Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша дәрістер жинағы


Шетел кәсіпорындарында пайданың қалыптасуы



жүктеу 1.02 Mb.
бет3/5
Дата22.09.2017
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5

Шетел кәсіпорындарында пайданың қалыптасуы.











=

















=

Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді.



Ақша

Өткізуден түскен табыс



Тұрақты

шығындар

Өзгермелі

шығындар


Сату көлемі


Рентабельділік көрсеткіштері


Бұл көрсеткіштер өндіріс нәтижелігін (табыстылығын) немесе осы не басқа өнім түрін өңдіру нәтижелігін сипаттайды. Рентабельділік түрлері:

  1. Өндіріс рентабельділігі:

АҚ – айналым қаржының орташа қалдық құны.

Кнег – негізгі қорлар құны.


  1. Бұйым рентабельділігі:



  1. Айналым рентабельділігі:

Vр – айналым (сату көлемі).



  1. Капитал рентабельділігі:


3. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері

Барлық көрсеткіштер келесі түрде бөлінеді

1. Фирманың экономикалық потенциалын сипаттайтын көрсеткіштер. Олар фирманың масштабтарын, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнын көрсету үшін қажет.

Активтер, фирманың иелегінде болатын, өткен мерзімдерде алынған және фирманың болашақ түсімдерін қамтамасыз ететін құралдардың, қаржының құрамын және орналасуын сипаттайды.

Негізгі капитал, фирманың өндірістік қуаттарын сипаттайды (ғимараттар, құрлыстар, жабдықтар).

Шығарылған өнімнің көлемі мен құны – жалпы фирма және жеке өнім түрлері бойынша анықталады. Оны есептеу арқылы фирманың ұлттық және халықаралық нарықтағы үлесін және орнын, өндіріс құрылымын анықтауға болады.

Фирманың өндіріс және өткізу кәсіпорындарының саны және орналасуы - өз елінде және шетелдегі мөлшері анықталады.

Фирма инфрақұрылымы:


  • өз транспорты, қоймалары, техникалық қызмет көрсету орталықтары;

  • өзіндік шикізат базалары және энергия көздері.

Фирманың тура күрделі шығындарының мөлшері мен орналыстырылуы - өз еліндегі және шетелдегі кәсіпорындарға.

Фирманың ғылыми-зерттеу потенциалы:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар мөлшері;

  • зерттеу орталықтар мен лабораториялардың саны, орналасуы;

  • онда жұмыс істейтін зерттеушілер саны;

  • ғылыми жұмыстардың негізгі және артықшылығы бар бағыттары;

  • фирмада бар патенттер саны және олардың қолданылуы.

 2. Фирманың жалпы шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (есепті көрсеткіштер)

Жалпы шығындар көрсеткіштері (General expenses) жыл басында жаңа нарыққа ену үшін (enter new markets):

  • маркетингілік қызметке (Marketing);

  • зерттеулерге және дамытуға (Research and development);

  • үстеме шығындар (Overhead);

  • әкімшілік шығындар (Department overhead);

  • рентаны төлеу (Rental costs);

  • өнімді жетілдіру шығындары (Product changeover);

  • өнімді жіберуге кеткен шығындар (Factory fees).


Түсімдерді сипаттайтын көрсеткіштер: таза пайда; амортизациялық төлемдер; активтерді сатудан түскен ақша; субсидиялар, дотациялар; ұзақмерзімдік қарызды өсіру; акциялар эмиссиясы; қысқа мерзімдік борышты өсіру.

Қаржыны жұмсау көрсеткіштері: дивиденд төлеу; ұйымдастырушылық шығын; акциялар эмиссиясын жасау шығыны; күрделі шығындар; басқа айналымнан тыс активтерге салымдар; ұзақмерзімдік борышты қайтару; тез өткізілетін бағалы қағаздарды сатып алу; банктегі шоттағы ақшаны өсіру.

 3. Фирманың қызмет ету нәтижелігін сипаттайтын көрсетікштер

Пайда. Өндіріс нәтижелігін анықтау үшін қажет көрсеткіштерді алған пайдамен салыстырады. Олар абсолютты және салыстырмалы болып бөлінеді.

Абсолютті көрсеткіштер:


  • жалпы пайда салықтарды төлеуге дейін анықталады;

  • таза пайда салықтарды, пайыздарды төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда;

Салыстырмалы көрсеткіштер:

  • пайданың сату көлеміне қатынасы (Profit margin);

  • пайданың активтерге қатынасы (Profit to total assets);

  • пайданың нақты негізгі капиталға қатынасы (Profit to fixed assets);

  • пайданың өзіндік капиталға қатынасы (Profit to net worth);

  • пайданың өзіндік және ұзақмерзімді несиелі капиталға қатынасы (Profit to capital employed) ұзақ мерзімде жалпы инвестерлінген капиталдың тиімділігін сипаттайды.

Өткізілген өнім құны немесе сатулар көрсеткішін де басқа көрсеткіштермен салыстырады:

  • сатулардың жалпы құнының активтерге қатынасы (Sales to total assets);

  • сатулардың жалпы құнының нақты негізгі капиталға қатынасы (Sales to fixed assets);

  • айналым капиталына қатынасы (Sales to current assets);

  • материалдық-өндірістік қорлар құнына қатынасы (Sales to inventory).

Өндіріс шығындары көрсеткіші -өте маңызды көрсеткіштің бірі.

Жалпы шығындардың сатулар құнына қатынасы. ТӨ 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.

Негізгі капиталдың айналымдылығы және капиталмен қарулану деңгейі:

  • негізгі капитал айналымдылығы сатулар көлемін жұмыс істейтіндерге қатынасы;

  • капиталмен қарулану деңгейі – негізгі капиталдың баланстық құнын жұмыс істейтіндерге қатынасы (Fixed assets to number of employees).

 4. Фирманың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер

Фирманың қаржыландыру көздеріне тәуелділігі және төлем қабілеттілігі анықталады.

Өзіндік капитал құрылымы: акционерлік капитал; эмиссияланған табыс; капиталға айналдырылған пайда.

Өзіндік капиталдың активтердің баланстық құнына қатынасы (Stockholder's equity to total assets) фирманың сыртқы қаржы көздеріне тәуелділігін сипаттайды. Бұл шама 50% артық болу керек.

Борыштың жалпы сомасының өзіндік капиталға қатынасы (Total debt to stockholder's equity) сыртқы және өзіндік қаржы көздерінің қатынасы. Борыш өзіндік капиталдан жоғары болмау керек. Талдау үшін борыштың құрылымы (қысқа мерзімді борыштың үлесі) және салықтарды, еңбек ақыны, басқа төлемдерді жасау бойынша борыш көлемі анықталады:

Өзіндік капиталдың нақты негізгі капиталға қатынасы инвестірленген капиталдың қай бөлігі өзіндік капиталдан жасалғанын сипаттайды.

Ұзақмерзімді борыштың өзіндік капиталға қатынасы фирманың қызметі қанша мөлшерде ұзақмерзімді несиелер арқылы қаржыландырылатынын сипаттайды

Ақшаның түсімдері (кассалық және банкідегі ақша) (Cash flow) өнім үшін төлемдердің жасалуына тәуелді болады және дебиторлық борышты қайтаруға негізделген.

Түскен ақшаның ағымдағы жылда жасалынған күрделі шығындарға қатынасы (Cash flow to capital expenditures) инвестициялардың қай бөлігі ағымдағы ақша арқылы жасалынатынын көрсетеді. Оны өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті деп атайды.

Айналым активтерінің қысқа мерзімдік борышқа қатынасы (Current assets to current liabilities) Ол 1-ден кем болмау керек..

Ақшаның және тез сатылатын бағалы қағаздар құнының ағымдағы айналым активтеріне қатынасы (Cash and marketable securities to current assets) Оны ликвидтілік коэффициенті деп атайды.

Ликвидті қаржының қысқа мерзімдік борышқа қатынасы. Ол төлем қабілеттілігін сипаттайды.

Айналым активтерінің жалпы несиелі капиталға қатынасы (Current assets to total debt).

Талдау жасалғанда көрсеткіштер кестелерге енгізіледі, бірнеше мерзімге. Талдау мақсаты – ағымдағы өзгерістерді анықтау және кемшіліктерді табу,нәтижесінде басқарушылық шешім құралады.


Тақырып 7. Кәсіпорын өніміне баға жасау (2 сағат)

Дәріс жоспары:

  1. Баға жасау қағидалары

  2. Баға жасау әдістері

  3. Баға және баға жасау саясатының механизмы

Практикалық сабақ (1 сағат)

Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша баға жасау әдісін таңдауға арналған есеп шығарады.



Тапсырма

Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару.



Әдебиет

1. Дәрістер



        1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 268-284 б

        2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 267-284 б.

4. «Баға жасау» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-

тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 17-19 б.

5. Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000.

6. Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002.





Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар

«Баға және оның жасалуы» оқу құралында берілген тақырыпқа байланысты өздік жұмысқа арналған есептер (1-4 вариант).


1. Баға жасау қағидалары

Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.

Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн – қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.



Баға жасау қағидалары: 1.Ішкі факторларға бағдарлану (шығындарға):

а)баға шығындарды қайтарып, кәсіпорын дамуына қажет пайда әкелуге тиіс;

б) баға өндіріс факторларын қолдану тиімділігімен анықталады.

2. Сыртқы факторларға бағдарлану (сұраныс, ұсыныс, тұтынушылық қасиеттер және т.б.:

3. Аралас (ішкі факторлар ұсынысты, сыртқы факторлар сұранысты сипаттайды).

  Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:

а) есебке алу функциясы

б) Ынталандырушы функция.

В) Бөлу функциясы.

Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.

Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы..

Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:

А) Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:

А.1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар. Көтерме бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.

А.2. Құрылыс тауарларының бағалары – үш түрі бар: 1. сметалық (құрылыс салу) құн; 2. прейскурантты баға; 3. келісімдік баға.

А.3. Сатып алу бағалары – ауылшаруашылық өнімді сату бағалары.

А.4. Бөлшек сауда бағалары – соңғы тұтынушыларға арналған бағалар.

Б. Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.

В. Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.

Г. Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде тұтынушыға сатылады); тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға (тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда транспорттық шығындар орташа етіп алынады); зональды бағалар (берілген зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады); базистік нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі географиялық нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады).

Д. Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген бағалар болады.

Е. Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады.

Е.1. Жаңа тауарға «қаймақты алу» бағасы, «нарыққа ену» бағасы, «психологиялық» баға, «лидердің артынан еру» бағасы, өндіріс шығындарын өтеу» бағасы, «беделді» баға қолданылады

Е.2. Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы – ауыспалы (скользящая) немесе түсіп бара жатқан бағалар (сұраныс пен ұсыныс ара-қатысына тәуелділік), ұзақмерзімді баға (жаппай алынатын тауар үшін), нарықтың тұтынушылық сегментіне арналған бағалар (әртүрлі сегменттерге әртүрлі баға қолдану), икемді бағалар (сатушы өзі тез арада өзгерте алатын бағалар), артықшылығы бар бағалар (үлесі 70-80 % болатын компаниялар бағаларын түсіре алады), енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар (берілген тауарларда мұқтаж тұтынушыларға арналған), кәсіпорындардың көбінен төмен болатын бағалар (басқа тауарды толықтыратын тауарлар үшін қолданады), келісімдік бағалар (сатып алушыға қосымша жеңілдіктер немесе шегерімдер жасалынады) қолданылады.

Ж) Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және импортты бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады.

Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге байланысты (франкировкаға) әртүрлі бағалар қолданылады:

Франко- жеткізу станциясы – тауар бағасына оны вагоннан шығаруға дейін болған транспорттық шығындар кіреді

Франко-жіберу станциясы – тауар бағасына жіберу станциясына дейін болған транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді.

Франко – қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді.

З) Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар (тіркеу, талдау, индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар индексы, ағымдағы, орташа бағалар, салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады.

И) Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық, лимитті және шамалы (болжамды) бағалар қолданылады.

2. Баға жасау әдістері.

Жалпы алғанда шығынды және нарықтық әдіс болады. Фирма келесі бағалар түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:

1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен қорғалған нарық үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар үшін бағаны анықтау, нарықта бар тауарларға ұқсас болатын тауар-имитаторға бағаны анықтау. Тауар-имитатор бойынша фирма оның нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет. Ол үшін баға және сапа көрсеткіштерінің ара-қатыстары қарастырылады.


Сапа\Баға

Жоғары

Орташа

Төмен

Жоғары

Сыйлықты қосылымдар стратегиясы

Нарыққа терең ену стратегиясы

Құндылық мәнін жоғарлату стратегиясы

Орташа

Артық қойылған баға стратегиясы

Орташа деңгейлі баға стратегиясы

Жақсы сапа стратегиясы

Төмен

Ұрлау стратегиясы

Көркемділігі өтірік стратегиясы

Құндылық мәнін төмендету стратегиясы

2) Тауар номенклатурасы шеңберінде баға жасау. Мұнда фирма өзі шығаратын тауар номенклатурасы бойынша бағалар жүйесін құрып максимальды пайда алуға тырысады. 4 типтік жағдай болуы мүмкін:

а) тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау. Әртүрлі тауарларға әртүрлі деңгейлі бағалар орнатылады (барлық факторлар, әсіресе шығындар деңгейі, бәсекелестер бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек)

б) толықтырғыш тауарларға баға орнату. Негізгі тауарға фирмалар кейде қосымша толықтырғыш тауарлар ұсынады. Негізгі мәселе: стандартты тізімге және қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген сұрақты шешу.

в) Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл қосылымдар негізгі тауармен қоса қолданылу қажет. Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды.

г) Өндірістің қосалқы өнімдеріне бағаны орнату. Оларды өткізу нәтижесінде негізгі тауардың бағасы кемиді.

3) Бағаларды географиялық қағидаға байланысты орнату. 5 түрлі вариант болады:

а) тауар шығару орнында бағаны анықтау

б) транспорттау шығындарын қосып біріңғай бағаны анықтау

в) зональды бағалар анықтау

г) базистік нүктеге қарай баға орнату

д) фирма транспорттау шығындарын өзі төлеп баға орнатады.

4) Шегерімдері немесе келісулері (зачеты) бар бағаларды орнату.

5) Өткізуді ынталандыруға арналған бағаларды орнату.

6) Дискриминациялық бағаларды орнату.


3. Баға және баға жасау саясатының механизмы

Баға саясаты деп өз тауарларына, қызметтеріне бағаларды орнатуда фирма жетекшілері ұстанатын жалпы қағидалар жиынтығын атайды. Баға стратегиясы деп осы қағидаларды іске асыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын атайды. Баға саясаты жалпы фирма стратегиясының бір бөлімі ретінде қарастырылады.

Көптеген кәсіпорындар нарық жағдайларында өз қызметін әртүрлі жағдайларға байланысты өзгертуге мәжбүр, бұл орайда, олардың қолданатын баға жүйелері және деңгейлері де өзгереді.

Бағаның өзгеруі аз зерттелген және ТМД елдерінде аз қолданылады. Баға өзгерту әдістерінің мақсаттары:



  • ұзақ мерзімге пайда алу;

  • нақты келісім шарттан мақсатты пайда алу;

  • тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру арқылы сатуларды өсіру;

Баға өзгерту себептері: жер қашықтығы (сыртқы саудада); бағаны шегерім және қосылым жүйелері арқылы өзгерту; сатуды ынталандыру; баға дискриминациясы; тауарға бағаны сатылап төмендету.

Бағаны сонымен қатар әртүрлі шегерімдер (жеңілдіктер) және қосылымдар жасап өзгертеді. Оның алғышарттарына сатуларды және пайданы өсіру, бәсекелестерді ығыстыру, нарықтағы орнын сақтау немесе жаңа нарыққа ену, өткізуді ынталандыру, жалпы шығындарды азайту міндеттері болып табылады.

Баға шегерімдерінің келесі негізгі түрлері болады:

А) Сконто – бұл сатып алушы тез арада (оперативті) және ақшалай төлем жасағанда берілетін баға шегерімі.

Б) Жеңілдетілген баға – белгілі бір өнімдерге жеке тауар нарықтарында немесе жеке тұтынушы топтарына сатуларды ынталандыру үшін қойылады.

В) Сатып алынатын тауар көлемі үшін шегерім – сатып алынатын бірдей тауардың көлемі неғұрлым жоғары болса, оның бағасы белгілі бір пайызға төмендетіледі.

Г) Жалпы (қарапайым) шегерім. Прейскураннты немесе анықтамалық бағадан жасалынады. Көбінесе 20-30 %, кейде 40 пайызға дейін қойылады. Бұл шегерімдер кеңінен құрал-жабдықтарды сатуда немесе өнеркәсіптік шикізатты өткізгенде қолданылады (2-5 пайыз). Сконто шегерімін осы қарапайым шегерімге жатқызуға болады.

Д) Айналым үшін шегерім, бонусты шегерім. Тұрақты тұтынушыларға арнайы келісім негізінде жасалынады. Келісім шартта бұл жағдайда шегерімдер шкаласы қолданылады (айналым көлеміне қарай).

Е) Функциональды шегерім – сауда өрісіндегі шегерім. Тауар өңдірушісі тауапды өткізуде (сақтауда, есеп жүргізуде) белгілі бір функцияларды орындайтын тауар қозғалысы қатысушыларына жасайды.

Ж) Прогрессивті шегерім. Сатып алушы алдын ала белгіленген және көлемі өсетін тауар алғанда берілетін шегерім. Сериялы тапсырыстар өңдіруші үшін ерекше пайда әкеледі, өйткені біртипті тауар неғұрлым көп өңдірілсе, солғұрлым өндіріс шығындары кемиді.

З) Дилерлік шегерім. Өңдіруші тұрақты делдалға немесе сауда өкіліне, әсіресе шетелдік өкіліне жасайтын шегерім. Бұл шегерім түрі құрал-жабдық, машиналарды сатқанда жиі қолданылады.

И) Арнайы шегерім. Артықшылығы бар тұтынушыларға (сатушылар олардың тапсырыстарына мүдделі) жасалынады. Бұл шегерімдерге сынау партияларына және тапсырыстарға, тапсырыстардың тұрақтылығына және мерзім сайын жасалуына байланысты берілетін шегерімдер жатады.

Й) Экспортты шегерімдер. Шетелдік сатып алушыларға жасалынады. Мақсаты – сыртқы нарықта тауардың бәсекелестік қабілетін өсіру.

К) Маусымды шегерімдер. Бұл шегерімдер сатушыға өндіріс көлемін бір қалыпты ұстауға мүмкіндік береді.

Л) Жасырын шегерімдер. Бұл фрахтқа жасалынған шегерімдер, жеңілдетілген несие немесе процентсіз несие беру, тегін қызмет көрсету, тегін үлгі беру түрінде жасалынатын жеңілдіктер.

М) Сапасына байланысты шегерім. Кейде өңдіруші нарықтың тауар ыдысына, қабына, маркировкасына, сипаттамаларына байланысты сұрауларын орындауға қиналғанда, осы тауарларға қойылатын бағаға шегерімдер қолданады. Кейін барлық мәселелер шешілгеннен кейін оларды қайтадан өз деңгейіне жеткізеді.

Н) Бұрын қолданылған жабдықтарды сатудағы шегерімдер.

О) Сервистік шегерімдер – сатылған тауарға қосымша техникалық қызмет көрсетудің, сервис жасаудың орнына шегерімдер беріледі.

П) Клубтық шегерімдер. Өз мүшелеріне тауар, қызмет сатып алуда жеңілдетілген баға ұсынатын ұлттық және халықаралық клубтар.

Р) Мәдениаралық байланыстарды ескергендегі шегерім. Кейбір елдердің (шығыс елдері негізінен) мәдени ерекшеліктеріне байланысты жасалынатын шегерімдер.

С) Өзара есепке алу. Бұрын алынған ескі тауарды жаңаға ауыстырғанда оның бағасы кемітіледі.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет