Кембридж тренерлерінің қолдауы арқылы мұғалімдермен wiki беттерін қолдана отырып, сабақты құру және жоспарлау үшін тренерлерге арналған жоспарлау бойынша кесте



жүктеу 92.93 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі92.93 Kb.
түріСабақ



Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні, сыныбы, мектебі

Алимова Кундуз

Сагынбаевна

4-сынып

Оқушының саны -15


СҚО, Уәлихан ауданы,

Кішкенекөл селосы.

Кішкенекөл мектеп - гимназиясы











Сабақтың атауы

Күн – жарық пен жылу көзі


Сілтеме

Қ.А. Аймағамбетова, Т.С.Идилова, Б.Л. Хаджиева дүниетану 4-сынып, сабақ жоспары

Жалпы мақсаты


Күнге ең жарық жұлдыз екенін, одан жарық сәуле түсіп, жылу таралатынын түсіндіру.

Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру. Күн, күн жүйесі туралы білімдерін толықтыру.Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым – астрономиямен таныстыру.

2.Дүниетанымын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, сын тұрғысынан айту қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3.Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын ояту.

Ізденгіштікке, еңбексүйгіштікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.


Міндеттер:


1. Оқушыларды сабаққа қызықтыру

2. Өткенді пысықтау. (бір- бірлеріне сұрақтар қою арқылы тексеру)

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4.Оқушылардың пәнге деген белсенділіктерін арттыру.



Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушыларды оқыту арқылы аталған тақырыпты меңгеріп, білімдерін толықтыру.

2.Мұғалім оқушыларды оқуға бағыттап отыру.

3.Оқушылардың өзін және достарынының пікірлерін тыңдауға мүмкіндік жасау.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйеніп, пайдалану.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

3. Проблемалық сұрақтарды кайта бағыттау сұрақ қою техникасы арқылы шешуге итермелеу, СТО арқылы шешу


Күтілетін нәтиже

1.Берілген тақырыпты толық түсіну.

2.Сабаққа деген қызығушылықты арттыру.

3. Алған білімдерін өмірде пайдалану.





Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу

Психологиялық дайындық Амансыңба, алтын күн!

Амасыңба, Жер- ана!

Амансыңба, көк- аспан!

Амансыңба достарым!

Аман болсам қуанам!

Балалар, бәріміз бір сәт көзімізді жұмып, туған жердің табиғатын, көзімізге елестетейік.



СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?


-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу



Қызығушылықты оятуға дайындық кезеңі

Тапсырма: үйге берген тапсырма бойынша өткенді еске түсіру: топпен бір- біріне сұрақтар қою.

*Жұлдыздар қандай денелер?

* Жай көзбен қарағанда аспаннан қанша жұлдыз көруге болады?

*Аспандағы жұлдыздар тобы?

*Қанша шоқ жұлдыздар бар?

*Ғарыштық денелер нелер?

*Жер қандай ғаламшар? Оның диаметрі қанша?

*Ең үлкен ғаламшар? Оның диаметрі қанша?

*Күнді неше ғаламшар айналып жүреді?

*Ғаламшарлардың пішіні мен көлемдері қандай?

*Жердің жалғыз серігі?

*Күн жүйесі басқа жұлдыздармен қосылып, қайда кіреді, оны не дейді?

*Әлемді не деп те атайды?


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?


-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

І. Қызығушылығын ояту

Миды шынықтыру: Үйге берілген қосымша деректерін сұрау:

1-топ 88-шоқжұлдыз туралы не білеміз?

2-топ Ең үлкен ғаламшар –Юпитер

3-топ Жердің жалғыз серігі - Ай



Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу


ІІ. Мағынаны тану

Сабақтың тақырыбы: Күн-жарық пен жылу көзі

Тапсырма: «Ой қозғау» «Ассоциация» құру

Күн – деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер?

*Күн туралы не білеміз?



Жылу жарық энергия көзі

Бауырсаққа ұқсайды мейірім шуағы

Аптап ыстық бағыттаушы

-Күн шар тәрізді. Ол-ғарыштық дене. Күн бізге жарық сәуле таратады, жылуын шашады.

- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күн – жарық пен жылудың көзі»

ә) Мағынаны тану

Біздің планетамыздың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның себебі:

Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000есе үлкен. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оның бетіндегі температура +6000° С-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге Күн қуатының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 минут 19 секундта жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4млрд жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмнен әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығармас еді. Оттегімен жан - жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі - дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын жарық пен жылусыз Жер бетінде атаулы болмас еді.

Тапсырма: Оқушылар мәтінді оқып, ондағы негізгі ойды табады.

1-топ: Күн дегеніміз не? Күннің басқа жұлдыздармен қандай ұқсастықтары бар?

2-топ: Күннің жердегі тіршілік үшін қандай маңызы бар? Күн болмаса, жер бетінде не болар еді?

3-топ:Адамдар күннің қуатын қалай пайдаланады? Жер Күннен қанша қашықтықта?

Күн біздің ғаламшарымызға жарық беріп, жылытады. Күннің жарығы мен жылуынсыз Жер бетінде тіршілік жоқ. Күннің жылуынсыз өсімдіктер мен жануарлар, сулар мұзға айналған болар еді. Аспанда бұлттар жойылып, Жер бетінде тіршілік тоқтап қалар еді.

Тапсырма: Сергіту сәті: Ауа райын болжау қимылдары – күн ашық, жел тұрады, жаңбыр жауады қатты нөсер жауады. ( жаттығу қимылдары)

Тапсырма:

«РАФТ» стратегиясы

Рөл – Күн

Аудитория - тыңдаушы адамдар

Жеткізу формасы – өз қалауыңша

Тақырып – «Нұрлы әлем»

- Бүгінгі сабағымызда басты рөлде – Күн. «Нұрлы әлем» тақырыбында өз қалауларыңша ақынның жүрегімен, суретшінің көзімен, жазушының тілімен Күнге ризашылығымызды білдіреміз. Жеткізу формасы өз қалауларыңша болғандықтан сурет арқылы, өлең жолдарымен, қара сөзбен, хат арқылы білдіруге болады. (ауызша тексеріледі)



Тапсырма: Өзіндік жұмыс (жұппен жұмыс)

Кітаптағы мәтінді, өз білгендеріңді пайдаланып, мына мамандық иелеріне күннің маңызы туралы әңгімеле.

Дәрігер -

Диқан –


Саяхатшы –

Тапсырма:

• Көптеген халықтар бақ-бақты «күннің егізі» деп атайды. Кейде оны «күн мен айдың балалары» деп атап та жатады. Күннің егізі аталу себебі: гүл күн шығыстан көтерілгенде, бетін сол бағытқа алады, тас төбеге келгенде, басын тік көтереді, ал батысқа батқанда, сол жаққа мойнын бұрады, күн ұясына батқанда, ол да жабылып қалады. Келбеті де, түсі де тап бір күн сияқты...

• Аймен қандай байланысы бар дейсіз бе? Ежелгі аңыздар бұл туралы былай деп сыр шертеді: Бақ-бақтар о баста аспан гүлдері болған, ай оларға әрбір түн сайын жер бетіне жарық түсіріп тұратын шамның қызметін атқаруды тапсырады. Бірақ, гүлдер бұл бұйрықты орындаудан бас тартады. Ашуланған ай жел жіберіп, гүлдерді жерге үрлеп түсірген. Мұны сырттан бақылап отырған Күн-Әке оларға жұбату айтып: "Сендер жер бетінде де мен секілді жарқырап тұратын боласыңдар",- деп уәде беріп, сол уәдесінде тұрады.

• Бақ-бақтардың жаз келісімен үлпілдекке айналып кететіндігінің сыры да осында жатыр. Олар үлпілдеп ұшып, өздерінің ыстық ұялары - аспанға қайтады екен.

Бақ-бақтың біз білетін сары түстісінен басқа да түрлері бар. Мәселен, Кавказ тауларында қарақошқыл түстісі болса, Тянь-Шань тауларынан ақшыл көк, қызғылт түстілері кездеседі.

Тапсырма:

Бақбақ гүлін зерттеп, дәптерге суретін салу.



Тапсырма: «Дүние неліктен жақсы» ертегісін оқып, негізгі ойды анықтау (суретпен)


Тапсырма: «Жүректен жүрекке» кері байланыс

(күн, жер, аспан, суға тілектерімізді айтайық)

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру



ІІІ. Ой қорытынды

Сабақта қандай қызықты жайттармен таныстыңдар?



Тапсырма: Әр оқушыға беріп, орындағасы бір- бірін тексеру.

Күн –Жерге жақын орналасқан...(жұлдыз) . Бұл жанып жатқан-орасан зор... (ғарыштық дене) . Күннің пішіні ...(шар) тәрізді. Күн Жерден ...(150миллион) км жуық қашықтықта орналасқан.

Сабағымызды қорыта келе күн шуағын шартарапқа шырайлана шашып, мейірімін сіздерге төге берсін, елімізде бейбітшілік болсын деп сабағымызды әнмен аяқтайық.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»


Мұғ: Үйге берілетін тапсырмамен жұмыс түсіндіру

70-71бет мазмұндап, әңгімелеу. Күн, Бақбақ туралы деректер жинау.






Бағалау (формалары)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау





Аты-жөні

Жұмы-сым ұнай ма?

Ойым-ды жеткіз-дім бе?

Белсенді қатыс-тым ба?

Көме-гім тиді ме?

Тақы-рып бойынша не істе-дім?

Қызық-ты болды ма?

Неше-ге бағалай-мын?



























-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

-өз пікірін дәлелдеумен аяқтауды жоспарладым. Ол сабақта қорытынды шығару емес, үйде жалғастырып ойлау

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...




45 мин. Сабақтың соңы


Каталог: uploads -> doc -> 0864
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0864 -> Сабақ Тақырыбы: Орта ғасыр, қайта өрлеу және жаңа дәуір философиясы Пәннің аты: Философия негіздері Оқытушы: Алтаева Ф. Ж. Қызылорда Сабақ жоспары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет