Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының басым бағыттары



Дата15.11.2022
өлшемі15.7 Kb.
#178794
Байланысты:
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының басым бағыттары


Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының басым бағыттары

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі. Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдеріндегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б.


Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен айрықшаланатын инновациялармен байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциалдық стратегиялық инвестордың да ортақ мудделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады.
Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді, сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға және инвестициялық объектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына ықпал ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты, Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкен жөн:

  1. Қандай өндірісті тоқтату керек?

  2. Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?

  3. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу керек?

Кәсіпорынның рыноктағы іс-әрекетінің негізгі үш әрекеті бар:

  • өндіріс шығындарын барынша азайту.

  • өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату.

  • кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды.

Қазіргі нарықтық жағдайда іс жүзінде басты бағытты көздейтін стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді:
Бірінші топтағы стратегиялар:

  • өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;

  • рынокта өзінің артықшылығын көрсету.

Екінші топқа – стратегияның интеграциялық дамуы, яғни жаңа құрылымдарды қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады. Кәсіпорын қосымша бөлімшелер ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу, өндірілген өнімді тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу.
Үшінші топ – бұл мақсаттылықпен қысқарту стратегиясы. Егер кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол құодырай бастаса, рыноктағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет