Кешеуіл дамыған жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері жаманқұлова Н., Абдрахманова А. Т



Дата09.04.2019
өлшемі26.5 Kb.
#89143

ӘОЖ. 32.604.
КЕШЕУІЛ ДАМЫҒАН ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жаманқұлова Н., Абдрахманова А.Т.
М.С.Певзнер және Т.А.Власова психикалық дамуы кешеуілдеген (ПДК) балалардың жеке бас қалыптасуындағы эмоциялық даму роліне көп көңіл аударды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың ананың екі қабат кезіндегі және бала дамуының алғашқы айларында түрлі патогендік факторлар арқылы орталық нерв жүйесіне әсер ететін қолайсыз жағдайлар арқасында пайда болатындығы анықталды. Сонымен қатар, психикалық дамуы кешеуілдеген балалармен психолого-педагогикалық түзетулермен қатар емдеу шараларын да жүргізу керектігі айқын болды.

К.С.Лебединская өзінің ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінде психикалық дамуы кешеуілдеген этнопатогенетикалық жұмыс жүйесін ойлап тапты. Бұл жұмыста психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың әр түрлі клиникалық типтері анықталды. Олар бір-бірінен ерекшеленеді, сондықтан төмендегі типтерге көңіл аударыңыздар.



1. Гармоникалық инфантилмизм.

2. Соматогендік негізде пайда болған психикалық дамуы кешеуілдеген балалар.

3. Психогендік негізде пайда болған психикалық дамуы кешеуілдеген балалар.

Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға қатысты мынадай белгілер анықталды: жүдеу нәтижесінде жұмысқа деген қабілеттіліктің төмендеуі, эмоция мен еріктің жетілмеуі, жалпы түсініктер қорының аз болуы, сөздік қорының аз болуы, интеллектуалды әрекет дағдыларының жетілмеуі, ойын әрекетінің дұрыс қалыптасуы айқындалды. Қабылдауы баяулылықпен сипатталады.

Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың ауызба-ауыз сөйлеуін анализдеу, олардың сөйлемдерінің тек күнделікті қарым-қатынасты қанағаттандыратындығын көрсетті. Сөйлеулерінде дұрыс айтпау, лексика, грамматиканың дұрыс айтылмауы байқалмайды. Бірақ, мұндай балалардың сөйлемдері анық естілмейді. Ерекше артта қалушылық ойлау әрекетінде байқалады. Бұл балалар сөздік материалды ғана емес, сонымен қатар көрген нәрселерін де есте сақтай алмайды. Есте сақтау және ойлау әрекетіндегі қалып қоюшылық – тапсырманы орындаған кезде байқалады. Бұл балалардың қылықтарында да ерекшеліктер бар. Оқытудың алғашқы кезеңінде олар өздерін мектепке дейінгі балалар сияқты ұстайды. Негізгі әрекеттері болып ойын қала береді. Балаларда мектепке, оқуға деген жағымды қатынас байқалмайды.

Оқу мотивациясы болмайды немесе әлсіз түрде көрінеді. Мектепке барғаннан кейін психикалық дамуы кешеуілдеген балалар өздерінің кемшіліктерін байқай бастайды. Ең алдымен бұл олардың сабаққа үлгермеуінен көрінеді. Осы кемшіліктерді толықтыру мақсатында олар өздерінің мінез-құлқының бұзылуына әкеп соғады. Осындай балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстар кең көлемді және түрлі болып келеді. Кең қолданылатын жалпы принциптер мен ережелер мыналар:



  • жалпы білім беру цикліндегі сабақтарда балаларға қалай қатынас жасалатын болса, арнайы мектеп сабақтарында да балаларға сондай қатынас жасау керек;

  • түрлі құралдарды пайдалану арқылы шаршауға, жалығуға жол бермеу керек;

  • оқыту процесінде баланың танымдық әрекетін, сөйлеуін, қажетті дағдыларын белсенді ететін әдістерді қолдану керек.

Дефектілердің дамуының негізінде органдардың немесе бүкіл организмнің типті емес құрылысы мен қызметі пайда болатын нерв жүйесінің немесе анализаторлардың бұзылуы жатыр. Ауытқушылық ана құрсағында даму процесінде, туылғаннан кейінгі нәтижесінде пайда болады.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf kunaev 2012
konf kunaev 2012 -> Д. А. ҚОнаевтың Өмірі және қОҒамдық саяси қызметі ибаділда М., Мырзаханова Н. Р
konf kunaev 2012 -> Әож 687. 01-5 «тиын үЙІ» Ұраны негізінде балалар бөлмесі интерьерінің Қалыптасу жолдары
konf kunaev 2012 -> Қазақстандағы жел энергетика саласын дамыту жолдары қайназарова А., Бұтабаева Қ
konf kunaev 2012 -> Электр энергиясын өндірудің жаңа тәсілдері ділдабек Б., Жандарбеков Л. У
konf kunaev 2012 -> Ислам даму банкі
konf kunaev 2012 -> Академик д. А. ҚОнаевтың Қазақ Ғылымының дамуына қОСҚан үлесі аманкелді А., Шилібек К.Қ
konf kunaev 2012 -> Әож 31. Жамбыл облысында қант кластерін қҰрудың МҮмкіндіктері


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет