Кездесу кеш Ұйымдастырған: «Өзін-өзі басқару» ұйымы жетекшісі: Ермекбаева Раушан 2016-2017 оқу жылы



Дата05.01.2018
өлшемі49.12 Kb.
#12862

Мұнайлы ауданы
№ 1 орта мектеп




(кездесу кеш)

Ұйымдастырған: «Өзін-өзі басқару»

ұйымы жетекшісі: Ермекбаева Раушан

2016-2017 оқу жылы

«Еңбекпен өрілген өмір»

Күні: 25.01.17 ж.күні
Болатын жері:
№ 1 мектеп АКТ залы
Кездесу мақсаты: Ауданның құрметті азаматтары жергілікті ақын-жазушылар, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, спорт шеберлерімен кездесу. Оқушыларға өмір жолдары мен еңбек жолдарымен ой бөлісуге шақырып, сұхбаттасу, пікірлесу.
Бейнеролик.

Жүргізуші шығады.


І жүргізуші. Армысыздар көрермендер, қымбатты оқушылар! Көңіл – күйлеріңіз қалай, жақсы ма? Бүгін біздің мектепте «Еңбекпен өрілген өмір» тақырыбында сыр сұхбат! Пікір алмасу кешімізге арнайы шақырылған Мұнайлы ауданының азаматтары. «Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артыңда» -деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айтқандай бүгін біз қонаққа Мұнайлы ауданының құрметті азаматтары, Мұнайлы ауданының құрметті азаматы, теміржол ардагері Қожахмет Уазировпен, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, Мұнайлы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Табылды Әміровты шақырып отырмыз. Қош келдіңіздер, Қожахмет аға және Табылды аға! Сіздердің көңіл – күйлеріңіз жақсы ма? Қонақтармен кездесуге дайынсыздар ма? Ендеше сұхбатымызды бастамас бұрын өздеріңіз туралы жазылған экрандағы анықтамаға назар аударалық!

(слайд - презентация)

Уәзір Қожахмет Шабайұлы 02.04.1951 жылы Маңғыстау ауданының Тұщыбек ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1968 жылы орта мектеп бітірген соң, жол монтері болып бастаған.

1969-1974 жылдары Ташкент теміржол көлігі институтын бітірген.

1974 жылдан бастап Құлсары дистанциясында жол шебері, «Мангышлакнефтегазстрой» тресінде прораб, учаске бастығы, «Мангышлакводстрой» тресінде прораб, учаске бастығы, Маңғышлақ жол дистанциясында мастер, бастықтың жасанды имраттар жөнінен орынбасары, бас инженер қызметтерін атқарған.

1983 жылы Мұнайлы ауданының топырақтық партия комитетінің хатшысы болып сайланған.

1985 жылы Маңғышлақ жол дистанциясында учаске бастығы қызметін атқарған.

1986 жылы дистанция бастығы болып тағайындалған.

Марапаттары:

1) 1997 жылы «Құрметті теміржолшы» атағы;

2) Қазақстан темір жолының 100 жылдық мерекесіне «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі;

3) 2007 жылы «Үздік басшы» атағына ие болған.

Қалалық, облыстық, аудандық мәслихаттарының депутаты болып сайланған.

Жұбайы, 5 баласы бар.

Әміров Табылды 20.03.1953 жылы Атырау облысы Новогат ауданы Мыңтөбе ауылында дүниеге келген.

1961-1972 жылдары орта мектепте оқыған.

1973-1975 жылдары әскер қатарында болған.

1975-1978 жылдары Ақтөбе Теміржол техникумында білім алған.

1978-1979 жылдары Шетпе станциясында поезд құрастырушысы, станция кезекшісі қызметтерін атқарған.

1980-1993 жылдары Үстірт, Сай-Өтес, Шетпе, Құлсары станцияларын басқарған.

1981-1987 жылдары Алматы теміржол институтында сырттай оқыған.

1993-2007 жылдары Маңғыстау облысы теміржол торабының бастығы қызметін атқарған.

2007 жылдан бастап Маңғыстау теміржол бөлімшесінің бас инженері.

2003 жылдан бастап 3-4-5 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының №13 округі бойынша депутаты.

Жұбайы, 5 баласы бар.

Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 ақпандағы №9/101 шешімімен «Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.


Жүргізуші.
Кездесу кешімізді ашып беру үшін мектеп директоры Саркенова Сания Жыңғылбайқызына сөз беріледі.

Жүргізуші. Кешіміздің тұсаукесері ретінде, төрімізге келіп отырған қонақтарға арнап мектебіміздің өнерлі ұлы Қайнар Рамазанды «Ассалаумағалейкум» әнімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Өмірді сәнді де салтанатты, мәнді де мағыналы ететін еңбек екені сөзсіз. Өмірлері еңбек майданында қайнаған қажырлы ағаларымыздың қайратын жас жеткіншектерге үлгі ету біздің міндетіміз деп санап темір жол саласында еселі еңбегімен танылған ағаларымыздың жылы лебіздерін, өздері туралы жақсы әңгімелерін естісек дейміз. Сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар.

Құрметті ағалар сіздерге оқушылар осындағы көрермендер сұрақтар қояды. Сұрақ көрермендерден, ендеше сұрақтарға кезек берейік.

Оқушылар кеш қонағына мынандай сұрақтар қойды.

Сұрақтар:

1. Балалық шақтан есіңізде не бар?

2. Туған жер сізге несімен ыстық?

3. Жас кезіңізде қандай болдыңыз?

4. Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?

5. Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?

6. Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?

7. Темір жол мамандығын не себепті таңдадыңыз?

8. Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?

9. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?

10. Сіздің мінезіңіз қандай болды?

11. Балдармен төбелестіңіз бе?

12. Қазіргі жастар қандай?

13. Ән салып беріңізші?

14. Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?

Әңгімемізді осы жерден тоқтата тұрып, Махамбет Өтемісұлының күйін тыңдап алайық. Содан соң сұрақтарымызды жалғастыратын боламыз. Сахнада Орынбасар Мыңсанбек «Жұмыр қылыш» күйімен.

Құрметті ағалар, біздің сізге берілген сыр сұхбат аяқталып қалды. Бағанадан бері әр түрлі сұрақтар қойылды. Сол сұрақтардың ішінен өзіңізге ой салған немесе ұнаған сұрақтар болса сұрақ иесіне мына рамкаға қолтаңбаны жазып, беруіңізді сұраймын.



Қазірге жастар арасында смайлик деген сөзді коп қолданады. Әсіресе әлеуметтік желілерде бір - біріне көңіл күйлерін білдіру арқылы смайликтерді жіберіп жатады. Ағылшын тілінде «смайл» - күлкі дегенді білдіреді. Олай болса, сіз осы сұхбаттан алған көңіл күйіңізді, оқушылардан алған әсеріңізді осы смайликтер ішінен біреуін таңдап алып көрсетсеңіз!

Міне оқушылар, бүгінгі сіздермен өткен сыр сұхбат аяқталып қалды. Бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңыздар деп ойлаймын. Кездесуге қонақ болып келген ағаларымызбен естелікке суретке түсуге шақырамын. Ал, ағалар сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз! Алтын уақыттарыңызды аялап келгендеріңіз үшін мың алғыс айтамыз!
Каталог: doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Егемен Қазақстан. – 2014. №176. – 10 қыркүйек Біржан С. Елім менің – Қазақстан
doc -> Республиканский форум «Технологические инновации библиотек для информационного общества», Усть-Каменогорск, 10-11 октября 2012 г
doc -> Әож 373. 016;821. 512. 122 Қолжазба құқығында
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет