«келісілді» «Өрлеу» баұо ақ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б. Т. Елеусінов 2015 ж.



жүктеу 1.76 Mb.
бет7/11
Дата13.03.2018
өлшемі1.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5.Құзіреттілігі: Интегралдық есептеу жолдарын үйрету;

- интегралдық есептеулердің жаратылыстану, геометрия, физика және техника қолданыстарына есептер шығару.



6. Күтілетін нәтиже: Тапсырмаларды толық меңгерген студент қарапайым физикалық құбылыстардың математикалық модельдерін құра білуге машықтанып және алынған математикалық есепті шеше алады.

Б.Е.Тұрбаев,

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент






в) Экономика мен жаратылыстанудағы математикалық модельдеу
Математическое моделирование в экономике и естествознании
Mathematical modeling in economics and natural sciences

EZhMM 4210

MMEE


4210

MMENS 4210
























1. Пререквизиті: Математикалық талдау, Информатика, Сандық әдістер, Дифференциал теңдеулер.

2. Постреквизиті: Қорытынды аттестация

3.Пәннің мақсаты: Бакалавриаттың мемлекеттік стандартында қаралғандай, оларға модельдеу теориясының негіздерін, оның ішінде математикалық модельдерді құрып зерттеу әдістерін үйрету және экономика мен жаратылыстану салаларынан алынған нақтылы процестерді формальды-сандық түрде сипаттау және алынған сызықтық және дифференциал-дық модельдерді ЭЕМ-да сандық есептеулер мен талдау жүргізуге дайындық дағдыларын қалыптастыру.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: Экономика есептерінің математикалық модельдерін құрып-зерттеу. Модель және модельдеу. Математикалық модельдеу, оның түрлері мен кезеңдері, ерекшеліктері. Сызықтық программалау, оның негізгі есебін тұжырымдау: мүмкін және ұтымды шешімдер. Мысалдар. Сызықтық алгебралық теңсіздіктер жүйесі, оны жағдайында графиктік тәсілмен шешу. Шешімдердің дөңес көпбұрышын құру. Мысалдар. Сызықтық программалаудың негізгі есебін графиктік тәсілмен шешу: нормальдық вектор. Тірек түзуі. Мысалдар. Сызықтық программалаудың негізгі есебін шектеулер сызықтық теңдеулер болған және жағдайында шешу. Мысалдар. Сызықтық программалаудың негізгі есебіне келтіретін микроэкономика есептері және оларды шешуге «Excel»-дің электрондық таблицаларын қолдану. Сызықтық программалау есебін жалпы жағдайда симплекс әдіспен шешу, оның идеясы мен алгоритмі. Мысалдар. Сызықтық программалау есебін симплекс-таблицалар көмегімен зерттеп-шешу. «Excel»-дің мүмкіндіктерін пайдалану. Мысалдар. Экономикалық-математикалық модельдеуде функцияларды, олардың графиктерін қолдану. Функцияның икемділігі (эластичность) ұғымының қолданылуы.Жаратылыстануда ғы математикалық методтар. Биологиялық популяцияның динамикасы туралы есеп: Мальтус пен Ферхюльст модельдері. «Maple» жүйесінің аппаратын қолдану. Экологияның классикалық есептерін модельдеу: эпидемияның әртүрлі моделдері; биологиялық популяция динамикасының түрлі жағдайлары. Математикалық модельдеуді зиянды популяциямен күресте қолдану. Тіршілік үшін күрестің математикалық теориясы: Вольтерраның модельдері – «жыртқыш-жемтік» есептерінің әртүрлі варианттары. Иммунологиядағы математи калық модельдер. Инженерлік экологияның: өндірістік цех ауасын желдетіп тазарту; газдың иондалуын; газды скруббер арқылы тазарту – есептерін модельдеп зерттеу.

5. Құзіреттілігі:

- экономика мен жаратылыстануда математикалық методтарды, математикалық модельдеуді қолданудың теориялық негіздерін меңгерту;

- экономика мен жаратылыстану есептерінің оптимизациялық және дескриптивтік модельдерін құрып зерттеу дағдыларын қалыптастыру.



6. Күтілетін нәтиже: Студент оқытудың жаңашыл технологияларын игере отырып, білім беруді ақпараттандыру мәселесін оңынан шеше алады.

А.Қ.Қоныс,

физика-математика ғылымдарының кандидаты, акад.профессор



2

а) Мектеп математика курсындағы қиындығы жоғары есептерді шығару әдістері
Методы решения задач повышенной сложности в школьном курсе математики
Methods for solving problems of high complexity in school mathematics

MMKSEE 4208

MRZPSShKM 4208


MSPCSM 4208



БПТК/БДКВ/BDOC

3

5

4

7

Емт.

Экз.


exam

тест/

тест/


test

1.Пререквизиті:.Элементарлы математика, Математиканы оқыту әдістемесі

2. Постреквизиті: Педагогикалық практика

3. Пәннің мақсаты: «Мектеп математика курсындағы

қиындығы жоғары есептерді шығару» пәні бойынша белгіленген бағдарлама «Математика» мамандығында оқитын студенттерге берілетін білім көлемін анықтайды. Лекция мазмұны тек қана теориялық материалдар ғана емес, сонымен қатар практикалық мазмұны бойынша кластан тыс жұмыстардың әртүрлі түрлерінің жоспарларымен, газет нобайларымен, сызбалармен, таблицалық материалдармен қамтылған. Практикалық сабақтар мазмұны лекцияда көрсетілген материалды негізге ала отырып аудиторияны сынып бөлмесі ретінде қарастырып, практика жүзінде біліктілігін іске асыруға дағдыландырады.



4. Пәннің қысқаша мазмұны: Мектеп математикасындағы стандарты емес есептер – негізгі математикалық курстарды математиканы оқыту әдістемесімен байланыстыратын аралық буын болып табылады. Бұл курстың негізгі мақсаты болашақта математика пәнінің мұғалімі болатын студенттерге мектеп математикасынан білім, білік, дағдының қалыптасуының негізі, оларды берік те саналы меңгеру болып табылады. Берілген оқу бағдарламасының (силлабустың) маңызды аспектісі есептер шешудің оқыту және шәкірттерді есептер шеше білуге үйретудің жолдары туралы әдістемелік түсініктер қалыптастыру болып табылады.

5. Құзіреттілігі: Мектеп математикасындағы стандарты емес есептер курсын оқыту болашақ математика мұғалімдердің кәсіптік-педагогикалық дайындығын нығайтып, алған теориялық білімінің аясын кеңейту. Орта мектептегі математика пәндерінің ғылыми негіздерін жан-жақты ашып, математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдар- дың мазмұнын ашып, оны есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру. Негізгі мәселелерді шешуге байланысты студенттер өз пәндерін терең меңгеруі, пәнге аса қызығушылық тудыруы керек. Болашақ математика пәнінің мұғалімінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру, мектеп курсына байланысты есептерді шешу, оны шешудің әртүрлі әдістерімен таныстыру.

6. Күтілетін нәтиже: Мектеп математика курсындағы қиындығы жоғары есептерді шығаруға машықтанады.

Т.Аймұратова,

аға оқытушы.






б) Математиканы оқыту теориясының арнайы сұрақтары
Специальные вопросы теории обучения математики
Special problems in the theory of learning mathematics

МОТАS

4210


SVTOM 4210

SPLM


4210






















1. Пререквизиті: Математиканы оқыту әдістемесі, Элементарлы математика, Математикалық талдау, Алгебра және сандар теориясы, геометрия

2. Постреквизиті: Педагогикалық практика

4. Пәннің қысқаша мазмұны: Математикалық талдаудың негіздерін оқыту методикасы. Орта мектепте матанализ элементтерін оқытудың методикалық ерекшеліктері. Тригонометриялық функцияларды оқыту методикасы. Тригонометриялық теңдеулерді, еңсіздіктерді және олардың жүйелерін оқыту методикасы. Туындыны оқыту методикасы.Функцияның шегі және үздіксіздік туралы ұғымды еңгізу методикасы.Туынды ұғымын еңгізу методикасы. Туындының геометриялық мағынасы. Туындыны функцияны зерттеуге қолдану методикасы. Интегралды оқыту методикасы. Алғашқы функция туралы ұгым. Интегралды ұғымын еңгізу методикасы. Қисық сызықты трапецияның ауданың табуды оқыту методикасы. Дененің көлемін табуды оқыту методикасы.

Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды оқыту методикасы. Дифференциалдық теңдеулерді оқыту методикасы. Дифференциалдық теңдеу туралы ұғымды еңгізу методикасы. Көрсеткіштік өсудің және көрсеткіштік кемудің дифференциалдық теңдеулері. Гармониялық тербелістердің дифтеңдеулері.



5. Құзіреттілігі: Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіптік-педагогикалық дайындығын нығайтып, алған теориялық білімінің аясын кеңейту. Орта мектептегі математика пәндерінің ғылыми негіздерін жан-жақты ашып, математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, оны сабақ беру барысында тиімді қолдануға дағдыландыру.

Негізгі мәселелерді шешуге байланысты студенттер өз пәндерін терең меңгеруі, пәнге аса қызығушылық тудыруы керек.



6. Күтілетін нәтиже: Пәнді толық меңгерген студент математиканы тереңдетіп оқыту идеяларын, мектеп оқу бағдарламаларымен оқулықтарындағы әдістемелік идеяларды түсініп, оқу және тәрбие жұмыстарын өткізуге машықтанады.

В.Е.Серікбаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, акад. профессор




в) Мектеп математика курсында ауызша есептер мен жаттығулар
Устные задачи и упражнения школьного курса математики
Oral Exercises school mathematics

MMKAEZh 4208

UZUShKM 4208

OESM

4208























1.Пререквизиті: Элементарлы математика, Математиканы оқыту әдістемесі

2. Постреквизиті: Педагогикалық практика

3. Пәннің мақсаты: Математикалық білімнің түпкілікті мақсаты: ойлаудың және математиканың өзінің заңдары негізделген сенімді ой қортындылай білуді қалыптастыруда. Әрбір сабақ басталысымен оқушы өзінің сабақтың өн бойында не істеу керектігі, яғни сабақ соңында оқушы нені білуі, меңгеруі керектігі жөнінде түсінігі болу керек.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: Жаңа ғасырда өмірлік ізгіліктер жанжақты жарасымды, рухани, адамгершілік, әлеуметтік, білімдік – мәдени мүмкіндігі мол ұрпақтық үлесінде болмақ. Жалпы математиканы оқып білу адамның ақыл-ойының дамуына да үлкен әсер етеді. Математиканы оқыту барысында айтарлықтай жетістіктерге жету материалдық жабдықтауда ғана емес, негізінен мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеттері арқылы анықталған оқу процесінің сипатына тәуелді болады.

Ауызша жұмыстарды әр түрлі формада ұйымдастыруға болады, мысалы дайын модельдер мен чертеждер арқылы. Дайын чертеждер арқылы ауызша жұмыстарды орындау жаңа тақырыпты игерудің барсында қолданылған жөн. Дайын сурет арқылы ауызша жаттығулар орындау сабақта жұмыс уақытын дұрыс орынды пайдала білу үшін, оқушылармен әр түрлі деңгейде жұмыстарды ұйымдастыру үшін қолданылады.

Ауызша жұмыстарды жүргізу барысында жаттығу жұмыстарың немесе есеп тесттерін, сұрақтарды кодоскоп, проектор немесе компьютер, плакаттар, таблицалар көмегін көрсетуге немесе дауыстап оқу арқылы жүргізуге болады. Уақыттың үнемді болатын жағын қарастырған жөн.

5. Құзіреттілігі: Ауызша жұмыстарды жеңіл жаттығулардан бастап, жәйімен кұрделендіру түсу керек. Бұл оқушылардың ауызша жұмыстарды тез орындауға дағдылануына, екінші жағынан олардың белсенділігі мен ынталарын төмен түсіріп алмау үшін қажет.

6. Күтілетін нәтиже: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгерген студент болашақ математика пәнінің кәсіби маманы бола алады.


Т.Аймұратова,

аға оқытушы.



3

а) Шағын жинақты мектептерде математиканы оқыту
Преподавание математики в малокомплектных школах
Teaching Mathematics in small schools

ShKMMOOM 4303
PMMSh 4303

TMSS


4303


КП ТК/

ПДКВ/


PDOC

3

5

3

7

Емт.

Экз.


exam

тест/

тест/


test

1. Пререквизиті: Элементарлы математика, Математиканы оқыту әдістемесі

2. Постреквизиті: Педагогикалық практика

3. Пәннің мақсаты: «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқытудың өзекті мәселелері» оқытылады.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: Мектеп жұмысын жоспарлау. Жоспарлау туралы ұғым. ҚР нормативтік құжаттарына шолу. Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың түрлері. Өз бетінше жұмыстың мазмұны. Оған қойылатын талаптар. Шағын комплектілі бастауыш мектеп жағдайында математиканы оқыту үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Шағын комплектілі бастауыш мектеп жағдайында математиканы оқыту үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Математиканы оқытуды ұйымдастыру. Шағын комплектілі бастауыш мектептегі математика сабағы.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математика сабағын өткізудің теориялық негіздерін меңгерту және әдістемесін ашып көрсету. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің теориялық негіздерін меңгерту және әдістемесін ашып көрсету. Шағын комплектілі бастауыш мектепте оқушылардың математика пәнінен білімдерін бақылау, бағалау және есепке алу. Шағын комплектілі бастауыш мектепте оқушылардың математика пәнінен білімдерін бақылау, бағалау және есепке алу әдістемесін ашып көрсету. Өзіндік жұмыстардың түрлері және оларды шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту үрдісінде ұйымдастыру. Өзіндік жұмыстардың түрлері және оларды шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту үрдісінде ұйымдастырудың теориялық негіздерін меңгерту және әдістемесін ашып көрсету.



5. Құзіреттілігі: Мұғалімнің кәсіптік бейімделуіне әдістемелік жетекшілік жасау;өз бетімен үздіксіз білім алуды жолға қою; психологиялық-педагогикалық ахуалын қалыптастыруға арналған іс-шаралар жүйесін ұйымдастырып, жүргізу сияқты жұмыстардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

6. Күтілетін нәтиже: Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудың мәселелерін игереді.

Т.Аймұратова,

аға оқытушы.






б) Жаратылыстану және физика-математика бағытындағы сыныптарда дифференциалдық интегралдық есептеулерді оқыту
Преподование дифференциального и интегрального исчислений в классах естественного и физико-математического направлений
Of teaching of the differential and integral calculus classes of natural and physical and mathematical sciences

ZhFMBSDIEO 4210
PDIIKEFMN

4210
OTDICCNPMS 4210





















1. Пререквизиті: Математикалық талдау, Дифференциал теңдеулер

2. Постреквизиті: Педагогикалық практика.

3. Пәннің мақсаты: жеке оқушының есеп шығаруын дамыту және математикалық ойлау қабілетін дамыту үшін жаратылыстану–математика бағытындағы оқытуға сәйкес мектептегі білім сапасын арттыру болып табылады.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: Шек. Функцияның үзіліссіздігі. Туынды және дифференциал. Туындының қолданылуы. Бірнеше тәуелсіз айнымалысы бар функциялар. Анықталмаған интеграл. Анықталған интеграл. Анықталған интегралдың геометриялық және механика- лық қолданылуы. Дифферен- циалдық теңдеулер.

5. Құзіреттілігі:

Үйретілген теориялық жағдайларды дәл және сауатты тұжырымдау және теоремаларды дәлелдеуді, есептер шығарып, талдауды өз бетімен баяндау.

- x ұмтылғандағы функция шегін есептеу

- функцияның нүктедегі шегін есептеу

-рекурентті тізбектей берілген тізбекті таба білу

-горизонталь, көлбеу, вертикаль асимптоталар теңдеулерін құру

-әр түрлі функциялардың туындыларын есептеу(III деңгейлі қиындығы жоғары тапсырмалар)

-Функцияны зерттеп және графигін салу үшін I,II ретті туындылар қолдану

-Математикалық анализдегі қолданбалы есептерді шешу

-Биномдарға жіктеп жаза білу және биномиалдық коэффициентін таба білу.



6. Күтілетін нәтиже: Пәннің практикалық курсын толық меңгерген студент оқытудың жаңашыл технологияларын игере отырып, білім беруді ақпараттандыру мәселесін оңынан шеше алады.

Б.Е.Тұрбаев,

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент






в) Мектеп математика курсындағы тест сұрақтарын дайындау түрлері
Виды тестовых задач школьного курса математики
Types of test problems of school mathematics

MMKTSDT 4303

VTZShKM 4303

TPSM

4303

























1. Пререквизиті: Элементарлы математика, Математиканы оқыту әдістемесі

2. Постреквизиті: Педагогикалық практика

3. Пәннің мақсаты: Болашақ математика мұғалімдер орта математикалық білім беру жүйесінде математикалық пәндерді оқытуда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: Орта білім беру саласы үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып жастарған саналы тәрбие, сапалы білім беріп, елжандық азамат етіп қалыптастыруда зор роль атқарады. Білім берудің осы деңгейінің жемісін жандандыруға «ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» бағытталады.

Қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлары жалпы білім беретін жүйелердің алдына, дербес жағдайда орта математикалық білім беру жүйесінің алдына, актуальды проблемалы сауал қойып отыр – жаңа есептер мен проблемаларды шешуде өзіне тән стилі және оригинальды жол табатын оқушының творчестволық бейнесін қалыптастыру. Бұл проблеманың шешуде оқушылардың орта математикалық білім беру жүйесінде математикалық пәндерді оқытуда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үлкен роль атқарады.



5. Құзіреттілігі: Математика пәні жалпы білім берудің негізгі компоненті болып табылады. Бұл пәнді орта мектепте оқытудың негізгі мақсаттарының бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Мектеп бітіруші оқушылардың математикалық сөйлемдердің мазмұнын жете түсінбейтіндігі, әдетте жаттығушылықпен шұғылданатындығы байқалады. Оған қоса орта мектепті бітірушілердің ішінде теореманың түрлері туралы тіпті түсінік алмай шығатындары да кездесіп отырады; айтылған пікірді дәлелдеуін жаттығушылыққа әдеттену болып табылады. Соңғы кезде қалыптасқан тестік жүйе де бұған, кері әсерін тигізуде. Себебі, кейбір мұғалімдер оқушыларды тестік сұраққа бейімдеп, теореманы дәлелдеудің орнына мұғалімдер есеп шығаруды жөн көреді. Сондықтан тест сұрақтарын, жауаптарын жәй жаттаумен шектелдмей, логикалық тестер құру технологиясын меңгерту қажет.

6. Күтілетін нәтиже: Математика курсындағы тест сұрақтарын дайындау түрлерін біледі.

Т.Аймұратова,

аға оқытушы.



4

а) Мектеп математика курсының пәнаралық байланыстары
Межпредметные связи школьного курса математики
Interdisciplinary communication school mathematics

MМКPB 4306

MSShKM 4306

ICSM 4306


КП ТК/

ПДКВ/


PDOC

2

3

4

7

Емт./

Экз./


exam

жазбаша/

письменно/

written form


1. Пререквизиті: Талап етілмейді

2. Постреквизиті: Педагогикалық практика

3. Пәннің мақсаты: мектеп математика курсындағы пәнаралық байланыстардың мәнін көрсете отырып, оның теориялық негіздерін, іске асыру жолдарын, практикалық жақтарын көрсетіп, болашақ математика мұғалімдерінің пәнаралық байланыстарды іске асырудағы білім, білік, дағдыларын тереңдету.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: Математиканы оқытудағы пәнаралық байланыстардың (ПАБ) мағынасы мен ролі. ПАБ-дың педагогикалық және психологиялық негіздері. ПАБ-дың түрлері, іске асыру жолдары. ПАБ-ды анықтау және қолдануын жоспарлау. Жоспар-қарталар, оларды жасау және қолдану. Орта мектептің математика оқулықтары мен оқу құралдарындағы ПАБ-р, оларды оқыту сапасын арттыруға қолдану. Орта мектеп математика курсындағы пәнаралық есептер, оларға қойылатын талаптар. Сабақтас сабақтарды ұйымдастыру. Математикадан кластан тыс жұмыстардағы ПАБ-р. Кешенді экскурсиялар, олардың мазмұнын анықтау және ұйымдастыру. Орта мектепте математиканы оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану. Мектепте математика курсына оқытуға арналған электронды оқулықтар. Орта мектепте математика мен физиканы оқытуда ПАБ-ды іске асыру. Геометрияның басқа пәндермен, қоршаған ортамен өзара байланыстары. Орта мектепте математика мен физика сабақтарында пәнаралық тұрғыдан шамаларды оқыту. «Векторлар» тақырыбын оқытудағы ПАБ-тар. π -саны. Табиғат пен техникадағы функционалдық тәуелділіктер. Мектеп математика курсында «Туынды және оның қолданылуы» тақырыбын оқытудағы ПАБ-тар. Мектеп математика курсында «Интеграл» тақырыбын оқытудағы ПАБ-тар. Мектеп математика курсында дифференциалдық теңдеулерді оқытудағы ПАБ-тар.

5. Құзіреттілігі: Орта мектепте сабақтас пәндер мен шынайы өмірмен байланыстарды орнату негізінде оқытылатын жеке пәндердің (оның ішінде математиканың) ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын нақты түсінуге мүмкіндік тудыру, ғылыми білімдердің пайда болуын, қоршаған орта мен табиғат құбылыстарының танымалы екенін оқушыларға көрсету.

6. Күтілетін нәтиже: Пәнді толық меңгерген студент математика пәнін оқыту барысында пәнді басқа ғылымдармен байланыстыра отырып, оқушыларға терең білім бере алады.

В.Е.Серікбаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, акад. профессор




б) Математиканың пәнішілік байланыстары

Внутрипредметные связи математики


Intra Communication Mathematics

MPB 4306

VSM


4306
ICM

4306
























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет