ата сүйіп терледі,

Үйге кірді төрледі.



Би: «Ергежейлілер»

Қарақат: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған

Міне сол шыршамыз.

Көптен күтіп сағынған,



Айбар: Алақай- ау, алақай,

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жылға енді

Балалар, қараңдаршы ортамызға ескі жыл – мешін жыл келіпті.

Бағдаулет: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балаларым, қарағым,

Күнім, нұрым, жанарым,

Орындалып ойларың

Құтты болсын тойларың


  • Мені таныдыңдар ма? Мен мешін жылымын. Балалар, міне қоштасатын кез келді. Жақсылап Жаңа тауық жылын қарсы алыңдар. Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Балалар, жаңа жылды қарсы аламыз ба?

Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,

Балбұл жанған беттерін аяз өпкен

Айналайын халайық қарсы алыңдар,

Жаңа жылды асыға көптен күткен.

Марғулан: Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен жаңа тауық жылымын. Мені шын ықыласпен қарсы алғандарына рахмет! Жаңа жылдарын құтты болсын! Мен бүгін сендердің мерекелеріңді көріп тамалайын, қандай өнерлерін бар екен?

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, сендердің «Ертегі еліне» барғыларың келе ме? Ендеше көзіміз жұмып, айналайықшы...

Балалар қараңдаршы «Ертегі елінің» іші тып тыныш, неткен әдемілік!



Тәрбиеші: Балалар, біздің «Ертегі еліне» қош келдіңіздер! Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер.

Сыбдыр шықса қашады,

Қырдан бір-ақ асады. Бұл не?

Балалар: Қоян

Тәрбиеші: Қоян қай ертегіде кездеседі?? Қалай ойлайсыңдар?

Балалар: Бауырсақ ертегісінде.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?

Дарын: Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалды сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.



Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Тағы да жұмбақ жасырайын.

Қыс бойына жатады.

Тәтті ұйқыға батады. Бұл не?

Балалар: Аю

Тәрбиеші: Аю қай ертегіде кездеседі?

Балалар: «Үш аю» ертегісінде

Тәрбиеші: Өте жақсы. Ертегілерді жақсы біледі екенсіндер. Ал аю туралы тақпақ білесіңдер ме?

Нұрсанат: Алып батыр балпаңмын.

Ақ ниетім дарханмын,

Басқа аңға тимеймін,

Балпаң, балпаң билеймін.



Тәрбиеші: Қандай тамаша! Тағы жұмбақ шешесіңдер ие? Қай ертегі екенін таба білесіңдер ме?

Мен атадан қаштым

Мен әжеден қаштым

Қояннан да қаштым

Балалар бұл қай ертегіден?

Балалар: «Бауырсақ» ертегісі

Тәрбиеші: балалар «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақты кім жеп қояды. Өзі айлакер, өзі қу.

Балалар: Түлкі

Милана: Көрсін біздей балғынды.

Көңілденсін ол енді.

Шырқатайық ән-жырды,

Шырқатайық өлеңді



Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Барлық ертегілерді біледі екенсіңдер. Ертегі елінде жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз ба?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Балалар ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Ия

Ойын: «Көңілді горшок»

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ақсақалды шал

Жылына бір-ақ келеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді.

Тәрбиеші: Балалар, тағыда Аяз атаны шақырып көрейік.

Балалар аяз атаны шақырады.



Аяз ата: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймын бәріңді

Жасым келіп қартайған мен ақ шашты атамын.

Өздерін сияқты балалардың шат күлкі думан тойын аралап келемін. Міне сендердің орталарыңа жеттім.



Тәрбиеші: Балалар, аяз атаға арналған әнімізді айтайық.

Ән: «Сәлемет пе, Аяз ата!»

Тәрбиеші: Аяз ата, біздің балалар сізге арнаған тақпақтары бар.

Сұңқар: Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жалын қойдық жарық қып

Шыршамызға шам іліп



Әлібек: Дети водит хоровод

Хлопают в ладоши

Здравствуй, здравствуй новый год.

Ты такой хороший



Ақбота: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.



Нұрғиса: Скоро, скоро новый год.

Скоро Дед мороз придет

За плечами елочка

Пушистые иголочка



Тәрбиеші: Аяз ата біздің балалардың сізге арнаған биі бар.

Би: «Санта клаус»

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Өлең-жырларыңа көп рахмет.

Ойын: «Аққала жасау»

Тәрбиеші: Аяз ата, айтыңызшы қасыңыздағы Ақшақар қызыңыз қайда?

Аяз ата: Балалар жаңа сіздерге келіп жатқанда алдымдан қатты боран соғып, Ақшақар қызбен мені адастырып жіберді. Содан табалмай келе жатырмын. Қазір сиқырлы таяғыммен Ақшақарды шақырайын.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Кешіріңдер мені. Мен аяз атадан адасып қалдым.

Келді міне жаңа жыл,

Қуанышпен біздерге

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймын сіздерді

Аяз ата: Қызым кәне шыршаны жағайық. Балалар сендердің көмектерің керек. Бәріміз бірге «Шырша шамы жарқыра» деп айтайық.

Шырша жанады.



Би: «Шырша»

Ақшақар: Менде ойын ойнағым келіп тұр. Бірақ балаламен емес, ата-аналармен. Ойынның аты «Сиқырлы шарлар» деп аталады. Бұл жәй шарлар емес сиқырлы шарлар. Оның ішінде тапсырмалар бар.

Ойын: «Сиқырлы шарлар» (ата-аналармен)

Тәрбиеші: Ақшақар біздің балалардың тақпақтары бар. Тыңдаңыз.

Жанерке: Сылдырлайды моншағы

Шыршамыздың мол шамы

Бізбен бірге жайдары

Жарқырайды, жайнайды.



Ашура: Жаңа жылды қарсы алдым.

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де



Мөлдір: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той, маскарад басталады.

Аяз оны басқарды.



Аяз ата: Рахмет, балаларым. Аталарыңды қуанттыңдар! Қандай тағы өнерлерің бар?

Тәрбиеші: Аязата балалардың әсем әні бар.

Ән: «Шыршаға бардық»

(Сайқымазақ жүгіріп келеді, күле жөнеледі)

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме! Мені күтпедіңдер ме? Мен Жаңа жыл мерекесін тойлауға келдім. Менімен көніл көтерейік. Ойын ойнағыңыз келе ме? Балалар әуелі шыршаның шамын сөндірейік.

Ойын: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат,- деп айтамыз. (қолдарын шапалақтайды). Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты-қатты үреміз. (шамдар сөнеді).


  • Бұл балалар нағыз сиқыршы балалар екен.

Аяз ата: Сайқымазақ бұл балалар - ақылды да тапқыр балалар. Манадан ән айтып, биде билеп, ойында ойнады. Балалардың ата-аналарын ойынға тартшы.

Сайқымазақ: Дұрыс айтасыз, аяз ата. Мен тек балаларға арнап ойын әкелген жокпын. Ата – аналарғада әкелдім.

  • Кәне, екі мықты ата-ана шықсыншы ортаға.

Ойынның шарты: Сіздер жаңа жылға арнап тілек айтуларыңыз керек. Чупа-чупсты аузына салып айтуы шарт.

  • Қараңыз, аяз ата. Бұл балалардың мамалары да керемет екен.

Сайқымазақ: Ата-аналар, балалар ойын ұнады ма? Балалардың аналары маған ұнады.

Тәрбиеші: Сайқымазақ балалардың жаңа жылдық тақпақтарын тыңдаңыз.

Азамат: Жаңа жылым мол болсын.

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле Жаңа жыл!

Бізге құтты жыл болсын.



Дамир: Бар баланың қонағы

Төрлет Ата жоғары

Жұрттың бәрі атадай

Қашан мырза болады.



Мирас: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.



Тәрбиеші: Сайқымазақ біздің балалардың биі тамашалаңыз.

Би: «Қарақшылар»

Сағат соғысы естіледі.



Аяз ата: Бізге де қайтатын уақыт келді. Балаларға әкелген сыйлықтарымды таратайын. Жаңа жыл құтты болсын. Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін. Қош, сау болыңыздар!

( Аяз атамен бірге ақшақар да, Сайқымазақ кетіп қалады)



Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар. 2о17 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Жаңа жыл құтты болсын. Отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін.
Каталог: uploads -> doc -> 0c16
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0c16 -> Абылай хан


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет